ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

          Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі жамағат! Қасиетті Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі.

Құрбан айт – асыл дініміздің құндылықтарымен қатар, қазақ халқының дархандығы мен мәдениеті бірдей көрініс табатын ерекше ұлық мейрам. Алланың разылығы үшін құрбан шалып, дұға тілеу әрбір мұсылманның өміріндегі ең маңызды оқиға.

Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Бес парыздың бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін қасиетті айт мейрамының орны ерекше.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.08.2018
 

Парасыз болашаққа, Бірге!

       

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен барлық аудандар мен қалаларға сайыс негізінде марафон өткізу тапсырылған болатын.
Осыған орай, аудан аумағында ағымдағы жылдың 16 тамыз күні орталық алаңда «Парасыз болашаққа, Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың Форумы өткізілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.08.2018
 

КЕШЕНДІ ШЕШІМ – БАСТЫ КЕЗЕҢДЕР

 

        15 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаның негізгі мақсаты: халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып табылады.
Бағдарлама сондай-ақ, жеке үй салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыруға бағдарланған. Ол үшін қолжетімді кредиттік ресурстар енгізу болжанып отыр – мемлекет екінші деңгейлі банктердің жаңа тұрғын үй салуға беретін несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялайды. Республикалық бюджетте 11 млрд. теңге қарастырылған, олар 157 млрд. теңге сомасына үй салушылардың банктік несиелерін субсидиялауға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша, бұл қосымша шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Олардың жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына ұсынылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.08.2018
 

ЖЕҢІЛДІКТЕРІ КӨП СӘТТІ ҚАДАМ

 

        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы Қазақстан­ның дамыған 30 елдің қатары­на қосылуына жасалған сәтті қа­дам деп есептеймін. Біз Ауған соғысының ардагерлері, Елбасы бастамаларын Қазақстан халқының жағдайын жақсартуға бағытталған оңды шешім деп қабылдадық. Атап айтқанда, отандастарымызға несиемен үй алу айтарлықтай жеңілдегелі тұр. Мәселен, 2017 жылы пайдалануға берілген пәтер саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Енді мемлекет бұл жетістіктермен шектелмей, қазақстандық әрбір азаматтың ақылға сыятын ақыға үйлі болуына мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ салық жүктемесін жеңілдету арқылы жалақысы төмен адамдардың еңбекақысының көтерілуіне әсерін тигізеді. Бұл бастама күнкөрісі төмен отбасыларға демеу болары анық. Оқу гранттарының қосымша 20 мыңға көбейтілуі, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болуы мемлекетке қажетті мамандардың тапшылығын жоюға себепкер болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.08.2018
 

ЖАҢА БАҒЫТ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

 

        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады. «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деді Президентіміз.

Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.08.2018
 

ENBEK.KZ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕ БАСТАДЫ

       Өткен жылы пилоттық тәртіпте Алматы облысы  кәсіпкерлері жаңа электрондық сипатта қызметкерлерді таңдау қызметін қолдана алатын, электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) іске қосылып, тиімділігі артқаннан кейін ғана 2018 жылдың қаңтарында ресми түрде өз қызметін атқара бастады.

      Осыған байланысты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы аудандық мәжіліс залында өтті. Жиынға Алматы облысы бойынша еңбек қорғау департаментінің мемлекеттік инспекторы Е. Ақжолов арнайы келіп, жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу барысында құлағдар етті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, төрағасы А. Сатибаев,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім ..

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2018
 

ЖАСТАР ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ИДЕАЛЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК

 

      Елбасымыз Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып, Елбасы нақты он міндетті атап көрсетті.

       Жолдауда айтылғандай тарихи құжатта адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында білім беру жүйесінің рөлінің өзгеруі тиістігін, сонымен қатар ұлттық тіліміздің басымдылығын сақтауда аянбай еңбек етеміз. Ағылшын тілін меңгермей еліміздің жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын, үкіметке үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар тапсырды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.08.2018
 

ЫНТЫМАҚТЫҢ ІЗГІ ЛЕБІ

 

     Іле аудандық кітапханасының «Коворкинг» орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 25 шілде күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Халықтар достығы мемлекет өркендеуінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаев, ұйғыр этно-мәдени орталығының жетекшісі М.Бакиева, жеке кәсіпкер А. Зунунов, аудан әкімі жанындағы терроризмге қарсы комиссия хатшысы М. Макымов және ауданның қоғамдық кеңес мүшелері, төрағалары, ұйғыр диаспоралары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
    Осы дөңгелек үстелде ұйғыр этно-мәдени орталығының жетекшісі М. Бакиева Елордамыз Астанада Елбасының бұйрығымен салынған бейбітшілік пен келісім сарайы бар екенін, ол жерде жыл сайын Қазақстанның халықтар Ассамблеясының сессиялары, дүниежүзілік дәстүрлі діндер мәжілістері, атаулы іс-шаралар өтетінін, қазақ және орыс театрларынан басқа елімізде өзбек, ұйғыр, корей және неміс төрт ұлттық театрларының жұмыс істейтінін, Қазақстан Республикасының ақпараттық өрісінде белсенді 35-тен аса этникалық газеттер мен журналдар жұмыс істейтінін, ең ірі 6 этникалық республикалық газеттер мемлекет жәрдемімен жұмыс істеп келетіндігін атап айтты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.08.2018
 

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ IT СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

      25 шілде күні №24 лицейде «Жаңа инновациялық технологиялар мен білім орталығы» қоғамдық қорының қолдауымен «G-rоbоtick» робототехника және ІТ-сыныбы ашылды. Осы шараға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы қызметкерлері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық мекеме басшылары, БПҰ төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты. ІТ-сыныбының ашылу салтанатында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов «Елбасымыз өз Жолдауында цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.08.2018
 

ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ЖЕҢІЛДЕЙТІН БОЛДЫ

      Халық – кез келген мемлекеттің ертеңі, бүгіні және болашағы. Халықтың тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты жақсы болса, мемлекетте өте жоғарғы қарқынмен дамиды. Елбасы қашанда өзінің бағдарламаларында, жолдауларында халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту жайлы баса айтып отырады. Мәселен, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының бірінші бағытында көліктік-логистика инфрақұрылымын дамыту туралы айтылған. Соның арқасында, тұрғындардың әрбір сөзі ескеріліп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
       Қарасу – Іле ауданымызда енді көркейіп, халық саны көбейіп, жаңадан көпқабатты үйлер тұрғызылып жатқан шағын ауданның бірі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.08.2018
 

СЕРПІН БЕРЕДІ

 

     Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де отандастарының мүддесін бәрінен биік екенін көрсетті.
Халықты баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы, қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету облыс, аудан әкімдерінің ендігі жердегі негізгі жұмыс бағытына айналды. Аймақта Президент ұсынған 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға толықтай негіз бар.
Елбасы ұсынған бағыттар ішіндегі жалақысы төмен жұмысшы, қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасауды қарастыруға орай берілген тапсырма аймақтардағы өзекті мәселе болатын.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.07.2018
 

БАҒЫТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН

 

     Биылғы Елбасы Жолдауының аты айтып тұрғандай, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері қандай? Бұл Президенттің 2030 және 2050 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының жүзеге асырылуын, екінші жағынан мүлде жаңа деңгей, мүлде жаңа дүниетаным, мүлде жаңа міндеттердің алға шығып тұрғандығын көрсетеді. Осы жылдарда бүкіл дүниежүзілік ғаламдық процестер күтпеген қозғалыстарға, ерекше өзгерістерге түсіп жатыр. Сол өзгерістердің өзі Төртінші индустриялық революцияны тездетіп жіберіп отыр. Соған сәйкес, қазіргі кезде бүкіл қоғам алдында, болашақ ұрпақ алдында жаңа сапалық даму тұр. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру.
       Яғни, ғаламдық дәрежедегі құбылыстардың өте жіті және белсенді түрде дами отырып, өзінің қатаң талаптарын ұсынатыны да белгілі. Оларды қысқа мерзімде игеру үшін адамдардың қандай мүмкіндігі болуы керек? Міне, Елбасы жариялаған он бағыттың маңыздылығы да осында.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.07.2018
 

ТАРИХИ ӨРЛЕУ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ

      Денсаулық – зор байлық. Денсаулықтың құндылығынан асқан қымбат нәрсе жоқ. Елбасымыз қашанда медицина саласына көп көңіл бөлетін. Соның арқасында көп емханаларда түрлі аурулардың алдын алатын технологиялар пайда болды. Кез келген білім, дамудың арқасында оң нәтиже береді. Оған дәлел, Елбасымыздың үстіміздегі жылғы Жолдауы. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойды.

Міндеттерді орындау барысында «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінде 200 төсек-орындық көпсалалық тәуліктік стационар бар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.07.2018
 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ӨТКІЗІЛУДЕ

    Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

Қазіргі кезде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, мемлекеттік қызмет алушы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауданда біршама істер атқарылуда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.07.2018
 

ЭКСПО ӨМІРШЕҢ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫ

   Былтыр өткен Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясына» арналғаны белгілі. Көрмеге қатысушы елдер энергия өндірудің баламалы технологияларын таныстырғаны да есте. Сол үрдіс бүгін де үзілген жоқ. ЭКСПО көрме кешеніндегі «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайында энергияның барлық түрімен таныстыратын тұтас ансамбль салтанат құрып тұр. Ал онымен сізді роботтар таныстырады. Мәселен, бірінші қабатта «Қорқыт» атты робот қазақтың қонақжайлығымен таныстырып, қазақ халқының дәстүрін аңыздармен байланыстыра баяндайды. Ал «Жеңіс» атты робот жасыл технология саласындағы жеңістер мен жаңалықтарды сөз етеді. Ол ауаға көмірқышқыл газын тастамай отын өндіретін термоядролық реактор Токамакпен таныстырады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.07.2018
 

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

   16-шілде Өтеген батыр ауылының №24 мектеп-лицей мәжіліс залында Энергетический ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары және округ әкімінің 2018-жылдың ІІ-тоқсанында құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы округ тұрғындары алдында қорытынды есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыста учаскелік полиция аға инспекторы міндетін атқарушы Е.Кусуманов бірінші болып есеп беріп, қылмыс фактілері мен көрсеткіштерін мәлім етті.
Округ әкімі С.Закиржанов өз сөзінде атқарылған жұмыстарды баяндап, Ерболат Сапарұлы және Айдос Мұратбекұлына келесідей ұсыныс білдірді:
- округіміздегі үйлер тоналып, тергеу жұмыстарының нәтижесіз қалуы.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.07.2018
 

ҚОСӨЗЕННІҢ ҚОЙЫНЫ ҚУАНЫШҚА ТОЛДЫ

   Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қараой ауылдық округі Қосөзен ауылында салтанатты түрде сәулетті жаңа балабақша ашылды. Енді бұл мемлекеттік балабақшада 120-дан астам бала тәрбиеленетін болады. Бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуанышты сәтін бөлісу үшін аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Исаев, аудандық мәслихат хатшысы М. Кошалко, округ әкімі Д. Казербаев іс-шараға арнайы келіп қатысты. Атауының өзі жылы естілетін «Айналайын» балабақшасының жөні бөлек. Сонау 1991 жылы тұрымтай тұсында, балапан басында қараусыз қалған балабақшаны жергілікті мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес, округ әкімімен бірге, аудан әкімшілігінің табалдырығын тоздырып жүріп жөндеуден өткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.07.2018
 

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

 

     АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.

Конкурстың мақсаты — Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту. Конкурсқа бұдан бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына,  XXI  ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданады. Конкурсқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Үздік материалдарды қабылдау және жариялау жұмыстары 2018 жылдың 23 мамырынан 31 шілдесіне дейін «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жүргізіледі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.07.2018
 

«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ

   Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «бір терезе» қағидасын қолдану арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау үдерістерін цифрландыру барысы туралы» тақырыбындағы баспасөз маслихаты өтті.

А.Омарқожаев өз сөзінде «Бәйтерек» холдингі ірі қаржылық даму институты ретінде өз қызметін цифрландыру мәселелерін жүйелі түрде шешуде деп атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.07.2018
 

ЖІБЕК — «НАМЫС» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ

    2018 жылдың 4 шілдесінде Ауған соғысының қаһарманы, қазақтың «Қара Майоры» Керімбаев Борис Төкенұлының жүлдесі үшін «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» атты республикалық турнир өтті. Сайыста әскер жасына дейінгі балалар әскери ұрыс бойынша өнер көрсетті. Салтанатты шараны Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты ұйымдастырды.
Турнирдің ашылу салтанатына Керімбаев Борис Төкенұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Кеңес Одағының батыры Николай Иванович Кремениш, Қазақстан Республикасы және облыстық Ауған соғысының ардагерлер төрағалары қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.07.2018
 

«ТӘУЕЛСІЗДІК БЕСІГІ — АСТАНА»

  

 

   5 шілде күні Чапаев ауылының Мәдениет үйінде Астана күніне байланысты
«Тәуелсіздік бесігі — Астана» атты мерекелік жиын өтті. Мерекенің салтанатты ашылуынан кейін Аудан әкімі Қыдыркелді Медеуовтың орынбасары Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйледі. Үздіктер марапатталып, жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.07.2018
 

БІЗДІҢ МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

 

      Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған, олардың басты мақсаты – жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю емес, оны емдеу болып табылады.

Дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол ашатын, кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына бөгет болатын осындай жүйелі мәселелердің бірі — халыққа тиімді және адал қызмет ету идеясын құнсыздандыратын мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы деңгейінің жеткіліксіз дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Бұл — мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсіби дәрежесінің төмен деңгейінің және олардың жемқорлыққа ұшырау себептерінің бірі.

     Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз осы мәселені шешудің кешенді амалдарын қарастырдық.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.07.2018
 

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ БІРЕГЕЙ ТУЫНДЫСЫ

   Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Сіздерді мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі заманғы Астана біздің егемен мемлекетіміздің нышан-айғағына, өз еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды. Тіпті жаңа заманның бірегей туындысы. Біздің Елбасымыз бірегей еуразиялық феноменді құрды. Шығыс пен Батыстың сәулеті мен мәдениеті Астана бейнесінде үйлесімді байланысын тапқан. Біздің елордамыз елдер мен конфессияларды өзара жақындастыра отырып, әлемдік ауқымда белсенді диалогтық алаңға айналды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.07.2018
 

КЕЛЕШЕККЕ АРНАЛҒАН КЕЛЕЛІ ІС

 

         Аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің желілік кестесіне сәйкес, округ әкімдігінің, Ақши ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің және Күрті ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсетуші Ш.Тауырбаеваның ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында, Ақши ауылдық кітапханасында «Жанашырлыққа – жан риза» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кофе-брейк, семинар-тренинг өткізілді. Өткізілген шара мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірде дамып жетілуіне ықпал ету мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету және де ата-аналардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған шараға округ әкімінің орынбасары М. Жұмамұратов, аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М. Сафарова, №5 облыстық психологиялық медициналық консультациясы қызметінің негізгі бағыттарын жүргізуші Қ.Слямханова, ...................

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.07.2018
 

ҚАРТ АДАМДАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТ АШУҒА ОҚЫТУ ШАРАСЫ

   «Астананың 20 жылдығына» орай өткізіліп жатқан «20 қайырымды іс-шара» респубикалық акциясы аясында барлық елді мекендерде партияластар белсенді қатысуымен айтулы шаралар өткізілуде. 26 маусым күні Іле аудандық мемлекеттік тіл оқыту әдістемелік орталығында қарт адамдарды компьютерлік сауат ашуға оқыту шарасы өтті. Бұл шараға барлығы 20 адам қатысты. Шара барысында Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы шараға қатысқан адамдарды құттықтап, сөз сөйледі.
«Елбасының қай бастамасы болмасын әрдайым болашағы зор маңыздылығымен ерекешеленеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.07.2018
 

АДАЛ ЕҢБЕК, ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ

      Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30 қадамында «Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру» туралы тапсырған еді. Соның нәтижесінде жергілікті полиция қызметі құрылып, оның жаңа міндеттері белгіледі.

Тәуелсіздік алып, өз алдымызға ел болып көк байрағымыз желбірегеніне міне, 27 жыл болды. Республикамыз ірі қуатты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық мәртебені иеленді. Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР полиция қызметіне 26 жыл толып отыр. Осыған орай Іле ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 23 маусым күні салтанатты жиын өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.07.2018
 

ДЕНСАУЛЫҚ ТУЫ БАЛҚАШҚА БЕТ АЛДЫ

      27 маусым күні Өтеген батыр кентіндегі орталық алаңда Астананың 20 жылдығына арналған «Салауатты өмір салты» акциясы ұйымдастырылды. Алаңға дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, дәрігерлер, «Нұр Отан» жастар қанаты жиналды. Акцияның ашылуы сәтті өтті. Қарасай ауданынан келген делегаттармен кездескеннен кейін аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев сөз сөйледі. Ол бүгіндері облыстың біраз өңірін аралап шыққан асқақ Астанамыздың 20 жылдығына орай Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» акциясы Үшқоңыр баурайындағы Қарасай ауданынан келіп, киелі Іле жеріне қонақтап, енді балығы тайдай тулаған Балқаш ауданына жол тартып барады. Біздің ауданымыз мол табысымен, өнерлі адамдарымен әрқашан мақтанады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.07.2018
 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖЕТІСУ» ЖӘНЕ «ОГНИ АЛАТАУ» ГАЗЕТТЕРІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

      100 жылдық тарихы бар қос басылымның мерейтойына орай, Талдықорғанда «Ғасыр-ғұмыр» шарасы өтті. Оған Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы, құрметті қонақтар, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты. Шарада журналистерді республикалық және облыстық денгейде алғыс хаттармен, төс белгілермен марапаттады.

Шараның салтанатты ашылуын «Жастар» саябағында Баталов Амандық Ғаббасұлының құттықтау сөзімен басталды.

— Бүгінгі газеттердің 100 жылдығына арналған салтанатты кеш журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында аталып, қос қуаныш қатар келіп отыр. Сондықтан барша журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін! Осы ғасырлық мерейтоймен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.06.2018
 

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

 

         Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

       Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.06.2018
 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ҒАРЫШКЕРЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛАКӨЛ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫНА КЕЛДІ

   Бұл шара Елбасының Алакөлді дамыту бойынша тапсырмасын орындау аясында курорттық аймаққа ішкі және ресейлік туристердің легін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 маусым аралығында өткізіліп отыр.

Алакөлдің емдік қасиеті бар суы Кеңес одағы кезінде ғарыш сапарынан соң ғарышкерлердің медициналық қайта қалпына келтіруінің бірден бір кезеңі ретіне пайдаланылғаны белгілі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы шақыруымен іс-шараға қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұсабаев Талғат, кеңес ғарышкері, Кеңес одағының батыры Арцебарский Анатолий, Қазақстан және Ресей ғарышкері, полковник, Қазақстанның Халық қаһарманы ....

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.06.2018
 

АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАСЫНШЫ

 

    «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында Іле аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Чернобыль апаты ардагерлері, мүгедектерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов төрағалық етіп жүргізді. Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Әйтенова, аудандық орталық аурухана директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Егембердиева, Іле ауданы бойынша қорғаныс істері бөлімінің басшысы С.Медеубаев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Рахимбаев, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының орынбасары А. Ақылбаев, Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Мұстафа, Іле ауданы бойынша «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н. Мухиддинов, Чернобыль апатының ардагерлері, мүгедектері, барлығы – 19 адам қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.06.2018
 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ ДАМУЫНЫІҢ КӨШБАСШЫСЫ

      2013 жылы Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды мемлекеттік қызметшілер Күні деп жариялаған еді. Осыған орай аталған мереке ресми мәнге ие болды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет салмақты. Осы салада еңбек етіп жүрген кез келген маман жаңа тұжырымдамаларға сәйкес уақыт талабына сай жұмыс істеп, халықтың сенімінен шығатын жауапкершілігі мол тұлғаға айналуы қажет. Біздің аудан көлемінде 400-ден астам мемлекеттік қызметшілер еңбек етеді. Олардың дені – болашағынан көп үміт күттіретін жастар. Сондықтан, барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.06.2018
 

БІЛЕК КҮШІ БІРІККЕНДЕ

     Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасында ХІ жазғы Спартакиадасы өткізілді. Оған аудан көлеміндегі әкім аппараты, округ әкімдігі және басқа да мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Осы күні шағын футболдан, үстел теннисі, волейбол, шахмат, шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарыс күні аяқталғанда жеңімпаздарды мақтау қағазбен мадақтады.

       Айта кетейік, 12-15 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлерінің ХІ жазғы Спартакиадасы өткізілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.06.2018
 

БАЛАЛЫҚТЫҢ БАЗАРЫ БІТПЕСІН

      Іле аудандық мәдениет үйі және Іле аудандық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, ауданымызда орналасқан «TORTUGA» демалыс алаңында қайырымдылық концерті өткізілді.Шараның барысында қызықты ойындар ойнатылып, әуезді әндер айтылып, әдемі ойыншықтар таратылып,көңілді қойылымдар саxналанды.Іс-шараның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп, өмірге деген қызығушылықтарын ояту, қуаныш сыйлау.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.06.2018
 

Жәрмеңке айлығы басталды

 

    Энергетик округінде 9 маусым күні жәрмеңке айлығы басталды. Күз мезгіліне дейін әр аптаның сенбі күндері сағат 9:00-16:00 аралығында жәрмеңке ұйымдастырылады. Сатылатын өнімдердің басым бөлігі Іле ауданынан шыққан зауыт, фабрикалардың өнімдері. Бағасы қолжетімді. Мысалы, нанның құны – 55-65 теңге, 5 данадан тұратын тәтті нандар – 150 теңге. Құлпынай, шие, балдың бағасы базардағы бағадан – 500-700 теңге төмен. Бал Чапай округінен шыққан және де құс өнімдері «Сары-Бұлақ» фабрикасынан әкелінді. «АзияЭлитФудГрупп» зауытынан шыққан сүт өнімдері сатылымға шықты. Ең арзаны әрі көпшіліктің көңілінен шыққаны – шәй өнімдері. Алғашқы күні Энергетик округінің әкімі Садыр Тұрсынжанұлы, орынбасары Айбол Айбекұлы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Төлеуxанұлы аралап шықты. Осы аптаның соңында тағы да жәрмеңке ұйымдастырылады. Қалыс қалып қоймаңыз! Аудан тұрғындары үшін ең сапалы әрі пайдалы өнімдер…

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.06.2018
 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАУ

 

    Өзге ұлттар сияқты қазақ халқының да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын түрлері бар.

Ұлттық ойындар халқымыздың ерекшелігіне қарай, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болған, сонымен қатар дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өтеген батыр ауылында Іле ауданы бойынша жасөспірімдер арасында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, бес тас, ләңгі тебуден аудандық іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа Боралдай кентінің жастары белсене қатысып, жүлделі орындарды иеле-ніп, Талдықорған қаласында 2-3 маусым аралы-ғында өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.06.2018
 

БАЛАЛЫҚТЫҢ БАЗАРЫ БІТПЕСІН

      Қазақта «Балалы үй базар», «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке. Мейрам аясында «Жетісу мұрагер» үкіметтік емес ұйымы, Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, Консалтинг орталығының ұйымдас-тыруымен өткен Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде жеңіп алған грант негізінде «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Алматы аймақтық балалар ауруханасында мерекелік іс шара өткізілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.06.2018
 

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

     Байсерке ауылдық округі әкімдігі мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында, әкім аппаратының ішкі саясат қызметкерлерінің ұйымдастаруымен «1 маусым балаларды қорғау» күніне орай, мерекелік іс-шара атап өтілді. Мәдени шараға Байсерке ауылдық округі бойынша, балалар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары және көпбалалы отбасының балалары қатысты.

Мерекеде бірінші болып сөз алған Байсерке аулыдық округінің әкімінің орынбасары А. Қажиев жиналған балаларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудандык депутат С.Дөненбаев, «Ерназ  қамқор» қорының басшысы – Гүлназ Зейнелқабденқызы балаларға өз тілектерін білдірді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.06.2018
 

ҰЛТТЫқ ПРОГРЕСКЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

 

       Бүгінде әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып, Елбасы нақты 10 міндетті атап көрсетті. Елбасы Жолдауының жетінші міндетінде «Адами капитал — жаңғыру негізінде» білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы — өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. Сонымен қатар оқушыларға берілетін тапсырмалардың азаюы, өңірлердегі оқушылардың базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D — принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар техно-парктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады деп айтуы біздің білім алушыларымызды қуантады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.06.2018
 

ҰЛТТЫқ ПРОГРЕСКЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

 

       Бүгінде әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып, Елбасы нақты 10 міндетті атап көрсетті. Елбасы Жолдауының жетінші міндетінде «Адами капитал — жаңғыру негізінде» білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы — өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. Сонымен қатар оқушыларға берілетін тапсырмалардың азаюы, өңірлердегі оқушылардың базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D — принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар техно-парктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады деп айтуы біздің білім алушыларымызды қуантады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.06.2018
 

Астана қаласының 20 жылдығы

    Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай дәстүрлі шаралар, кездесулер, акциялар, спорттық сайыстар жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Партиялықтар да бұл мерекені ерекше толғаныспен қабыл алып, жергілікті жерлерде шаралардың сапалы, толыққанды өтуіне белсенді атсалысуда.
2018 жылдың 6 маусым күні Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Арбат көшесінде «Нұр Отан»партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жылдығына орай «Веложарыс-2018» шеруі өткізілді. Бұл шараға аудандық партия филиалы, БПҰ-дары, партия белсенділері, «Жас Отан»ЖҚ, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.06.2018
 

ҮЛКЕН ҚОЛДАУ ӘРІ КӨМЕК

    Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Н. Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесін бәрінен де биік екенін көрсетті.
Біздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды назардан қалыс қалдырып көрген емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері қаржы дағдарысына ұшырап, әлеуметтік салаға бөлінген бюджеттік қаржыны азайтып, кей жағдайда еңбек ақыларын төмендетіп жатқанда біздің ел жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдем, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп отырды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.06.2018
 

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫ

 

       2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.
Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекеттері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті. Дипломатияда көп векторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шетелдермен мықтап орнатқан мемлекет.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.06.2018
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНА – 20 ЖЫЛ

 

       Осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылған болатын. Ал 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. Аталған уақыт ішінде атқарылған жұмыс орасан зор. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері аталған салада бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды.

       Мемлекеттік қызметшілерге саяси реформалармен жүктелген міндеттерін кәсіби дең­­гейде орындап, еліміздің тә­­уел-сіз, де­мо­­кра­тиялық егеменді мем­лекетке айналуына өз үлестерін қосты.

       Елбасы Н. Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.06.2018
 

Алматы облысының жүрегі – Талдықорған шаһары көркейіп келеді

 

       Қай шаһарға назар аударсаң да айрықша сұлулығымен көз тартатын әсем ғимараттар мен салтанатты сарайлардың, көпқабатты тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік кешендердің көптеп салына бастағанына куә боламыз.

Қала қанатын кеңге жайып, көркейді. Халықтың саны да өсіп келеді. Шаһарда тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік-мәдени нысандар да салынуда. 
      Бүгінде Журналистер үйі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, көпсалалы аурухана сынды нысандар облыс орталығының ажарын ашып, пайдалануға берілді.
       Алдағы уақытта халықаралық стандартқа сай жабық жүзу бассейінің құрылысы басталады. Бұл туралы Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы мәлімдеді. 
27 мың шаршы метр аумақты қамтитын нысан «Жастар» саябағына жалғаса, Оңтүстік-Батыс тұрғын аймағынан бой көтермек.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.06.2018
 

мемлекеттік қызметтер Жәрмеңкесі

    Іле ауданының Боралдай кентіндегі орталық саябақта 1 маусым күні тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Іле ауданының білім бөлімі» ММ және «Боралдай кентінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеде тұрғындарға электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіріп, кеңестер берілді. 
Аталған шараға аудандық «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Тұрымбетов аудан әкімі аппаратының басшысы М.Кәрібаев, Боралдай кентінің әкімі М. Сәлімбаев қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.06.2018
 

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АҚТАҢДАҒЫ ЕСІМІЗДЕ

       Орта Азия барысына айналуды мақсат тұтқан Қазақ елінің әрбір азат азаматы құрметтеп, мақтаныш етер ресми рәміздері бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамасы мен  ресми пайдаланылу тәртiбi — «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңымен белгiленген. Аталған заңнама 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Дегенмен, мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда қабылданып, бүгінде күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы» Конституциялық Заңынан бастау алғанын ұмытпауымыз қажет. Соңғы терминді дұрыс пайдалану мақсатында 2007 жылғы 21 мамырда ҚР Конституциясына .......

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.06.2018
 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

     31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Іле аудандық кітапхана ұжымы «Жаңалық» мемориалдық кешені жанында «Тарихтың қасіретті беттері» атты ашық кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып 1997 жылдан бастап атап өтіледі, Қазақстан елі үшін айрықша мағынаға ие. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Тарихшылардың деректері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 22 мың адам атылған.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.05.2018
 

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АҚТАҢДАҒЫ ЕСІМІЗДЕ

    Боралдай кентіндегі «Қандысай» мемориалдық ескерткіші алдында 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қаралы жиын өткізілді. Қаралы жиынға Іле ауданы мен Алатау аудандары әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, ақсақалдар қоғамының, әйелдер кеңесінің өкілдірі мен ауыл белсенділері қатысты. Жиналған қауым қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут еске алу рәсімімен жиынды бастады. Алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Қожабекұлы бастады. Ол өз сөзінде:

– Құрметті қаралы жиынға қатысушылар, арда арыстарымызды жоқтаушылар! Қазақстан бойынша жалпы 130 мыңдай адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылған. Ең өкініштісі, сол адамдардың қай жерде жерленгені туралы ешқандай дерек қолымызда жоқ.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.05.2018
 

ЧЕМПИОНДАРДЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ, ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ МЕДЕУОВ ҚЫДЫРКЕЛДІ ӨМІРЖАНҰЛЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубы 2015 жылы Іле ауданы, М.Түймебаев ауылында құрылған. Қазіргі таңда клубта 120-ға жуық бала спортпен шұғылданады. Клубта жаттығатын шәкірттер 2018 жылы 20-22 сәуір күні Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында Джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанды :
1.Құлымбетова Жібек Әлімханқызы, Түймебаев ауылы, №20 ОМ 5«а»сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің чемпионы;
2.Махамбет Алина Омарбекқызы, Түймебаев ауылы, №20 ОМ 6 «а» сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің қола жүлдегері;
3. Жаманбай Бекзат Еркінұлы, Жапек батыр ауылы, №19 ОМ 7 «а» сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.05.2018
 

КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ НҰРЖАН ӘЛТАЕВ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС БАРЫН КЕҢІРЕК ТҮСІНДІРДІ

       29 мамырда Астана қаласының Оқушылар сарайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев цифрландыру кезеңінде маңызды, әрі сұранысқа ие мамандықтарды таңдау мәселесін 9-11 сынып оқушыларына, олардың ата-аналарына және ұстаздарға түсіндіріп берді. Кездесуге спикер ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Н.Ж. Оспанова және Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е.Бектұрова қатысты.
Вице-министр Н.Әлтаев оқушылар мен түлектердің назарын еңбек нарығына әсер ететін негізгі әлемдік трендтерге аударды: цифрландыру және жаңа технологияны енгізу, демографияның және бизнес орталықтың өзгеруі. Ендігі кезекте, жаңа технология болашақта мамандарды және маманға қойылатын талапты түбегейлі өзгертеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.05.2018
 

АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒА

 

       Халқына арнаған жұмысы, айналасындағыларға жасаған жақсылығы ер азаматты қашан да абыройға бөлеп, мерейін асқақтатады. Сондай азаматтың бірі – Іле ауданының «Құрметті азаматы» Отарбек Кашеев. Ол көппен туыс, талаймен дос. Ауылдастарымен сыйлас та сырлас. Кезінде өз ісіне мығым болып, мамандығына адалдық танытып, соның һас шебері атанған ол нарық заманында абдырап қалмай уақыт көшіне ілесіп, бар күш-жігерін отбасының бақытына арнап, жан жылуын айналасындағыларға аямай төге алды. Сөйтіп, бүгінгі мерей биігіне, құрмет-қадіріне өз еңбегімен, іс-әркетімен жетті. Кашеев Отарбек Кашейұлы 1928 жылдың 20 ақпан күні Іле ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді. Кішкене күнінен зерек болып, мектепті үздік оқиды. 1944 жылы мектеп оқушысы бола тұра төменгі сыныптағы оқушыларға математика пәнінен сабақ беріп, еңбек ету жолын 16 жастан бастады. Сол жылы 6 айлық мұғалімдер курсын оқып бітірді. 1945-1949 жылдары Октябрь ауылындағы орта мектепте тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.05.2018
 

ЕЛДАНА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

       Павлодардағы Ақсу қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде ауданымыздың жас чемпионы қаршадай ғана қызымыз Елдана Талипова жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстан чемпионатына Қазақстан құрамасы сапындағы барлық облыстың үкіленген боксшы қыздары қатысты. 75 келіде өнер көрсететін Елдана Талипова жартылай финалда Шымкент қаласының шойын жұдырықты қызы Нұрайлым Қуандықты ойсырата ұтса, ақтық кездесуде ешкімді місе тұтпай шетінен соққыға жығып келген қарағандылық Яна Бараненконы тізе бүктірді. Яна алғашқы раундта басымдық танытқанымен, кейінгі раундтарда Елдананың мысы басым болып, жаттықтырушысы ақ орамалды ортаға тастап арашалап қалды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.05.2018
 

ДАМУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІК

 

        Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауы – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қорғаушы күші. Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы санамалап айтып берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады. Ол: «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 
         «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.05.2018
 

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН САУЛЕ

       Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт комплексінде, дзюдодан 2003-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирінде Жәпек батыр ауылының жас дзюдошыларының жұлдызы жанып, қоржындарын жеңістің жүлдесімен толтырып келді.

       №4 орта мектепте оқитын Мерей Дәулетхан 23 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленсе, 35 келіде Ақан Ботамбай мен 26 келідегі Әрсен Елемес ІІ-орын алды. Осы додалы кездесуде 50 келі салмақта қарсыластарына ерекше қарсылық көрсеткен №36 орта мектептің шәкірті Әзизбек Кемалдинов ІІІ-орынды місе тұтып, еліміздің Әнұранын шырқатты. Жеткіншектер енді ересектер арасында бағын сынайтын болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.05.2018
 

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ

       Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт комплексінде, дзюдодан 2003-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирінде Жәпек батыр ауылының жас дзюдошыларының жұлдызы жанып, қоржындарын жеңістің жүлдесімен толтырып келді.

       №4 орта мектепте оқитын Мерей Дәулетхан 23 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленсе, 35 келіде Ақан Ботамбай мен 26 келідегі Әрсен Елемес ІІ-орын алды. Осы додалы кездесуде 50 келі салмақта қарсыластарына ерекше қарсылық көрсеткен №36 орта мектептің шәкірті Әзизбек Кемалдинов ІІІ-орынды місе тұтып, еліміздің Әнұранын шырқатты. Жеткіншектер енді ересектер арасында бағын сынайтын болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.05.2018
 

ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР МЕН ҰСТАЗДАР, ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР, МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ!

      Бүгінгі салтанатты соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр.
Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында ауданымыздың білімді, дарынды, жалынды жастарына ақ жол, сәт сапар тілеймін. Биылғы оқу жылындағы түлектеріміздің саны – 1634. 1191- түлек ҰБТ-ге қатысады. «Алтын белгі» төсбелгісіне – 140 түлек, «Үздік аттестатқа» — 64 түлек үміткер. Ауданымыздың оқушылары жыл сайын халықаралық жарыстарға да белсене қатысып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.05.2018
 

Латын әліпбиі

 

        Латын әліпбиі – өркениет жолы Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Аудан көлемінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.05.2018
 

Жер жаһандағы сұлу шаһар Астанаға 20 жыл

      Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз» деп айтқан болатын. Осыған орай Талдықорған қаласының Журналистер үйінде Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Астанаға 20 жыл» атты фотокөрме өтті.
Биылғы жылы еліміздің жан-жүрегі, арман қала, ару қала Астанамыздың 20 жылдығын атап өтпекпіз. Осыған орай, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Астанаға 20 жыл» атты тақырыпта фотокөрме ұйымдастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.05.2018
 

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

 

         18.05.2018 жылы сағат 10.00-де Алматы облысы, Өтеген батыр кентінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» қоғамдық қоры мен Іле ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбековтың ұйымдастыруымен «Дін және мемлекеттік саясат» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 
        Конференция Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында азаматтардың сана-сезімінде маңызды идеологиялық құндылықтар мен қағидаларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 
Республиканың жетекші ғалымдарымен қоғамда діни радикализмді тудыратын себептер мен жағдайларға қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Діни экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет етудің жүйелі шараларын және оған қатысты ұсыныстарды тұжырымдап, діни сауаттылықтарын қалыптастыру хабарламасын ортаға салды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.05.2018
 

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ…

 

        Республика Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауын-да ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

       Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.05.2018
 

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

 

        2013 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор. Осы орайда, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, қайта жаңғырту мақсатында, Іле аудандық кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, Тіл оқыту әдістемелік орталығы мамандарымен бірлесе «Кім мықты?» сайысы ұжымдағы ардагер кітапханашылар мен жас мамандар арасында өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.05.2018
 

№38 мектеп-гимназиясында тирдан округтік жарыс өткізілді

      Энергетический ауылдық округі бойынша 10 мамыр күні Өтеген батыр кентінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында және 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Өтеген батыр кенті №38 мектеп-гимназиясында тирдан округтік жарыс ұйымдастырылды. Тир жарысына №24 лицейден Тоқтасын Жұлдыз, Омарқызы Ажар, Айтбек Алтынай, Нургалиева Гүлназ, Сламжан Әли, №38 мектеп-гимназия, №13 орта мектептен Катыш Рахат, Орынбасаорв Әділ, Асан Қарлығаш, Мамбетова Жансая, Ақжолтай Мөлдір және №7 орта мектептен Маликов Азиз, Мусин Солтан, Сайланбаев Темерлан, Никитенко Владимир, Нағашибай Адильбек қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.05.2018
 

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ

 

        2018 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.
         Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі тікелей эфир арқылы www.bnews.kz интернет-порталында көрсетіледі.
Өтетін орны: Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар [email protected] электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы тікелей жолдай алады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.05.2018
 

Отандық және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «2018 жылдан бастап заңнамалық өзгерістерді ескере отырып, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары» атты форум өтті. Кездесуді жүргізген аудан әкімінің орынбасары Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы. Аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. «Алматы облысының өңірлік даму орталығының» инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы Шлембаев Ерал Тулегенұлы сөз сөйледі. "Zhetysu Koy" ЖШС-нің директоры Плотников Олег Геннадьевич тұсаукесер рәсіміне қатысты.Бас менеджер Умирбеков Алмаз Өмірсерікұлы «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» туралы ақпаратпен таныстырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.05.2018
 

Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар өтті

 

         Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар өтті. ​Семинарды Экономика ғылымының докторы, профессор Ерлан Мұхтарұлы Арын өткізді. Онда қоғамның белсенді топтары қатысты. Жиында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жан-жақты талданып, нақты маңызды жобалардың үлгілері атап айтылды.
       «Көшбасшымыздың аталмыш бағдарламасы биыл екінші жыл іске асып отыр. Былтырғы жылдың нәтижесі жаман емес, алайда енді халыққа ұлттық сананы бірдей еңгіз
у оңай шаруа емес. Ол үшін мақаладағы негізгі бағыттарға байланысты көлемді жобалардың дүниеге келуі шарт. Ол жобалардың барлығы дерлік қоғам топтарын қамтуы, шалғай жатқан ауыл мен аудандырымыздың жастарының тартылуы, сол жобада қатысуы керек», - дейді Орталық сараптама кеңісінің мүшесі Ерлан Арын.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.05.2018
 

Астаналық экономикалық форум

 
2018 жылдың 17-19 мамыр аралығында Астаналық экономикалық форум өтеді
Астаналық экономикалық форум – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы. 
Конгресстің 10 жылдық жұмысында оған әлемнің 150 елінен шамамен 50 000 делегаттар, олардың ішінде – 20-дан астам Нобель лауреаттары және 30 жоғары деңгейлі шетел саяси қайраткерлері қатысқан. 
Конгресс шеңберінде 20 млрд. АҚШ доллардан асатын сомаға 300-ден астам меморандумдар және келісімдер жасалған. 
Түрлі уақытта форум спикерлері саясаткерлер, ғалымдар және экономисттер, әлемдік деңгейдегі журналисттер мен қоғамдық қайраткерлер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттар және бизнес-элиталар өкілдері болған. 
Елдер экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық ауысым 2018 жылы Астаналық экономикалық форум негізінде Global Challenges Summit жаһанды сын-тегеуріндер саммитін құруға серпін болды. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.05.2018
 

«Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына орай Іле аудандық кітапханасында 03.05.2018 жылы оқырмандармен кездесу өтті

Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік. Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына орай Іле аудандық кітапханасында 03.05.2018 жылы оқырмандармен кездесу өтті. Кездесуге № 13, № 7 орта мектебі және № 38 мектеп гимназиясының ұстаздары, аудандық «Іле таңы» газеті, аудандық кітапхана қызметкерлері және «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы, облыстық «Жетісу» газеті редакциясының меңгерушісі Қуаныш Тұңғатар, облыстық «Огни Алатау» газетінің меншікті тілшісі Рамазан Елешев қатысты.
Кездесу барысында алғашқы сөзді «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы алып, басылымның тарихынан сыр шертті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.05.2018
 

АЛЫПТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ПАРЫЗЫМЫЗ

Аудан әкімінің тікелей қолдауымен М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп күрделі жөндеуден өтсе, биыл Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп ауласына Қыдыркелді Өміржанұлының бастамасымен ескерткіш орнатылды.

Осыған орай аудан орталығындағы ақынның атындағы мектептің ауласында, баршаны жиған «Халқы барда, Мұқағали мәңгі тірі…» атты шара ақиық ақын М.Мақатаев ескерткішінің ашылу рәсіміне арналды.

М. Мақатаев атындағы қасиетті қара шаңыраққа еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, ақынның туып-өскен ...

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.05.2018
 

ЖАУЫРГЕР ЖАСАМПАЗ ЖАН

Жетіген ауылындағы өзі негізін қалап, талай жыл қызмет еткен әкімшілік ғимаратында, ауданымызға танымал тұлға, өз ісінің маманы, абзал азамат, Социалистік еңбек ері, Ұлы Отан Соғысының ардагері, білікті ұйымдастырушы, қоғам және мемлекет қайраткері — Құдайбергенов Жексембек Ембергенұлының 100 жасқа толу мерейтойына арналған жиын өтті. Бүгінгі күні атамыздың жүріп өткен дара жолын жастарға үлгі, ерлігін еске алу мақсатымен Жетіген ауылдық округінде әкімдік алдында және №11 мектепте көлемді шара ұйымдастырылды.

Жексембек атамыз халықтың тыныштығы мен бақытты өмір үшін күресті еңбек етті. Жексембек Ембергенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған митингте алғаш сөз .........

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.05.2018
 

«Астана Балет» группасы Талдықорған тұрғындарын өнерлерімен тәнті етті

Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Астана Балет» театры Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мəдениет үйінде өнер көрсетті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген концерттің мақсаты алға қойылған маңызды міндеттерін жергілікті көрермендерді ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.
Екі күнге жоспарланған гастрольдік сапардың алғашқы күні көрермендерге неоклассика шедеврі Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен отандық балетмейстер Мукарам Авахридің «Жусан» спектаклі ұсынылды. Бишілер «Арулар», «Ақ қыз», «Қыз қайың», «Сый-сияпат», «Кербез сұлу», «Балбырауын», «Әсем Қоңыр» шығармалары мен Джордж Баланчиннің «Серенада» балетін орындады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.05.2018
 

ЕРЛІКТЕРІҢ, ЕҢБЕКТЕРІҢ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ...

9 мамыр Өтеген батыр кентінің «Үш ұрпақ» ескерткіші жанындағы салтанатты жиынның ашылуынан кейін 1минут үнсіздік жарияланды. Ұлы Отан Соғыс ардагерлерін құттықтау рәсімінен соң ескерткішке гүл қойылды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған әскери мерекелік шеру сәтті өтті.

Бүгінгі күнде Іле аудынымызда Ұлы Отан соғысының 19 ардагерлері, сонымен қатар 200-дей тыл ардагерлері бар. «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгі жатталып қалады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.05.2018
 

Өтеген Өтеғұлұлының құрметіне Алматы-Өскемен тас жолы бойында ескерткіштің тас қою рәсімі

4 мамыр күні Өтеген Өтеғұлұлының құрметіне Алматы-Өскемен тас жолы бойында ескерткіштің тас қою рәсімі болды. Бұл істің бастамасын Іле ауданының әкімі Қыдыркелді Медеуов ұйымдастырды. Жұмыс барысы бір апта бұрын басталған. Бүгінгі күнге дейін тазалау жұмыстары жүргізіліп келді. Өтеген батыр атындағы саябақтың жұмысы толық нақтыланды. «Рухани жаңғыру» жобаларын жүзеге асыру бойынша аудандық мәслихаттың кезекті жиналысында Өтеген батыр саябағының жобасы көрсетілген. Іле ауданы халқына арналған Үндеу жобасымен таныстыру барысында «Іле мұрагер» Қоғамдық ұйымының төрайымы Зульфия Дүйсенбайқызы Калекеева жоба жайлы хабарлап өткен еді. Жаз айының соңына дейін саябақтың құрылысы аяқталады деген үміттеміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.05.2018
 

ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНДЕГІ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТЕ АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ МҮСІНІ БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлының тікелей қолдауымен өткен жылы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп күрделі жөндеуден өтсе, биыл Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп ауласына тікелей Қыдыркелді Өміржанұлының бастамасымен ескерткіш орнатылды. «Халқы барда, Мұқағали мәңгі тірі …» атты шара Ұлы ақын М.Мақатаев ескерткішінің ашылу рәсіміне арналды. М. Мақатаев атындағы қасиетті қара шаңыраққа еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, ақынның туып-өскен ауылының және біздің ауданның абыройлы, құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар және бүгінде әр саланың .......
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.05.2018
 

БІР ПАЙЫЗ ТӨЛЕ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР АТАН

 
             «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, «Ащыбұлақ» бастауыш партиясы ұйымының ұйымдастыруымен Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» атты Үндеуі мен Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің, аумақтық спикерлер өкілдері және партия мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиынды аудандық «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә. Исаев жүргізіп, «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы С. Күзембаев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөлім басшысы Р. Орынбетов бастаған аудандық спикерлер, депутаттар Елбасы Үндеуінің 5 бағытына жеке-жеке тоқталып, халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізді.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау арқылы халықтың әл-ауқатын жан-жақты жақсартуға және жалпы мемлекеттің белсенді дамуына мүмкіндік жасаймыз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.05.2018
 

Бірлік бар жерде — тірлік бар

Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз.
Бүгінгі күні аудан бойынша 34 этнос өкілдері, 197 400 адам өмір сүреді. Оның ішінде 4 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды.
Міне, бүгінгі мерекені пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді шешудегі белсенділіктеріңіз бен, бірлікті сақтауға қосқан үлестеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін!
Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймын!

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.05.2018
 

«ӨТЕГЕН БАТЫР» САЯБАҒЫН ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ!

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес көгалдандыру, үйілген қоқыстарды жинау, өзен аңғарларын тазарту секілді жұмыстар атқарылып жатыр. Іле ауданының 90 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті.
Бүгін Алматы-Өскемен республикалық тас жолы бойында «Өтеген батыр» саябағын құру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыс күнінде аудандағы қызметкерлер жиналып, «Өтеген батыр» саябағының құрылуына өз үлестерін тигізді. Қажетті құралдармен қамтылған қызметкерлер белсенді түрде аумақты жапырақтар мен кепкен бұталардан тазартып, жерлерді тегістеумен айналысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.04.2018
 

Іле аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясы

2018 жылдың 26 сәуір күні Іле аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясы өтті. Сессияны № 2 Автобаза сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Игнат Ваитович Шамиев жүргізді. Сессияға аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Мұхаммедкерімұлы Сабыр, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық жиналысының төрағалары, баспасөз өкілдері шақырылып, олардың көбі қатысты.
Сессияда қарастырылған мәселелер:
Бірінші мәселе бойынша - Іле ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің .........

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.04.2018
 

Цифрландырудың нәтижесі қуанышқа толы

 
       Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен мемлекеттік органдардың нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін жаңа технологияларды қолданылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электрондық нысанға аудару және мемлекетті цифрландыру айрықша орынға ие. Аталған бағыттар бойынша аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

      Қазіргі таңда, халыққа көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелер көкейтесті болып табылады. Аталмыш мәселелерді шешу бір мезетте бірнеше белестерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.04.2018
 

Абаттандыру жұмыстары

Іле ауданы Энергетик округінде санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында көшелерді, тротуарларды тазалау белсенді түрде басталып, ағаштардың түр-түрі отырғызылды. Діңгегі қураған ағаштарды алу үшін арнайы ауыр техника жұмылдырылып, оның орнына жері тебілген жаңа бос орындарға аққайың, шырша, арша ағаштары егілді. Тұрғындармен бірге жаңадан отырғызылған жас шыбықтарды суарып, қарқынды жұмыс жасалынды. Абаттандыру әкімдік ғимараттың маңайынан басталып, «Үш буын» ескерткіші жанын тазалау жұмыстарымен жалғасты. Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек – басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Біздің басты міндетіміз - жер байлығын жандандыру.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.04.2018
 

Ауданымызға ҚР Премьер- Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің іс-сапары

Ауданымызға ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев іс-сапармен келді. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиісті бағыттар бойынша атқарылатын шаралармен танысу мақсатында «Сарыбұлақ» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жеңіс Смаиловпен кездесті. Келелі кездесуге Алматы облысының әкімі А. Баталов қатысты. Онда Өмірзақ Естайұлы құс етінің өндірісі мен шет елге экспорттау мәселелеріне көңіл аударды. Құс еті өнімдерін арттыру бойынша және ішкі және сыртқы сауда айналымын қайта жаңғырту жөнінде өз ойларын жеткізді. Мәселеге қаныққан министр айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.04.2018
 

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМА

Сәуір айында №12 орта мектепте «Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы» тақырыбында курс басталды. Курсқа аудан мектептерінен 32 ұстаз қатысты. Қазақстан Республикасы білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін жүктейді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.04.2018
 

«Лукойл» компаниясы

Бүгін автокөлік майларының 600 түрін қамтитын өндіріс орнында таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ресейден келген «Лукойл» компаниясының бас директоры Максим Дондэ және әкімнің орынбасары Жеңіс Шылбынұлымен бірге атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Жаңа инвестициялық жобалардың қатарында «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС автокөлік майларының зауыты көш бастап тұр. Іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жоспар бойынша 2018 жылдың желтоқсан айында зауыт құрылысы аяқталады.Жылына 100 мың тонна қуатты өндіретін жанармай өндіріс орнының келешегі зор. Құрылыс жұмыстары сапалы әрі жақсы нәтиже береді деген үміттеміз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.04.2018
 

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылындағы №37 негізгі орта мектебінде округтегі жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 9-7 сыныпта оқитын қыздар арасында «Қыз қылығымен» тақырыбында, осы мектепте қырық жыл ұстаздық еткен аяулы ардақты апа, дана əже Макира Тəжібек апамызбен кездесу өтті. Апамыз келіп, емен-жарқын сөйлесіп, ақыл кеңесін айтты. Кездесуде Макира апа, қыздарға заманға сай, әдемі, жоғары мәдениетті, білімді және сонымен қатар, зиялы өмірдің барлық дағдыларымен қоса, Ұлы қазақ даласының даналығын игеріп, ана болуға ұмтыла отырып, қыздардың өнегелік тәрбиесі, мораль туралы әңгімелер жүргізді. «Қыз – болашақ жар, аяулы ана, ардақты, ақыл айтар әже. Қыз қылығымен, көрікті және жібектей мінезімен мінсіз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.04.2018
 

Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру

Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің бастамасы негізінде, Іле ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші Боралдай кенті мен ауылдық округтер және мемлекеттік органдарда көрнекі ақпараттың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет алушыларға (соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелерін бақылау мақсатында Іле ауданы әкімінің 27 ақпан 2018 жылғы №24ө н/қ өкімімен талдау тобы құрылған.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.04.2018
 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫРЫС АЛДЫ

 
         Өткен аптада ауданымызға Татарстан Республикасы, Сабинск муниципалды ауданының басшысы Минниханов Раис Нургалиевич бастаған делегация екі күндік ресми сапармен келді. Мәртебелі меймандар аудан басшысы Қыдыркелді Медеуовпен кездесіп, екі аудан арасындағы іскерлік қарым-қатынас туралы әңгімеледі. Кездесу барысында аудан басшысы елшілерге аймақтың экономикалық дамуы және екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру бағыттары жайында хабардар ете отырып, өзара ынтымақтастық орнату үшін меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, өңірде кен өндіру өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы, соның ішінде астық, медициналық өндірісіне ерекше ден қойылып келе жатқандығын жеткізді. Мұнан соң ауданымыздағы білім саласы, ғылыми-инновациялық бағдарламалар мен жаңаша оқыту жүйесі жайлы сөз қозғады. Өз кезегінде Минниханов Раис Нургалиевич екі ел мен екі аудан арасындағы қарым-қатынастың негізі осыдан жиырма бес жыл бұрын бастау алғанын атап өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.04.2018
 

ДЖИУ-ДЖИТСУ: АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылында 8 сәуір 2018 жылы №20 орта мектебінің акт залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қоғам қайраткері, ақын Жарасқан Əбдірашовтың 70 жылдық мерейтойына орай джиу- джитсудан жасөспірімдер арасында Іле ауданының ашық турнирі өтті. Жарысқа 4-15 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Джиу-джитсу жапонның қарусыз өзін-өзі қорғану өнері. Бұл күрес түрі өзін-өзі қорғаудың әмбебап өнері. Қазіргі кезде джиу-джитсу көпшілік жапон жекпе-жек өнері секілді әлемдік спорт түріне айналды. Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов атындағы джиу-джитсу және грэпплинг клубының жетекшісі, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі, бас бапкер Н. Орынбасаров осы спорттың ...

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.04.2018
 

ӨНЕР КӨККЕ ЖЕТКІЗЕР

«Іле сазы» ансамблі 2006 жылдан бастап ауданымызда жұмыс жасап келеді. 2012 жылы Алматы қаласы Республикалық балалар сарайында 5 жыл мерейтойы аталып өтсе, 2016 жылы Өтеген батыр кентінде №24 лицейде 10 жылдық мерейтойында концерттік бағдарлама көрсеткен. Ансамбльдің құрылғанына биыл 12 жыл.
Көркемдік жетекшісі В. Питерцев пен жетекші ұстаз Г.Құрманғалиева жас буынның өнерін шыңдауда талмай еңбек етуде. Соның бір дәлелі жақында барып Ресей сахнасын бағындырып келуі.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен XXXII халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестивалінде ансамбльдің бүлдіршіндері қатысып жүлделі орындармен оралды. 27 номинация бойынша өткен сайыс 24-27 наурыз аралығында болды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.04.2018
 

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ АПАРАР НЫҚ ҚАДАМ

 

Жуырда Елбасы Н. Назарбаев халқын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдады. Осы Жолдауды біздің аудандық сот мекемесінде сот қызметкерлері жəне судьялары кеңінен талқылап, Жолдауға қолдау білдірді.

Елбасы Н. Назарбаев осы кезекті Жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды» – деп ерекше атап өтті. Біз осы міндетті іс жүзінде жүзеге асыра отырып, сот жүйесіне деген халықтың сенімінің артуына қол жеткізуіміз қажет. Сот жүйесі – бұл ел келбеті. Сондықтан халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру үшін біздер бар ынтамызбен жұмыс атқаруымыз керек. Ал оған тиісті жағдай жасалуда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.04.2018
 

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ АРЫСТАР

Іле ауданының 90 жылдығына арналып, Ащыбұлақ ауылдық округінде «Рухани құндылықтарымыз – қазақ батырлары» тақырыбында конференция өтті. Шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруде ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде Жетісу өңірінен шыққан қазақ батырларының ерлік істерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Батырлардың өмірбаяны мен ерліктерінен құралған видео фильм көрсету арқылы жиынды бастады. Қазақ тарихының әрбір кезеңі, яғни елбасынан өткен, халық тағдырындағы саяси оқиғаларда терең із қалдырған тұлғалардың – қазақ батырларының бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында..

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.04.2018
 
АЛДА СЫНАҚ КӨП
 

Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылының жас спортшысы әлем чемпионатынан жүлделі оралды.

Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарысқа дүниежүзінің қырыққа жуық мемлекетінен 1000-ға жуық спортшы қатысқан болатын. Жалпы командалық есепте ұлттық құрама 11-орын алды. Осы дүниежүзі көз тіккен додада ащыбұлақтық джиу-джитсудың жас өркені Мәди Құрманғожаев алғашқы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. 17 жасар жігіт 54 кг салмақта бақ сынады. Бірнеше кездесу өткізіп, қарсыластарын тізе бүктірген. Жартылай финалда румындық спортшыны жеңіп, ақтық кезеңде жергілікті арабтық қарсыласына есе жіберген. «Әлем чемпионатына дайындық жақсы болды. Негізі мақсат «алтын» болды. Бірақ, «күміс» бұйырды. Осы жарысқа дайындаған бапкерім Нұрсұлтан Орынбасаровқа көп рахмет», – дейді джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мәди Болатұлы.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.04.2018
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚАЗЫҒЫ
 

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттары-ның бірі.

Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде «Бәйтерек» кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.04.2018
 
САРМАТТАРДЫҢ СЫРЛЫ БИІН-АЙ ТАМСАНДЫРАР

Байсеркенің ғана емес, аудан көлемінде де өнердегі мақтанышы болған «Сармат» би тобы үш жылдан аса уақыт бойы қоғамдық іс-шараларда мәдени қызмет көрсетіп келеді. Өнер кені №28 мектеп-гимназиясының ішінен іріктеліп шыққан жас өнерпаздар жыл өткен сайын репертуарларын жаңғырып, сахна төрін түрлендіруде.

Сондай-ақ, бұл шығармашылық ұжымда ерекше тума таланттар жетерлік. «Сармат» бүгінде өнер көкжиегінде өрістеп, құлашын кеңінен жайып, жаңа толқынмен толыға түсуде. Төл мәдениетіміздің бастауындай болып жүрген би тобы әсіресе, ұлттық би өнерін насихаттап келеді. Содан болса керек, бұл өнер ұжымына Іле тұрғындарының ықыласы да ерекше. Көркемдік жетекшісі (хореограф) – Жамансариев Асхат Асылбекұлы.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.03.2018
 
САНАТКЕРЛІК САЯХАТ ӘЛЕМІ
 
           Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі – Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» №675 Қаулысы шықты. Елбасымыздың үкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып Мыңбай Дархан Қамзабекұлы тағайындалды.

Мұражай ғимараты Тәуелсіздік алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесім тапқан.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.03.2018
 
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ
 
           Аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Іле аудандық мәслихат хатшысы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Абилова, Іле аудандық әділет басқармасы басшысы Р.  Қыстаубаева, басқарма басшысының орынбасары Б. Айтбайұлы, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Іле аудандық әділет басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы басқарма басшысының есебі тыңдалды. Іле аудандық әділет басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мәселесі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайлы айтып, туындаған мәселелері бойынша 1260 адамның қабылдауда болып, олардың мәселелері қанағаттандырылғаны, 4 рет «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция өткізілгені, БАҚ-да 43 мақала жарияланғаны, жемқорлықпен күрес мақсатында 10 ақпарат насихат жұмыстары жүргізілгені жайлы тоқталып, толыққанды ақпарат берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.03.2018
 
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ІЗГІЛІК МЕЙРАМЫ

Ардақты ағайын! Баршаңызды жақсылық пен жарқын үміт ұялатқан ізгілік пен ынтымақ мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз айының 22-і күні күн мен түннің теңелген, жаңару мейрамы.

Самарқанның көк тасы еріп, жыл құстары әнін шалқытып, киелі Іле жерінде бәйшешек гүл жарып, жасылдан көйлек кигізіп, Алатаудың бауыры бусанып, ел-жұртқа құт берекені әкелген мезгіл – әз Наурыз. Үстіміздегі 2018 жыл ел өмірінде айрықша мәнге ие жыл болып табылады. Ең маңыздысы Елбасы Н. Ә. Назарбаев маңызды қадам ретінде бағалап, Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.03.2018
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КІЛТІ
 
           Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайла бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұл турасында Президент Н. Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп жазды «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласында.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.03.2018
 
АСТАНАНЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ
 
           Хан Шатыр – Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Қиялдан шыққан сәулет ғажайыбы – Хан Шатыр сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Хан Шатырдың ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.03.2018
 
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ 10 БАСТЫ МІНДЕТ
 
         Қазақстан Республикасының Елбасының Жолдауында 10 міндет көзделген. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты телеэфирде жасаған мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтті. «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Ұлт жоспары – 100 нақты қадам  аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деді Елбасы. Сонымен қатар халықтың алдындағы негізгі 10 міндетті атады. «Мен жүзеге асырылуы керек 10 міндетті көріп отырмын. Олардың мазмұны туралы қысқаша айтып өтсем.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.03.2018
 
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ
 

Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп берген білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – мұғалім. ХХІ ғасыр техниканың дамыған заманында ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында І-деңгейлі, ІІ-деңгейлі, ІІІ-деңгейлі оқулар өткізіліп жатыр.

Бүгінгі қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Сол себепті ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.03.2018
 
АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ
 

Құрметті аналар мен апа-қарындастар!

Сіздерді құс қанатымен келіп, көктем шуағына бөлеген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мерекесі өмірге нәр мен шуақ беретін, әр отбасына көтеріңкі көңіл мен үміт ұялатып, бақыт пен қуаныш сыйлайтын айрықша күн.

Ал, әйел-аналар қандай қиындық болса да, қайыспай жеңе білетін табандылықтың, мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен адалдықтың, нәзіктік пен қайсарлықтың символы.

Тәуелсіз елімізде оның ішінде біздің ауданымызда әйел-аналардың, қырмызы қыздарымыздың күш-жігерімен атқарылмайтын жұмыстары кемде-кем.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.03.2018
 
СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ

Ауданымыздағы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тобы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің учаскелік полиция инспекторларымен кездесу өткізді. Жиынға біздің аудандық топтың төрайымы, аудандық қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Р. Абилова және округ инспекторлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен аудандық қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Р.Абилованың округтерде жасалып жатқан жұмыстары туралы ұсыныс талаптарын тыңдады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.03.2018
 
ЕЛ ИГІЛІГІ МЕН АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 1 наурыз – «Нұр Отан» партиясының құрылған күні және Алғыс айту күні мерекелеріне орай салтанатты жиын өтті. Партия активі мен шақырылған қонақтарға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов құттықтау сөзін арнады.

Сондай-ақ, партияның құрылған күнінен бастап партия қатарына мүше болып, ел игілігіне қызмет етіп, партияның беделін арттырып жүрген белсенді партия мүшелерін «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы маңыздылығын баса айтып, партиялықтарды мерекелерімен құттықтады. Шара барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында партияға 19 жыл толуына орай партияның белсенді мүшелері

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.03.2018
 
«НҰР ОТАН» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ
 

Ауданымыздағы барша нұротандықтарды партияның туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз. Айта кетсек, 1999 жылдың 1 наурызында жаңа партияның І-құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның төрағасы болып сайланды. Одан бөлек, саяси кеңес пен Орталық тексеру комиссиясының құрамдары бекітіліп, партияның Жарғысы қабылданды. Сондай-ақ, съезд делегаттары «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстанның Халықтық бірлік партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералдық қозғалысының бірігуі туралы тарихи маңызға ие Резолюцияны қабылдады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.03.2018
 
САРЫАРҚА, САРЫ МАЙЫҢНАН АЙНАЛДЫМ
 

Алғыс айту мерекесі болып жарияланған 1 наурыз – бұл ең алдымен қазақ халқына деген алғыс деп санаймын.

Қиын уақытта бауырлық көмегi үшiн қазақ халқына деген ризашылығым мен рахметімді күн сайын айтудан жалыққан емеспін. Бiздер, кәрiс халқы үшiн қайғылы 1937-38 жылдары қазақтар бiздi құшақ жая қарсы алды, тамағымен, баспана-сымен бөлiстi. Осылайша, қазақ халқының арқасында бiз аман қалдық, өсiп-өндiк. Мен қазақтың кең жазиралы даласындай көңілі мен сағым ойнар Сарыарқасына, кең дастарханындағы сары майы мен тіл үйірер тарысына мәңгілікке ғашық болдым. Туып-өскен Отаным – Ұлы қазақ елі менің жадымда жатталып қалды. Қасиетті Іле ауданы менің отбасы ошағымды, ұрпағымды өсірді, өндірді. Сондықтан, бұл алғыс тек мереке күнi ғана пайда болмауы керек.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.03.2018
 
ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР
 

Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын жыл басынан бекітілген жоспар бойынша жүргізіп президиум, жиналыс, семинар-кеңес жиындары отырыстарын өткізді. Бүгінде аудандық ардагерлер ұйымы құрамындағы 10 бастауыш ұйымдарындағы 79 топтарда 20504 мүшелері бар. 2017 жылы 170 зейнеткер санаторлық-курорттық жолдама алып емделген.

Бүгінде аудан ардагерлері әр түрлі 18 клубтарда өздерінің бос уақыттарын, тиімді де қызықты өткізуде. Аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен жыл басының қаңтар айында «Рождество» мерекесі ауданның барлық округтерінде ұйымшылдықпен өткізілді. Наурыз айында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі, «Наурыз» мейрамы ауданда кең көлемде тұрғындардың қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Мамыр айында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ауданда «Еске алу» вахтасы ұйымдастырылып, мектептерде, Мәдениет үйлерінде жастармен кездесулер, кештер ұйымдастырылған.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.02.2018
 
СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ БІРЕГЕЙ ТУЫНДЫСЫ
 

Астананың көрнекті орындарының бірі – бейбітшілік пен келісім сарайы. Архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м, ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.02.2018
 
АУҒАН – АДАМЗАТ БАЛАСЫНА АУЫР ТИДІ
     Боралдай кентіндегі Ұлы Отан және ауған соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге арналған мемориялды ескерткіш маңында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлердің есімдерін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.
       Аталмыш митингке Боралдай ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Таңатарқызы, КазЦИК ауылдық округінің әкімі А.Жасымбеков және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Ерлікті ұлықтауға арналған шараға жиналғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2018
 
ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҒАЖАЙЫП
 

Қашанда бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі оңайға соқпаған. Қатыгездігі шектен шыққан Кеңес Одағының уысынан қазақ елінің аман-есен егемендікке шығуы, біріншіден тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз.

Қазақстанның азаттық туын көтерген сәттен-ақ жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Қоғам жол айрығында тұрды. Жас мемлекеттің шаңырағын шайқалтпау үшін күндіз-түні тынбаған ізденіс Елбасын үш ұлы да, нақты қадамдарға әкелді. Оның екеуі 1994 жылдың, біреуі 1995 жылдың еншісінде.

1994 жылдың 6 шілдесінде ҚР Жоғары Кеңесі сессиясында Ел Президенті ең алғаш рет еліміздің астанасын басқа қалаға ауыстыру туралы нақты идеясын ұсынды. Осы бір кезең туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде: «Астананы көшіруді Қазақстанның жаңа талпынысының бір белгісі деп қарадым.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.02.2018
 
АҚПАННЫҢ АҚ ТАҢЫН ЖЫРМЕН АШҚАН

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат басшысы С.Жарқынбековтың ұйымдастыруымен «Менің Мұқағалиым» атты аудан көлемінде ақиық ақын М. Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын мектеп оқушылары мен ұстаздары арасында жыр мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраның негізгі мақсаты Ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдіреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру болып табылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.02.2018
 
ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ, ҚАЙЫРЛЫ БОЛМАҚ
Ағымдағы жылдың 13 ақпан айында  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Қоңырбаевтың ұйымдастыруымен ауданымыздың ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен  кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға ауданның ішкі істер басқармасының полиция қызметкері, аудандық төтенше жағдайы бөлімінің маманы, Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары және аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының хатшысы қатысып, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу және террористік тұрғыдан осал нысандарға қатысты, өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша баяндамалар оқылып, жиналысқа қатысушылар арасында сұрақ жауап алмасулар болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.02.2018
 
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА САМҒАУЫ
 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналды. Жолдауда Елбасы әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиіс 10 міндетті нақтылап берді.

Жолдаудағы мәселелердің барлығы өзекті және мәнді. Адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын, жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгерту деп Елбасы атап өтті.

Қазіргі кездегі қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.02.2018
 
Бес реформа – бес белес: Ұлт жоспары – жастар көзімен
 

Ақши ауылдық кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бес реформа – бес белес: Ұлт жоспары – жастар көзімен» атты талдау  өтті. Аталған шараға округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов, кітапхана оқырмандары, округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалық иелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, барлығы 45 адам қатысты.

Бүгінде мемлекеттің басты мақ­саты – әлемдегі бәсекеге қабі­летті 30 елдің қатарына ену.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» бағдарламасы - елді, халықты ортақ жауапкершілікке жүктеп, ұлы істерге бастайтын, елімізді дамудың жаңа сатысына шығатын ұлы  белес.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.02.2018
 
ӨНЕРКӘСІБІН ӨРКЕНДЕТКЕН ОКРУГ (Ащыбұлақ ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есебі)

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамызындағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездеулерін өткізу туралы» Елбасының №615 Жарлығын орындау мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің өзіне жүктелген міндеттері мен қызметтердің орындалуы туралы тұрғындар алдында есеп беруіне сәйкес өткізіледі. 31 ақпан 2018 жылы №20 орта мектеп акт залында Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары мен 2018 жылға арналған міндеттері туралы халық алдында есептерін берді.

Округ әкімі С.Күзембаев шығып Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауындағы еліміздің дамыған ........

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.02.2018
 
АУЫЛДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ
(Междуреченск ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есебі)

26 қаңтар күні аудан әкімінің және Междуреченск ауылдық округі әкімінің Междуреченск ауылы тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті.

Басты қозғалған мәселенің бірі Жауғашты ауылындағы кәріз құбырлары мен ауыл ішіндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу туралы айтылды. Оған аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, «Өңірлерді дамыту» бойынша ауылдың жолдарын жөндеуден өткізетін болады.

Екінші мәселеде «Шабыт» ықшам ауданы бойынша қоғамдық көліктің дұрыс қатынамауы жайлы сөз болды. Одан кейін жаңадан бой көтеріп келе жатқан ықшам ауданына жаңа мектеп, ауылдық амбулатория мен учаскелік пункттерді салу туралы сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.02.2018
 
ЖОЛЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ. (КазЦИК ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есебі)

2018 жылдың 31 қаңтар күні КазЦИК ауылдық округінде №6 Әнуар Молдабеков атындағы орта мектебінің акт залында аудан әкімінің және КазЦИК ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдындағы есебі өтті.

Есепті жиынға Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Р. Алпысбаев қатысты. Алғашқы болып сөз алған округ әкімі А. Жасымбеков округтің жеткен жетістіктерімен жіпке тізгендей айтып өтті. Екінші  есепті аудан әкімі Қ.Медеуов баяндады. Ол ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.02.2018
 
КӨГІЛДІР ОТЫН АҚШИГЕ ҮЛКЕН СЫЙ (Күрті ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есебі)
 

26 қаңтар күні Ақши тұрғындары алдында аудан әкімінің есепті кездесуі өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев пен Ақши ауылдық округінің әкімі Д. Өгізбаев тұрғындарға есеп берді. Олар, ауылдастарының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Кездесуде тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Қазір Ақши ауылында 6 мыңнан астам тұрғын бар. Өткен жылы округте әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүргізілген. Мысалға, ауылға жаңа балабақша, көгілдір отын тартылып, спорттық, қоғамдық іс-шараларды өткізген. Көпшілікті осындай былтырғы жылдың жетістіктерімен таныстырған аудан әкімінің орынбасары өткен жылғы есеп беру кезіндегі халықтың ұсынысы орындалғанын да атап өтті.

Округ әкімі Д. Өгізбаев өз есебінде ауылдағы әлеуметтік жағдайын тізбектеп келіп былай деді. Осы жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын білесіздер. Орта және кіші бизнеспен айналасып, өздерін-өздері жұмыспен қамтамасыз еткендер саны 1643 адамға жетті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.02.2018
 
Тәуелсіздік жолы – Астана жолы
Аудан әкімдігінің іс-шара жоспарына сәйкес Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жолы – Астана жолы» атты акция аясында 02.02.2018 жылы сағат 12.00-де Күрті ауылдық округіне қарасты № 8 орта мектептің базасында Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына байланысты жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «Еркіндіктің дастаны – Астана» тақырыбында жастар форумы өткізілді. Форумға округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, және мектептің 2-11 сынып оқушылары, барлығы 120 адам қатысты. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.02.2018
 
Күрті ауылдық округінде отбасылық бизнесті дамыту мәселесі бойынша кездесу өтті

31.01.2018 жылы сағат 11.00-де округ әкімдігінің ғимаратында отбасылық бизнесті дамыту мәселесіне қарастырылған жеңілдетілген негіздегі несие алу мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Аталған кездесуге округ әкімі Д.Өгізбаев, «Боролдай агро-несие» ЖШС-нің директоры А.Жанабекова және ауыл тұрғындары, округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалық иелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, барлығы 45 адам қатысты.

Кездесу барысында «Боролдай агро-несие» ЖШС-нің директоры А.Жанабекованың тарапынан «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасына сәйкес Ауыл тұрғындар...

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.01.2018
 
БІРЛЕСКЕН ЖОБА, БЕРЕКЕЛІ ІС
 

2018 жыл қаңтар айының 16-сы күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми сапармен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен кездесті. Сапар барысында Елбасымыз Қазақстан мен Америка елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда тарихи шешімдерге қол жеткізді.
           Атап айтқанда, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті орнату жөнінде ортақ саяси шешімдер қабылданды. Бұл биыл 26 жыл толатын екі ел арасындағы жемісті серіктестік одан әрі тереңдей түсетінін білдіреді. Қазақ елі үшін Вашингтон сыртқы саясаттағы негізгі серіктес әрі экономикадағы маңызды инвестор болып табылады.Мұнда экономикалық мәселені де айта кеткен жөн. Кездесу барысында Дональд Трамп Қазақстанды Орта Азиядағы қуатты әрі дербес тәуелсіз ел деп мойындады. Келіссөз барысында президентіміз 2,5 млрд доллар көлеміндегі 20 нәтижелі келісім шартқа қол жеткізді. Бұл келісімдер Қазақстанға экономикадағы «цифрландыру» мәселесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.01.2018
 
БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ
 

Аудандық мәслихат депутаты Елешев Рамазан Николаевичтың қатысуымен «Жаныңда жүр жақсы адам» бағдарламасы аясында «Все начинается с любви» тақырыбында әдеби кеші өтті.
Кешті өткізудегі мақсатымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында оқушыларға шын мәнінде, тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан замандастарымыздың жүріп өткен жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, патриотизмге тәрбиелеу.
        «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі болуымыз керек» – деген болатын Елбасымыз. Ауданымызға белгілі тілші Рамазан Елешев осындай жандардың бірі. Еңбегі, өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.01.2018
 
АСТАНА, ЕСІМІҢДІ ӘЛЕМ БІЛГЕН
 

Энергетик ауылдық округіне қарасты, Қарасу ықшам ауданына Сарыарқаның қақ төсінде орналасқан асқақ Астанамыздың 20 жылдығына орай бірқатар көшелеріне жаңа атау берілді. Бұрындары ешкімнің есімімен аталмаған көшелер енді еліне елеулі үлес қосқан азаматтардың атымен аталмақ. Ұлы мен қызын ұлықтаған ұлт кімдердің есіміне көше берді?

Бұған дейін бұл көше «13- линия» деп аталып келді. Астана қаласының 20 жылдығына орай орталық көше «Астана» аталатын болды. Бұл күнді асыға күткен қарасулықтар қуана мақұлдады. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ дейді ғой. Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Әрине біз қуаныштымыз!», – деді іс-шарада сөз алған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Назарбаев. Сондай-ақ, басқа көшелер Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік деп аталмақ.

«Еліміздің егемендігі жолында осындай Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік сынды қадірлі сөздерді көше атауына беру туралы шешім қабылданды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.01.2018
 
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
 

«Денсаулық – зор байлық» деп халық айтқандай, дені сау ұлт табысты болашақтың кепілі. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы денсаулық саласын да дамытуға бағытталған. Мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр.

Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал – жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда үздік денсаулық сақтау ісі, дені сау ұлт, қазіргі кезде халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне, медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс та арта түсуде. Осыған байланысты бүгінгі күнгі өзекті, маңызды мәселелер Жолдауда орынды қамтылғандығы медицина саласы өкілдерін қуантып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.01.2018
 
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!
 

Боралдай кенттік округінің «Боралдай  минералды су» сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында аудандық интегралды-тәжірибелік форумы өтті.

Форумға ауылдық, кенттік округ әкімдерінің спорт және туризм саласына жауапты орынбасарлары, мамандар, спорт әдіскерлері, қоғамдық кеңес жетекшілері, этномәдени ұйым жетекшілері, аудан мектептерінің мұғалімдері, жастар жетекшілері, барлығы – 87 адам қатысты.

Бағдарлама бойынша форум қатысушыларына, қонақтарға арналған Боралдай кенттік округінің «Боралдай минералды су» демалыс кешеніне ақпараттық-экскурсиялық тур өткізілді және «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбындағы танымдық стенділер, буклеттер, қолөнер көрмесін тамашалады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.01.2018
 
АДАМ КАПИТАЛЫ – БІЛІММЕН ӨЛШЕНЕДІ
 

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтып өткендей, шебер саясаткерлігімен, көсемдігімен әлемге танылған Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» басшылыққа алып, жеті қазынаның бірі ит жылындағы мақсат-міндеттерімізді айқындап көрсетіп өтті.

Өткен жылғы Жолдауында Елбасы әлемді дағдарыс қоршап жатқанда дағдарыстан жаңару мен дамуға жол таба біліп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Биылғы Жолдауында тығырыққа тірелмеуде, ең біріншіден, өнеркәсіпті индустрияландыруды дамытуға бағыт-бағдар берді. Ол үшін экономиканы дамыту, капиталды қорландыру, халықаралық қарым-қатынас және халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты берік ұстауға көңіл бөлді. Осы арада біздің еңселі Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына 2020 жылы енуі керек екендігін айтты. Ол үшін Президент 10 бағытты айқындап көрсетті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.01.2018
 
ТАРИХИ ӨРЛЕУ БАСТАУЫ
 
          2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 2017 жылы еліміздің 3-ші жаңғыруы болса, биылғы 2018 жылы –  мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр. Бұл Жолдауда қарқынды даму, тарихи өрлеу жолындағы еліміздің 10 басым бағыттары нақты айқындалып, оның жүзеге асырылуы  кезек күттірмес маңызды екені айтылды. Жолдаудың жетінші бағытында – адами капитал-жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда білім берудің жаңа сапасы, латын әліпбиіне көшу мәселесі, цифрлык білім беру ресурстарын дамыту, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт бойынша атқарылар міндеттер, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі жайлы маңызды мәселелер көтеріліп отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.01.2018
 
ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқармасымен қамқорлыққа алынған Жетіген ауылының Каратэ-до Шотокан Ұлттық федерациясының «Сёгун» (жапон тілінен генерал бас қолбасшы) – атты әскери-спорттық клубының спортшылары Шымкент қаласында өткен Каратэ-до Шотокан Қазақстан Республикасының Кубогына қатысты. Аталған жарыс 2017 жылдың 18-24 желтоқсан аралығында өтті. Осы аралықта Каратэ-до Ресей Федерациясы құрамының аға бапкері, төртінші данды қара белдік иегері Элдарушев Исламутдин Русланович семинар жүргізді. Өткізілген семинарға «Сёгун» клубының және де мемлекетіміздің басқа да аймақтарынан келген жас спортшыларымыз жеке бас спорттық тәжірибелерін арттырып, жетік меңгеріп, сертификаттарға иеленді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.01.2018
 
АБЫЗ АҚСАҚАЛ, АҢЫЗ АДАМ

Ел еңсесін көтерер, тәуелсіздігімізді тұғырлы етер, саяси мәні бар жұмыстарға атойлап кеп белсене араласып, хан базардың бел ортасында жүретін, таудан түспей, қайта заңғар биікке қарай құлаш сермейтін дана қарттар, ақылман абыздар ілуде біреу болса, сорының бірі де, бірегейі – Нұрмұханбет Қасымұлы Қасымов! Іле ауданының Әли ауылында туып-өсіп, 14 жасынан еңбекке араласып, соқа айдап, жер жыртып, егін егумен айналысқан Нұрмұханбет ағамыздың мал шаруашылығы саласындағы өмірлік тәжірибесі де бір дастанға арқау боларлықтай дүние. Туған ауылына туын тігіп, кіндік қаны тамған қасиетті жердің ыстығына күйіп, суығына тоңып, еңбегімен құрметтің төріне көтеріліп, 90 атты заңғар биікті бағындырған абыз ақсақалдың аудан үшін аңыз адам екендігі сөзсіз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.01.2018
 
САРЫТАУҚҰМ ДҮР ЖЫРЫМЕН ДҮРЛІКТІРГЕН
 
          Ауданымыздағы «Сарытауқұм» ән--би ансамблі – жер жәннаты Жетісу мәдениетінің тарихының бір бөлшегі десек артық айтпаймыз. Іле ауданындағы көптеген аға буын өнерпаздарының өмірбаянын қарайтын болсақ, өнер әлеміндегі жолдары «Сартауқұм» ән-би ансамблінің құрамына қабылданғаннан кейін ашыла бастағанын байқауға болады. Әлбетте, бір сахнада эстрадалық орындаушылар да, бишілер де, сонымен бірге ерекше жанр әртістері де өнер көрсеткен жалғыз құрамның облыс көлемінде теңдесі жоқ. Сонау 1980 жылдардың басында құрылған «Сартауқұм» ән-би ансамблінің атағы сол кездері аудан көлемінде ғана емес, облысқа таралған атағын әлі қорғап келеді. Өзінің қырық жылға жуық шығармашылық жолында ән-би ансамблі өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық ән-би жобаларымен толықтыра отырып, үнемі өсу үстіндегі үлкен шығармашылық жолдан сәтті өтуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.01.2018
 
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШЫ
 

Өзіміздің тарихымызда қағазға түсіп қатталмаған, алайда Ұлы дала дәстүріне негізделген басты қағидаларымыз болғанын жақсы білеміз. Азаттық алу бағытындағы алғашқы құжат – Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы. Ол 1990 жылғы 25 қазанда қабылданды.

Декларация мемлекеттік билік органдарының құрылымы мен құзыретін айқындап берді. Осы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде қордаланған мәселелер жеткілікті болатын. Қол жеткізген жетістіктерімізге сүйінушілермен қатар, күйінушілер де жоқ емес еді.

Олардың қатарында «Қазақстан көп ұзамай әлеуметтік катаклизмге ұшырайды», «Қазақ халқы этносаралық дау-жанжалдардың ошағына айналады» деп болжаған «сәуегейлер» де болды. Иә, рас, елімізде мұндай сценарийлердің өрбуі әбден мүмкін еді. Бұған негіз болатын бірнеше ықтимал факторлардың болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.01.2018
 
КӨРШІНІҢ ТАТУЛЫҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ТАТУЛЫҒЫ

Ардагерлер ұйымының қатысуымен және аудан әкімінің қолдауымен «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты біздің ауданда 13 қазанда бастауын алып, барлық округтерде өткізіліп, міне бүгін Өтеген батыр кентінде қорытындыланып отыр.

Көршімен сыйластық елінің сыйластығын білдіреді. Бүгінгі жиында жас ұрпағымызды қазақ ұлтына тән имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке үйрету, туған өлке оның байлығы мекендейтін әр ұлттармен бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүру мақсатында өткізілді. Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адамзатқа шуақты сезім ұялатады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.01.2018
 
АҚШИГЕ КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛДІ

«Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан» демекші, Тәуелсіздік күні қарсаңында  Ақши ауылының халқына керемет сый жасалды. Көгілдір отынның арқасында көмір азабынан құтылған ауыл тұрғындарының қуанышы ерекше. Талай жыл ауыл тұрғындары үшін арман болып келген көгілдір отын бүгін пайдалануға берілді Кейбір ақшилік тұрғындар өз көздеріне өзі сенбей жатқанын ашық айтылып жатты. Мерекелік жиында сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов:

– Алдымен сіздерді ата-бабамыз армандап кеткен бүгінгі Елбасымыз бастаған, халқы оны қостаған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді өз сөзінде. – Бүгінде Ақши ауылының әлеуметтік мәселелері толыққа жуық шешілді деуге болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.01.2018
 
ЖАҢА ЖЫЛЫМ, САЛИҚАЛЫМ АРДАҚТЫМ
 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, туған-туысқандарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалды.

Жаңа жыл – жаңа үміттер, ең ардақты армандар мерекесі және де өткенге көз салып, өтер жылды қорытындылайтын уақыт.

2017 жыл айтулы даталармен ерекшеленді, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру жолында үлкен істер атқардық, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырттық. Еліміз көптен күткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін барша халық болып жоғары деңгейде өткіздік. Өткен жыл аудан үшін де табысты болды. Боралдай кентінде жасыл экономика бойынша өзін-өзі күн сәулесімен қатамасыз ететін Қазпочта торабы ашылды.  Сондай-ақ, ауданымызда 5 орта мектеп салынып халық игілігіне берілсе, екі орта мектептің құрылысы аяқталуға жақын тұр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.12.2017
 
ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАН ҚУАНТАР МЕРЕКЕМ

26 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында аудан әкімінің жасыл шырша мерекесі аталып өтті. Оған аудан әкімі Қ.Медеуовтың өзі қатысып, мерекелік театрландырылған «Жаңа жылдық оқиғалар» қойылымын балалармен бірге тамашалады. 

Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 350 бала қатыстырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.12.2017
 
ЖАСТАРҒА ТИІМДІ ЖОБА
 

Қазіргі таңда жаһандық жасампаз мемлекетімізде жастардың белсенділігі мен ынтасын арттыру мақсатында көп-теген бағдарламалар ойластырылып, іске асырылуда. Соның бірі ретінде жаңадан бастау алған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесіп қолға алған «Жастар корпусын дамыту» жобасын айтуға болады.

Жоба – өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және жетекшілік қадір-қасиетін дамытуға, бастамашылық идеялар мен жобаларды іске асыруға ниеті бар бозбалалар мен бойжеткендерге, яғни, жастарға арналған.

Жобаның мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге тарту және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы сыни ойлау, эмоциялық интеллект, адамдарды басқару, шығармашылық ізденіс тәсілдеріне баулу, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.12.2017
 
БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЖАҢА ӘЛЕМ ШАҚЫРАДЫ
 

Елбасымыз 2020 жылға қарай барлық мектеп жасына дейінгі балалар балабақшамен қамтылуы тиіс деген болатын. Соған сәйкес кәсіпкерлеріміз де жекеменшік балабақша ашып, өз үлестерін қосып келеді.

Игілікті істі ауданда бірінші болып жеке меншік балакбақша ашқандар қазір істерін дөңгелетіп отыр. Енді солардың қатарына Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Руслан Исмайлов салған 130 орындықты жекеменшік «Мир малышей» балабақшасы да қосылды.

Ол өз қаражатымен балабақша ғимаратын салып, жуырда пайдалануға берді. Балғындар үйі екі топқа арналған. М. Түймебаев ауылында, Тәуелсіздік көшесіндегі 142 үйде орналасқан орталықта 2-4 жас аралығындағы 30 бала тәрбиеленуде. Бүлдіршіндерге күніне бес мезгіл тамақ беріледі. Арнайы ойын алаңдары бар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.12.2017
 
БАЙСЕРКЕ - БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық ардагерлер ұйымы өкілдерінің Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты аудандық акциясын өткізді. Он округті аралаған берекелі акция  Байсерке ауылдық округі әкім аппараты мамандарымен округтегі ауылдық Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.

Байсеркелік абыз ақсақалдар акцияның басында-ақ округтерден келген қонақтарды шашу шашып қарсы алды. №28 мектеп-гимназиясының ұзын дәлізінде Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс, Әли және Байсерке ауылының қолөнершілері мен әншілері,

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.12.2017
 
ЕЛ ІШІ АЛТЫН БЕСІК
 

Ащыбұлақ ауылдық округі, Көкқайнар ауылының тұрғыны Оксана Парфенова үлкен қуанышқа кенеліп, баспаналы болды. Бұған дейін 4 баласымен үйі өртеніп, бала-шағасымен қара суықта далада қалған еді. Қиналып жүрген анаға округ тұрғыны белгілі кәсіпкер Нелли Салиханова  отбасымен кеңесе отырып, қайырымдылық жасап, үй салып берді.
 «Көп түкірсе, көл болар» деген халқымыздың даналық сөзін басшылыққа алған Нелли Утеповнаның бұл ісіне қай жағынан алса да үлгі етуге тұрарлық дейді қайырымдылыққа шынайы разылығын білдірген ел қариялары.
«Алажаздай үйсіз-күйсіз қалған 4 балалы Оксанаға өзі жұмыс жасап жүрген «Анжелла» шаруа қожалығының иесі Нелли Салиханова отбасымен бірге жұдырықтай жұмылып, басына баспана салып берді. Әрине, бұл барша адамға үлгі болатын сауапқа толы, жан-дүниеңе рахат сыйлайтын жақсы іс болды», -  дейді округ әкімі Серік Күзембаев.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.12.2017
 
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!
 

Қадірлі Іле тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 26 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.

Осы уақыт аралығында Тәуелсіз Отанымыздың айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы бір мәрте халықаралық үлкен бәсекеде өзінің беделін айшықтады. Бұл талайдан топ жарып «EXPO-2017» халықаралық жетістіктер көрмесін сәтті өткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2017
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: бүгіні мен келешегі
 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асырудағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іле ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 маусым, №44-ө н/қ өкімі бойынша аудандық комиссия құрамы, жобалар жөніндегі жұмыс топтарының құрамы, кеңес құрамы, сарапшылар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия құрамы – 31 адамнан тұрады. Құрамында аудан әкімі аппараты, ауыл, кент әкімдері, мекеме басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен этномәдени бірлестік жетекшілері тартылды.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап, жылдың соңына дейін аудан әкімдігімен іс-шаралар жоспарының жүйелі кестесі құрылып, бекітілді.

Аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен айына 2 рет комиссия мүшелерінің отырыстары өткізіліп, бүгінгі күні барлығы 20 отырыс өткізіліп, хаттамалары толтырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2017
 
ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ
 

Алты қанат киіз үйдің іші қазақи дәстүрге сай шебер жабдықталған. Керегеге өте талғампаздықпен ілінген түс киіз, кілем, бұрыштағы кебеже, сандық, едендегі алаша, сырмақ көздің жауын алғандай. Үйдің іші абыр-сабыр. Әулеттің атасы Сәбит ақсақал (Сәбит Панжазов мен Сақыш апа (Сақыш Қорабаева) балаларымен бүгінгі келетін қонақты қарсы алудың жайын сөйлесіп отыр.

– Шырақтарым, жаңа шыққан жастардың отауына құтты болсын айтып келу бұрынғыдан қалған дәстүр, – деп бастады өзінің әңгімесін Сәбит ақсақал, көршілер-ден ұят болмасын, дұрыстап күтіп алайық. Кемпір, Шынар (Ш.Сапарғалиева) келін екеуің дастархан мәзірін ұқыптаңдар. Біз мал союды ыңғайластырайық. Соның арасында есіктес отырған көршілердің келіндері де көмекке келе қалды. Бірі дастарханды реттесе, енді бірі күбі пісіп қымыз дайындауда. Біреулері ыстық бауырсақты тегенеге салып алып кірді. Көп ұзамай бір топ адам «құтты болсын» айтып, шашуларын есіктен төрге дейін шашып кіріп келді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.12.2017
 
АУЫЛҒА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛДЫ

Ауданымызда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ауданымыздың төрт елді мекенінде жаңа су ұңғымасы пайдалануға берілді. Соның бірі КазЦИК ауылы жаңа құрылыс аумағында ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары С. Ерекешев пен КазЦИК округінің әкімі А. Жасымбеков қатысты.

Салтанатты ашылу барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев «Құрметті КазЦИК ауылының тұрғындары, сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.12.2017
 
АУЫЛҒА ЖАҢА ЕСІМ БЕРІЛДІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясына Алматы облыстық ардагерлер ұйымының бастамасымен өтіп жатқан «Жарасымды көршілер –   сенімді әріптестер» акциясы №40 орта мектепте Боралдай кенті әкім аппараты мамандары  мен ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Боралдайлық ақсақалдар акциясының басын жаңа құрылыс елді мекеніне «Жайнақ» есімін беруден бастады. Боралдай кентінің «Жаңақұрылыс» ықшамауданына 1865 жылдары болыс болған, Боралдай және қазіргі Комсомол селосы өңіріне 30-ға жуық алғашқы қазақ отбасыларын Қордай өңірінен көшіріп әкеліп, қоныстандырған Жайнақ Қараталов аты беріліп, аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасы Ә. Исаев, қазақтың біртуар ...

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.12.2017
 
АВИАЦИЯ КАДЕТІ АШЫЛДЫ
        Жетіген ауылындағы №11 жалпы білім беру мектебінің базасында жаңадан құрылған «Жас қыран» атты әскери кадет сыныптарының ант қабылдау салтанатты кеші өтті. Кадет сыныбы аудан көлемінде екінші окрукте ашу қолға алынып отыр. Кадет ашудағы басты мақсат – жастарды отаншылдыққа баулу, әскери өмірге мектеп қабырғасынан бастап үйрету. Әлеуметтік, патриоттық тәрбие мен, интеллектуалдық, рухани, моральдық және физикалық дамуы процесінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, Отанын қорғауға, сүюге баулу. Әрине, оған арнайы іріктеуден өткен оқушылар қабылданады. Сыныпты оқу-құралдарымен жабдықтап, дәріс өту үшін арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.12.2017
 
ЖЕТІГЕНДЕ ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕР АНТ БЕРДІ
 

Жетіген гарнизонында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №20709 әскери бөлімінде «Күз – 2017» маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған, Республикамыздың әр өңірінен іріктеліп алынған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті.

«Сіздер бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өмірлеріңізде үлкен қадам басып отырсыздар. Ел алдында, жұрт алдында ант қабылдап жатсыздар. Бүгінгі күн ерекше есте қалатын тарихи күн боп қалады. Сіздер бүгін ер деген, ел қорғаушы деген атаққа ие болып жатырсыздар. Халық алдында ата-ана сенімін адал, қызметтеріңізді мінсіз орындайды деп сенемін. Дүниежүзілік жағдайдың күрделі екендігін білесіздер. Лаңкестердің әрекеттері кесірінен халық тыныштығы бұзылып жатыр. Алған жолдарыңыздан таймай, аспан көгін ашық ұстап, қызметтеріңізді адал атқарарсыздар деп сенемін», – деді ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Садыков.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2017
 
СЫНДАРЛЫ САЯСАТТЫҢ САРДАРЫ
 

Құрметті Іле ауданы тұрғындары және қонақтары!      

Сіздерді мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәл осы күні 1 желтоқсанда Қазақстан республикасының Бірінші Президенті сайланды, мемлекетіміздің дамуы мен өсуіне әсер еткен, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.

Елбасымыздың жігері мен орасан зор қуаты қоғам консалидациясы мен азаматтардың жақсы өмір сүруіне бағытталды. Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен іске асырылып жатқан жақсы ойластырылған және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сауатты құрылған жоспарлар мен нақты бағдарламаларын жүзеге асыру, Қазақстан игілігіне жемісін әкеліп жатыр, республикада да, шет елде де бағалануда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2017
 
АСТАНА – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ!
 

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назербаевты айтар едік.

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2017
 
ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖЕТЕРЛІК
 

Өткен аптада, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Егінін еккен диқаншылар, мал шаруашылығымен айналысқан малшылар биылғы жылғы өнім көңіл толарлық болғанын қуана айтты. Ал енді, жыл қорытындысы туралы ауыл шаруашылығының жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталайық.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артық. Ал, ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 588 гектарға өсіп, 68825 гектарды құрады, оның ішінде: масақты дәнді дақылдар 21450 гектар, күздік бидай 5000 гектар, күздік арпа 1800 га, жаздық арпа 8150 га, дәнді жүгері 6500 га, майлы дақылдар: күнбағыс 280 га, майбұршақ 2500 га, мақсары 12040 га, картоп 1627 га, көкөністер  4450 га, бақша дақылдары 820 га, 2600 га сүрлем жүгері көлеміне егілді. Мал азығына 16858 га еркек шөп және 6200 га жоңышқа өсірілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.11.2017
 
ЕКІ ЕЛДІҢ ЕСКЕРЕРІ КӨП
      Өткен аптада Қырғыз республикасынан ауданымызға арнайы делегация келді. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Құматаев пен аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова қарсы алды.
       Құрамында аудандық депутаттар мен шаруа қожалықтарының өкілдері мен ауыл әкімдері бар 20-дан астам қырғызстандықтар өңірдегі аудан, ауыл әкімдігінің жұмысымен танысып, кооперативтерді құру бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етіп қойған екен..
       Кездесу барысында ауданы мен Қырғыз еліндегі ауыл аймақ арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту, сондай-ақ аудандық бюджеттің төртінші деңгейін игеру бойынша тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.11.2017
 
КӨКПАРДЫҢ ҚАШАНДА ОРНЫ БӨЛЕК
          Ұлттық ат спорты әсіресе көкпар тарту Іле тұрғындары арасында кеңінен қанат жаюда. Жақында Ащыбұлақ ауылдық округінде округ әкімдігі мен жергілікті қауымдастық кеңесінің төраға-лары Рүстем Бақтыбаев пен Тайыр Маханов ағаларымыздың ұйымдастыруымен көкпар тартыс ұлттық ойыны өтті. Оған жақын маңдағы КазЦИК, Междуреченск, Қараой, Байсерке ауылдарының білекті жігіттері келіп өзара күш сынасты. Бір ерекшелігі, бұл көкпарда алдымен ұлттық ойынымыз қыз қуумен және тай мінген жас балаларға арнайы лақ сойылып, лақ тартыс өткізілді.
Ұйымдастурышылардың айтуынша, рухани жаңғыруды өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрді үйретуден басталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.11.2017
 
ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
          Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асыру мақсатында ауданымызда Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндері аясында Междуреченск ауылдық Мәдениет үйінде «Ауылым Ақсай жағасында» атты ауылдық Мәдениет үйлері арасында облыстық «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау өткізілді. Байқауға Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаматтама басқармасынан Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы, Халық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Сәбитова Айгүл Ташболатқызы мен режиссер Нұрмұхамбетов Асқар Қалиұлы Мәдениет үйінің құжаттарымен танысып, ішкі-сыртқы тазалығын көріп, ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады. Концерттік бағдарлама 10 номерден тұрды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.11.2017
 
ӨРІСТІ ӨРЕЛІ ЕЛ
 

Ұлан-байтақ кең даланы алып жатқан еліміздің жан-жағы көгілдір, күрең ала таулар қоршаған жерде туып өскен Елбасымның мұраты – биік, арманы – асқақ. Қазір әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы десек, қателеспейміз. Қазақ халқының тарихи Отаны, сонау түп аталарымыздың мәңгілік бесігі, ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана таныды.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.11.2017
 
АҚСАҚАЛДАР ҚАРАОЙДА ТОҚЫМ ҚАҚТЫ
          «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ауданымызда Алматы облысы ақсақалдар ұйымының Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында  басталған «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты акциясын Қараой ауылында «Ұмытпайық бабалар өсиетін, жаңғыртайық дәстүрдің қасиетін» тақырыбында өтті. 
         Бұл жерде он округтен келген Ақсақалдар кеңесі мен жергілікті қауымдастық мүшелері келіп көрермен болып, өз бағасын берді. Іс-шарада сөз алған аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Серьянов: «Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.11.2017
 
ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ ТОЙЫ
 

«Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезім мен дүниетанымға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» – деп, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Міне, осы мақсатта Елбасының елең еткізген мақаласының аясында облыстық ардагерлер қоғамының «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» атты бастамасымен жергілікті округтердегі ақсақалдар кеңесі және қоғамдастық мүшелері арасында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты акциясы басталған еді. Ащыбұлақ ауылдық округінен бастау алған аталмыш акция  КазЦИК, Чапай ауылдарында жоғары деңгейде өтті.

Айта кетейік, әр округтің өзіне тиесілі әртүрлі тақырыптары бар. Мысалы, КазЦИК ауылындағы №42 орта мектепте өткен акцияның тақырыбы: «Үлкенге ұлағат, кішіге ізет» деп аталады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.11.2017
 
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕ ХҚКО ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
 

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.  

Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрі ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді. Азамат жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.11.2017
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
          «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Т.Нұрғожанов қабылдау өткізді. Басқарма басшысының қабылдауына жеке мәселелері бойынша жазылған азаматтардың негізгі мәселелері азаматтық алу жағынан қиындықтар болса, Өтеген батыр кенті, «Қуат» ықшам ауданының тұрғыны А.Смағулова атты азаматша өзінің жалғыз басты ана екендігін және баласының не себепті істі болып қайта сотталып кеткендігін білмейтіндігін алға тартып, толық түсініктеме беруді, сонымен қатар өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істемейтіндігін, жеке жалдамалы пәтерде тұратындығын, мүлде жалғыз қалғандығын, үйінде отын-судың да жоқтығын айтып көмек сұрады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.11.2017
 
БИІК ТАЛАПТЫ ОРЫНДАУ МІНДЕТІМІЗ

Қараой ауылы, Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы «Қараой» БПҰ жиналысы өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Қараой ауылдық округінің әкімі Д.Казербаев, бастауыш партия ұйымының төрағасы В. Поротиков, партия топтарының жетекшілері, партия белсенділері, аудандық мәслихаттың депутаттары, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары өкілдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар қатысты.

Күн тәртібінде «Қараой» БПҰ-ның 2017 жылғы 10 ай ішінде атқарған жұмысы жайлы «Қараой» БПҰ төрағасы В. Поротиковтың есебі тыңдалып, «Қараой» БПҰ-ы бюросының құрамын сайлау туралы мәселесі қаралды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.11.2017
 
РУХТЫ ЖАСТАР ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ

         Энергетикалық ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 қазан күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – біз рухты жастар терроризмге қарсымыз» атты округтік КТК Жайдарман сайысы өтті. КТК Жайдарман сайысына Алматы колледжі «Абайдың балалары» көңілді тапқырлар командасы, Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің «КНБ» құрама командасы, Экономика және құқық колледжі «КЭПтің ерке қыздары» көңілді тапқырлар командасы қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.11.2017
 
УАҚЫТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БАҒЫТ

         Қазан айындағы шуақты күрең күздің берекелі күнінде Байсерке ауылдық округіндегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Құрманғали Кенжеқұловтың ұйымдастыруымен Байсерке ауылдық округіндегі «Бәйге төбеде» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында ұлттық спортымыз көкпар тартылды. Көкпарға Байсерке ауылынан сайдың тасындай 30-ға жуық көкпаршы жігіттер қатысты.
       Округте өткен шараға аудан тұрғындары ғана емес, көршілес аудандардан арнайы барғандар да куә болды. Құрманғали ағамыз ұйымдастыру жайлы былай деген еді:

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.11.2017
 
УАҚЫТЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН БАҒЫТ

         Энергетик ауылдық округінің әкімі Садыр Закиржановтың ұйымдастыруымен «Қуат» ықшам ауданындағы №24 лицейінде Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу – болашақ таңдауы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Оған «Президент және халық» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, «Құрмет» белгісінің иегері, тіл жанашыры Асылы Осман Әлиқызы, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Төрткен Кененқызы, «Жетісу» газетінің журналисі, ақын Мақпал Мыса қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.11.2017
 
АҚШИДЕ АЙҚАСҚА ТҮСТІ

         Күрті ауылдық округі, Ақши ауылында жалынан ұстатпайтын жалған дүниеде күйбең тірліктің шырмауына түспей, парасат биігінде өмір сүрген журналист Сәдуақас Бигелдіұлы атында облыс көлемінде бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтті. турнирге 180 жас қолғап әуесқойлары қатысты.
Еске алуға арналған облыстық турнирге Сидней Олимпиадасының чемпионы Е.Ибраимов арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, кәсіпқой бокста атой салып жүрген қаршадай қызымыз ақшилік Б. Мұздиман, аудандық спорт бөлімінің бас маманы Ж.Қабдыкаримов, аудандық мәслихат депутаты Ғ. Дауталиев, Джиу-джитсудан Азия чемпионы Н.Орынбасаров қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.11.2017
 
ПРОБАЦИЯ – ОЛ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК
 

Аудандық прокуратура және аудандық ІІД-нің түзету жүйесінің пробация бөлімі шартты түрде жазасын өтеушілер арасында шахмат, шашки, мини-футбол, белтемірде тартылу, кір тас көтеру бойынша спорттық жарыс өткізді. Жарыста жеңген командаға арнайы марапат қағаздар мен сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017–2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіткеннен кейін  қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметін енгізді.

Аталмыш жаңалықтың Қазақстанда заңды түрде бекігеніне де бір жыл ғана. Дегенмен әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған. Жалпылай айтсақ, бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.11.2017
 
КЕРУЕННІҢ КЕЛЕЛІ ІСТЕРІ

         Қыркүйек айының басында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тұңғыш рет Алматы облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы бастау алған болатын. Міне, сол игіліктің иірімі болған «Рухани керуен – 2017» киелі Іле жеріне де атбасын тіреді. «Рухани керуен» жобасының басы-қасында облысымыздың «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Есдәулетов, Алматы облысы өкіл имамы Қ.Наржанов, облыстық «Жетісу» телеарнаның тілшісі Ж. Жұмахметов, «Ұлы мұра» қорының директоры, дінтанушы, заңгер Р. Нүсіпханов бастаған зиялы қауым өкілдері ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Ұлттық кодымыздың айқындайтын тәмсілдерін жеткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.10.2017
 
КӨРШІЛЕР ТАТУЛЫҒЫ - ҚОҒАМНЫҢ БЕРІКТІГІ
 

        Барлығымыз өзіміздің күнделікті өмірімізде көршімізбен жоқ дегенде бір рет амандасып, қал-жағдай сұрасып, қарым-қатынас жасаймыз. Қазақта «Көршің қолайлы болса, қораң кең» деген нақыл тегін айтылмаса керек. Өйткені, көршіңе көп жағдайда үйіңді, қора-жайыңды сеніп тапсырасың. Қуанышың болса туыстан бұрын көршің естиді. Қиын жағдай бола қалса, көршің бірінші болып келіп, қолұшын береді, қыруар жұмысың бітпей жатса көмектеседі. Сондықтан болар, қазақ халқы баяғы заманнан-ақ көршімен берік қарым-қатынас орнатып, айрықша сыйласа білген. «Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның», – деген сөз содан айтылған болар сірә.
Дей тұрғанмен соңғы жылдары көршімен аралас-құраластың  азайып бара жатқандығын да мойындағанымыз дұрыс. Тіршіліктің қамы ма, жоқ әлде адамдар дүниенің артынан кетті ме, кім білсін, көршілер арасында бұрынғыдай тығыз қарым-қатынас жоқ.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.10.2017
 
ТУҒАН ЖЕРДІ СҮЮ – ҰЛТ ЖАНДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
 

        Қазақ «Отан – отбасынан басталады» дейді. Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып қолдауымыз керек.
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса, туған жеріне, еліне аянбай еңбек еткен қоғам қайраткерлерін, еңбек ерлерін қолдап, құрмет көрсету біздің парызымыз. Осыған орай көрнекті қоғам қайраткері, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы облысының, Іле, Ұйғыр, Талғар аудандарының «Құрметті азаматы», дара тұлға Заманбек Батталхановтың өмірін оқушылармен бірге зерттеу жоспарлануда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2017
 
БАТАЛЫ ЕР – АРЫМАС
 

        «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халқымыз қартын ерекше сыйлай білген. Қарттардың тілегі ел-жұрттың амандығы, ел іргесінің тыныштығы. Қарияның ақ батасын алмай қазақ халқы іс бастамаған, дастарханға қол созбаған. Бұл дәстүр ата-бабамыздан келе жатқан салт.

         Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

         «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөзді жанына берік ұстаған Чапай ауылының әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы қарттар күнін ерекше атап өтті. Қазанның 4 күні №10 орта мектебінде қарияларға арнап дастархан жайылды. Қарттарымыз ән айтып, би билеп көңіл көтерді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.10.2017
 
АҚЫНДАРЫН ДАРА ТҰТҚАН

         Боралдай кентіндегі №39 мектеп-гимназиясының акт залында «Өнерім – өмірімнің белгісі» тақырыбында округтегі жергілікті ақын, әнші бойларында тұнып тұрған талантты жастарды көпшілікке насихаттап, еңбектерімен кеңінен таныстыратын кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары ретінде аға буын өкілі ақын Б. Жанділдә, орта буын өкілі тарих пәнінің мұғалімі, ақын Г. Қалыбайқызы, кіші буын өкілі 4 сынып оқушысы, күміс көмей әнші Қ.Дүйсенбай шақырылды. Осылайша №39 мектеп-гимназиясының директоры Г.Несіпбайқызы мен мектеп ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, үш буын өкілінің басын қосып керемет кеш ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.10.2017
 
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ ТАҢБАСЫ КЕРЕК
 

      Чапай ауылындағы №45 орта мектепте идеологиялық қоғамның ішкі қажеттілігінен, уақыттың сұранысынан, заманның талабынан туындап отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымыздың мекеме басшыларымен ауыл тұрғындарының кездесуі өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбеков, Чапай ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев, Ауған соғысы ардагері А.Сейітұлы, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, Іле аудандық филиалының директоры Б.Қаршалова, аудандық орталық кітапхана директоры М.Жәбиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мүшелері мен «Фараби Нұр» үкіметтік емес ұйымы қатысты. Кездесу барысында ұйымдастырушылар латын әліпбиіне көшу бастамасы туралы сөз қозғап, оның ұлтымыз, болашақ үшін аса өзекті, әрі қажетті жоба екендігін алға тартты. Орыс тілінің тарихи маңызын сақтап, үштілділікті заман талабына сай меңгерте отырып, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуде білім саласына артылар жауапкершілік орасан зор.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.10.2017
 
ЕҢ ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

         Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының қадір-қасиетін ұғынып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін аттырып, бағалай білуге ұғындыру мақсатында, 6 қазан күні Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.

Байқауға барлық округтерден 9 отбасы қатысты. Байқауда әділқазылар алқасының төрағасы – аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ә. Исаев әділқазылар алқасының мүшелері: аудандық мәслихаттың хатшысы, .......

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.10.2017
 
ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
 

      Алматы облысы Іле ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық өсік күні акциясы өтті.
Аталмыш акция Алматы облысының бірнеше аудандарында Қазақстан Републикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жузеге асыру бойынша, Агенттік Төрағасымен бекітілген 2017 жылға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында ұймдастырылып отыр.
Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің бас маманы Сымбат Исрапулова мен департаменттің Ұлттық бюросының Штаб басқарма басшысының орынбасары Аида Жунусбекова аудандық ХҚКО төріне жайғасып, үлестірме материалдарын таратты. 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.10.2017
 
АУЫЗБІРШІЛІГІН ТАНЫТҚАН ҰЙЫМ
       2017 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 10.00-14.00 аралығында аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу; ішкі партиялық жұмыс; партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану; азаматтық бастамаларды іске асыру; БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; жастармен жұмыс; тағы басқа БПҰ-ы төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейне-сюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға БПҰ-дары партия мүшелері саны бойынша 3 санат бойынша қатысып, 3 топта өз өнерлерін көрсетті. 7 адамнан құрылған әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ-ның жұмыстарын бағалап, қорытындысын шығарды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.10.2017
 
ЕСІМІҢМЕН, ЕРЛІГІҢМЕН МАҚТАНАМЫЗ
       Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 72 жыл толды. Бұл соғыс ғасырлар бойы Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Ұлы Жеңістің жарқын да шуақты күндерін жақындатқан ерлеріміз аз емес. Солардың бірі ауданымыздың абыз қариясы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірберген Толғанбаев биыл 94 жаста.
Ауданымыздың мақтанышы, соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбайұлы 1942 жылы 19 жасында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге әскерге алынады. Балалық шағы соғыс кезіне тұспа-тұс келген атамыз небір нәубет қиыншылықты басынан өткерген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.10.2017
 
КЕЛЕЛІ ІСТЕР КІРІСПЕСІ
       Аудандық әкімшіліктің кіші залында аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде Алматы облысы Іле ауданы ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық шекараларын шегін белгілеу туралы болды. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Тұрымбетов жүргізіп отырды. Оған жергілікті қауымдастық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сессияда аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Е.Жүнісов баяндама жасады.
    Онда басқада күрделі мәселелер талқыланды. Мысалы, жергілікті қауымдастық мүшелеріне өз құқықтарын толық білуі тиіс екенін айтылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.10.2017
 
ХXI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
 

      2017 жылдың  21 қыркүйек күні  Өтеген батыр кенті, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық  филиалының кезектен тыс ХXI  конференциясы өтті. Конференция жұмысына  «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Е.Тұрымбетов, Іле аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Р.Абилова, партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері  қатысты. Күн тәртібінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласымен қатар, Іле аудандық мәслихаттағы шығып қалған  депутаттың орнына кандидат ұсыну туралы. Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXI Конференциясына делегаттарды ұсыну жөнінде ауқымы кең мәселелерді талқылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.10.2017
 
ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР
 

      Қадірлі ардагерлер! Дәстүр бойынша 1 қазанда бүкіл әлемдік қауымдастық Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.
     Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. Біз сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңізге тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендіктеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз. Ендігі жерде біздің перзенттік парызымыз – тек мерекелерде ғана емес, сіздерді әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету. 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.10.2017
 
АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУ - АУДАНЫМЫЗДЫҢ АБЫРОЙЫ
 

      Аудан көркі мен оның тазалығына шын мәнінде жаны ашитын адамдар үшін әр айда жүргізілетін сенбілік нағыз еңбек майданына айналды. Сенбілік кезінде аула іштері мен бас көше бойлары және кіші көше қиылыстарына аса көңіл бөлініп тазаланса, бірқатар аумақтарда отырызылған жас шыбықтар суарылды. Аудан орталығында аймағымыздың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына арналған тазалық акциясы аясындағы жалпыхалықтық сенібілік ұйымдастырылып отырады.

Бұл күні аудандағы түрлі мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен ауыл халқы да қолдарына күрек, тырма, сыпырғыш алып, тазалық жұмыстарына белсене кірісіп, «Көп түкірсе көл» демекші, әр мекеме қызметкерлері өздеріне тиесілі жер телімдерін тазалап тұрады.

Бір қуантатыны, Іле ауданы тұрғындары ауылдың гүлденуіне бей-жай қарамайтындығын әр сенбілік сайын сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.10.2017
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ
 

    Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процессін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігімен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.09.2017
 
Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауының өткізілуі жайлы ақпарат
2017 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 10:00-14:00 аралығында аудандық партия филиалының мәжіліс залында  Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Бағалау төмендегі  критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу; ішкіпартиялық жұмыс;  партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану; азаматтық бастамаларды іске асыру; БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; жастармен жұмыс; т.б.БПҰ-ы төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейне-сюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға БПҰ-дары партия мүшелері саны бойынша 3 санат бойынша қатысып, 3 топта өз өнерлерін көрсетті. 7 адамнан құрылған әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ-ның  жұмыстарын бағалап,қорытындысын шығарды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.09.2017
 
ЖАҢАРУ - АЛДАҒЫ МАҚСАТ

Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар

Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз тарихымызды, мәдениетімізді бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн. Н.Назарбаев

Елбасы Н.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы ұлт тарихындағы жаңа бір белес, ерекше жаңалық. Бұл мақалада қазақ халқының сан ғасыр аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындарды, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат - үміті тізіліп көз алдымызға келгендей сезіледі. Бүкіл қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің үні құлағымызға саңқылдап жеткен секілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.09.2017
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҮНДЕУІ
 
       Осыдан 27 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде жылдан жылға «Қарттар күні» дәстүрлі аталып өтуде. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету- ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Халқымызда "Қариясы бар елдің қазынасы бар", «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» - деген киелі сөз бар. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап алдынан кесе көлденең өтпеген. Аға буынның мол тәжрибесі, сарқылмас даналығы және орасан күш қуаты әрбір жанұяға ғана емес бүкіл қоғамға пайдалы маңызды фактор болып табылады. Олар қоғамның дамуына белсене араласып, Қазақстанның іргетасын қалауға әрдайым өз үлестерін қосып келеді. Әлбетте, тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктері, болашаққа тыныш та, еркін және қауіпсіз өмір сыйлаған ардагерлердің ерен еңбегімен, қажырлы жігерінің арқасы екені анық. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.09.2017
 
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ «ІЛЕТАНУ» КУРСЫН ОҚЫТУ ЕНГІЗІЛДІ
 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы қазақстандықтар санасының ашық болуы мен алдағы жетістіктерді қамтамасыз ету үшін қабылдауға тиісті түбегейлі өзгерістерді нығайту қажеттігіне назар аударады. Ұлттық код арқылы салт-дәстүр, сана мен ой, мәдениет пен саясат және білім трансформациясына берілген басымдылық Елбасымыздың әр қазақстандықтың ойының алғыр, болашақта кез-келген сын-қатерлерге бейімді, қабілетті болуын шынайы қалайтындығын дәлелдейді.

 Яғни, әр қазақстандықтың шаңырағы бекем, рухы мықты, патриоттық сезімінің жоғары болғандығын, қазіргі заманның ағымына сай мәдениеттілік пен ашықтық, сондай-ақ, прагматикалық тәсілдерді сезіне отырып, қазақстандық қоғамның құндылықтарын жүзеге асыру керектігінің ұлттық кодын жасады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.09.2017
 
ЖАН-ЖАҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
 

Облыстық білім басқармасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «№30 орта мектеп» МКМ бойынша көптеген іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалды. 9-11 сынып оқушыларының арасында «Туған жер, Рухани жаңғыру» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Бұл шығармаға барлық оқушылар белсене қатысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға арнаған сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер туындайды. Қазіргі біздің оқушыларымыз да дәл осы – ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын оқушылар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.09.2017
 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ БІЗГЕ ТАҢСЫҚ ЕМЕС

Қазақстан – Ұлы дала елі. Сондықтан біздің рухымыз биік, мәдениетіміз жоғары және санамыз да ерекше дамыған. Алайда соңғы екі жарым ғасырдың ішінде сол құндылықтарымыз көлеңкеде қалып келді. Тәуелсіздік алған күннен бастап, біз оны жаңғыртуға көп күш жұмсадық. Енді бұл бағыттағы жауапкершіліктің салмағы артып, ұлттық санамызды қайта түлететін кез жетті. Елбасы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы барша қазақстандықтарды осы жолда күш біріктіруге шақырып отыр. Тарихи санамызды жаңғырту арқылы біз мемлекетіміздің іргетасын бекітеміз. Түптеп келгенде, мұның бәрі байтақ даламызды сақтап, келешек ұрпаққа бәсекеге қабілетті, дамыған Қазақстанды көркейту үшін жасалып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.09.2017
 
ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ БЕЛЕС
 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының терең мақсаты – ұлт санасының өрісін кеңейтетін стратегиялық маңызы жоғары міндеттер арқылы елдіктің ертеңіне күмәнсіз жетелейтін дамудың дара жолына бағыт сілтейді деп бағамдауға болады.

Елдігіміз дербестеніп, жаңа өмірге жұмыла құлаш ұрған сәттен бастап-ақ Ұлт көшбасшысы Қазақстан халқының тәуелсіздік тарихи тағылымынан салиқалы да саналы ұстаным алып шығу үшін үнемі жаңашыл талап пен жігерлі жоспарлар құрып келеді. Қас-қағым 25 жыл ішінде бұғанасы әлсіз мемлекеттен әлем санасатын өзіндік салмақты абыройы мен беделі бар елге айналдық. Шежіре қойнауының қатпар-қатпар белесінен өтіп, қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр еткен қазақ халқына тағдыр көші тұғырлы сый дайындады.

Бұл сый – тәуелсіздіктің ақ таңымен ұштасқан нұрлы болашаққа деген сенім еді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.09.2017
 
ЖАСТАРЫМЫЗ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АДА БОЛҒАЙ

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шаралар аудандағы барлық мектептерде сән-салтанатымен өтті. Биылғы жаңа оқу жылының қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келуінің өзі көңілге қуаныш ұялатады. Осындай айрықша мәні бар жиын Жетіген ауылдық округі Құйған ауылындағы №32 орта мектебінде де ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында мектеп директоры Д. Көшекбаева сөз сөйлеп, оқушыларды алғашқы оқу күнімен құттықтап, «Білім беру саласында ауданымызда үлкен іргелі өзгерістер, жақсы нәтижелер бар. Биыл 1–7 сынып аралығында жаңартылған бағдарлама арқылы оқитын болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.09.2017
 
ТАЛМАЙ ІЗДЕНІС – ЖАҢА ҮРДІСКЕ БЕТАЛЫС
 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының терең мақсаты – ұлт санасының өрісін кеңейтетін стратегиялық маңызы жоғары міндеттер арқылы елдіктің ертеңіне күмәнсіз жетелейтін дамудың дара жолына бағыт сілтейді деп бағамдауға болады.

Елдігіміз дербестеніп, жаңа өмірге жұмыла құлаш ұрған сәттен бастап-ақ Ұлт көшбасшысы Қазақстан халқының тәуелсіздік тарихи тағылымынан салиқалы да саналы ұстаным алып шығу үшін үнемі жаңашыл талап пен жігерлі жоспарлар құрып келеді. Қас-қағым 25 жыл ішінде бұғанасы әлсіз мемлекеттен әлем санасатын өзіндік салмақты абыройы мен беделі бар елге айналдық. Шежіре қойнауының қатпар-қатпар белесінен өтіп, қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр еткен қазақ халқына тағдыр көші тұғырлы сый дайындады.

Бұл сый – тәуелсіздіктің ақ таңымен ұштасқан нұрлы болашаққа деген сенім еді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.09.2017
 
ЖАСТАРЫМЫЗ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АДА БОЛҒАЙ
      Байсерке ауылдық округіне қарасты №12 орта мектеп базасында аудандық ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық кеңестің мүшелерінің, мекеме ұжым қызметкерлерінің, жастардың қатысуымен «Сыбайлас және жастар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібімен Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Л.Даирбекова келген қатысушыларды таныстырып, дөңгелек үстелде Н. К Демесинова тарих пәнінің мұғалімі аталмыш тақырып аясында баяндама оқыды. Ол: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл кесел саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.09.2017
 
БИЛІК ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ДӘНЕКЕРІ
 

– Ерболат Сапарұлы! Қоғамдық кеңес тәуелсіз билік пен азаматтық қоғам арасында дәнекер болатын әрі олардың күш-жігерін, мақсат-мұраттарын бір арнаға тоғыстыратын бірден-бір жол екендігін бүгін өмірдің өзі дәлелдеп отыр емес пе?

– Шынында да солай. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң және кеңестің қызметі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңда кеңесті құру механизмі қарастырылған, қоғамдық кеңес қызметінің мерзімі, кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар анықталған. Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде, жергілікті өкілді орган – мәслихат басшысы басқаратын жұмыс топтарымен конкурстық негізде қалыптасып отыр. Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты:

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.09.2017
 
БІЛІМІМІЗ ДАҢҒЫЛ ЖОЛДА
 

Өткен аптада Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінде «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – Білім үлесі» атты тақырыпта педагогика саласы қызметкерлерiнiң дәстүрлi тамыз кеңесi өттi.

Тамыз кеңесiне аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә. Исаев аудандық мәслихат депутаттарының корпусы, мекеме басшылары, мектеп директорлары, ауылдық округi әкiмдерi қатысты.

Тамыз кеңесiн аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов жүргiзiп отырды.

Алдымен аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы Л. Каткеева, «Білім беру мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты талабы» тақырыбында баяндама жасап, аудандағы бiлiм саласының өткенi мен бүгiнi жайлы және жалпы бiлiм беру саласының, бiлiм берудiң мемлекеттiк бағдарламасының орындалу барысымен кеңiнен таныстырды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.09.2017
 
ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛ ТІЛЕУІ
 

Осы аптада Конституция күні Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Ата Заңымыздың 22 жылдығына арналған мерекелік іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов құттықтау сөзімен ашып, Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің негізгі тірегі – Конституцияның маңыздылығына ерекше тоқталып, еліміздің, соның ішінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады.
          Одан кейін аудан көлемінде ерекше көзге түсіп еңбегімен ерекшеленген біршама мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудандық прокуратура және сот қызметкерлерін мақтау қағазбен марапаттады. Марапаттан соң аудандық Сот қызметкері З.Далабаева, Боралдай кентінің жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің мүшесі, орыс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Н.Пилипенко, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының бас кеңесшісі, Қ.Құрманжановалар құттықтау сөз сөйледі

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.08.2017
 
БІЗДІҢ БАҒЫНДЫРАР БИІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
       «Әр елдің өзі шығар биігі бар» – демекші, Сарыарқа төсіндегі Ұла дала елі дамудың барлық кезеңін бастан өткерді. Енді рухани жаңғыруға да баса назар аударып, болашаққа бағдар жасауда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елімізді дамудың жаңа дүрбелеңіне бастады. Осы даңғыл жолда жаһандану дәуірі ауламызда тұрғанда тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болуы да сол заманымыздың қазаны қайнап жатқан қоғамымыздың талабы. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыздың, тарихымыз бен мәдениетіміздің сақталуы қажеттілік. Рухани жаңғыру тұсында мақаладағы «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түседі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.08.2017
 
ҰЙЫМДАРЫМЫЗ ҰЙЫТҚЫ БОЛСЫН
 

Елімізде белсенді үкіметтік емес ұйымдар желісі дамыған 5 өңірдің бірі ретінде ерекше атауға болатыны Алматы облысы десек қателеспеспіз. Оның ішінде Іле ауданында 71 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың ішінде 10 үкіметтік емес ұйым ауданның қоғамдық-саяси іс-шарасына белсенді атсалысуда.

2015 жылы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Үкіметтік емес ұйым жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы мәліметтер базасы құрыла бастады. Сол себепті республикалық базаға тіркелу жұмыстары жалғасын табуда.

Енді еліміздегі әрбір коммерциялық емес ұйымға қойылатын талап – олардың қызметі осы бірыңғай мәліметтер базасына енгізілуі керек.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.08.2017
 
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі «Әлеуметтік қызметкердің рөлі»
 

Әлеуметтік қызметкер кәсібі жан-жақты. Бұл жұмыста ерекше қажеттіліктер бар. Расында да қарап отырсақ, әлеуметтік қызметкер бойынан мынадай қасиеттер табылуы тиіс.

  Ең алдымен әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдардан әлеуметтік топ құрау керек. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік топты қажет ететін адамдарды анықтауы тиіс. Мұқтаж  адамдарды оларға қажетті және пайдалы қызмет көрсететін орталықтарға бағыттап, топ адамдарының ортасында делдал болуы тиіс. Ол әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдардың, құқығын қорғайтын «қорғаушы» рөлінде де бола алады. Бұл қорғаныс, мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарды мазалап келген сұрақтарға жауап алу, шешім табу, қызмет көрсету сапасын арттыру күресінде айқындалуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер белгілі бір ақпаратпен, білімімен бөлісу арқылы «ұстаз» рөлін де атқара алады..

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2017
 
КЕМЕЛ БАҒДАР, КЕЛІСІМДІ ЖИЫН
 

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталығы бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына талқылау мақсатында жиын өтті.
Жиын барысында бастауыш партия ұйымының төрайымы, ХҚКО басшысы А.Мұңайтбасова өзінің баяндамасында «Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық. Елбасының бұл бағдарламасында көрсетілген мәселелерден туындайтын барлық тапсырмаларды жүзеге асыру – біздің міндет.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2017
 
ТУҒАН ЖЕРІҢЕ ТАҒЗЫМ ЕТ
       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда Алматы облысының аудан, қала мәдениет күндері аясында Междуреченск ауылдық Мәдениет үйінде «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық Мәдениет үйлері арасында облыстық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, халықпен жеке дауыстағы әншілердің, көркемөнерпаздар ұжымдардың орындаушылық шеберліктерін жан-жақты көрсету және дарынды жеке тұлғалардың есімдерін анықтау мен оларды насихаттау, талантты адамдарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау, ауыл тұрғындарының жалпы мәдени деңгейін анықтау болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.08.2017
 
Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы өткізіледі.
Форумды өткізудің мақсаты:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту;
- олардың қазіргі қоғамдағы рөлін және әлеуметтік сала дамуына қосқан үлесін мойындау;
- жинақталған тәжірибені жалпылау және саланы дамытудың негізгі бағдарларын белгілеу болып табылады.
Сонымен қатар, Форум шеңберінде жыл сайынғы «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесін және үздік әлеуметтік жобалардың авторларын салтанатты марапаттау рәсімін өткізу көзделіп отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2017
 
ҰЛТТЫҚ ЖОБА, ЖАҢА БЕЛЕСТЕР
 

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетiлген нақты мақсаттар мен мiндеттердiң жүзеге асырылып жатқанына төрт айға жуық уақыт өттi.
Елбасының өзi «Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгiнгi күн мен жарқын болашақтың көкжиектерiн үйлесiмдi сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деп баға бергенiндей, аса зор саяси мән-мағынаға ие бұл жарияланым тәуелсiз елдiң кемел келешегiн көздеген маңызды құжат ретiнде кең қолдауға ие болып отыр.
Жаңа тұрпаттағы жаңғыртудың ең басты шарттарын ел iшiнде жан-жақты насихаттап, жұртшылық санасына сiңiрудiң түрлi жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, Елбасының рухани жаңғыру жөнiнде алға қойған мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы әкiмiнің орынбасары Ж.Омар облыс көлеміндегі 14 аудан әкімдерінің орынбасарларымен бейнеконференция өткізді. Оған аудандық үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, ауылдық округ әкімшілігі аппаратының жауапты мамандары қатысты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2017
 
ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының аясында ауданымыздағы жаңадан бой көтеріп жатқан орта мектептердің пандусын тексеріп шықты.
Мамандар негізінен, аталған білім ұяларындағы пандус пен есіктердің талапқа сай келетіндігіне назар аударды.
Шара барысында топ мүшесі аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
Г. Әбдіханиева:
– Партияның «Кедергісіз келешек» жобасының мақсаты – мүгедек жандардың қоғамда шет қақпай, лайықты дәрежеде өз орнын алуына жәрдемдеседі. Мектептер негізінен жаңадан салынғандықтан елеулі кемшілік жоқ. Барлығы талапқа сай, - деді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.08.2017
 
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ
 

Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтқанда, діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты екі түрлі: бірінші – заңсыз жолмен пайда табу; екінші – мемлекет мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.08.2017
 
ТУҒАН ЖЕРІҢЕ ТАҒЗЫМ ЕТ
       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты үшінші бағытында «Ауылға жол» тақырыбы аясында Іле аудандық кітапханасы өз жұмысын Іле ауданынан шалғай орналасқан Ақши ауылынан бастады. «Туған жерге туыңды тік!» – деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Ақши ауылының Мәдениет үйінің алдында орналасқан Т.Бокин ескерткішінің алдында және ҰОС ардагерлеріне арналған саябақта «Туған жерге тағзым» атты тақырыпта Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашылары кітап көрмесін ұйымдастырып, «Қыз-Жібек» киносы түсірілген «Тас қотан» шатқалы және ...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.08.2017
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН ЖАРЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
       ҚР Білім және ғылым министрлігі Елбасымыздың “Мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету” туралы тапсырмасын орындау барысында биыл сегізінші жыл “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Бұл ізгі шараға біздің ауданымыздағы орта білім беру ошақтары да лайықты үн қосуда. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында аталмыш қайрымдылық акциясы М.Түймебаев ауылындағы №20 және Байсерке ауылындағы №12 орта мектептерде болып өтті. Акцияның басты мақсаты - балалардың орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету. Осыған орай шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары үшін 1 сынып оқушыларына «Адам және қоғам» үкіметтік емес қоғамдық бірлестігі ............
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2017
 
Мемлекеттік қызмет- жауапты міндет
 

Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін енгізді, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды. Қазақстанда бұрынғы кеңестік елдер арасында алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілуі, мемлекеттік лауазымдардың саяси және әкімшілік болып бөлініп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шаралар іске асырылды.
Осының арқасында 2000 жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды.
Қандай да бір қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік қызметтің алатын орны ерекше. Қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайтын «100 нақты қадам» жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөлігіне 15 қадамның енгізілуі мемлекеттік қызметтің маңыздылығын көрсетеді. 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2017
 
КЕЛІСІМ КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ
       1 тамыз күні Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі діни бірлестік өкілдерінің жиналысын өткізді. Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат мамандары, діни бірлестік жетекшілері, дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастық, рухани келісімді нығайту, сондай-ақ қайырымдылық қызметінің мәселелерін талқылады. Қазіргі таңдағы облыстың діни ахуалы туралы баяндама жасалынып, діни бірлестік өкілдеріне .......
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2017
 
АРДАГЕРЛЕР ЭКСПО КӨРМЕСІНЕН КЕЛДІ
       Алдымен ардагеріне құрмет көрсетіп, үлкендерімізді пір тұтатын халықпыз ғой. Осы үрдіс аудан әкімі Қ. Медеуовтың де басты ережелердің бірі. Мерекелер мен қоғамдық іс-шараларды қариялардың ақ батасымен бастап, ақыл сұрап, өз ісін жалғастырды. Жақында аудан басшысының ұйымдастырумен тағы да бір игі іс атқарылды. Еліміздегі елеулі жаңалықтың бірі, бірегейі әлемді өзіне қаратқан EXPO – 2017 халық аралық көрмесіне 25 еңбек ардагерлерінің басын қосып, жол пұлын көтеріп, жатын орындарына дейін дайындап, Астана қаласына делегация ретінде жіберді. Бір топ Іле ауданының ардагерлері Ұлы Даламыздың бас қаласы асқақ Астана шаһарында болып, EXPO – 2017 халықаралық көрмесін аралап, сұлу астанамыздың көрікті жерлерін тамашалап, әсерленіп қайтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.08.2017
 
ЖАСТАР ДА ЖАЛЫНДАУЫ ТИІС
 

Ұлы дала төсіндегі кең байтақ Қазақ елі жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Саяси-экономикалық жаңғыру өз алдына, елдің рухани өмірін елеулі өзгерістер күтіп тұр. Жыл басында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шықты.
Елбасы ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді.
Рухани жаңғыру – кезең-кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалардың жалғасы іспетті. Бұл біздің қоғамға аса қажет дүние. Әсіресе жастарға үлкен серпіліс әкелетіні сөзсіз. Технологиялық жаңарумен шектеліп қоймай, адамның сана-сезімін қатар жетілдіруге мемлекет баса мән бермек. Елбасы ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын тізіп берді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.08.2017
 
ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР
 

Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты — балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған-тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлайды емес пе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтуге болады? Әлбетте, біз, Іле ауданының жастар орталығының мамандары, «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы бойынша «Балаға қуаныш сыйлаймыз» атты өтіп жатқан акциясына бей-жай қарай алмай, білек сыбана дайындалып, «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп қайттық. Кездесу барысында бірге ойнап, сол балалардың тыныс-тіршілігімен танысып, жазғы демалыс күндерінің көңілді өтіп жатқандарына көз жеткіздік.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.08.2017
 
ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
       «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес Іле аудандық филиалының мәжіліс залында  «Сәтті қадам» партиялық жобасының ІІ-бағыты бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жалпы, жастарды жұмыспен қамту бойынша білім бөлімінің  қамқоршылық жөніндегі мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында қамқоршылық бөлімінің бас маман А.Мұратқан: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін – 2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобасының басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің .......
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.08.2017
 
ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАСІРЕТІ
 

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында «Жемқорлықсыз – ел, гүлденген – ел» партиялық жобасы аясында Алматы облысының мамандырылған күзет қызметі Басқармасы 3 полиция батальонының 3-взводының жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды.
           Полиция лейтенанты, арнайы психолог маманы – Г. Ашықбаева жеке құрамдағы жаңадан қызметке орналасқан қызметкерлердің назарына «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғыда қарап мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандық, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіретіндігін, сыбайлас жемқорлықты пара беріп, сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайтындығын айтып түсіндірді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.08.2017
 
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
       Елбасы Н.Назарбаев жастарды жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік мекемелер мен түрлі кәсіпорындарда алғашқы тәжірибені жинақтап, білімін еңбекпен ұштауына қолдау көрсету жөнінде үнемі айтып келеді. Осы арқылы екі мәселенің алдын алуға болады. Яғни, жастардың арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және қазақстандықтарды ел экономикасын дамытуға тарту. «Сәтті қадам» осы мәселелердің шешімін қарастырады. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздегі мемлекеттік жастар саясатын әр өңірде жүйелі түрде жүзеге асырып, нәтижелі шешімі бар нақты жұмыстарды іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Жергілікті жердегі жастардың көкейтесті мәселелерінің шешілуіне ықпал етіп, билік пен жастар арасындағы алтын көпірге айналды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.07.2017
 
ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ
 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Ұлт денсаулығын сақтау - мемлекет назарындағы басты мәселе. Сондықтан медицина саласындағы - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бұл реформа халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Біріншіден, ел аумағындағы өзіңіз қалаған кез-келген емханадан медициналық көмек аласыз. Екіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қарастырылған қосымша барлық ақылы қызметтен босатыласыз. Бұдан басқа да тиімді тұстары баршылық. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлейді. Ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз азаматтар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрілік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.07.2017
 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА
       «Нұр Отан» партиясының - «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны аян. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау, қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту және мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру.
         «Нұр Отан» Алматы облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Іле ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрғылықты мекен-жайларына барып жұмыспен қамту мақсатында ақпараттық топ мүшелерімен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.07.2017
 
ҰЛЫ ІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ҰЛЫ БЕЛЕС, ҰЛЫ АСУ
 

Ұлт жоспары - елді, халықты ортақ жауапкершілікке жүктеп, ұлы істерге бастайтын ұлы белес, ұлы асу. Ұлт жоспарының жүзеге асырылуының бірден-бір айғағы - сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы. Сот жүйесі инстанцияларының азайып, яғни оңайлатылып, үш сатылы: бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігіне көшуі. Сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот қызметіне деген сенімін арттырып келеді. Бұл мәселеге Елбасы Н.Назарбаевтың да ұдайы көңіл бөліп отыруы судьяларға да үлкен жауапкершілік пен міндетті жүктейді. «100 қадам» Ұлт жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруы айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт. Ұлт жоспарының 17-қадамы - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейту.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.07.2017
 
ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА
 

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін береді. Стратегиялық құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады, Қазақстан экономикасын дамудың жаңа кезеңіне жетелейді. «Жолдауда маңызды мәселелер көптеп көтерілді. Жолдауың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрініп тұр. Оларды жүзеге асыру үшін бүкіл қазақ қоғамының және озық күштеріне үмітін артып отыр. Бұл Жолдау арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азаматқа жаңа, шынайы өмірдегі даму бағыттарына деген өз көзқарасын жеткізе отырып, уақыт дабылын лайықты түрде қабылдап, елдің одан әрі жаңғыруы бойынша тапсырмаларды орындаудан басқа ешбір таңдау жоғын да баса айтты. Елбасы биылғы Жолдауында 5 басымдыққа ие міндетті белгіледі. Оның арқасында экономикамыз жаңғырып, кәсіптік ортаны дамыту шарттары жақсарады, макроэкономикалық тұрақтылық және қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, адами капиталды дамытудың жаңа сапалы деңгейі қалыптасады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.07.2017
 
МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
 

Еліміздің барлық аймағындағы «Нұр Отан» партиясының филиалдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіруге бағытталған шаралар өткізілуде. Шараның басты мақсаты - Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Аталған қадамда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған болатын. Биылғы 1 шілдеден бастап бұл жүйе елімізде өз жұмысын бастайды. Сол себепті, жаңа жүйенің жан-жақты азаматтарға түсіндіру бүгінгі заман талабы болып отыр. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі айтарлықтай жоғарылайды, сондай-ақ дәрігерлердің жалақыларын көтеруге мүмкіндік туады деген болжам бар. Елбасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жариялап, алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл жоспары мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын, елімізді дамыған мемлекеттердің отыздығына кіргізудегі үлкен даңғыл жол.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.07.2017
 
БАРЛЫҒЫ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ
       Нұр Отан» партиясының өзге партиялардан ерекшелігі – азаматтар үшін Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің болуында. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған бұл қабылдау бөлмелері – тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түрлі қабылдаулар өткізетін және ойларын бөлісетін, бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасындағы  алтын көпірге айналған ашық алаң. Қоғамдық қабылдау бөлмесі барлық мәселеге жанашырлықпен, қамқорлықпен, түсіністікпен қарайды. Азаматтар өзін мазалаған сауал бойынша кез-келген уақытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары, партия басшылары мен халық қалаулыларының жеке қабылдауына кіре алады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.07.2017
 
ТУЫМ - ТЕҢДІГІМ, ЕЛТАҢБАМ - ЕЛДІГІМ, ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ
 

Мемлекеттік Рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз», - деп Елбасы Н.Назарбаев ерекше атап өткен болатын. 2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында еліміздің мемлекеттік Рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік Рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік Рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығы, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.07.2017
 
«ҰЛЫ АДАМ ТУРАЛЫ ҰЛАҒАТТЫ КІТАП» ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
       Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
       Кітап авторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович тұсаукесер барысында кітапты шығару идеясы мен Елбасының өміріндегі сюжеттік желіге арқау болған негізгі оқиғалар туралы баяндады.
     Танымал тұлғалар туралы жазылған 60-тан астам кітаптың авторы Николай Александрович өз тізіміне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы болып енгенін айтты. «Мен бұл кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастадым.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.07.2017
 
ЖЫНЫСТЫҚ ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС
 

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!  Іле ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясы және ЖПҚ-нің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен өзара қарым-қатынас жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға және әйелдерге қарсы жыныстық зорлау қылмыстары тұрақталған.

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Ішкі Істер Министрлігі өзге мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп тәжірибелік-ұйымдастыру, заң тұрғысынан атқарылатын шараларға басты назар аударуда.

ІІМ-нің бастамасы бойынша, шетелдік тәжірибені ескере отырып, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бағытында заңдар қабылданып, әзірленуде. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша 2016 жылдың 9 сәуірінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.07.2017
 
ИСЛАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР
 

        Жастар - еліміздің жарқын болашағы. Оларға жіті көңіл бөлу, дұрыс тәрбиелеу - дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағы негізгі мәселелердің бірі. Олардың болашағы осыған байланысты. Жастарымыз да сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерімізді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуді, өз туған-туыстары мен отандастарына құрмет көрсетуді азаматтық міндетім деп білуі тиіс. Қазақстанда халықаралық, дінаралық келісім, өзара татулық пен сыйластық ежелден қалыптасқан үрдіс. Аллаға сансыз шүкір, бұл Алла Тағаланың Қазақстан халқына нәсіп еткен ұлы сыйы, нығметі, әрі біздің ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Осындай үлкен қазынаның қадіріне жетіп, оны сақтап, молайту - перзенттік борышымыз.
         Бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, өмірге деген көзқарасы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда, адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастарымыз жалпы адамзаттық мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтардың да бар екенін естен шығармаулары қажет.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.07.2017
 
БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
 

        Мемлекеттік дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындап берген Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционалды бағыттарын айқындаған «100 нақты қадамы» ел өміріндегі ерекше саяси оқиға болды. Бұл көптен күткен реформа екенін әркім жүрек елегінен өткізіп, өткір сезініп отыр. «Нұрлы жол – болашаққа жол» бағдарламасы енді «100 нақты қадаммен» толықты. Қоғамдық дамудың оң да, теріс те мысалдары көріне бастады. Сондықтан да ол мәселелерді сылап-сипап қана қоймай, кесел ретінде жұлып тастау қажет. Қоғамда тірі организм дегеніміз осыдан шығады. Ол үшін бес бағыттағы 100 нақты қадам жасау қажет болды. Оны неден бастау керек?! Әрине, кез келген мемлекеттің халқы өз мемлекетіне, заңына, индустриялық қуаты мен экономикалық өсіміне, біртектілік пен бірлігіне және халық алдында жауапты мемлекетіне берік сенуі қажет. Сонда ғана бұл бөлінісі ортақ, құндылығы бір, қуатты мемлекетке айналады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.07.2017
 
ЭКСПО - 2017 - ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНДЕГІ ЖАҢА БИІК ШЫҢЫ

     10.07.2017 жылы Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесіне Аудандық кітапхана атынан 8 делегат қатысып қайтты. Делегаттарды шығарып салу салтанатына Алматы-2 теміржол вокзалында ауданның өнерпаздары концерттік нөмерлерін қойып, ауданның белсенділері өз тілектерін білдірді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.07.2017
 
ҰЛТТЫҚ БІРЛІГІМІЗ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ
 

        Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен, белгілеген бағыты бар еліміз - үшінші жаңғырудың бастаған алғашқы күндерінде қайта түлеудің екі процессі: саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алған тұстағы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» Жолдауы еліміздің мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадам басатын және бұқаралық сананы өзгерту арқылы тағылымы мол тарихымыз бен ұлттық-салт дәстүріміздің өркендеуінің, берік діңін қалыптастырып, дамытып, болашаққа сеніммен бет алуымыздың бағдаршамындай болып, ісімізге тың серпіліс беріп отыр. Жолдау 800-дей оқырманы бар КазЦИК ауылдық кітапханасы кеңесінде таныстырылып, кеңінен талқыланды. Сондай-ақ кітапханада тұрақты жұмыс істеп тұрған «Киелі КазЦИК өңірі» көрмесі аясында «Ұлттық бірлігіміз - ұлттық құндылықтар» атты мәдени ұлттық тәрбие сағаты өткізілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.07.2017
 
КІЛ МЫҚТЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ
КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылының №31 орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» жобасы аясында Сидней олимпиадасының чемпионы Е.Ибраимовтың жүлдесіне арналған бокстан 1999 – 2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Ең алғаш рет ұйымдастырылған өз мүмкіндіктерін паш етуге жол ашатын жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық турнир КазЦИК ауылында жоғары деңгейде өтті. Халықаралық турнир округ әкімі А.Жасымбековтың қолдауымен және «Дарын» спорт клубының жаттықтырушысы Д.Қабыланбаевтың ұйымдастыруымен өтті. Айтулы додада Өзбекстан, Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген спортшылармен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда - Арал қалаларының боксшылары бақ сынасты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.07.2017
 
БІЛІМНІҢ БӘЙГЕГЕ ТҮСЕР КЕЗЕҢІ
 

        2016-2017 оқу жылының қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша сарапатама жүргізілді.
       Ауданымыз бойынша 20 маусым күні басталған Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы жарияланды.
Басынан бастасақ, аудандық білім бөлімінің сараптауынша аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында 34 мектепттің 1450 оның ішінде 1043 қазақша және 407 орысша білім алған 11 сынып бітірушілерінің барлығы қорытынды аттестаттауға қатысып, төмендегі мынандай нысандарда және мерзімдерде емтихандар тапсырды.
Сондай-ақ, тестілеуге қатысушылардан тыйым салынған заттар алынды. Бірақ қанша тыйым салынған заттар тәркіленгені жайлы нақты ақпарат жоқ. Аудан бойынша жаңа форматты Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1056 түлек қатысуға өтініш білдірді. ҰБТ-дің орталығы Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп базасында орналасқан. №866 тест өткізу пунктінде 2 лек бойынша 2017 жылдың 20-шы және 22-ші маусымында өткізілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.07.2017
 
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖЕБЕУШІСІМІЗ
 

        Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Іле аудандық филиалының жаңа басшысы тағайындалып, кәсіпкерлік қызметіне көмек көрсету қауымдастығының жұмысы жандана түскен. Аталмыш ұжым бірнеше жылдардан бері қарамағындағы жеке кәсіпкерлердің мүддесін қорғап келеді. Біз осы қауымдастықтың атқарып жүрген істерімен танысу мақсатында, аталмыш мекеменің директоры Қанат Қасымханұлымен жолығып, сұхбаттасқан болатынбыз. 

- Қанат Қасымханұлы, өзіңіз басқарып отырған қауымдастық қай жылдан бері жұмыс істейді?

- Аудандық кәсіпкерлік қызметіне көмек көрсету қауымдастығы 2014 жылдың 4-ші ақпанында құрылды. Сол кездері 20 жеке кәсіпкерлер бірігіп, осындай қауымдастықты құруға ұйғарым жасады. Солардың тікелей қолдауымен осы қауымдастың жұмыстарын жалғастыруда.

- Негізгі айналысатын жұмыстарыңызға тоқталсаңыз?

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.07.2017
 
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – МІНДЕТІҢ
 

        Бүгін «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында азаматтарға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Тақырыптық қабылдаудың мақсаты: партия мүшелері арқылы тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру, жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік құзырлы органдарға диалог алаңын ұсыну, тұрғындармен бірлесе жұмыс атқаруды тиімді жандандыру, жұмыс сапасын көтеру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша азаматтардың жағдайларын шешуде нәтижелілікті көрсету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы тұрғындардың құқықтық, ақпараттық сауаттылығын арттыру, сол арқылы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу немесе болуы мүмкін қайшылықтардың алдын алу бойынша жұмыс атқару болып табылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.06.2017
 
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ
 

         Бүгін «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Іле аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Отырыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Исаевтың 2017 жылы 1- жартыжылдықта атқарылған жұмыстары жайлы есебі.

2. Партия төрағасының тапсырмаларын, партия Жарғысы ережелерінің орындалуы мен партиялық мүшелік жарнаның толық, уақытылы жиналуы жайлы және 1- жартыжылдықта атқарылған жұмыстары жайлы «КазЦИК» және «Бент» БПҰ-ң төрағаларының есептері тыңдалып, талқыланды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.06.2017
 
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛЫМ
Адамзат үшін ең қымбат, басты байлық – денсаулық. Денсаулық сақшысы дәрігер жан-жақты терең білімді, төзімділікті талап ететін еңбек. Маусым айының үшінші жексенбісі - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген. Осы орайда Чапай ауылдық Мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов қатысып, «Сіздер осы құрметке де, сый-сияпатқа да лайықтысыздар. Себебі, адамның денсаулығы бұл өте үлкен өлшеусіз байлық. Соған араша түсетін, соған жәрдем беретін, тіпті адам баласына екінші өмір сыйлайтын осы отырған құрметті дәрігерлер Сіздер» - деп медицина қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.06.2017
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ - МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНАСЫ
 

          Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Соның айқын дәлелі Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні  етіп жариялады. Мемлекетік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриотизмін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Біздің көптеген мемлекеттік қызметкерлерлер ел игілігі үшін қалтықсыз қызмет атқарып нәпақасын тауып отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.06.2017
 
ҚАРАЛЫ КҮННІҢ ҚАНҚҰЙЛЫ САҒАТЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

22 маусымда Боралдай кентінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды Еске алу және аза тұту күніне арналған іс-шара өткізілді. «Водник» ықшам ауданындағы «Қара тюльпан» орталық алаңында «Еске алу шырағы» жалпы аудандық акциясы өтіп, еске алу және аза тұту күніне орай митинг өткізілді. Аталған іс-шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, аудандық әкімшілік аппаратының қызметкерлері, округ әкімдері, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті қауымдастық мүшелері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, мәдениет қызметкерлері мен медицина қызметкерлері, жалпы Боралдай кентінің  тұрғындары қатысты.

Арнайы қонақ ретінде Ресейден СССР-дің халық әртісі В.С Лановой келді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.06.2017
 
ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУ ЕРДІҢ ІСІ
 

          Ауданымыздағы КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылындағы Әуе шабуылына қарсы №97617 әскери бөліміне Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін оңтүстік Қазақстан облысынан жас сарбаздар «Көктем - 2017» бұйрығы бойынша үш жүзге жуық жас жауынгер келіп, мемлекеттік Ту алдында ант берді.
Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Ерекешев, Әуе шабуылына қарсы №97617 әскери бөлімінің генералы Қ.Сыдықов, осы әскери бөлімнің полковнигі Д.Кулик, подполковнигі Б.Цыпленков қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді.  Аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев жас сарбаздарды құттықтап, «Ант» қабылдау күніне орай әскери бөлімге аудан әкімі Қ. Медеуовтың атынан арнайы сыйлық ретінде телевизор табыс етті.
 
  - «Біз бүгін өз тағдырын Отан қорғауға арнаған азаматтардың Әуе шабуылдаушыларына қарсы бөліміне алынуына байланысты жиналып тұрмыз. Сарбаздар Отан алдындағы Конституциялық борышын өтеу үшін ант қабылдап, елді қорғау қызметіне кірісетін болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.06.2017
 
РАМАЗАН АЙЫНА БЕРІЛЕТІН САУАП
 

          «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді». («Бақара» сүресі, 185 аят) Берекелі Рамазан айы бізге көп жақсылықтың есіктерін ашып, өзге айларда берілмеген сауаптар осы рамазан айында беріледі. Алла Тағала бұл айда кеңшілігін, жарылқауын, кешірімін, рахметін нәсіп етіп, бізді туралыққа бастайды. Кімде-кім ислам парыздары мен бұйрықтарын орындап, Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарса, сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірім шапағатына иеленеді. Сауабы мол айдың бірі - Рамазан айы. Алайда, айта кететін маңызды нәрсе істеген амалдың сауабы ниетке қарай ауырлайды немесе жеңілдейді. Сауапты амалдың ең басты шарты ол – ықылысты ниет. Ниет - тек Алла Тағаланың разылығы үшін болу керек. Небір береген жомарттың, ержүрек бахадур батырдың, құран иелерінің істеген салихалы амалдары тозақ азабынан құтқара алмаған.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.06.2017
 
«ЖАСЫЛ» МОБИЛЬДІ ПОШТА ТОРАБЫ АШЫЛДЫ

Өткен аптада ауданымызға қонақ болып келген, бәрімізге белгілі қоғам қайраткері Дос Көшіммен кездесу барысындағы толғамды ойлар мен толағай ұсыныстардан ықшамданып алынды. Онда бір тектілік, қазақ тарихы мен тілінің қазіргі қоғамдағы орны қандай болу керектігі жайлы терең әңгіме қозғалды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, округ әкімдері, мәдениет қызметкерлері, мектеп директорлары мен жергілікті қауымдастық өкілдері қатысты.
- Бір тектілік дегеніміз - инкубатордан шыққан балапандай бірдей болу емес. Бұл мемлекеттік мәселеге байланысты елдің болашағына байланысты көзқарастардың бір бағытта болуы, - деп бастады өзінің сөзін саясаттанушы Көшім Досмұхамед.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.06.2017
 
«ЖАСЫЛ» МОБИЛЬДІ ПОШТА ТОРАБЫ АШЫЛДЫ

Әлемді жасыл экономикаға тиімділігі жағынан өзіне қаратқан Астана қаласында өткелі отырған халықаралық «EXPO-2017» көрмесінің ашылуына орай, Боралдай кентінде  тағы бір нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда заманауи үлгіде жұмыс істейтін «жасыл» мобильді пошта бөлімшесі іске қосылып отыр.

Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпошта» АҚ-ның жаңартылған Орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне аудан әкімі Қ.Медеуов, аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов, «Қазпошта» АҚ басшысы С.Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалының  басшысы Р.Дәулетқызы қатысып, ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған пошта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.06.2017
 
ШӘКІРТТЕРІМІЗ БИІКТЕН КӨРІНЕ БЕРСІН
 

          Өткен аптада Боралдай кентіндегі  №39 гимназиясында облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада, байқау, сайыс, жарыстарында жүлделерге ие болған білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты оқушыларының шеруі өтті. Дарынды балаларды қолдау мақсатында ауданымызда жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.

Ауданымыздың ең үздік шәкірттерінің шеруіне аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов  қатысты.   Салтанатты шерудің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов сөз сөйлеп, дарынды шәкірттерді жеткен жетістіктерімен құттықтады. Ол өз сөзінде:

- «Бүгінгі күні ауданымызды облыс, республика, халықаралық деңгейде танытып, өз мектебінің намысын қорғаған шығармашыл да дарынды шәкірттеріміз баршылық. Бұл дарынды оқушылар қоғамымыздың алтын қоры, алға жылжытар күш-жігері», - деп атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.06.2017
 
«Таблиғи жамағат» ұйымының негізгі діни және саяси-құқықтық қателіктері
 

        Елімізге Алла нұрын жауып егеменді ел болғанымызға енді ғана шерек ғасырға жақын уақыт өткен болса да, еліміз тіршіліктің барлық салаларында ғасырларға арзыйтындай үлкен жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Ең бастысы Елбасымыздың сөзімен айтқанда: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің іргетасын қаладық».   

        Ендігі кезекте Елбасымыз айтқанындай: «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.06.2017
 
КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ
 

Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен маңызды жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде дінаралық татулықтың өркендеуі, барша халықтың 70 жылдық атеистік өмірден кейін өз діндерімен қайта еркін қауышуы десек, артық айтқандық болмас. Иә, бұл Тәуелсіздіктің бізге берген бақыты, үлкен сыйы. Қазақстан - келісімді діни қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізген ел. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреміз. Біздің республикамыздың конфессияаралық келісімдегі құнды тәжірибесі әлемге танымал болып отыр. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функциялары күшейе түсуде, дінге сенушілер мен діни нанымдағылар көбейіп, діни бірлестіктер қызмет атқаруда. Олардың қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін хал-қадірінше қосып отырғандары бәрімізді қуантады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.06.2017
 
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ІСІ

Ауданымызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бастау-Бизнес» жобасы 40-тан астам ауыл тұрғындарын кәсіпке бауылып жатыр. Олар бір ай бойы арнайы сабақ алып, тренер тыңдармандарға өздерінің жекеменшік шаруашылық алаңдарын немесе тігін, шаштараз ашатын бөлмелерін көрсетіп таныстырды.
          Айта кетейік, бағдарлама мақсаты ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталған. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту қажет.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.06.2017
 
ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАС БОЙТҰМАРЫ
 

Егеменді ел болғанымызға 25 жылдан асты. Бірақ осы қысқа ғана уақыт ішінде Қазақ әнұраны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шырқалды. Көк туымыз көкте желбіреді. Қазір дүние жүзі Орта Азиядан ойып тұрып орын алған «Қазақ» деген елдің бар екендігін жақсы біледі.
          Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің әрқайсысы қазақ халқының қандай екенін, яғни болмысын көрсетіп тұрады. Рәміздеріміздегі нышандар, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағының жарқын бейнесі. Олар - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасымен даналығы, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, құрметтеу ол әрбір Қазақстан азаматының борышы екенін естен шығармауымыз керек. Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі - елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.06.2017
 
ҚАНДЫСАЙ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙҒЫСЫНЫҢ ТАҢБАСЫНДАЙ

Елбасы 31 мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы күнге орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев пен ауданымыздағы мемлекеттік мекеме басшылары, мәдениет қызметкерлері және тұрғындар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға КазЦИК ауылдық округіндегі «Қандысай» сайына жиналды. Сонау 1992 жылы арнайы зерттеулерден кейін ашылған бұл қорымда жазықсыз қуғын-сүргін зұлмат заманындағы Алаш азаматтары жерленгенін дәлелденгеннен кейін ескерткіш қойылған болатын.

Онда Іле, Түркісіб, Алатау, Жетісу аудандарының әкімшіліктері мен зиялы қауым өкілдері және мекеме қызметкерлері ескерткішке  гүл шоқтарын қойып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.06.2017
 
1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
 

1-ші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара және Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекесіне орай өткен салтанатты жиын Ақши ауылы Т.Бокин атындағы № 41 орта мектептің алдында өтті.

Мектеп алаңы 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толу мерекелеріне сай безендіріліп, бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылып өткен іс-шара туған елінің болашағына үлес қосу, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық тілді жақсы меңгеру, ұлтанжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу, патриоттық сезімін ояту, мемлекеттік Рәміздерді қастерлеу, өз Отанының жанкүйер азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.06.2017
 
ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙМЫЗ
 

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының 2016 жылғы 25 шілдедегі №021 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық байқауды Іле аудандық деңгейінде өткізу туралы семинар-кеңес ұйымдастырылды.
        Аталмыш шараға бастауыш партия ұйымдары төрағалары, штаттан тыс қызметкерлері қатысты. Шара барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов ағымдағы жылдың үшінші-төртінші тоқсанында өтетін байқаудың ережесі мен мақсат-міндеттерін атап көрсетіп, байқауды өткізу комиссиясы құрамымен таныстырды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.06.2017
 
ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛАНҒАН АЛАШ АРЫСТАРЫ-АЙ
 

ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.05.2017
 
РАМАЗАН АЙЫ - БЕРЕКЕ АЙЫ
 

Ұлы Жаратушының рахымы мен мейіріміне, шексіз шарапаты мен ризалығына пенделері Тәңір сыйлаған кеңшілік аясында тақуалық таныту арқылы қол жеткізіп, сансыз сауапқа кенелетін қасиетті Рамазан айы да құтты төріне келіп қонды. Рамазан пенделердің шынайы тәубеге келіп, бойдағы күнә атаулы мен теріс қылықтардан арылып, Алла алдында ұнамды іске бастау алатын, нәпсі таңдауы мен тән қалауына біржолата құлып салып рухани азықпен кемелденетін, жаратқанға жақындау үшін бойдағы бар қуатты сауапты іске сарқи жұмсап кір шалған жан мен тәнді қайта түлететін ізгілік айы.

Ораза (сөздікте) тиылу, бір нәрседен алшақ тұру болса, шариғаттағы (терминдік) мағынасы таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта ниет ете отырып ішіп-жеуден және жұптық қатынастан тиылу, Алла қайтарған күнәлі амалдардан бойын алшақ ұстап, олардан біржолата арылу дегенді білдіреді. Бұл айда ізгі істе жарысып, амал қамбасын тек сауаппен толтыруға талпынатын ынталы құлдың да мүмкіндігі мол болмақ.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.05.2017
 
Күрті ауылдық округіне қарасты Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп пен № 8 орта мектепте 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын
 

«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Сәт сапар, саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. 25.05.2017 жылы сағат 8.30-да мектеп оқушылары «Сәт сапар, саған, жас түлек!» соңғы қоңырау салтанатты жиынына сапқа тұрды. Сағат 9.00-де жиын мемлекеттік Ту енгізілуімен, гимннің орындалуымен басталды. Туды 11-сыныптың белсенді оқушылары жиынға енгізіп, 10-сынып оқушылары  аманат ретінде қабылдап алды. Іс-шараға Іле аудандық кітапхананың директоры М.Жабиева, Күрті ауылдық округ әкімі аппаратыны4 бас маманы М.Алдабергенов қатысып, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтап өтті.

Мектеп директоры Ф.Байгонусова 2016-2017 оқу жылындағы мектеп жетістіктерін атап өтсе, оқу ісінің меңгерушісі Р.Н.Тасырова 2016-2017 оқу жылындағы «Үздік» оқушыларды марапаттап, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарға «Алғыс хат» берілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.05.2017
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес апта ішінде Іле аудандық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Бекебаев Қуаныш Әшімбайұлы қабылдау жүргізді.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен азаматтық алу мәселесі жайлы сұрақтармен келді. Мысалы: Н.Усманов атты азамат Қазақстан Республикасына келгеніне 10 жыл болғанына қарамастан, азаматтық ала алмай жүр. Себебі құжаттарын уақытында тапсыра алмай қалған. Азаматқа көмек көрсетіліп, азаматтық алу үшін барлық құжаттары жиналып, Ішкі істер басқармасы басшысының атына арыз жазылып, азаматтық алуға құжаттары тапсырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.05.2017
 
ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ САҚТАНДЫРУ – МІНДЕТІҢ
 
      Аудан көлемінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары басталғалы жарты жылдай уақыт өтті. Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандар әуелі дәрігерлер мен медбикелерді оқытып, кейін бұл жүйе жұмыс берушілерге де жіті түсіндіріліп келеді.
      Дәл осындай жиналыстың бірі Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың міндетті әлеуметтік сақтандыру шараларымен халықты түсіндіру жұмыстарын жаппай жүргізу тапсырмасы бойынша Өтеген батыр кентіндегі 24 лицейінде өтті. Оған Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова, аудандық аурухана басшысы М.Егембердиева, «Водник» ықшам ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Д.Садықова, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.05.2017
 
Спорт нашақорлыққа қарсы ұранымен «Шұғылданған спортпен – әкем, анам және мен» атты аудандық жанұялық іріктеу жарысы
2017 жылдың 19 мамыр күні Өтеген батыр кентінде орналасқан №24 лицей спорт залында Спорт нашақорлыққа қарсы мақсатында «Шұғылданған спортпен әкем, анам және мен» атты аудандық жанұялық іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 7 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша І орын Энергетический ауылдық округінің «Бірлік» командасы, ІІ орын Байсерке ауылдық округінің «Болашақ» командасы, ІІІ орын Байсерке ауылдық округінің «Медведь» командасы және Боралдай кентінің «Сұңқар» командасы ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.05.2017
 
Дене мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Алматы облысының V-ші Спартакиадасы
2017 жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласында орналасқан «Жастар» спорт кешенінде Дене мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Алматы облысының V-ші Спартакиадасы өткізілді. Аталған Спартакиадаға аудан құрама командасы қатысты. Сонымен қатар Спартакиада шеңберінде өткізілген шахмат жарысына ауданымыздың Ащыбұлақ округінің тұрғыны Ибрагимов Рафит қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Атырау қаласында өткізілетін Дене мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Қазақстан Республикасының Спартакиадасына қатысуға жолдама алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.05.2017
 
Бірыңғай Ұлттық тестілеу
Білімді ұрпақ қашанда ел болашағы ғой. Бүгінгі аппарат жиналысында 2017 жылғы Бірыңғай Ұлттық тестілеу туралы кеңінен сөз қозғап әрі аудандық білім бөлімінің дайындығына көңіл бөлінді. Негізі ауданымызда жылда екі-үш жаңа мектеп салынады. Аудан көлеміндегі барлық 39 мектепте заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Ғаламтор желісі тартылған. Деседе Осы ҰБТ-ға келгенде ақсап жатқан жағдайымыз бар. Биыл 1050 түлек ҰБТға қатысады оның 57 -сі "Алтын белгіге" үміткер, 18 "Үздік аттестат" алады деген сеніміміз бар. Ал ҰБТ-ға дейіңгі балаларымыздың білім деңгейі орташа баллы 78 пайызды көрсетіп тұр. Бұл біздің аудан үшін өте төмен көрсеткіш деп есептеймін. 39 мектептің 7 -інде 11 сынып оқушылары болмағандықтан ҰБТ-ға қатыспайды дегеннің өзінде 11 мектебіміздің ҰБТ-ға дейіңгі бақылауда 65 пен 72 балл көрсетіп отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.05.2017
 
9 мамыр - ЖЕҢІС КҮНІ

2017 жылғы 9 мамырда, округте орналасқан аудандық мәдениет үйiнің алаңында Жеңiс күнiне арналған мерекелiк шара салтанатты түрде ашылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, барлық қатысушылар, 72 жылдық Жеңiс күнiне жетпеген және соғыстан оралмағандарды үнсiздiк минутымен құрметтедi. Өйткені жеңіс сыйлаған солдаттардың батырлығын есте сақтау біздің парызымыз.

Осынау  бір  тарихта  мәңгі  есте  қалатын  ерекше  мерекеге жиналған  жұртшылықты құттықтаған округ әкімі Бауыржан Жұмабаев:
-Тәуелсіз еліміз үшін бүгінгі Ұлы Жеңіс күні – ең маңызды да, ең қасиетті мереке. Бұл Жеңіс – жеңімпаз әкелер мен аға буынның ісін алға апаратын жас ұрпақтың мерекесі. Ұлы Жеңістің қаншалықты қымбат түскенін жақсы білеміз.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.05.2017
 
ҰРПАҒЫҢ ҰРАНДАТЫП, ДАҢҚЫҢДЫ ӨШІРМЕС
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Өтеген батыр кенті орталық саябағындағы «Үш буын» ескерткішінің алдында мерекелік шара өтті. Жиынға соғыс ардагерлері және мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және кент тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Қ.Медеуов ардагерлерді мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде: - Жеңіс күні туған елдің тәуелсіздігі мен бейбітшілік үшін жанын қиған боздақтарымызды еске алатын күн. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс қаншама жанның жүрегіне жазылмастай жара салды. Бүгінгі бірқалыпты тыныш өміріміз майданда қанын төккен аталарымыздың арқасында қалыптасты. Ұлы Жеңіске жетуге соғыста жаужүрек жауынгерлер бабаларымызбен, тылдағы отандастарымыздың еңбегі ерлікке тең.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.05.2017
 
ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР!І!
ҚҰРМЕТТІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!
 

Сіздерді  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысы  халқымыздың, аға буын өкілдерінің,  әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан  соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.

Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Егер Сіздердің сол зұлмат соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл қадамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан болмас еді. Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.05.2017
 
АРДАГЕРЛЕР, АРДАҚТЫСЫҢ ӘРҚАШАН
      Бүгін Жеңіс күні мейрамының алдында аудан әкімі Қ. Медеуов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, хал-ахуалдарын сұрады. Оған аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ж.Айтенова, Энергетический ауылдық округінің әкімі Н.Көкім және демеушілік көрсеткен «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты. Өтеген батыр кентінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері В.Заец, Т.Толғанбаев, А.Крутских, Н.Лецкевичтер-дің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты. Сонымен қатар аудан әкімінің 9 мамыр - Жеңіс мерекесіне арналған арнайы құттықтау грамотасы мен қаржылай сыйлығын табыстады. Ардагерлердің жағдайларымен жан-жақты танысып, фашизмнің көзін жойып қана қоймай, еңбекпен ерлеп, ауыл құрметтісі атанған, бүгінде көпті көріп, көненің көзі болған қазыналы қарттарға сый-сияпаттар табыстады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.05.2017
 
ЕРЛІК БІЛЕКТЕ ЕМЕС – ЖҮРЕКТЕ
      К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектепте «Ерлік білекте емес – жүректе» атты өткізілді. Аталмыш жиынға Алматы облысы, Іле ауданы прокурорының орынбасары Е. Миразов, Іле ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Г.Нечаев, Боралдай кенті әкімінің орынбасары Таңатар Айнұр Таңатарқызы қатысты. Жиын барысында аталған мектептің 6 «д» сынып оқушысы Абылай Сафеновтың жасаған ерлігі туралы ерекше айтылып, бағалы сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.
      Оның айтуынша, сол күні кешкі уақытта сабақтан шыққаннан кейін үйіне қайтып бара жатқанда, артынан 30-40 жас шамасында бір мас адам бас салып, аузын тұмшалап, қалың теректердің арасына қарай сүйрей бастағанда сол жерде кездейсоқ өтіп бара жатқан 18 жастағы қыз баланы қылмыскер көріп қалып, Абылайды босата салып, қыз балаға қарай беттейді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.05.2017
 
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ
      Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы Іле ауданына келген іс-сапары барысында Алматы облысы әкім аппараты мен аудан әкімі Қ.Медеуовтың тапсырмасына сәйкес «Ағаш отырғызу ұрпаққа аманат» атты бірлескен акциясына қатысып, Өтеген батыр кентіндегі орталық саябаққа «Нұр Отан» партиясы атынан ағаштар отырғызды. Аталмыш шараға сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова қатысты.
     Бекітілген жоспарға сәйкес, іс-шараның өткізілуі және ұйымдастырылуы жөнінде мекеме ұжым, кәсіпорын басшыларымен, жергілікті жердегі қоғамдастық мүшелерімен және ауыл ақсақалдарымен жиын өткізіліп, барлық елді мекендегі ауыл тұрғындарына хабарландыру жұмыстары жүргізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.05.2017
 
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
 

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Гимн, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

Қазақстан Республикасының Рәміздеріне - 25 жылдық мерейтойына байланысты мектебімізде жоспар бойынша іс-шаралар өтіп жатыр. Мектеп кітапханасында кітапханашылар - А.Абижанова, А.Елбаева кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік айғағы», «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» бөлімінен тұрады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.05.2017
 
ЕЛ БІРЛІГІ АСЫЛ ҚАСИЕТ
 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған. Бірлігі мен тірлігі жарасып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған елімізде 130-дан астам аса ұлт өкілдері бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан қазақ жерінде бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғыртып келеді. Оларды өз тілі мен діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сақталып, оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасалып отыр. Мұның бәрі ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көреген көшбасшылығының арқасы.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.05.2017
 
ЖАРҚЫН ІСТЕР БАСТАУЫ
 

«Нұр Отан» партиясы қазіргі кезде еліміздегі болып жатқан саяси науқанға белсене араласып, Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеп келе жатқаны аян. «Нұр Отанның» әр аймақтағы филиалының жұмысы еліміздегі ең үлкен көшбасшы ұйымның жұмысының айнасы. Сондықтан партияның тұғырлы болуы үшін жұмылып, жұдырық болу маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында біздің ауданымыздағы «Нұр Отан» партиясы, Іле аудандық филиалы бірнеше жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарындағы «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Жастар - Отанға!», «Сәтті қадам», «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Атап айтсақ, желілік кестеге сәйкес, партия филиалының мәжіліс залында, «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында қарттардың өмір сүру деңгейін жақсарту туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.04.2017
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
 

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Ж.Кенжекулов азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы өтті. Тақырыптық қабылдауда «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағаcының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша Департаменті оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқарма басшысы Б.Ізбасаров қатысты. Қабылдау барысында жазылған азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген және шешімін таба алмай жүрген мәселелерін қозғады, басшылық тарапынан олардың оңтайлы шешілуіне ықпал етілді.

Сауда-саттық жүргізу үшін жер телімдерін сұрап келгендерде болды. Мысалы: Л. Юрченко Покровка ауылының тұрғыны сауда орыны Өтеген батыр кентіндегі Титов көшесінің бойында заңсыз орналасқан.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.04.2017
 
ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА БОЛУ КЕРЕК
      Аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалы Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, БПҰ-ң төрағалары, аудандық партия филиалының қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде жаңа бастауыш партия ұйымдарын құру және «Қазпошта» бастауыш партия ұйымы атауын ауыстыру жайлы 2 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов сөз сөйлеп, партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған деректер қорына партия мүшелерін тіркеу, есепке алу, жарна төлеу тәртібі бойынша жұмыстардың тиімділігін, сапасын арттыру, жүйелендіру мақсатында  БПҰ-н құру мәселесі өзекті екені жайлы айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.04.2017
 
Ономастиканың түп-тамыры – ұлттық дүниетаным мен халық тарихы
 

Дәстүрлі тарихи жер-су атаулары – халықтың рухани тарихы және оның ұлттық санасы, философиялық дүниетанымы, сұлулыққа, көркемдікке деген көзқарасы. Ендеше, Тәуелсіздігімізді, Елдігімізді, Мемлекеттігімізді мейілінше берік орнықтыру мақсатында ежелден ел санасында қалыптасқан төл атауларымызды жаңғырту, қайта атау - Отаншылдық, ұлттық рухымызды асқақтатары хақ.

Ономастика дегеніміз - география, этнография, фольклор, тарих, мәдениеттану, лингвистика, сөз өнері ілімдерімен тұтаса байланысқан ұғым. Оның тарихилық, әдеби-мәдени, тағылымдылық құндылықтары да өлшеусіз. Ономастикалық атаулар беру барысында біз қазақ мемлекеттілігін қалыптастырған және оны сақтауға ерекше еңбек сіңірген тұлғалар туралы ойланғанымыз дұрыс. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі - ономастика саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, еліміздегі атауларды реттеу, көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру болып табылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.04.2017
 
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙДЫ
 

Еліміздің Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтеру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзінің жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленіп, азаматтар құқығы мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Тәуелсіз мемлекет ретінде танылады.

Іле ауданы жастары арасында Елбасы Жолдауын талқылау, түсіндіру мақсатында политехникалық «Прогресс» колледжінің акт залында «Жастар Елбасы саясатын қолдайды» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жастар үшін алдағы басты міндет, ол білімімізді жетілдіре отырып, сол алған білімімізді еліміздің дамуына, көркейіп өсуіне жұмсауымыз қажеттілігі туралы. Білім алам деген жасқа, әрбір азаматқа дағдарыс сылтау болмауы қажеттілігі мен қатар қоғамға кері әсерін тигізетін жат әдеттерден, дәстүрден тыс діни сенім нанымдардан алыс болуымыздың  қажеттілігі аталып кетті. 

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.04.2017
 
ИГІЛІКТІ ІС БАСТАМАСЫ
 
        «Нұр Арман» арнайы партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының мәжіліс залында шетелдік университеттерге өз бетінше оқуға түскен және қаржылық көмекке зәру дарынды жастарға «Нұр Отан» партиясының қайырымдылық білім беру гранттарын ұсыну мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобы мүшелері ауданымыздағы мектеп-колледж директорымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі Г. Ерубаева: «Нұр Арман» партиялық жобасы - бұл әлеуметі төмен отбасынан шыққан жасы 21 жасқа дейінгі талантты жастарға берілетін мүмкіндік, көптеген мектеп түлектерінің әлемнің үздік ЖОО оқып сапалы білім алу жөніндегі армандарының іске асырылуына «Нұр Отан» партиясымен қол жеткізуге болатындығын айтып, тұжырымда, ережесімен таныстырып, партиялық жоба аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.04.2017
 
ҰБТ БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ
 

Өткен аптада Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде Алматы облысы білім басқармасы, орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас маманы А. Қайранбаева облыс көлеміндегі аудандық білім бөлімдерінің орынбасарлары және мектеп директорларымен бас қосты. Басты мәселе жиналғандарды  2017 жылғы өтілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережесімен кеңінен таныстыру. 

2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады. Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде - орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде - қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) - тест тапсырылады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.04.2017
 
БРЕНД ҚАЛЫПТАСТЫРУ БІРЕГЕЙЛІК
 
           Биыл Елбасы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жазбаша ұсынды. Қазіргі жиырма бірінші ғасырда интернет ауылдық жерлерде де қолжетімді ғой. Жолдаумен сол интернеттегі нұсқасы арқылы танысып шықтым.

Әдеттегідей биылғы Жолдаудың да өзіне тән салмағы, яғни, бағыт-бағдары бар. Ауданымыздың ауылшаруашылық саласын жүргізіп отырған маман ретінде маған, әсіресе, Елбасының ауылшаруашылығына қатысты: - «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл экологиялық таза тағамдарға да қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс», - деп, маңыз бергені ұнады. Шынында да ауыл шаруашылығын дамытып, әсіресе, еттен түрлі өнімдер өндіріп, әлемдік саудада «Made in Kazakhstan» брендін қалыптастыруымыз қажет.

Біздің ауданымыз экологиялық таза тағам ет және одан жасалған өнімдерді экспортқа шығаруға белсене атсалысып, сыртқа шығаратын өнімдерді өндіру жолында үлкен қадамдар жасап келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.04.2017
 
ЖАҢА ФОРМАТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
      Ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері Алматы облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық әкімшілік залында өткен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы профессорларының семинарына қатысып, «Жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық-басқару мәдениеті» тақырыбында сабақ алды. Семинарға аудандық аппарат басшысы М.Кәрібаев бастаған тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызметке енді келген жас мамандар қатысты. Семинардың мақсаты – мемлекеттік мекеме мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлерді қалыптастыру. Үш күн бойы профессорлар Ә.Тоқтыбеков пен А.Полторацский мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық-басқару мәдениетін .....
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.04.2017
 
ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
 
        Тарихта Француз революциясына дейін дін мен мемлекет тығыз байланысты болды. Революциядан кейін дін мемлекеттен бөлектене бастады. Қазіргі кезде әлем ел­дерінің көпшілігі зайырлы мемлекет болып табылады. Бірақ зайырлылықтың да әр түрлі үлгілері бар. Әлемде дін мен мемлекет байланысының сеперационалды, авторитарлы, когерационалды секілді үш түрлі үлгісі бар. Алайда, зайырлы мемлекеттер дінге көңіл бөлмейді деп айта алмаймыз. АҚШ сеперационалды модельді басшылыққа алып, дін істеріне көп араласа бермейді. Бірақ, діни бірлестік мүшелері жарна төлеп отырады. Ал, когерационалды үлгі бойынша, діндердің қоғамдағы рөліне қарай олардың мемлекетке деген көзқарасы әртүрлі болып келеді. Әлем елдерінің бәрінің өз діндері бар. Және дәстүрлі діндеріне басымдық беріп, көңіл бөлінеді, шектеу жасалмайды. Заң бойынша да белгілі бір деңгейде ерекшеліктер беріледі. Кей мемлекеттерде ислам, буддизм деген секілді діндер ресми мойындалған. Ал, аз таралған немесе мойындалмаған діндерге БАҚ-қа, мемлекеттік ұйымдарға кіруге шектеулер қойылады. Алайда, азаматтарының дін таңдау бостандықтарына тыйым салмайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.04.2017
 
ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
      КазЦИК-тік жас таэквондошылар Астана қаласында өткен «Astana - 2017» таэквондо WTTF ашық халықаралық турниріне қатысып жүлделі оралды. Оған еліміздің барлық облыстарынан және көрші Өзбекстан, Ресейден келген спортшылар қатысты.
     Үлкен доданың басты мақсаты: Қазақстандағы ұлттық таэквондо спортын дамыта отырып, жасөспірімдердің санатын өсіру, оларды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, толерантты болуға тәрбиелеп, өзге ұлтқа деген сый-құрметін арттыру. Сонымен жарыстың қорытындысы бойынша КазЦИК ауылындағы «Алау» кәсіптік спорт клубының жас таэквондошылары ешкімді шақ келтірместен бір күміске қол жеткізді. Олар Шыңғысхан Саттархан, Сезім Саттархан, Қазбек Дінмұхамед,  Бегжан Базарбай 4 алтын алса, күмісті Эмир Аманбай місе тұтты. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.04.2017
 
ӘЛИ - КӘСІПҚОЙ БОКСТЫҢ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗЫ
 

Бүгінде намысты қолдан бермей, қазақ елінің мәңгілік ел болуына өз үлесін қосып келе жатқан жалынды жастарымызды көргенде, болашағымызға сеніммен қарай аламыз. Сондай жігерлі жастарымыздың бірі, кәсіпқой боксшы, «Астана-Арланс» клубының мүшесі, ҚР спорт мастері, халықаралық көптеген турнирлердің жеңімпазы, Боралдай кентінің төл тумасы Әли Ахмедов Польшаның Семятыче қаласында өткен орта салмақтағы кәсіпқой бокс додасында қарсыласы британдық Патрик Мендиді 8-раундта тізе бүктіріп, кезекті жеңіске қол жеткізді.    

Көк туды желбіреткен, намысы биік арланымыз Әли Ахмедовты Алматы әуежайында боралдайлықтар үлкен мақтанышпен, құшақ-құшақ гүлмен қарсы алды.
Құрметке бөленген Ә.Ахмедов «Жерлестерімнің көрсеткен құрметі маған сенім беріп, келесі жарыста жеңіп шығуға күш сыйлайды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.04.2017
 
ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ СТАНДАРТҚА САЙ БОЛСЫН
     Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
      Осыған байланысты апта ортасында Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте Жетісу жастары ұйымының конгресі жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Д. Ауданбаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және маңыздылығы мен ерекшеліктері жөніндегі «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты семинар өтті. Іс-шараны жүргізген Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Бариев бұл шара мемлекеттік рәміздер туралы түсініктемелер беруге бағытталғанын атап өтіп, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығына, құндылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.04.2017
 
ЖОЛДАУ - ЖАҢАРУДЫҢ БАСТАУЫ
     «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының жүйелік кестесіне сәйкес Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша БПҰ төрағасы М. Сәлімбаев және депутаттық фракция мүшесі – И. Шамиев бастаған ақпараттық топ мүшелері кент тұрғындары, партия мүшелерімен кездесті.
Ақпараттық топ мүшелері жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Жолдауда айтылған бес негізгі басым бағытты кеңінен түсіндіріп, халыққа жеткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.04.2017
 
Ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар және 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының жекелей ашық Чемпионаты және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ашық біріншілігі
     2017 жылдың 27-31 наурыз күндері аралығында Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар және 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының жекелей ашық Чемпионаты және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа 14 команда қатысты. Олар: Қырғыстан Республикасы Бишкек қаласы, Қырғыстан Республикасы Қаракөл қаласы, Алматы облысы Текелі қаласы, Алматы облысы Сарқанд қаласы, Алматы облысы Талдықорған қаласы, Алматы облысы Үштөбе қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласы, «Шаңырақ» Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және колледжі, Каркен Ахметов .....
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.03.2017
 
ЖАҢАША ДАМУ УАҚЫТ ҚАЖЕТТІЛІГІ
 
       Елбасының барша қазақ қоғамына Үндеуі - қиын белестерді артта қалдырып, өзге елдермен терезесі тең ел болып дамудағы жаңа жолға бет бұрыс.
       Бұл Үндеудің ерекшелігі - билік тармақтары арасында өкілеттерді қайта бөлу мәселелерін қарастыру. Енді ел билеу екі тармаққа бөлініп, Үкімет және Парламент болып іске асады. Екі бағыттың да жауапкершілігі мен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігі күшейді.
       Әрине, әлемдік жаһандану жағдайында Қазақстанның жаңаша дамуы - уақыт қажеттілігі және жүйелі кезең болмақ. Елбасы өзінің бірқатар өкілеттілігін Парламент пен Үкіметке береді. Көз алдымызда өзгеріп жатқан қоғамдық үдерістер жағдайында Қазақстан да тыс қалмауы тиіс. Мемлекет басшысының айтуы бойынша, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғанысына күш-жігер жұмылдырады. Қазақстан мемлекеттер қарым-қатынастарының жаңартылған моделін құру маңыздылығы түсінігін нығайту үстінде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.03.2017
 
МЕЙІРІМГЕ ҰЛАСҚАН ИГІ ШАРА
     «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, партия тобының жетекшісі А.Мұңайтбасова, партия белсендісі, қоғамдық кеңес мүшесі Л.Гасанова, «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасының орынбасары Қ.Бұғабаев және аудандық білім бөлімі мамандары М.Түймебаев ауылы аумағында орналасқан мемлекеттік емес «Солнышко» балалар үйіне барып, өмірдің қиын тауқыметіне түскен, кәмелет жасына толмаған балалардың хал-жағдайымен танысты.
«Солнышко» балалар үйінде барлығы 59 бала тәрбиеленіп жатыр, ондағы балалардың демалуына, ойнауына, сабаққа дайындалуына, санитарлық тазалық сақтауына, денсаулығын бақылауға, сапалы тамақтануға барлық жағдай жасалынған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.03.2017
 
Қосөзен ауылына Ұлыстың Ұлы Күні қарсаңында көптен күткен газ құбыры жүргізілді
     2017 жылдың 21 наурыз күні Қараой округінің Қосөзен ауылының тұрғындары үшін қуанышты және есте қалатын күн болды. Қосөзен ауылына Ұлыстың Ұлы Күні 22 Наурыз мерекесі қарсаңында көптен күткен газ құбыры жүргізілді. Аудан әкімі Қ.Ө.Медеуов. аудандық маслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Е.С.Тұрымбетов, округ әкімі В. Поротиков және ЖШС «ISKER KOMPANI» директорының орынбасары В.Ю.Сагинбаев, аудандық маслихат депутаты М.С.Кошалко, ауыл имамы, поп тұрғындарды құттықтап, қызыл лентаны кесіп, от алауын жандырды.
     Ұлтымыз үшін алтын бесік болып саналатын ауылдың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Оның дәлелі – көгілдір отын – газдың қосылуы – соның жарқын көрінісі. Газбен қамтамасыз етіліп отырған Қосөзен ауылы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.03.2017
 
ШУАҚ ТӨГІЛДІ ДАЛАМЫЗҒА

16 наурыз күні аудандық әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Наурыз шуақ төгілді даламызға» атты мерекелік кеш өтті.

Кеш барысында «Наурыз - ұлыстың ұлы күні» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Наурыз - жыл басы» атты фильм көрсетілді. Мерекелік кеш «Қазақ», «Асыл қазына», «Дәстүр» топтары арасында сайыс түрінде өтті. Аталған үш топтың құрамы ауыл және аудан кітапханашыларынан құралды. Әр топтың топ басшылары І-кезеңде ортаға шығып, топтарын таныстырды. Көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті бар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс сайыстың ІІ-кезеңінде көрсетілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.03.2017
 
ӨРКЕНДЕП ӨСЕТІН ЕЛДІҢ ҮЙРЕНЕРІ ӘЛІ КӨП
 
       Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округінде, «Округ әкімі» күніне орай ауданымыздың «Құрметті азаматтары» Қасымбек Кеншін Шəкілұлы мен Есенқұлов Жүрген Бүркітбайұлының 80 жылдық мерейтойы тойланды. Мерейлі тойда қос қарияға ізгі тілектер мен ақ баталар толастамады. Көзкөргендер олардың еңбектегі өлшеусіз үлестерін айтса, кейінгі буын өкілдері қарияларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
     Жиында алғашқы сөзді алған округ әкімі С. Күзембаев ақсақалдарды құттықтай отырып, биыл ғана алғаш рет аталып өткелі отырған «Округ әкімі» күніне тоқталды. Ол: «Ащыбұлақтықтарға шынайы алғысымды білдіремін. Осы күнді мен ардақты қарттарымыздың 80 жылдық мерейтойымен қатар атап өткім келді. Өйткені, ауылдың және ауданның дамуына бұл кісілер өлшеусіз үлес қосты. Сонау Кеңестің қылышынан қан тамып тұрғанда да еліміздің өзінің қазақилығын жоғалтпауы екеуі қолдарынан келген мүмкіндіктерін аямады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.03.2017
 
ЕШКІМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
 
       «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы туралы қоғамдық тыңдау өткізілді. Атаулы шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы - Қ.Қалиев, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Ж.Айтенова, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
       Атаулы партиялық жобаның мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сапасын арттыру.
Жобаның бағыттары: мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін «кедергісіз аймақтар» құру. Инклюзивтік білімді дамыту.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.03.2017
 
ЖАЗЫЛАР ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫРДЫҢ АТЫ

Наурыздың алғашқы күні №13 М.Мақатаев атындағы орта мектептің акт залында Іле ауданы әкімінің қолдауымен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Іле ауданының «Құрметті азаматы», ақын, сазгер марқұм Кеңес Алпысбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ән аялаған ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Алпысбаев Кеңес 1942 жылы 1 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы (Жаңашаруа) ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1946-1958 жылдары Малыбай ауылында бітіріп шықты. 1958-1960 жылдары Алматы байланыс электротехникумын бітірді. 1969 жылдан бастап отыз жылға жуық уақыт Іле ауданында байланыс торабының бастығы қызметін атқарған. Алғашқы әндері 1964 жылдардан бастап жарық көре бастады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.03.2017
 
ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАҒАН
 

Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда анаңның ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны,  сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя. Ананы барша адамзат баласы ардақ тұтады. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, құдіретті жан.

«Алып анадан туады», деген дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастаған батыр да, күміс көмей әнші де, күмбірлете күй төккен күйші де ана көкірегінен нәр алып өскен.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.03.2017
 
РИЗАЛЫҚҚА ТОЛЫ МЕРЕКЕ
 

Көктемнің алғашқы күлімдеп атқан шуақты күні Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектебінде аудандық әкімшіліктің мұрындық болуымен 1 наурыз «Алғыс айту» күні салтанатты түрде кеңінен аталып өтілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов, аудан көлеміндегі күрд, кәріс, украин, ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан көлеміндегі орта мектеп директорлары, аудандық кітапхана мен мәдениет қызметкерлері қатысты.
Берекесі мен мерекесі артқан жиында аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов сөз алып, Елбасы Жарлығымен екінші жыл қатарынан тойланып отырған Алғыс айту күнінің мәнінің ерекше екендігін атап өтті. Ол «Бұл күн - өзге ұлт өкілдерінің кезінде өздерін құшағын жайып қарсы алған қазақ халқына алғыс айтатын күні. Сонымен бірге аға ұрпақ өкілдеріне, ата-ана, туыс-бауыр, барша жұртқа шынайы сезіммен ризашылық білдіретін күн. Ең бастысы, көп ұлт өкілдері тату-тәтті тұратын Қазақстан «Мәңгілік елге» айналуы үшін әркім де өз үлесін қоса білуі тиіс.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.03.2017
 
ЖАҢА ҚАДАМ
 

Елбасымыз өзінің тарихи Үндеуімен ел тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді. Елбасы еліміздегі өзекті мәселелерді ұтымды шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыруды да қарқынды жүргізуде.
       Елбасының атап көрсеткеніндей ұсынылып отырған реформаның негізгі мәні саяси жүйені демократияландыру.
Бұл батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін ескеру қажет. Бірнеше маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі жаңа саяси реформа аясында Парламенттің рөлінің күшейтілуі. Үкімет пен Парламент рөлінің артып, жауапкершілігінің барынша күшейгендігін және Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай теңдіктің орнағанын білдіреді. Өркениетке бет алған әлемдік жүйеде бүгінгі заманның келбетіне сай қабылданған шешім, өзгерістер мен толықтырулар бірқатар мәселені тиянақтайды. Сонымен қатар, Үкіметтің көптеген сала бойынша және халық алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.03.2017
 
АРЗАН ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТА АЛАДЫ

Кәсіпкерлер палатасы бөлімшелері директорларының аудандарды жыл сайын аралау қорытындысы мен есебі Іле ауданының Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысында жарияланды. Бизнес-қауымдастықтың алдында Кәсіпкерлер палатасы бөлімшелерінің еңбегі «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағаланған 17 директоры есеп берді. Өңірлік кеңес төрайымы Р.Салықованың айтуынша, аудандарды аралау қорытындысы бойынша филиалдардың жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен бірқатар мәселелері анықталған. 
«Бұл жылды аудандар жылы деп хабарладық. Сондықтан, Өңірлік кеңес мүшелерімен бірге бүкіл аудандарды аралап, бөлімшелер директорларының есебін тыңдадық.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.02.2017
 
БӘСЕКЕЛЕСТІК КҮШЕЙСЕ, БІЛІМГЕ СҮЙЕНЕМІЗ
 

Елбасының биылғы Жолдауының экономикалық өсімнің технологиялық жаңғыртуға негізделген жаңа моделін құруға бағытталуы дер кезінде қабылданған шешім стратегиялық қадам деуге болады. Сондай-ақ, Жолдаудың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуы оның бүгінгі күнге дейін атқарылып келе жатқан еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу жолындағы стратегиялық саясатының жүйелі жалғасы екенін көрсетеді. Сонымен қатар экономиканың кез-келген саласын дамыту, цифрлық технологияға негізделген экономика дамыған инфрақұрылымды қажет етеді.

Жолдауда соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы шараларды ары қарай толықтыра отырып, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға да ерекше мән берілген. Тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік еңбек нарығында бірқатар мамандықтар ескіріп, қатардан шығуы мүмкін. Бұл жұмысшылардың жаңа талаптарға бейімделуін қажет етеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.02.2017
 
Жарқын болашақ жалғаса бермек
 

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, аудан бойынша партия филиалы мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ бірлесе отырып, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау барысында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы Өкімін арнайы аудармашылардың көмегімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға заң негізінде кеңестер беріліп, мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етілді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.02.2017
 
ІЗДЕГЕНГЕ ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫ

Өтеген батыр кентінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мен «Іле ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.

Бұл жәрмеңкеге 115-ден астам - аудан тұрғындарының өкілдері, жұмыссыз азаматтар, жастар қатысты. Жәрмеңкеде жұмыс беруші 30 мекеме, кәсіпорындардан 88 бос жұмыс орындары ұсынылды. Олардың қатарында, «DOLCE PHARM» ЖШС-гі, «Temir Metfl» ЖШС, «Inter Tecn» ЖШС-гі, «Берикап» ЖШС-гі, «Freen Iine service» ЖШС-гі, «Каскеленское» АҚ, «Алатау құс» ЖШС-гі, «РСУ-1» ЖШС, «Пакнар компания» ЖШС-гі және денсаулық, білім беру мекемелері, банктер, құрылыс компаниялары бар.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2017
 
ҰЛТТЫҚ ПРОГРЕСКЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
 

Еліміздің Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтеру болып табылады. Қазіргі таңда еліміз өзінің жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленіп, азаматтар құқығы мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Тәуелсіз мемлекет ретінде танылады.

- «Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деп, бес негізгі басымдығын атап өткен Президентіміз олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықты екенін атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.02.2017
 
ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
 
       Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге аса маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесін халық талқылауына ұсынды. Бұл - Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа белесі басталған маңызды кезеңдегі тағы бір тарихи оқиға деп білемін. Бұл Үндеу бүгінгі қалыптасқан мемлекетіміздің және келер ұрпақтың болашағына жасалған нақты қадам. Егемендік алған күннен бастап Елбасының сарабдал саясатымен Президенттік басқару жүйесінің арқасында өзіміздің даму жолымызды қалыптастыра отырып, биік белестерді бағындырып, мол табыстарға жеттік. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Заман тыныштығын берсе, бүгінгі дағдарыстан да шығармыз. Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы әлемдік өркениетке қазіргіден де қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс, шат тірлік орнар» деп тебіренген болатын. Шүкір дейміз, ширек ғасырда біздің елімізді әлем таныды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.02.2017
 
Ауғанның от-жалыны
 
        Талайдың тағдырын тәлтекке салған он жылға созылған Ауған соғысы. Әрине, қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - Ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Мұнда қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті - бала жастан санасына сіңірілген патриоттық тәрбие - «Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. 1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы Кеңес әскерлерінің Ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы.
        Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 28 жыл толды. Осыған орай Іле ауданы, Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты, №20709, №78639, №65229  әскери бөлімдері, Жетіген ауылдық округі кітапханасы бірлесе отырып, жауынгер-интернационалист ардагерлермен «Ауғанның от-жалыны» атты кездесу кешін өткізді. Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.02.2017
 
АҚЫН ЖАЙЛЫ АЙТАДЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҢЫЗ
      Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте «Менің Мұқағалиым» атты жыр мүшәйрасы өткізілді.
     Мұзбалақ ақынның рухына тағзым ретінде «Мұқағали оқуларын» өткізуді дәстүрге айналдырып келген бұл шара жыр құмар жас ұстаздар мен оқушылар шығармашылығын дамыту, ақын шығармашылығымен етене жақын таныстыру, ақынның өмірі мен өлеңдерінің мәнін түсініп, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
     Сонымен қатар, үміткерлер шеберлік деңгейінің биіктеуіне және жыр құмар қауым талғамының өсуіне игі ықпал жасауды, жастардың рухани өмірге белсене араласуына .........
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.02.2017
 
Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев конституцияның 26 бабын өзгертуге қатысты туындаған дауға қатысты түсінік берді
 
       Қаңтардың ортасында Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлісу жайлы реформалар аясында конституцияның бірқатар баптарына өзгерістер енгізу ұсынылған. Солардың арасында конституцияның 26 бабының бірінші тармағында "Қазақстан азаматы заңды жолмен иеленген кез-келген мүлкін жекеменшігіне ала алады" деген сөйлемдегі "азамат" сөзін "әркім" деп өзгерту ұсынылған. Халық арасында бұл ұсыныс конституцияға енгізілсе онда шетелдіктердің Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуіне мүмкіндік береді деген алаңдаушылық тудырып, әлеуметтік желілерде оған қарсылық білдірушілер көбейді.
         Абаев алдын ала жасалған талдаулар бұл ұсыныстың "жер кодексіне қайшы келмейтінін анықтағанын", себебі жер туралы кодекстің шетелдіктерге жалға жер беру мерзімін ұзарту туралы баптарына мораторий жарияланғанын айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.02.2017
 
КЕЛЕШЕККЕ КЕМЕЛ ҚАДАМ
 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзіндік заңдылығы бар. Бірінші - осыдан 25 жыл бұрын біздің Тәуелсіздігімізді жариялаған уақыт, екінші - «Қазақстан - 2030» стратегиясының қабылдануы. Ал, үшінші - жаңғыруымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясы мақсаттарына жетелейтін «100 нақты қадам Ұлт жоспары» аясында іске аспақ.

Елбасы Жолдауда үшінші жаңғыру арқылы еліміздің даму болашағын айқындайтын бес басымдықты атап өткен. Біріншісі - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Осыған орай, Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.

Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.02.2017
 
ЕЛДАНА ТӘЛІПОВА 90 СЕКУНДТА «АЛТЫН ҚЫЗҒА» АЙНАЛДЫ
      Өткен аптада қазақстандықтардың назары Алматының төрінде болып жатқан Универсиадаға ауғанда сонау еуропаның қақ ортасындағы Швецияда Елдана Тәліпова шаршы алаңда ешкімді шақ келтірмей қарсыластарын есеңгіретіп жатқан еді. Ақпан айы бастала салысымен Швецияның Борос қаласында өткен халықаралық қыздар боксінің турниріне 22 мемлекеттен 254 былғары қолғап шеберлері қатысты.
Олардың ішінде 1999-2000 жылы туылған16 қазақстандық нәзік жандылар да бар. Он алты қыздың ең кішісі ауданымыздың төл тумасы КазЦИК-тік Елдана Тәліпова болды. Елдана шаршы алаңда өнер көрсетіп жүргеніне көп болмаса да бір-екі жылдың айналасында өзінің кім екенін дәлелдей алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.02.2017
 
ІРІ ӨНЕРКӘСІПКЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІПТІ
 
        Аудан әкімі Қ. Медеуов пен Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі С. Күзембаевтың жылдық есебі М.Түймебаев ауылындағы №20 орта мектебінің мәжіліс залында өтті.
Есепті жиында аудан басшысы мен округ әкімі округтегі орналасқан ірі компаниялардың жаңадан ашылып отырған жұмыс көздерімен мемлекет бюджетіне түсірген пайдасын сөз қылды. Одан кейін М.Түймебаев ауылы Ереванская көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысы мен Көкқайнар ауылы Бәйтерек көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысы, Төле би ауылы А.Қарсақбаев көшесінің бойынан 300 орындық мектеп құрылысы жайында толық әңгімелеп берді. Халықты әлеуметтік қорғау бойынша 390 жаңа жұмыс орны ашылса, 8 жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжірибесінен өткен. Десе де, бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ-киім жөндеу, кілт жасайтын цехтар, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, банкомат, тұрмысқа қажетті техникаларды жөндеу шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.02.2017
 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30.01.2017 жылы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы Күрті ауылдық округінде насихатталды
       03.02.2017 жылы сағат 14.30-да округ әкімімен бекітілген желілік кестеге сәйкес «Ақбота» балабақшасы жекеменшік мекемесі қызметкерлері арасында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын түсіндіру бағытындағы кездесу өтті.
         Аталған кездесуге округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов, балабақша меңгерушісі Г.Мамешова, округ ардагерлер кеңесінің мүшелері В.Кузовлев пен М.Жарболов және балабақша ұжымы, барлығы 20 адам қатысты.
         Кездесуді округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов ашып, 2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
......................
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.02.2017
 
КАЗЦИК КӨРКЕЙЕ ТҮСПЕК
      Елбасы Н.Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанның ішінде халық алдында есеп береді. Осы Жарлықты орындау барысында КазЦИК ауылдық округіндегі Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектепте аудан әкімі Қ. Медеуов және ауылдық округ әкімі А. Жасымбековтың есеп беру жиналыстары өтті.
        Жиналысқа байланыс, ауыл шаруашылық, әлеуметтік саласының, шағын және орта бизнес, аудандық бөлімдердің, мекемелердің басшылары, кент тұрғындары және Алматы облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасының басшысы Д.Әбдібеков қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.02.2017
 
ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН СЕРПІНДІ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
 
        Елбасымыз Н.Назарбаев барша қазақстандықтарға аса маңызды тағдырлы мәселені жариялады. Конституция мен заңдарға жаңа реформаны енгізе отырып, билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлді. Ол «Қазір заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруге тиістіміз. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасадым», - деді.
        Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттері үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берілді. Бұл салаға үкімет және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы жұмыс істейтін болады.
Жаңа реформаның ізімен Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына аса маңызды «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.02.2017
 
Мәжіліс депутаты ауданға келді
 
        Қаңтар айында біздің ауданымызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Абдіманап Елікбайұлы іс-сапармен болып, Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соғылып жатқан 600 орындық мектеп құрылысымен, құрылысшылардың жұмыс жоспарларымен танысты. «Ащыбұлақ» БПҰ-ң мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері мен депутаттар, білім беру, денсаулық сақтау саласының өкілдері, құрылысшылар, мердігерлер, ардагерлер, партия аппаратының қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері және округ тұрғындарымен кездесіп, Елбасының бағдарламаларының бірі «Нұрлы жер» бағдарламасын талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық көкейінде жүрген жер мәселесі, ипотекалық несиелер, жалданбалы үйлер тағы басқа көптеген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.02.2017
 
Медиация мақсаты – бітімгершілік
 
        Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңтайлату, оны басын артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек. Сонымен бір мезгілде соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастырған жөн. Болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей жолдарды қарастыру қажет» деп көрсетілген. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.02.2017
 
СЕРПІН БЕРЕР СЕРГЕК ІСТЕР
      Ұлы Отан соғысының ардагері, абыз ақсақалымыз Давруш Гасановты 100 жасқа толған мерейтойымен №3 орта мектептің басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Светлана Өрікбайқызы Нұрғисаеваның ұйымдастыруымен ауыл белсенділері Жетіген ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Ожханов және №3 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы капитан шенді Қ.Әуелбеков және Қ.Әлдібеков, «Жас Ұлан» жастар қанатының мүшелері 10 "б" сынып оқушылары Ю.Исрафилов, Ильмира Гасановалар ардагерді арнайы үйіне іздеп барып, құттықтап қайтты. Давруш ата 100-ге келсе де әлі бойын тік ұстаған, сөзі ширақ, есту қабілеті де жақсы. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Ожханов абыз атаны туған күнімен құттықтап, қазақ - «төріңнен қартың кетпесін», - деп тілеген халық, сол үшін сізге зор денсаулық, баянды өмір тілейтіндігін айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.02.2017
 
СЕРПІН БЕРЕР СЕРГЕК ІСТЕР
      Өткен аптада аудан әкімі Қ. Медеуов Ақши ауылында жылдық есебін берді. Жиынға Алматы облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов қатысты. Есепті кездесуде алдымен округ әкімі Д. Өгізбаев шығып, округтегі бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарын баяндады. Одан кейін мінберге көтерілген аудан әкімі жергілікті бұқараға өткен жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, әкімдіктің осы жылы назарға алып отырған жоспарларымен бөлісті.
       Ол ауданымыздың аумағында орналасқан ірі компаниялардың аянбай еңбек еткенінің нәтижесінде экономикамыз қарыштап дамып, мемлекеттік бюджетке 212,5 млрд. теңге көлемінде пайда түскенін зор мақтанышпен жеткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.01.2017
 
ЖАРҚЫН ШАРАЛАР ЖАЛҒАСАДЫ
 
        Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Қ.Медеуовтың халық алдындағы есеп беру кездесулері жаңа қарқын алды. Аптаның сәрсенбісінде аудан басшысы Междуреченск ауылдық округінің халқымен жүздесіп, 2016 жылда жасалынған жұмыстарды тағы бір саралап өтті.
Есепті кешті аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова жүргізіп отырды. Облыстық уәкіл ретінде Алматы облысы, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Е.Сыдыманов және аудандық мекеме басшылары, сонымен қатар ауыл халқы қатысты.
       Ауылдың негізгі тіршілік көзі егін егу, мал шаруашылығы мен сауда-саттық мемлекет тарапынан жылма-жыл барлық деңгейде жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Междуреченск ауылдық округінде «Шабыт» ықшам ауданы жаңадан бой түзеп келеді. Онда қазір 600-ге жуық халық қоныстанған болса үй саны 300-ге жуықтаған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.01.2017
 
Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі
 
        Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.
Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу.
Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.
Қазір заманның дидары өзгерді.
Біз де өзгеруге тиіспіз.
Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.
Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.
Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.01.2017
 
АЩЫБҰЛАҚ
 
        19.01.2017 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаевтың халық алдындағы жылдық есеп беру жиыны Көкқайнар ауылы, №29 орта мектепте өтті. Дәстүрлі жиынға аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Бөпетаева, аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаева, округтің мекеме басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Округ әкімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстарында ерекше аталып өткен округке тиесілі облыстық жолдардың жөндеу жұмыстарына, Астана көшесінің толық ауыз сумен қамтамасыз етілгені үшін, Новобережная көшесінде жаңадан орнатылған электр жарық бағаналар үшін алғыс білдірілді.
Округ әкімі тұрғындардың орнынан берген сұрақтарына нақты және толығымен жауап берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.01.2017
 
ҚАРАОЙ
 
        18.01.2017 жылы Қосөзен және Н. Тілендиев ауылдарында өткен Қараой ауылы әкімі В.Поротиковтың жылдық жұмысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді. Осы жиналысқа аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы, «Қараой-Су» коммуналдық шаруашылығының директоры, шаруа қожалығының жетекшілері, №26 орта мектептің мұғалімдері, зейнеткерлер және кәсіпкерлер қатысты.
Қараой ауылдық округінің әкімі былтыр ауылда балабақша тұрғызылып, клубтың жөнделгеніне һәм медициналық бекеттің ашылуына мұрындық болған. Сонымен қатар көгілдір отынмен тұрғындарды қамтамасыз етті.
«Жақсы… Не дейміз? Бәрі осылай істей берсін. Халық алдында аянбай қызмет атқаратын Виктор Поротиковтай әкім кемде-кем. Бір жылдың қорытындысын жақсы деген бағамен аяқтаймын» -деді ауылдық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, зейнеткер, Ж.Нүсіпбекова.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.01.2017
 
Боралдай
 
        Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаевтың халық алдындағы жылдық есеп беру жиыны Көкқайнар ауылы, №29 орта мектепте өтті. Дәстүрлі жиынға аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Бөпетаева, аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаева, округтің мекеме басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Округ әкімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстарында ерекше аталып өткен округке тиесілі облыстық жолдардың жөндеу жұмыстарына, Астана көшесінің толық ауыз сумен қамтамасыз етілгені үшін, Новобережная көшесінде жаңадан орнатылған электр жарық бағаналар үшін алғыс білдірілді.
Округ әкімі тұрғындардың орнынан берген сұрақтарына нақты және толығымен жауап берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.01.2017
 
Ақши ауылдық кітапханасында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жасқа толуына орай «Сағындырған Саржайлауым» атты тақырыпта сазды кеш өтті
      18.01.2017 жылы сағат 11.00-де Ақши ауылдық кітапханасында іс-шара жоспары негізінде Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жасқа толуына орай «Сағындырған Саржайлауым» атты тақырыпта сазды кеш өткізілді. Аталған шара Н.Нүсіпжановтың өмірінен мәлімет бере отырып, оқырмандарды өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сазды кештің өтуіне ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері атсалысып, Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері кітапхана оқырмандары мен округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.01.2017
 
ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
      Жыл басында аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Осы отырыста аудан әкімі Қ.Медеуовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті баяндамасы тыңдалынды.
     Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы өзінің есепті баяндамасында өткен жылдың еліміз үшін маңызды әрі тарихи оқиғаларға толы мағыналы жыл болғандығын кеңінен атап өтті. Аудан басшысының айтуынша, қазір аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Халықтың тұрмысы жаман емес. Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындап отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.01.2017
 
МЕЙІРІМ ТОЛЫ МЕРЕКЕ
      «Рождество Христово» мерекесі Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылы «Свято Сергиев» шіркеуі мен «Солнышко» балалар бақшасында өтті. Мерекеге аудан әкімінің аппарат басшысы М.Карибаев, білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева, округ әкімі С.Күзембаев, Іле аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев және «Солнышко» балалар үйінің балалары қатысты.
    Мерекені аудан әкімінің аппарат басшысы М.Карибаев ашып, жиналған қауымды «Рождество Христово» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Одан кейін «Нұр Әлі» мейрамханасында «Рождество Христово» мерекесі өтті. Мерекеге округтегі аз қамтылған оқушылар, приют балалары барлығы 400 оқушы қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.01.2017
 
ҚАЗПОШТАНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СЫЙЛЫҒЫ ТАРАТЫЛДЫ
      «Қазпошта» акционерлік қоғамы жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында балалардың Аяз Атаға жазған хаттарының астында қалады. Биыл да солай болды. Осы жылы Аяз Атаға тағы да ілелік бүлдіршіндерден хаттар келген.
        «Сыйлықтардың көбі Жаңа жылға дейін таратылады, қалғандарын 13 қаңтар, Ескі Жаңа жылға дейін сыйлаймыз. Биыл тек ойыншықтар келді. Өткен жылы балалардың өтініші ноутбук, ұялы телефондар және Отау ТВ спутнигін сұраған болатын» - дейді «Қазпошта» АҚ Іле аудандық пошта торабының басшысы Р.Мейрова.
       Балалардың қандай сыйлық қалайтынын хаттарынан оқып білдік. Көбі Аяз Атадан ойыншықтар сұраған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.01.2017
 
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰРАНЫ – МЫЗҒЫМАС БІРЛІК
     Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Чапаев ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен №10 орта мектептің акт залында «Мәңгілік елдің ұраны - мызғымас бірлік» атты тақырыпта жиын өтті. Аталған жиынға округ әкімдігі,  қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары және мектеп оқушылары мен ауыл жастары қатысты.
Басты мақсаты - «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» - ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбетін насихаттау.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.01.2017
 
САНАМЫЗДЫҢ БОДАНДЫҒЫНАН АРЫЛСАҚ...
 

Өткен жылдың соңғы айында Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы салтанатты жағдайда әрі кең көлемде аталып өтілді. Маңызы зор мағыналы осы мерекеміз өткен соң  «Біз осы Тәуелсіздіктің нақты мән-мағынасын терең түсінеміз бе?» - деген сұрақ жиі мазалап, түн ұйқымды бұзатындығы еш қоспасыз шындық. Жыл сайын «Тәуелсіздік күні» деп 16-17-желтоқсанға қарсы газеттерде бір-жар мақалалар жарық көріп, алаңдарда концерт беріліп, ән шырқалып, би биленеді. Әрі кетсе, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, екі-үш «желтоқсаншы» естеліктерін айтудан аспайды. Билік өкілдері: «Қонаев ағамыздың ел басшылығынан алынуы жастардың ашу-ызасын тудырды» деп, Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың есімдерін «тәуелсіздік құрбаны» атаудан аса алмайды. «Тәуелсіздік күні» ең қасиетті, ұлы мерекеміз болуы тиіс!

Алайда, барлық мәселе Москва өкілдерінің Алматыға келіп, партия ОК-нің бар-жоғы он алты минуттық Пленумын ашып, Қонаев ағамыздан Республика басшылығы тізгінін тартып алуында ғана ма?

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.01.2017
 
«АЙ-АРУ» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ
     Жаңа жылда ауданымызға шаршы алаңның жаңа жұлдызды есімін таныстырығым келіп отыр. Ол - Талипова Елдана Тәліпқызы. Елдана 2002 жылы Іле ауданы, КазЦИК ауылында дүниеге келген. Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектепте оқиды. Алматы қаласындағы «Ақ бастау» демалыс айлағында соңғы айқасын өткізіп, қарсыластарының ешқайсысын шақ келтірмеді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы құрама командасының құрамына енді. Қазір осы салмақ бойынша №1 болып өнер көрсетіп жүр. Жаттығу залы Олимпиядаға дайындау орталығында өтеді. Қазақ қыздарына тән қайсарлығы оны тек алға жетелейді. Жас боксшымыз Елдана мен жаттықтырушысы Дархан Қабыланбеков бұл дәрежеге өздерінің табандылығымен жетті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.01.2017
 
ТАУЫҚ ЖЫЛЫ ТАБЫСТЫ БОЛСЫН
 

Әдетте, келген Жаңа жылдан тек жақсылықтар күтіп, ақ тілектеріміздің, үкілеген үміттеріміздің жүзеге асатындығына сеніміміз молаяды. Ұшқыр арман-қиялдарымыздың, межелеген жоспарларымыздың орындалуын болашақтың еншісіне қанат етіп байлайтындығымыз да сондықтан. Болашаққа аманат арта отырып, өткенге де өкпелемей, рахмет айтуды да ұмытпаймыз. Иә, Мешін жылын жылжытып артқа тастаған біздер, Тауық жылын ерекше ықыласпен, жақсы үмітпен қарсы алып отырмыз.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл - Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Өр мінезді, жарқын, көзге түсіп жүргенді ұнататын, мадақты сүйетін бұл құс бүкіл жыл бойына әсер етеді. Жыл өмірлік күш-қуаты мол, белсенді, үнемі алға, қимыл-қозғалысқа ұмтылып тұратын желөкпе қораздың сипатын бейнелейді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.01.2017
 
АҚБАСТАУДАҒЫ АЙҚАС ЕЛДАНАҒА ЖЕҢІС ӘКЕЛДІ
     Жаңа жылда ауданымызға шаршы алаңның жаңа жұлдызды есімін таныстырғымыз келіп отыр. Ол - Талипова Елдана Тәліпқызы. Елдана 2002 жылы Іле ауданы, КазЦИК ауылында дүниеге келген. Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектепте оқиды. Алматы қаласындағы «Ақ бастау» демалыс айлығында соңғы айқасын өткізіп, қарсыластарының ешқайсысын шақ келтірмеді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы құрама командасының құрамына енді. Қазір осы салмақ бойынша №1 болып өнер көрсетіп жүр. Жаттығу залы Олимпиядаға дайындау орталығында өтеді. Қазақ қыздарына тән қайсарлығы оны тек алға жетелейді. Жас боксшымыз Елдана мен жаттықтырушысы Дархан Қабыланбеков бұл дәрежеге өздерінің табандылығымен жетті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.01.2017
 
МЕРЕЙЛІ МӘУЛІТ
      Барша мұсылман баласына белгілі желтоқсан айының 23 жұлдызы Мәуліт айы кіріп, күллі ғаламның рахым нұры болған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туылған күні. Осы мәртебелі мереке аудан орталығындағы «Өтеген батыр Сәбденұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде аталып өтті.
Аталған шараға ҚМДБ Пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары С.Құрбанов, Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, Нұр Мүбарак университетінің ұстазы Р. Батталұлы, ақын Қ. Елемес арнайы келіп қатысты.
      Сондай-ақ, «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеште аудан тұрғындарымен жүздескен ұстаз Р. Батталұлы дәстүріміз бен ғұрпымыздың дінмен астасып жатқандығын, қазақы болмысымыздың өзінен мұсылмандық сипат айқын аңғарылатынын айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.01.2017
 
ШЫРША ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ
 

Апта басында аудан әкімі Жаңа жыл қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан көлеміндегі аз қамтылған отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Жаңа жылдық шырша жақты. Әсем Алматы шаһарындағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театрында өткен мерекеге жүзге жуық жас жеткіншек қатысты. Арнайы бүлдіршіндерді құттықтауға келген аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Абилова барша балғындарды аудан әкімі Қ. Медеуовтың және өз атынан 2017 Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі ілтипатын білдірді. Қыстың сән- салтанаты ақ ұлпа қарды бейнелеген балалардың биімен шымылдығын ашқан шырша ажарын түрлі ертегілер кейіпкерлерінің бейнесін көрсеткен балғындар да аша түскендей. Театр әртістері дайындаған «Жаңа жылдық оқиға» атты ертегісін қойды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.01.2017
 
АЯЗ АТА ҚАНДАЙСЫҢ...
    Өткен аптада Ғ.Мүсі-репов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ауданымыздағы «Мейірім» мүгедектер қоғамы бірлестігінің аудандық филиалы директоры Н.Абуллаев мүмкіндігі шектеулі және ата-ана мейірімінен шет қалған балаларға Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды. Шараға ауданымыздың түкпір-түкпірінен қараусыз қалған балаларды қамқорлыққа алған отбасылар мен тәрбиеленушілер және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер шақырту алған. Дәстүрге айналған Жаңа жылдық шыршаға биыл 80-ге жуық бүлдіршін қатысты. Олардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар театр әртістері дайындаған «Жаңа жылдық оқиға» музыкалық ертегісін тамашалап, ән шырқалып, би биленді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.01.2017
 
ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ҚАДАМ, ЖАҢА БАҒЫТ
 

Еліміз тағы бір жылды еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын қазақ халқы үшін әрбір жылдың орны ерекше. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстары тек береке мен бірліктің арқасында екені баршаға аян. Өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстан қарыштап алға басты. Халқымыздың өз тәуелсіздігін сақтауға, нығайтуға белінің бекем екендігін байқатты. Ел болашағына деген сеніміміздің зор екендігін көрсетті. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының халыққа арнаған Жолдауы қабылданып, мемлекетіміз жүйелі сатымен дамып келеді. Алға қойған "Қазақстан - 2050 " саяси Стратегиямыз орындалуда. Өткен мешін жылының да өзіндік ерекшеліктері болды, онда "Тәуелсіздік декларациясы” дүниеге келді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.12.2016
 
ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
 

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Теріс пиғылды ұйымдарға алданып қалмау үшін терроризм мен экстремизмнің жолын кесуде үгіт-насихат жұмыстары аса қажет. Әсіресе, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет-ақ. Осы мақсатта «Экстремизм және терроризм: пайда болу себептері мен негізгі сипаттамалары» тақырыбында №10 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларымен семинар өткізілді. Семинарға округ әкімдігі, қоғамдық кеңес, Ардагерлер және Әйелдер кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі қатысты. Семинар барысында дінтану пәнінің мұғалімі А.Адильбекова презентация арқылы «Экстремизм және терроризм: пайда болу себептері мен негізгі сипаттамалары» тақырыбында баяндама оқып, семинарға қатысушыларды «экстремизм», «терроризм» ұғымдарымен таныстырып, олардың пайда болу себептері мен негізгі сипаттамаларына, елімізде тыйым салынған діни ағымдарға тоқталды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.12.2016
 
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АБЫРОЙЛЫ БОРЫШ
        Орал қаласының он жас сарбазы ҚР Қарулы күштерінің қатарына қосылды. Олар Алматы облысы, Іле ауданындағы Боралдай кентінде орналасқан №16194 әскери бөліміне Отан алдындағы азаматтық борышын өтейтін болады. Сарбаздарды әскерге қабылдап алу рәсімі №16194 әскери бөлімінде салтанатты түрде өтті.
Іс-шараға Іле ауданы Қарулы күштер басқармасы бастығының орынбасары капитан, Н. Қазахбаев пен сержант Д. Құдайбергенов қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді.
№16194 әскери бөлім командирі Т. Абдрахманов «Біз бүгін өз тағдырын Отан қорғауға арнаған азаматтардың байланыс бригадасы және десанттық шабуылдаушылар қатарына алынуына байланысты жиналып тұрмыз. Енді сарбаздар Отан алдындағы Конституциялық борышын өтеу үшін ант қабылдап, елді қорғау қызметіне кірісетін болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.12.2016
 
ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ, АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
        Өткен аптада аудандық жол полициясы, аудандық прокуратура қызметкерлері және сот бірігіп әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды жауапқа тарту үшін арнайы рейд өткізді. Әкімшілік айыппұл – мемлекетпен заң бұзушылықтар үшін ең көп қолданылатын жазалау шарасы болып табылады. Мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.
        Жылдан-жылға борышкерлер саны азаймай, керісінше өсуде. Бұл өте қауіпті қарқын. Жазасыздық адамдарда құқық бұзушылыққа деген «үйреншіктікті» қалыптастырады, сондай-ақ, моральдық талап етушілік жалпы деңгейінің түсуіне алып келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.12.2016
 
ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ ДА ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ
Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді. Осы орайда, әріге бармай-ақ, аудан көлемінде өз тілін өгейсітіп жүрген кейбір қандастарымызға үлгі болар деген ниетпен қазақ тілін жетік меңгеруге құлшынып жүрген өзге ұлт өкілдерінің бірнешеуін оқырмандарға таныстыруды жөн көрдік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.12.2016
 
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, ПАРАҒА ЖОЛ БЕРМЕ

Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы бері елімізде түрлі Заң жобалары қаралып, уақыт талабына байланысты түрлі агенттік ашылды. Соның бірі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін айтуға болады. Қазір Мемлекеттік қызмет істеріне жауапты министрлік тарап, оның орнына агенттік құрылды. Бұл құрылымның бұрынғы құрылымдардан өзгешелігі неде деген заңды сұрақ туады.

Елбасының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынышты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.12.2016
 
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ
 

Биылғы жылдың өзіндік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, «Тәуелсіздігімізге - 25 жыл», «Ұлт-азаттық көтерілісіне - 100 жыл», «Желтоқсан оқиғасына - 30 жыл» толады. 16 желтоқсан - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге осындай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. 1991 жыл еліміздің «Қазақстан», «Қазақстан Республикасы» деген атпен әлемге танылып, алғаш қадам басқан жылы. Біздің еліміз қазіргі таңда өзіндік беделі мен саясаты, мызғымас татулығы орныққан, жарқын болашағы мен кемел келешегі бар, өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік жағдайларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын танымал елге айналды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.12.2016
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ – ТҰРАҒЫМ

Ұлы дала елі – қазақ мемлекетінің ең қастерлі мерекесі қарсаңында әр өңірдің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлестері жайлы айту азаматтық борышымыз болса керек.

Азаттықтың таңы атып, қазақ мемлекеті жаңа белестерге бет алған шақта Алматы облысы, Іле ауданына қарасты, Боралдай кентінде алғашқы қазақ мектебі ашылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, шағын және орта кәсіпкерлік дами бастады.

Бүгінде, қасиетті Тәуелсіздіктің 25 жылында кентіміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тұрақты дамып келе жатқан, рухани-мәдени орталығы қалыптасқан елді мекенге айналды. Қазіргі таңда кентіміз аумағы жағынан да, халық саны жағынан да аудандағы үлкен аймақтардың бірі болып саналады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.12.2016
 
Мобильдік кеңсе және ұялы қосымша туралы
 

Бұрын үзінді көшірмені пошта арқылы алып тұрдым. Басқа жаққа көшіп кеткелі үзінді көшірме алмадым. Енді жинақтарым туралы ақпаратты қалай аламын? БЖЗҚ кеңсесіне қайта-қайта бара бермес үшін не істеуім керек?
          Сіз БЖЗҚ-ға жаңа мекенжайыңыз туралы хабарламағансыз, сондықтан өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайын берілетін үзінді көшірмені ала алмадыңыз. Енді Сізге БЖЗҚ кеңсесіне бір рет келіп, өз деректемелеріңізді түзетуге не хабарлау тәсілін өзгертуге кеңес береміз.
Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлама алудың бірнеше жолдары бар. Сіз салымшы ретінде өзіңіз үшін ең ыңғайлы тәсілін таңдап ала аласыз. Яғни, бұл салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не жеке келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жылдам тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы ақпарат алу.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.12.2016
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, бокстан Чапаев ауылдық округінің ашық біріншілігі өтті
2016 жылы желтоқсанның  17 күні Чапаев ауылдық округінің аудандық мәдениет үйінде, округ әкімі Б.Жумабаевтың ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының  Тәуедсіздігінің 25 жылдығына орай бокстан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік басталды. Аталған іс-шара 17 желтоқсаннан 19-на дейін созылады. Үш күнге жоспарланып өткізілетін жарыс, жасөспірімдер  арасында боксты насихаттау және дамыту, бокс арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және балалар денсаулығын нығайту мақсатында өз жалауын көтерді. №10 орта мектебінің АӘД мұғалімі С.Наурызбаевтың округ әкімі Б.Жумабаевқа спортшылардың сапқа тұрып, сайысқа дайындығы туралы баяндамасының жалғасы шараның Гимн орындалуымен салтанатты түрде ашылуына ұласты. Сайыстың ашылу салтанатында алғашқы сөзді округ әкімі Б.Жумабаев сөйлеп, барлық спортшыларға сәттілік, жеңіс тілеп, жарыстың басталуымен құттықтады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.12.2016
 
ЕРКІНДІКТІҢ ҰРАНЫ БАЛАПАННЫҢ БАЛ ТІЛІМЕН
 

Қараой ауылындағы "Балапан" балабақшасында қазақ тілі пәнінің ұстазы Гүлнұр Бөкееваның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Желтоқсан – Тәуелсіздікті армандаған күн» атты іс -шара өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын, құрметтеуге, адамгершілікке, отаншылдыққа, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу болып табылады.
Аталмыш шараға Қараой ауылдық округінің әкімі В. Поротиков, №18 орта мектеп партия тобының төрайымы А. Уалибаева, дәрігерлік амбулатория тобының төрайымы Г.Ахметова, «Балапан» балабақша партия тобының мүшелері, ата- аналар қатысты. Шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді.
Алғашқы сөзді алған ауыл әкімі В. Поротиков: «Бізге Тәуелсіздік оңай келмеді. Сол желтоқсанның қаһарлы күндерінен кейін көшеге шықсаң өте қорқынышты көрініс көз алдыңда тұрды. Біз осыны ұмытпауымыз керек.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2016
 
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХЫ БАР ГИМНАЗИЯ
Егемен ел атанған алғаш жылдардың өзінде-ақ, республика бойынша біраз мектептер ашылды. Солардың бірі - Өтеген батыр кентінде орналасқан «Ай-Нұр» лингвистикалық гимназиясы. 1999 жылы ірге көтерген бұл білім мекемесі ұрпақ тәрбиесінде елеулі еңбек сіңірген.
1999 жыл. Киелі қасиетті тоғыз сандар да тізіліп осы гимназияның ашылуына ақ жол тілеп тұрғандай болып еді. Тікелей басшылық етіп, көмек көрсетіп, осы киелі білім ордасының есігін ашқан Қасымова Айман Үсенбайқызы болатын. Жаңа өмірдің басталуына мөлдір сезім болса, бұл мектептің ашылуына, білімге деген құштарлық, үлкен махаббат себеп болды деп айтсақ қателеспейміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.12.2016
 
«Тәуелсіз Қазақстан-Мәңгілік Ел» тақырыбында өткен әдеби-сазды кеш

2016-2017 оқу жылында Боралдай кентінде жаңадан ашылған білім ордасы №40 орта мектебінде 12 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жыл қарсаңында Іле аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде «25 жұлдызды күн» ортақ тақырып аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі бірегейі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан-Мәңгілік Ел» атты әдеби-сазды кеш.Кешті ұйымдастырғандар мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ш.Қ.Ахметкулова мен Ш.А.Базаргалиева және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі.

Кештің мақсаты: Тәуелсіздік жолында жандарын қиған батырларымызды ұлықтау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.12.2016
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Чапаев ауылдық округінде өткізілген іс-шара
 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық кітапханада Чапаев ауылдық округінің әкімі Б.Жумабаевтың қатысуымен және жергілікті қоғамдастықтың мүшелерімен жиналыс өтті. Бұл жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңесі, округіміздің тұрғындары қатысты. Жиналысты округ әкімі ашып, келе жатқан Тәуелсізідігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылы атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті, атап айтқанда Елбасымыздың сындарлы саясатының аясында №10 ОМ жасалған күрделі жұмыстар мен 4 ауысымдықты жою мақсатында жаңадан 900 орындық мектептің құрылысы басталып жаңа оқу жылында тапсырылатындығын, сондай-ақ округтегі Гагарин, Атамекен, Абай, Мир көшелерінде атқарылып жатқан жарықтандыру жұмыстары, апатты ағаштарды кесу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.12.2016
 
ЖИЫРМА БЕС ИГІ ІС
 

Ауылымыздың білім шаңырағы - №1 орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 игі іс» атты игілікті шаралар өткізілді. Білім мекемесінің қақ төрінде шәкірттер дайындаған «Зәулім бәйтерек» тұр. Бұл сыйлықты мектепке «Өнер» әдістемелік бірлестігі тарту етті. Сондай-ақ ел тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бейнелеу пәнінің мұғалімдері Б.Тынбаева мен С.Құрмашев «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында сурет көрмесін ұсынып, көпшілікті қуантты. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Жуыстаеваның басшылығымен Ораз Сәбира мен Фатыкова Камилла «Бәйтерек - ел мақтанышы» атты ғылыми жоба қорғап, жеңімпаз атанды.
Бастауыш сыныптар арасында да қызықты шаралар өтуде. Мектептің 3 «А» сыныбының оқушылары «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына-25 есеп» деген сыныптастары арасында жарыс өткізді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.12.2016
 
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы – құқықтық білімі бар, патриоттық рухта ұрпақ тәрбиелеудің негізі
    2016 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп «Алматы облысындағы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары туралы» БАҚ үшін брифинг өтті.
Брифингке Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) баспасөз хатшысы Сымбат Исрапулова мен Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова қатысты.
Өз сөзінде С. Исрапулова Департаменттің келісімімен облыстық білім басқармасымен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ........
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.12.2016
 
ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ТОЙЛАДЫ
 

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық ардагерлеріміз  Междуреченск ауылындағы Мәдениет үйінде «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты қолөнер және ән-би байқауын өткізді. Байқауға қатысатын қарттар ауданымыздың барлық округінен келді.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қолөнер шеберлерінің  түрлі жанрдағы шығармаларымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Ә.Исаев, асылдың сынығы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Т.Кененқызы, Междуреченск ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Жармағанбетовтар танысып, әділ бағаларын берді.  Көрмеде қарттарымыздың шеберлігі бірінен-бірі өтеді. Шебер қолдардан шыққан кілемше, алаша, майлы бояумен, жәй қарындашпен салынған суреттер көздің жауын алады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.12.2016
 
ТІЛ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК
 

Тәуелсіздік пен тіл... Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар атау олардың адам өміріндегі алатын орнын айшықтайды. Яғни, тілсіз тәуелсіздіктің, тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес екендігін аңғарамыз. Тіл - тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясаттың арқасында мемлекеттік тіліміз бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ой елегінен өткізер болсақ, уақыт ішінде сындарлы тіл саясатын жүргізуде, соның ең бастысы - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде толымды табыстаhға қол жеткізгеніміз баршаға аян.

Қазақта «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деген дана сөз бар. Тілді үйрену отбасынан, балабақшадан, мектептен басталады. Ауданымызда жыл сайын қазақ тілінде тәрбие беретін мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің саны артуда.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.12.2016
 
ҚАЛТҚЫСЫЗ СЕНІМ ЖОЛЫНДА
    Өткен 84 жылдан астам уақыт арасында Қазақстан прокуратурасы қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті.
Алайда прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалау мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.
1991 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.11.2016
 
1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын
    Чапаев ауылдық округінде 2016 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 10.00-де Мәдениет үйінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елбасы-мемлекеттің, тәуелсіздіктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен округ әкімі Б.Жумабаев ашып, жиынға қатысушыларды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында егемендігімізді алғаннан бергі мезгілде Республикамызда болып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, жиналған жұртшылықты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.11.2016
 
БІЗДІҢ МАҢДАЙЫМЫЗҒА БАСҚАН БАҒЫМЫЗ
 

Үстіміздегі жылы еліміз қай сала болмасын көп жетістіктерге жетіп, халқымыздың жағдайы жақсаруда. Әлемді тербеткен – Мейірім дегендей, Мейірімділік адамдар арсындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық. Осы ізгі ниетпен – Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті игі шара өткізді.
Іле аудандық бөлімшесінде биылғы жылы мемлекеттік қызмет атқаруда оң өзгерістер болып, келген азаматтардың көңілінен шығуда. Бөлімше аудан бойынша 43 төлем түрі бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушыларға 1млрд. 525711,0 теңге қаржы төленіп, оған 18 маман өздерінің біліктілігімен, белсенділігімен сапалы мемлекеттік қызмет атқарып келеді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2016
 
САРЫТАУҚҰМНЫҢ САРЫ АЛТЫНДАЙ САЗЫ-АЙ
    Өткен аптада КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылындағы №31 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» жобасы аясында «Қазағымның ән-күйімен Тәуелсіздік таңы атты» халықтық «Сарытауқұм» ансамбліне 35 жыл толуына орай ән-сазды кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Д Жүнісов қатысты. Онда сарытауқұмдықтар әнмен әрлеп, мың бұралған биімен көпшілікті таңдандырды.
Акцияның алғашқы шымылдығын ілеліктер ғана емес, облыс бойынша танымал, атағы бел асқан 1979 жылы бұрыңғы Күрті ауданының аудан орталығы Ақши ауылындағы аудандық Мәдениет үйі жанынан көркемөнерпаздар үйірмесінен құрылған «Сарытауқұм» ән-би ансамблінің есептік концертімен ашылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.11.2016
 
ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛБАСЫ
 

2013 жылы Парламент қабылдаған заңға сәйкес, биылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсанда мерекеленетін болды. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны белгілі. Ал бұл сайлаудың ерекшелігі неде еді? Расында, 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлау КСРО шеңберінде өткен алғашқы халықтық үдерістің бірін білдірген болатын. Дәл осы 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлау арқылы Қазақстан халқы өз басшысын өзі таңдай алатындығын таныды. Бұған дейінгі Кеңестік кезеңнің барлық сайлауынан өзгеше өткен осы сайлау арқылы қазақ елі ендігәрі Қазақстан басшысы тек орталықтың пәрменімен тағайындалмайтынын, халықтың өзі билікке, өзінің көшбасшысын сайлау арқылы тікелей араласып, таңдау жасау құқығын жүзеге асыратынын сезінді. Нәтижесінде 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.11.2016
 
ШЫРҚАЛА БЕР ТӘУЕЛСІЗДІК ШАРЫҚТА
 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында Жетіген ауылындағы көркемөнерпаздар ұжымының ұйымдастыруымен «Жетіген жұлдыздары» атты есептік концерті берілді. Концертті аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырды. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істерімен айшықталып, үлкен жетістіктің арқасында «Мәңгілік елге» қол жеткіздік. Концерттік бағдарламада тақырыптық әндер шырқалып, көңілді көріністер көрсетілді.
Концерттің шымылдығы Жетіген оркестрінің орындауындағы Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен ашылды.
Жетіген ауылы аудан көлеміндегі ірі округтердің бірі болып саналады. Десе де округте Мәдениет үйі жоқ болғандықтан барлық концерттік іс-шаралар №11 орта мектептің аядай сахнасында өтеді. Осыған қарамастан концерт барысында өнер атаулының сан-саласынан жетігендіктердің құралақан емес екеніндігі байқалды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.11.2016
 
БЖЗҚ туралы 5 сауал
 

Оқырмандарымыздың сауалдарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап берді.
- Менің қызым келісім-шарт бойынша шетелде жұмыс істейтіндіктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, біз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?
- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс істей отырып, Сіздің қызыңыздың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.
Сонымен қатар Сіз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзі осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы, өйткені жарналардың кезеңділігін және мөлшерін адам өзі белгілей алады. Айтып өткеніміздей, ерікті жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.11.2016
 
БІЛЕК ПЕН БІЛІМДІ ҚАТАР ҰСТА ЖАС ҰЛАН!
    Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында әрі «25 жұлдызды күн» аясында Боралдай кентіндегі «Водник» ықшам ауданындағы К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектепте оқушыларды спортқа, еңбекқорлыққа баулып, патриоттық тәрбие беру мақсатында, бүгінде әлемдік аренада Қазақстанның намысын қолдан бермей, көк туын желбіретіп жүрген белгілі спорт шеберлерінің қатысуымен өткен кездесу өткізілді.
Кездесуге ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы, Азияның теңдессіз чемпионы, бокстан спорт шебері А.Назаров, әуесқой бокстан Әлем және Азия чемпионы, кәсіпқой бокстан 4 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен, ҚР-ның спорт шебері, көптеген Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, аталмыш мектептің түлегі А. Ахмедов,
 кәсіпқой ........
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.11.2016
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Күрті ауылдық округінде «Спорт – денсаулық кепілі» атты тақырыпта өткен волейбол жарысы
    Ақши ауылындағы № 8 орта мектептің спорт залында, аудан көлемінде және Күрті ауылдық округ ардагерлерімен мекеме қызметкерлері арасында құралған командалар қатыса отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Дәулет-Бекет» ЖШС-нің жүлдесі үшін волейбол спорт ойнынан жарыс өткізілді, жарысқа 8 команда қатысты:    № 8 орта мектептің командасы, Т.Бокин атындағы № 41 орта мектептің командасы, Күрті су қоймасы командасы, ауылдық аурухана командасы, №13 өрт сөндіру бөлімінің командасы, Ардагерлер командасы, Байсерке командасы, Электр торабы командасы.
    Аталған шараға округ әкімі Д.Өгізбаев, аудандық маслихат депутаты «Даулет - Бекет» ЖШС-нің директоры С.Давлетов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауыл тұрғыны, ақын ...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.11.2016
 
ТАҒДЫРЫҢДЫ ЖАРҒА ЖЫҚПА
    Бүгінгі күні Қазақстандағы конфессионал-дық қауіпсіздікті қамтамассыз ету, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ең күрделі мәселеге айналып отыр.
Қазақстан-да бүгінгі күні діни сенім бостандығы жарияланған. Әркім қай дінге сенемін десе де, өзі таңдайды. Бірақ ең бастысы – ол адамдарды психологиялық жағынан жарымжан етпеуі, адамдардың тағдырын жарға жықпауы керек, оларды елдің мемлекеттік саясатына қарсы қоймауы тиіс.
Расында бүкіл әлем қазіргі кезде бейбітшілікке ұмтылуда. Бірінші кезекте соның дәлелі ретінде біздің елімізді айтуға болады. Кез-келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.11.2016
 
ЖҰЛДЫЗДАРЫҢЫЗ ЖАРҚЫРАП ЖАНА БЕРСІН
    Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Төрткен Кененқызының 80 жасқа толуына орай, «25 мәдени жарқын іс» акциясы аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен марқұм Әлібек ағамыздың кіндік қаны тамған жері Есік қаласында «Ән жырым саған - Тәуелсіздік» атты концертін өткізді.
Концерт барысында Іле аудандық кітапханасының «Еңбекпен есейіп, өнегемен көркейген» атты слайды көрсетіліп, Төрткен Кененқызының кітаптарын насихаттау мақсатында, кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.11.2016
 
ТІЛ ҚАДІРІ - ЕЛ БАЙЛЫҒЫ
 

Тіл - үш-ақ әріптен тұратын сөз, бірақ қандай көп мағына білдіреді. Біздің тіліміз өте әдемі, әрі өте бай тіл. Мен қазақ болғаныма, қазақ тілімді жетік білгеніме мақтанамын. Әр «қазақ» деп соққан жүрек, әр адам осылай ойлайды деп ойлаймын. Кейде көшеде өз қазақтарымызың бір-бірімен орыс тілінде сөйлеп бара жатқанын көргенде жаның ауырады. Осындай адамдарға қарап ішім ашиды. Егер өзіміз өз тілімізді қастерлеп қадірлемесек, басқа ұлттан не күтеміз. Әрине басқа ұлттардың тілін білген өте дұрыс, бірақ өз тіліңді ұмыту деген сөз емес. Егер біз барлығымыз тек қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізді қадірлей білсек, басқа ұлттар біздің тілімізге қызыға қарар еді. Ертең басқа ұлттар бізге қазақ тілінде сөйлер еді. Шынымды айтсам неге біз орыстарға орысша, ал шет ел ұлттарына ағылшынша сөйлейміз. Соны бір сәт болса да ойладыңыздар ма?

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.11.2016
 
НӘТИЖЕЛІ ІСТІҢ НАР АТҚАРАР ЖҰМЫСЫ
    Өтеген батыр кентіндегі №24 орта мектеп-лицейдің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ХX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, аудандық партия филиалы төраға-сының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, аудандық Саяси кеңес Бюросы мүшелері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан шақырылған партия белсен-ділері, ауданның мекеме, бөлім басшылары, этномәдени орталық өкілдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен партияның «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.11.2016
 
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ
 

«Қазақстан - тәуелсіз ел» жас қырандай шыңға шығып, жиырма бес жылда шыңдалып, орда бұзған батырдай талай ауыр сындардан аман өттік. Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына қарсы табысты еңбегімен өз үлесін қосқан ұжымдардың бірі Боралдай елді мекеніндегі «Жедел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алып шаһар Алматы қаласының мың жылдығына қарсы еселі еңбек етіп, тоғыз жолдың торабына көліктері қатынап, халықтың алғысына бөленуде. Қазан айының соңғы жұмасында ұжым төл мерекелерін ұйымшылдықпен атап өтті. Еңбегі сіңген ардагер жұмысшыларын құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Мекеме басшысы Ерлан Шорманов бауырымыздың айтуына қарағанда соңғы екі жылда 35 жаңа автокөлігін алған көрінеді. Алматы қаласының аймағы күннен-күнге ұлғайып, жолаушылардың саны артып келе жатқандығынан әр бағытқа 5-10 рейс қосылып отырғандығын да айтып берді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.11.2016
 
ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БАҚЫТЫ
 

«Қазақстан - тәуелсіз ел» жас қырандай шыңға шығып, жиырма бес жылда шыңдалып, орда бұзған батырдай талай ауыр сындардан аман өттік. Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына қарсы табысты еңбегімен өз үлесін қосқан ұжымдардың бірі Боралдай елді мекеніндегі «Жедел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алып шаһар Алматы қаласының мың жылдығына қарсы еселі еңбек етіп, тоғыз жолдың торабына көліктері қатынап, халықтың алғысына бөленуде. Қазан айының соңғы жұмасында ұжым төл мерекелерін ұйымшылдықпен атап өтті. Еңбегі сіңген ардагер жұмысшыларын құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Мекеме басшысы Ерлан Шорманов бауырымыздың айтуына қарағанда соңғы екі жылда 35 жаңа автокөлігін алған көрінеді. Алматы қаласының аймағы күннен-күнге ұлғайып, жолаушылардың саны артып келе жатқандығынан әр бағытқа 5-10 рейс қосылып отырғандығын да айтып берді.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.11.2016
 
ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ САПАЛЫ ӨНІМІ
 

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев жұмыс сапарымен Іле ауданында болды.
Партияның облыстық филиалының бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында М.Түймебаев ауылында орналасқан «BTK GROUP» ЖШС басқаратын кірпіш зауытының жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының орындалуы жайында әңгіме қозғалды. Зауыт басшысы, облыстық мәслихат депутаты Тоқан Ботабеков кірпіш шығаратын зауыттың жұмысымен таныстырып, жаңа технология құрылғыларының арқасында 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығын атап өтті.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.11.2016
 
КОНФЕРЕНЦИЯДАН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ДЕЙІН
 

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының құрамында 2015 жылдың есебі бойынша 13 бастауыш партия ұйымы, 152 партия топтарындағы партия мүшелерінің саны 11095 адамды құрады. Соның ішінде 428 адам партия қатарынан шығарылып, 387 адам партия қатарына қабылданды.

2016 жылдың 10 айында аудандық партия филиалының құрамында 13 бастауыш партия ұйымы, 154 партия топтары бар. Бастауыш партия ұйымдарының қатарында 11603 партия мүшесі бар.

2016 жылдың 10 ай ішінде 1860 адам партия қатарына қабылданып, 1347 адам партия қатарынан шығарылды. Партия мүшелерінің саны 2015 жылмен салыстырғанда 508 адамға өсіп отыр.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.11.2016
 
ТҰРҒЫНДАР МҰҢЫ ТЫҢДАЛДЫ
 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен және «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен Өтеген батыр кентінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.11.2016
 
МАРГАРИТА ИРАНДЫ ДА БАҒЫНДЫРДЫ
    Өткен аптада Өтеген батыр кентіндегі «Мақсат» тойханасында «Болашақ» Әлеуметтік азаматтық базис» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Бекходжаева және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын-алу шаралары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда «Қазақстан дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы З.Байсақова «Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын-алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды.
Онда отбасындағы құндылықтарды сақтау мен қастерлеу бүгінгі жаңа қоғамның парызы екендігі туралы айтылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.11.2016
 
БЕЛСЕНДІ ПАРТИЯНЫҢ БЕЛДІ БЕЛЕСТЕРІ
 

Алғашқы құрылған күнінен бастап біздің партия тың бастамалар көтеріп, мемлекеттік жауапты шешімдердің қабылдануына ұйытқы болып жүр. Ол елдің мүддесін қорғайтын, халықтың керегін жоқтайтын нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келеді. Сол себепті де өткен сайлаулардың бәрінде көпшіліктің сеніміне ие болды. Биліктің тізгінін өз қолына алған «Нұр Отан» партиясы елімізде ұлттың болашағы үшін тынбай жұмыс жасап жатқан бірден-бір партия екені баршаға мәлім. Партияға жетекшілік етіп отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында еліміздің қуаты артып, әлем мойындаған мемлекетке айналдық.

Аудан бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының алға қойған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының орындалуы жайында жұмыстар атқарылды.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.11.2016
 
БЕДЕЛІ ЖОҒАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ
 
      Елбасымыз Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасындағы көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейдегі бағдары айқын және даму барысы дараланған шынайы демократиялық үдерістерге сай партия. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында да «Нұр Отан» партиясының жұмысына басымдық беріп, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуына жол ашып келеді. Соның негізінде «Нұр Отан» партиясына қарасты филиалдардың жұмысы жанданып, партияның Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің жүйелі жұмыстарының арқасында тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері оңтайлы шешілуде.
      Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегеннен кейінгі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы да халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, көкейдегі сауалдарға қашанда орынды ой, орнықты жауап қайтара алатын дәрежеде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.11.2016
 
СҰРАНЫС БОЛСА, ЖҰМЫС ТА БАР
 
      Іле ауданының экономикасын ілгерілетуге өнеркәсіп, құрылыс салаларымен қатар ауылшаруашылығы саласы да үлкен үлес қосуда. Негізінен Іле өңірінде төрт түлік мал өсірумен бірге егін шаруашылығы да қатар дамытылуда. Кешегі кеңес заманында мұнда отар-отар қой, табын-табын жылқы мен сиыр өргізіліп, мыңдаған гектар жерге бидай мен қант қызылшасы өсірілгені бәрімізге жақсы мәлім. Қазір де бұл игілікті дәстүр өз жалғасын табуда. Бүгінде 157254 бас қой, 39986 бас шошқа, 56773 сиыр, төрт мыңдай түйе бағылады. Сонымен қатар, 7500 гектар жерге бидай, 13340 гектарға арпа, 5270 гектарға жүгері, 9540 гектарға сафлор, 2175 гектарға соя, 360 гектарға күнбағыс, 1525 гектарға картоп, 3930 гектарға көкөніс, 730 гектарға бақша дақылдары өсіріледі. Малшылар мен диқандар өздері өсірген мал мен егістік өнімдерін Алматы қаласы мен аудан тұрғындарына сатып, одан түскен пайданы тиісті қажеттіліктеріне жаратуды бүгінгі күн талабына сай жүзеге асыруда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.11.2016
 
МАРГАРИТА ИРАНДЫ ДА БАҒЫНДЫРДЫ
    Ел үмітін ер ақтар, не болмаса, ер мінезді нәзік жандыларымыз да ақтайтынына көзіміз әбден жетті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатында алға қойған тапсырмасына орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласы сара жолға қойылғалы бері еліміздің түкпір-түкпірінде спорттың әр түрінен жастарымыз өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Сол жастардың бірі өзіміздің Маргарита Агамбаева деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені, қаршадай қыз жақында ғана Иран мемлекетінде жастар арасындағы шыңға өрмелеуден өткен Азия чемпионатында шыңға жылдам өрмелеу бойынша жүлделі ІІ-орынды алып келді. Маргарита Агамбаева Өтеген батыр кентіндегі Экономкиа және құқық колледжінің студенті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.11.2016
 
ТӘУЕЛСІЗДІК - БІЗДІҢ БОЙТҰМАРЫМЫЗ
 
      Тәуелсіздікке біз оңайлықпен жеткен жоқпыз. Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің, «Елім-жерім» деген жан дауыстың, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақтың өмірі қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді. Теңдік пен татулықты, елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы, қылыштың қыры, садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған» тәуелсіздік таңына жетті. Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені, біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 25 жыл толады. Жиырма бес жылда көптеген белестерді бағындырып, биіктерден көрініп келеміз. Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың діні мен тілі, халықтың, барша жұрттың тойы. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.11.2016
 
ОН ЖАСҚА КЕЛГЕН «ІЛЕ САЗЫ»
    Өткен аптада ілеліктер Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінде «Іле сазы» балалар мен жасөспірімдер ансамблінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ансамблдің 10 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным!» атты концертін тамашалады. «Іле сазы» ансамблі қазір қанат жайып өнер мектебі болып қалыптасып, тамырланып жайқалып өскен алып бәйтерек болды десе артық айтқанымыз емес. Олардың алдыңғы буыны Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін аяқтап, өмір жолдарында күтіп тұрған үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр. Міне солардың жалғасы болып кішкентай ансамбль мүшелері ауданымыздың көркін енгізіп, атын облыс бойынша және шет елдерде асқақтатып жүр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.10.2016
 
МҮМКІНШІЛІКТІ ШЕКТЕУГЕ ЖОЛ ЖОҚ
    Ауданымыздағы көпшілік нысандарындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кіреберіс жолдарының бекітілген қалыпқа қаншалықты сай жасалғанын тексеру үшін аудан әкімшілігіне қарасты мекеме қызметкерлері рейд жұмыстарына шықты. Рейдті жүргізу үшін арнайы Алматы облыстық жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары Е.Өмірзақов келіп, біраз мемлекеттік мекемелерде болып, мүгедектер үшін жасалатын қамқорлықтың деңгейіне көз жеткізді. Рейдке аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық орталық аурухана, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мамандары, аудандық білім бөлімі қатысты. Басты мақсат - мүгедек жандарға кедергісіз орта қалыптастыру.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.10.2016
 
«БОЛАШАҚ» ІРГЕЛІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
 
      Қазақстан Республикасындағы Үкіметтік емес ұйымдар демократиялық үрдістерге тікелей қатысушылардың бірі және маңыздысы болып табылады. Сондықтан да қоғам мен билік олардың қызметін Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның құрылуындағы маңызды үлесіне айрықша назар аударады. Үкіметтік емес ұйымдардың ролі әлеуметтік мәселелерді шешу мен Қазақстанның басым азаматтарының қоғамның өміріне қызығушылығын арттырудағы билік пен халықтың күшін біріктіру үшін аса маңызды.
      Бастапқыда «Болашақ» үкіметтік емес ұйымы болып тіркеліп, одан кейін «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базис» қоғамдық ұйымы болып құрылған үкіметтік емес ұйымының жұмыс істегеніне 15 жылдан асып кетті. Осы жылдар арасында бұл ұйым оқушылар мен жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды жан-жақтылыққа, өнерге, спортқа жалпы шығармашылыққа баулуда тындырымды жұмыс атқарды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.10.2016
 
Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, балатуу мен оның күтіміне жәрдемақытағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.
«Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Әділет министрлігі баланың туылуын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тіркеуге өтінішті 3 жұмыс күні ішінде берулері тиіс деген өзгерістер енгізген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.10.2016
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және .....
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.10.2016
 
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС БАҚЫЛАУЫНДА
 
      Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп атап көрсеткен болатын. Қай мектептің де болашағының жарқын болуы білімге байланысты. Осыған орай барлық дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесіне көшуде. Елімізде де орта білім берудің жаңа бағдары жасалып, қазақстандық оқыту жүйесі әлемдік кеңестікке енуге бағыт алуда. Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі азаматтардың озық ойлылығымен, іскерлігімен анықталады, сондықтан, білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Сол себептен оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
    Сапалы білім беру қызметін көрсету - білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған аса жауапты міндет. Білім сапасы ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.10.2016
 
ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУДЕ
    Жаһандану процесі әлемге кең құлаш жая түскен сайын елді елеңдететін жәйттердің де арта түсіп отырғаны жасырын сыр емес. Солардың ең бастыларының бірі терроризм мен экстремизм болуда. Қай халықтың болса да елдігіне қауіп төндіріп, бейбіт күн, берекелі тірлігін бүлдіретін бұл қатердің алдын алмаса болмайтыны белгілі. Әлемнің кейбір елдеріндегі жағдай осыны көрсетуде. Сондықтан Елбасының өзі бас болып, мұндай қатердің алдын алуға, береке-бірлігімізді нығайта түсуге айрықша көңіл бөлінуде.
Өткен жұма күні Өтеген батыр кентіндегі №28 орта мектепте осы мақсатты көздеген жиын болып өтті. Онда «Діни қызмет және діни бірлестіктер» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-VI Заңының насихаттау, діни экстремизм және терроризмнің
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2016
 
НЕГІЗГІ МАҚСАТ ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТУ
 
     Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында қазақстандағы жұмыссыздықты азайту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, сол арқылы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударып, бұл бағытта бірнеше маңызды бағдарламаларды ұсынды. Соның ең маңыздысы - 2015 жылы қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» стратегиялық жоспарында 83-84 қадамдарында жұмыссыздықты барынша азайтудың қадау-қадау мәселелері алға тартылған. Осыған байланысты біз Іле аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Еркін Әбілханұлы Жақашевты әңгімеге тартқан едік.
- Еркін Әбілханұлы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар жүзеге асырылды?
    Баршаға жақсы мәлім бұл бағдарламаның негізгі мақсаты жұмыссыздықты азайту, халықтың өз кәсібімен айналысыуына мүмкіндік туғызу. Сол арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту. Бүгінгі күнде «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы үш бағыт аясында жүзеге асырылуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.10.2016
 
ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУДЕ
    «Нұр Отан» - Ел Президентінің партиясы, «Қазақстан - 2017 мақсаттары, ұлттық іс-қимыл жоспарын», партияның Саяси Доктринасын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын басшылыққа ала отырып халықтың әл-ауқатын, қоғамның және еліміздің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатында жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін, рухани дамуына негізделген 9 партиялық жоба жүзеге асырылып, кешенді шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ, «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын мектепке дайындау мақсатында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.10.2016
 
МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕЙРАМ
 
     «Мейірім» мүгедектер қоғам бірлестігі Іле аудандық филиалының директоры Нұрбол Абдуллаев Шайзаұлы ауданымыз үшін жаңа есім. Жас жігіт қазір аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайды. Олардың денсаулығына алаңдап қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына атсалысып жүрген мейірімді жанның бірі. Өзі басқарып отырған бірлестіктің атқаратын жұмыстары да осы бағытта арналған. Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері құрылған бұл бірлестіктің 8 айдың ішінде атқарған жұмыстары ұшан теңіз.
Өткен аптада Байсерке ауылындағы №28 мектеп гимназиясында «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы мен «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірігіп, Алматы облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосып олардың өнерлерін тамашалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.10.2016
 
ТҮСІНІКТЕМЕ
 
     Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті бірқатар БАҚ беттерінде еліміздегі мешіттерде ресми уағыздардан кейін қосымша түрде оның орыс тілінде түсініктемесі айтылуы қажет деген мәселе төңірегінде туындаған талқылауларға қатысты түсіндірме беруді қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе Министрлік тарапынан емес, осы шараға қатысушылардың бірімен көтерілген болатын. Сәйкесінше, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі аталған іс-шара барысында осы мәселе төңірегінде журналистер тарапынан сұрақтар қойылғаннан соң біршама түсініктеме берген болатын.
     Министрлікке исламға қызығушылық танытып жүрген бірқатар діндарлардың мешіт имамдарының уағыздарын толық түсінбейтіні туралы ел азаматтарынан өтініштер түсіп отырады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.10.2016
 
БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ
 
     «100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру, деп есептейді. Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр¬тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет.
     Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұраққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.
   Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қам¬қорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстан¬дықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.10.2016
 
ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық Жастар ресурсы орталығы ұйымдастырған мерекелік іс-шара Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылындағы орталық спорт алаңында үлкен дәрежеде аталып өтті. Бұл іс-шараға аудандық мәслихат депуттары С.Чатуев, Ғ.Дауталиев қатысты. Мерекеде сөз алған Ащыбұлақ округінің әкімінің орынбасары Қ. Бұғабаев жастарымызды құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді.
«Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдық өкілдер құлақ асқан беделді мемлекетке айналды. Демек жастарымыз да соған сай білімді де білікті болуы керек», дегенді алға тартады шараны ұйымдастырушылар.
Мерекелік шара эстрада жұлдыздарымен аудан жастарының концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.10.2016
 
ҚҰЙҒАН АУЛЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ
 
     Жетіген ауылдық округіне қарасты Құйған ауылында жаңа мешіт үйі бой көтерді. Ірге тасы сонау 2007 жылдары қаланған еді. Ауыл тұрғындары болып бұл қуанышқа ортақтасқан болатын. Ауыл азаматы елдің тумасы қазіргі күнде Қапшағай қаласында тұратын «Қапшағай қаласының құрметті азаматы» қалалық «Игілік» қайырымдылық қорының президенті Қапшағай мешітінің найб имамы Тұрысбек Доспанбетов ағамыздың ұйымдастыруымен қолға алынған болатын. Ірге тасы көтеріліп жұмыс жүрген еді. Алайда осы кезде демеушілік көрсетіп құрылыс материалдарынан қол ұшын берген Қапшағай қаласындағы «Knauf» неміс фирмасының нарықтық қиыншылықтарға байланысты құрылыс материалдарын бере алмай қалған еді. -«Сол күндері бұл компаниялар жақсы көмек көрсеткен болатын, алайда нарықтық қиыншылықтарға кездесіп, кейінгі кезде көмек бере алмағаны рас. «Ештен кеш жақсы» демей ме халқымыз. Міне үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері жеке кәсіпкерлер-Қуаныш Жаупаров пен Амангелді Романов бауырларымыз келіп бұл істі бастап кетті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.10.2016
 
ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
    Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Байбота-Асар» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Жауғашты ауылындағы 155/4 әйелдер түзету мекемесінде өзге ұлт өкілдері арасында «Тілге-құрмет, елге-құрмет» атты тақырып аясында сайыс өтті. Елімізде мекендеген 130-дан аса ұлт пен ұлыстардың тілге құрметі қазақ тілінің мəртебесін көтерудегі осындай сайыстарға белсене қатысуы болып отыр.
Байқаудың мақсаты өзге ұлт өкілдері арасында біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту болып табылады. Сайыс мемлекеттік тілде өзін таныстыру, қазақ тілінде əн орындау және қазақ ақындарының өлеңдерінен 1, 2 шумақ үзінді оқу сынды үш кезеңнен құралды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.10.2016
 
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ
 
     Әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.10.2016
 
ТІЛ-ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ
 
      Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.10.2016
 
ЕМІРЕНІП ЕЛІ ІЗДЕГЕН ХАС АҒА
     Ілеліктер топырағы - ежелден аты аңызға айналған дара таланттардың, аймаңдай асылдарымыздың алтын бесігі, құтты қоныс Райымбек ауданы, Қарасаз ауылының дара тумасы, айтыскер ақын, сатирик Хасанәлі Саматыровтың еске алу кешін ұйымдастырды.
Кеш аудан әкімінің аудандық кітапханасында өтті. Кешке араға ұзақ жылдар салып халықпен табысқан ақындар айтысын Жетісу өңірінде алғаш ұйымдастырған филология ғылымдарының докторы Бұлдыбай Анарбай, айтыскер ақын Нұрлан Әбдібек, ақын, қазақ радиосының қызметкері, ақынның шәкірті Бақыт Жағыпарұлы, айтыскер ақын Даубай Әбдісаев, жерлесі, ақын Сәлім Жусанбай, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ұлжан Жұмаділова, кітапхана директоры Мейрамгүл Жабиева мен өңір зиялылары, ақынның туыстары, балалары және Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп оқушылары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.10.2016
 
АЙРЫҚША МӘРТЕБЕ МЕН ӨКІЛЕТТІЛІККЕ ИЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
 
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам: Ұлт жоспарына» орай «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес ерекше мәртебе мен өкілеттілікке ие қоғамдық кеңестердің жаңа жүйесінің құрылғандығы баршамызға мәлім. Жоғарыда аталған Заңды жүзеге асыру мақсатында біздің ауданда да қоғамдық кеңес құрылып, оның төрағасы болып «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы сайланған болатын. Аудан бойынша бұл жұмыстың қалай құрылғандығы, қоғамдық кеңеске жүктелер міндет, атқарылар қызмет жөнінде Ерболат Сапарұлын әңгімеге тартқан едік.
- Ерболат Сапарұлы, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңды жүзеге асыру мақсатындағы атқарылған іс-шараларға тоқталып өтсеңіз. Жалпы бүгінгі өмірімізде қоғамдық кеңестердің алдына қойылатын мақсат-міндеті қалай?
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.10.2016
 
1-ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ
 
      Қарттар біздің байлығымыз. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халқымыз қартын құрметтеп, сыйлап отырған. Қарттарымыздың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Дана халқымыз – «Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең», «Қарты бар үйдің-қазынасы бар», «Төріңнен қарт кетпесін», деп тілеген халық. Шындығында да «өсетін елдің өнегелі ұрпағы данагөй – қариясын» құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. «Үйдегі қарияң - жазып қойған хатпен тең»,-демекші, қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, келешегі жарқын, болашағы үстем, мерейі үстем болары хақ. Қарияның ақ батасынсыз, даналығынсыз қазақ қоғамында іс басталмаған. Бұл ықылым заманнан бері келе жатқан игі дәстүр. Қарттың бүгілген беліне сүйеу болу, үлкенді сыйлап, құрметтеу - ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздер жастар үшін қашан да арқа сүйер асқар таусыздар, жанашыр, ақылы дария ақылмансыздар!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.10.2016
 
БАТАНЫҢ БАТАСЫ БАР ЕР КӨКТЕГЕН
 
      Байсерке ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Қенжеқұловтың ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған « Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру байқауы өтті. Байқау көшпелі тұрмыс тәжірбиесінен туған қазақтың киіз үйінде өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты бата төңірегінде ой қозғау, ел –жұртқа сыйлы, үлгілі-тағылымы ақсақалдардың орайын келтіріп, орамын тауып айтқан бата-тілектерін насихаттай отырып, оны жасы үлкен адамдардың дәстүрлі азаматтық парызы ретінде ұғындыру, «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды iзгiлiкке, парасаттылыққа, мейiрiмдiлiкке баулитыны, ұлы қасиеттерге бастаушы рухани мұра болып табылатыны, қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беретінін, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашатынын , бәле-жаладан қорғайтындығын барша жұртқа жан-жақты түсіндіру.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.09.2016
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ ҮШІН МАНИФЕСТІҢ МӘНІ ЗОР
     Байсерке ауылындағы №12 орта мектебінде «Ұлт көшбасшысының «Әлем XXІ ғасыр» Манифесін ақпараттық насихаттау мақсатында «Бейбітшілік-дамудың нақты көзі» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті. Конференцияның мақсаты Елбасының 31 наурызда Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік самитінде әлем жұртшылығы алдында жасаған үндеуін оқушыларға түсіндіру еді. Аталған шара ұстаздар мен оқушылар арасында баспасөз конференциясы түрінде өтті.
Осы іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Т. Ботабеков, аудандық әкімдік аппарат мамандары, Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Қажиев, Байсерке ауылдық округі бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы С.Мұстафина мен ұстаздар, жас мамандар, ата-аналар, оқушылар қатысты. Алғы сөзде тарихшы Н.Демесинова баяндама жасады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.09.2016
 
ЖАҢА МЕКТЕП КОМИССИЯ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛДЫ
     Үсмтіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Қаскелең қаласынан бастау алған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған автошеру қасиетті Іле жеріне келіп жетті. Шеруге қатысушылар Ащыбұлақ округі Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектеп пен Энергетический ауылдық округіндегі Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінде халықпен бет-бет кездесулерін жалғастырды. Бұл шеруге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы облыстық филиалының бас менеджері Ж..Нұрғазинов, Қазақстан тұрғын үй құрлыс жинақ банкі Алматы облыстық филиалының бөлім бастығы М. Бүлгенов, Алматы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының менторы (эксперт) Б.Тастанбеков,..
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.09.2016
 
ЖАҢА МЕКТЕП КОМИССИЯ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛДЫ
     Боралдай ауылдық округі «Водник» ықшам ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген №40 орта мектептің техникалық және сәулет құрылысы жағдайын тексеру үшін «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау Департаментінің инспекторы Р.Жұманов арнайы ауданымызға атбасын бұрды. Комиссия құрамында аудан әкімі Қ.Медеуов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, Боралдай ауылдық округі әкімі М.Орынбаев болды. Олар судай жаңа мектептің спорт залын, оқу кабинеттері мен асхана блоктарын қарап шықты. Осы ғимаратты салған «Жөндеуқұрылыс» ЖШС-нің директоры Ж.Абдімұратовтың айтуынша: Боралдай кентіндегі мектеп 600 орынға лайықталған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.09.2016
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
 
      «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.09.2016
 
Ащыбұлақ ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Алматы облысы бойынша өткізілген автошеру
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және 100 қадам Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған мәселелерді талқылау, мемлекеттілікті, Қазақстан азаматтарының  тағдырының бір екендігінің, «Мәңгілік ел» мен «Елімінің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға бағытталған Алматы облысы бойынша автошеру Қарасай ауданынан бастау алып, 21.09.2016 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі, Жәпек батыр ауылы № 36 орта мектептің алаңында өткізілді.
Автошеру Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді ауылдары мен Текелі және Талдықорған қалаларын қамтиды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.09.2016
 
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
     Облысымыздың өзге де өңірлері сияқты аудан көлемінде Ащыбұлақ пен КазЦИК округтерінде республикалық «Учаске» жедел алдын алу шарасы басталды. Бұл шараға Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарынң Ішкі істер басқармасы, Қапшағай қаласының Ішкі істер басқармасы, аудандық көші-қон полициясы, Алматы облысы батальоны жол патрульдік полициясы мен рота жол патрульдік полициясы барлығы 213 полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Учаскелік полицейлермен округтегі Қоғамдық кеңес мүшелері өз аумақтарындағы мекен-жайларды аралап, азаматтар туралы мәліметтер жинастыруда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.09.2016
 
Ұлт пен Ұлыстарды ұйыстыратын өткір де ұтқыр идея
 
      Біздің еліміз сан алуан ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жиып, берекесі мен бірлігін сақтаған елге айналды. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. Соның айқын дәлелі Тәуелсіздігімізді алғаннан бері 130-дан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Президент өткен жылдар ішінде БҰҰ әлемдегі талай мемлекетке үлгі-өнеге ретінде ұсынған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын, бес рет қатарынан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі зор табыспен өткенін мәлім етті.
- «Біз іргемізді бекітіп, елдігімізді бекемдеген соң әлемдегі ең дамыған елдердің тәжірибесін зерттеп, дамудың өзіміз жасаған «қазақстандық моделін» ұсындық. Дамудың ең жарқын болашағын айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясын түздік. Дәл осы құжаттың негізінде алға қойған мақсатымызды рет-ретімен жүзеге асырып, қуатты да табысты мемлекет орнаттық.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.09.2016
 
АҚ БАТА ЖАРЫСЫ КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ
     Ащыбұлақ ауылдық округіндегі қоғамдық кеңес төрағалары Р.Бақтыбаев пен Т.Маханов және округ әкімшілік аппаратының мұрындық болуымен биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ата-ана тәрбиесіндегі ақ батаның рөлін арттыру мақсатында Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектептің акт залында «Тәуелсіз елге ақ бата» атты бата беру сайысы болып өтті. Тұғырлы еліміздің Тәуелсіздік күніне орайластырылған бұл іс-шараға шаһарымыздың мешіт жамағаттары, еңкейген ақсақалдардан бастап, ақ аналарға дейін қатысып, өз бағын сынап көрді. Жарыстың шарты бойынша бата беру өнері оның киім киісі, қол жаю мәдениеті, дауыс ырғағы, батасының мазмұнымен бағаланды.
Жарысқа Алматы облысы бойынша ақ бата берудің жеңімпазы, ардагер ұстаз Б.Жұмабек, жергілікті жазушы А.Кірқабақов, ақын Н.Махмудхан төрелік етті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.09.2016
 
МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ
 
   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасында ел экономикасын көтеру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы іс-шаралар қадап айтылған. Әсіресе еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа бейімдеп, оларды әр түрлі мамандыққа бейімдеу арқылы жұмыссыздықты жою жайында мемлекет көлемінде атқарылатын нақты істерге көңіл бөлінген. Атап айтқанда Ұлт жоспарының 84 қадамында әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру мәселесі айтылған. Сөзімізді нақтыласақ, әлеуметтік көмектің тек оған зәру азаматтарға оларды еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында берілетіндігіне назар аударылған. Осыған орай біз Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Әйтенова Жұмагүл Смайлқызын әңгімеге тартқан едік.
- Жұмагүл Смайлқызы! «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағадарламасының біздің ауданда жүзеге асырылуы жайына тоқталып өтсеңіз. Қалай дегенмен де, аталмыш бағдарламаны оқып шығу бір басқа да, оның іс жүзінде жүзеге асырылуы басқаша.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.09.2016
 
БІЗ БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАЛАЙМЫЗ
 
      Чапаев ауылдық округы бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық сынақ алаңының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» акциясы аясында «Біз бейбітшілікті қалаймыз» атты жастар форумы өтті.
Форум барысында ауылдық кітапхана «Ақ орамал - бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі», «Бейбітшілікті қалаймыз» тақырыптарына кітап көрмелерін ұйымдастырды. Форумға қатысқан ақ жаулықты аналарымыз бен ауыл жастары «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бейбітшілікті сақтаудың нақты бағдарламасы», «Бейбітшілікті бағалайық», «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыптарына баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды. Жастардың пікірінше, манифест әлемдік қауіпсіздік пен адамзаттың бейбіт өмірі үшін жасалған маңызды бастама.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.09.2016
 
«Азаматтық бақылауға» азаматтар шағымданып келді
     2016 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев «Азаматтық бақылау» жобасының аясында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдаудың өтуіне ықпал еткен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұтып алған «Innovation-Koldau» қоғамдық қоры болды.
Қабылдаудың өтетіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге алдын ала хабарлама берілген.
Қоғамдық қабылдауға түрлі арыз-шағымын арқалаған 14 адам келді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.09.2016
 
МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
     Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Жәпек батыр ауылында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.
Қызыл Кеңестің тұсында колхоздың кеңсесі болған ғимарат тәуелсіздік алғаннан кейін ауылдық амбулаторияға айналған болатын. 2013 жылы «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасымен Жәпек батыр ауылына жаңа амбулатория салынғаннан кейін осы ғимарат босап тұрған еді. Округ әкімі ауылдағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдаса келе полиция бекетіне айналдырды. Ащыбұлақ округіне қарайтын 10 полиция инспекторларын екіге бөліп, бесеуін осы Жәпек батыр ауылына бөлді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.09.2016
 
МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
     Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды айтулы мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз егемендігін алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Діннің басты мұраты - қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Адамзат баласының етене араласуына, еліміздегі ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашаты - Құрбан айт мейрамы береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын ұлық мереке. Осы күні барша мұсылман жамағатының көпшілігі құрбан шалса, араздасқан ағайын татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланысты күшейте түседі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.09.2016
 
АУҚЫМДЫ ІСТЕР АРНАСЫ
 
      Алматы облыстық ардагерлер ұйымы мен аудан ардагерлері ұйымдарының жұмысын жақсарту мақсатында олардың атқарып жатқан істері жөніндегі есептерін тыңдау игі дәстүрге айналған десе болады. Бұған дейін Ескелді мен Панфилов аудандарындағы ардагерлер ұйымдарының есептері тыңдалған еді. Жақында кезекті ретімен Іле аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Әмзе Исаевтың «Іле аудандық ардагерлер кеңесінің ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қалыптастырудағы ұлттық мәдени орталықтары мен «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» атты бағдарламасы бойынша мектептерде басқа ұлт оқушыларымен өткізіліп жатқан сыныптан тыс тәрбие жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
Елдің аға буындары, қарттары мен қариялары Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы мен «100 нақты қадам – бес реформа» Ұлт жоспарына сәйкес қазіргі уақытта ауқымды жұмыстар қызу қолға алынып, жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.09.2016
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ
 
      Аудан көлемінде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Республика деңгейінде «Мектепке жол» атты акциясы өткізіледі. Осы үрдісті дәстүрлі түрде қолдап келе жатқан М. Мақатаев атындағы орта мектептің директоры Ғ. Нәдірбекова бұл акциядан қалыс қалмай, тамыз айы басталғалы қызу дайындыққа кіріскен болатын. Аталмыш акцияның мақсаты – балалардың 1-қыркүйек күні жаң мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алып баруына аз да болса көмек көрсету. Бастысы- балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау.
Бұл үрдістің бастауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар - біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.09.2016
 
ЕКІ АУЫЛДАҒЫ ОРТАҚ ҚУАНЫШ
 
      Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ашылған жаңа мектептің бірі Боралдай кенттік округіне қарасты жаңа құрылыс ықшам ауданында бой көтерген әсем ғимарат. Бүгінгі заман талабына салынған жаңа мектептің құрылысын «СКБ Контрэкшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салыпты. Құрылыстың құны бір жарым миллиард теңгені құрайды. Ауласы ат шаптырым жерді алып жатқан бұл сәнді ғимарат осы елді мекеннің  сәулетін арттырып, көркіне көрік қосып тұрғандай. 600 балаға арналған мектепте 32 оқу бөлмесі, химия, физика, биология, мультимедиялық лингафон, информатика кабинеттері мен үлкен  спорт  залы.
      Жаңа мектептің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы Тұрлашев, аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.09.2016
 
БІЛІМІ ТЕРЕҢ ЕЛДІҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ КӨП БОЛАДЫ
 
      Өткен аптада Комсомол ауылындағы №31 орта мектепте «Білімді ел - мәңгі ел» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті.
Тамыз кеңесі аудандағы білім беру жүйесінің даму көрсеткіштері мен жетістіктері жайлы көрмемен ашылды. Онда аудан көлеміндегі әрбір орта мектептер өздерінің жетістіктерін жаңа электронды слайд арқылы көрсетті. Тамылжыған тамыз айында дәстүрлі түрде өткізілген жиынды аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов жүргізіп отырды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Л. Каткеева ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай келе, ауданда білім саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, биыл екі мектеп қолданысқа берілетінін келесі жылы да аудан көлемінде жаңа орта мектептер құрылысы жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, оқу бөлімінің басшысы өз сөзінде бала тәрбиесіне басымдық берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.09.2016
 
ЕҢБЕКПЕН ЕСІЛГЕН ЕЛ, ДАМУДЫҢ ДӘМІН БІЛЕДІ
     «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Облыстық партия филиалының бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында Ащыбұлақ ауылдық округі, Түймебаев ауылы, Ардагерлер үйінде орналасқан «Ащыбұлақ» бастауыш партияның партия активімен кездесіп, атқарған жұмыстарымен алдағы өзекті міндеттерімен танысып, өзінің оң бағасын берді. Осыдан кейін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Т. Сарыбаев М.Түймебаев ауылында орналасқан «BTK GROUP» ЖШС кірпіш зауытының қызметкерлерімен кездесті.
       Кездесу барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының орындалуы жайында сөз қозғалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.09.2016
 
Білім - бітпес қазына
 
       Қымбатты оқушылар! Құрметті мұғалімдер, ата-аналар! Cіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бірінші қыркүйек - айтулы және жалпыхалықтық үлкен мереке! Осы білім күніне орай біздің ауданның 42 500 шәкірт мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Балаларымыздың өмірінде айтарлықтай білімге, ілімге деген ғажайып, жаңа өмір жолы басталатын күн. Бұл біздің жалпы мерекеміз, сондықтан болар барлық бастамалардың бірі әрі бірегейі - білім. Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін және өмір азығы болады. Бүгін отандық білім саласының дамуы мемлекеттік саясаттың басты және негізгі алдыңғы қатардағы бағыты. «Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз қажет», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында атап өтті.
       Бүгінгі күні ғылымдағы жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.09.2016
 
АТА ЗАҢ - ЕЛДІГІМІЗДІҢ ІРГЕТАСЫ
 
      Cіздерді біздің еліміз үшін ең маңызды мерекенің бірі - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Еліміздегі Негізгі Заң барлық қазақстандықтардың құқығы мен мүмкіндігінің кепілдігі, толайым табыстың мызғымас іргетасы. Көпұлтты ауданымыздың бірлігін бекем етіп, берекесін арттыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, қоғамдағы тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті нығайту басты мақсатымыз болып табылады.
       Осыдан тура 21 жыл бұрын біздің еліміз өзінің негізгі Заңы - Конституциясын қабылдады. Содан бері ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауға бағытталғандығын айқын дәлелдеп келеді. Біздің қоғамдағы бүгінгі қол жеткен табыстарымыз бен шыққан биігіміздің негізі осы Заңда. Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы, табан тіреген асқарлы биігіміз ел Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатының арқасында мүмкін болып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.08.2016
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күні мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында өткізілген аудандық жарыс
    2016 жылдың 27 тамыз күні Ащыбұлақ ауылдық округінің №20 орта мектеп спорт злында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күні мерекесіне орай, баскетболдан аудан тұрғындары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа 7 команда қатысты.
    Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіп, жарысымыздың қорытындысы бойынша І орын Өтеген батыр командасы, ІІ орын Боралдай командасы, ІІІ орын КазЦИК командасы ие болды.
Бұл жарыста Өтеген батыр командасының ойыншысы Сұлтан Мирас «үздік ойыншы» номинациясымен марапатталса, Боралдай командасының ойыншысы Мукаев Данияр «үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.08.2016
 
АЩЫБҰЛАҚТЫҢ ТҰЩЫ БАСТАУЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛДІ
    Ащыбұлақ әу баста тұщы суға жарымайтын ауылдың бірі болған деседі. Тек ауылдың маңайынан қайнар бұлақтан алып ішетін. Кейіннен колхоз құрылғанда бір жүйеге ене бастады. Ауылды ауыз сумен қамтамасыз ете бастады. Бірақ ащыбұлақтықтардың әдеті ауыл маңындағы өздігінен бүлкілдеп шығып жатқан бұлақтың суын ішетін. Сондай бұлақтың бірі қазіргі Жәпек батыр ауылы мен Комсомол ауылының ортасында орналасқан. Ол жер де кезінде малшыларда дем алып бой жазатын. Одан қалса ары-бері қатынайтын көлік жүргізушілері де тоқтап, салқын судан дәм татпай кетпейтін.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.08.2016
 
АСЫЛ ӘЖЕ АҚ БАТАСЫМЕН БЕЙБІТ ӨМІР ТІЛЕДІ
    Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Елбасы Н.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесін ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізу туралы бастама көтерген болатын.
       Осы игі бастаманы қолдау мақсатында бекіткен кестеге сәйкес Боралдай кентінің Аналар кеңесі «Халықтар достығы – іргетасы бірліктің» атты этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2016
 
БИЛЕТТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
    «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалдың мәжіліс залында «Волховгеология», «Білім бөлімі» ММ және «Аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ, «Энергетик» бастауыш партия ұйымының партиялық топтарының қызметкерлеріне партиялық билеттерін тапсыруға аудандық Саяси кеңес бюросының мүшесі В. Син, аудандық партия филиалының сектор меңгерушісі С.Галимова және штаттан тыс кеңесші Т.Бірімжанов, «Энергетик» БПҰ хатшысы Қ.Сәрсембаеваның қатысумен жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында В.Син «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жаңа әлеуметтік саясат тақырыбына тоқталып........
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.08.2016
 
БАРШАҒА ҮЛГІ БОЛАР ІЗГІ ІС ЖАСА!
    «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» және «Сәтті қадам» жобалары аясында «Нұр Отан» партиясы, Іле аудандық филиалы, Боралдай БПҰ-ның ұйымдастыруымен кенттегі №17 мектептің спорт алаңында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорттық жарыстар өткізілді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – ынтасы мол, мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулу арқылы өздеріне деген сенімдерін күшейтіп, серпін беру, өмірге деген құштарлықтарын ояту, әрі балалардың әке-шешелеріне де үміт сыйлау.
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген дана сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.08.2016
 
АУЛАСЫ ЖҰПАР ИІСІ АҢҚЫҒАН АУЫЛ МЕШІТІ
    М. Түймебаев ауылының дәл ортасында орын теуіп, көпшілікті бірлік пен берік иманға шақырып тұрған ең әдемі ауласы бар мешіттің бас имамы Ариф Алиев өзінің шағын гүлзар бағы туралы «Мешіт ауласындағы түрлі-түсті гүлдер мен үшін қазақстандағы тұрып жатқан сан алуан ұлттарды елестеді» – дейді.
Расында да мешіт ауласы шағын ғана болып көрінгенмен табалдырықтан аттаған кез-келген адам кең жәннаттың төрінен бірақ шыққандай әсер қалдырады. Есік алдынан анау төрге дейін кәдімгі петуниядан бастап, раушанның бірнеше түрі, адам бойындай биік гибискус, будлея гүлдері жайнап тұр. Көрген адамның көңіліне қуаныш әкеледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.08.2016
 
Дәрігер, Сізге алғысым шексіз...
 
    Қай дәрігердің кабинетіне кірсеңіз де сізді ет жақыны келгендей жылы жүздерімен қарсы алып, сырқатының сырын түсіндіріп, одан сауығып кетудің жолдарын айтып түсіндіріп, ақыл-кеңестерін беріп жатады. Ондай кезде дәрігерге риза болып, әлемдегі жақсылық атаулыны сыйға тартқың келіп кетеді. Сол жақсы сыйлықтың бірі – үлкендердің ақ батасы мен шын жүректен айтқан ақ тілеулі алғысы дер едім.
         Денсаулығымның жақсаруына шарапаты тиген дәрігер Айтжанов Думан Кеңпейловичке өзімнің сүйікті басылымым – «Іле таңы» газеті арқылы алғысымды жеткізуді жөн көрдім. Ол Боралдай кентінің ауруханасында дәрігер-гинеколог болып қызмет атқарады. Уақытпен санаспай науқастардың денсаулығын сақтау жолында тер төгіп жүрген дәрігер гинеколог  Айтжанов Думан Кеңпейловичті «нағыз адам жанының арашашысы», - десем артық айтқандық емес.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.08.2016
 
БӨЗ ОРАМАЛ АРАШАНЫҢ БЕРІК ҚАМАЛЫ
 
    Тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілетуді және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының қызметкерлері бастарына ақ орамал салып, соғыста ерлік көрсеткен батырлардың «Үш ұрпақ» ескерткішінде «Ана бейнесі көркем әдебиетте» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Ақ орамал – бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі» тақырыбында ашық алаңда танымдық сабақ өткізді.
Кітап көрмесінде ұлттық әдебиетімізді ұлықтауға лайық әйелдер бейнесіндегі әдебиеттер топтастырыла отырып, Айша бибі мен Баба әже, Белең ана, Домалақ ене мен Қарлығаш ана, Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», М.Әуезовтың «Абай жолы» әдебиеттері қойылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.08.2016
 
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНСЫЗ БА, АЛТЫН ҰЯ?
 
    Аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған арнайы комиссия, ережеге сәйкес 22 тамыз күні өтетін «Тамыз кеңесі» жиыны қарсаңында аудан көлеміндегі барлық мектептердің жаңа оқу жылына деген дайындығын тексеріп шықты. Онда олар көбіне әлеуметтік жағдайына аса көңіл бөлді. Мектеп ауласынан бастап, спорт зал, асхана, медициналық кабинет, интерактивті тақталар санын, жылу жүйелері мен кәріз құбырларының жұмыстарын, балалар саны мен оларға берілетін ыстық тамақтардың тізімімен танысты.
Арнайы комиссия құрамын аудандық мәслихат төрайымы Роза Абилованың өзі басқарды. Олар Байсерке және Жетіген ауылдық округтерінде орналасқан 12 мектептің жай-күйін білді.
«Сіздерге өтірік, маған шын» дегендей алдын ала ескертілсе де мектеп басшыларын орнынан таба алмасақ, екінші кезекте кейбір мектептер жаңа оқу жылына мүлдем дайын болмай шықты. Соның бірі Байсерке ауылдық округіндегі Қоянқұс ауылындағы №1 орта мектептің ішкі жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Мектеп ұжымы ешқандай құрылыс жұмыстарын мүлдем жүргізбеген. Кейбір ішкі дуалдардың астыңғы бөлігі үгітіліп түсіп жатыр, қыркүйек айына үлгеру-үлгермеуі екіталай.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.08.2016
 
Халықаралық жастар күні
   «Нұр Отан» партиясы «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы, орталық спорт алаңында жастар күні мерекесі үлкен дәрежеде аталып өтті. Бұл іс - шараға аудандық маслихат депуттары Чатуев Саид, Дауталиев Ғани Сауытбекұлы және Ащыбұлақ округінің әкімінің орынбасары жастарымызды құттықтап өздерінің ізгі ниеттерін білдірді. Артынан мереке эстрада жұлдыздарымен аудан жастарының концерттік бағдарламаларымен және 500 аудан жастарының арнайы дайындаған флешмобпен жалғасты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.08.2016
 
КазЦИК ауылдық округінде «Ақ орамал» республикалық акциясы өткізілді
 
     КазЦИК ауылдық округі бойынша 11 тамыз 2016 жылы Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында КазЦИК ауылдық әкім аппараты ММ үлкен апаларымыз бастарына ақ орамалдарын салып, «Ұлттық әдебиетіміздегі ұлықтауға лайық әйелдер бейнесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ақ жаулықты аттамау – ұлт бірлігін құрметтеу» тақырыбында ауыл аналары мен қыздары, келіндерімен бірге ашық әңгіме өткізілді.
      Акцияның «Ақ орамал» атану себептеріне тоқталар болсақ, қазақ тарихында оның философиялық мағынасы терең. Ақ түсті халқымыз тазалықтың, адамның ақыл-ойы мен жан дүниесінің тазалығы ретінде таныған. Адамзат өмірінің негізі болып саналатын ананың ақ сүті — өмір символы. Абыройдың, аманатқа адалдықтың белгісі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.08.2016
 
Жаз – 2016 аруы
 
     Бала – қоғамның болашағы. Мемлекетіміздің желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршідерінің жарқын өміріне қажетті жағдай жасау әрдайым бірінші кезектегі мәселе болып саналады.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің нұсқауымен №12 орта мектеп жанында «Балдаурен» жазғы сауықтыру алаңында 10 күндік жазғы демалыс алаңы ұйымдастырылды. Алаңның төртінші ауысымында 4 топ жұмыс жасап, 100 бала демалыс күндерін қызықты өткізді. Жазғы демалыс алаңының ұйымдастырылу мақсаты – алаң жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Бұл істе алаң жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасалып, тәрбие бағытын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін жоспарлар құрылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2016
 
 Тамылжыған жаз айы
 
     Бала – қоғамның болашағы. Мемлекетіміздің желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршідерінің жарқын өміріне қажетті жағдай жасау әрдайым бірінші кезектегі мәселе болып саналады.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің нұсқауымен №12 орта мектеп жанында «Балдаурен» жазғы сауықтыру алаңында 10 күндік жазғы демалыс алаңы ұйымдастырылды. Алаңның төртінші ауысымында 4 топ жұмыс жасап, 100 бала демалыс күндерін қызықты өткізді. Жазғы демалыс алаңының ұйымдастырылу мақсаты – алаң жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Бұл істе алаң жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасалып, тәрбие бағытын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін жоспарлар құрылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2016
 
Мемлекеттік қызмет- жауапты міндет
 
     Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін енгізді, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды. Қазақстанда бұрынғы кеңестік елдер арасында алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілуі, мемлекеттік лауазымдардың саяси және әкімшілік болып бөлініп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шаралар іске асырылды.
Осының арқасында 2000 жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды.
Қандай да бір қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік қызметтің алатын орны ерекше. Қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайтын «100 нақты қадам» жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөлігіне 15 қадамның енгізілуі мемлекеттік қызметтің маңыздылығын көрсетеді. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2016
 
 БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
 
     Ұлт жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге бағытталған. 19 қадам - сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын жаңғыртудың тиімді шаралары. 50 қадам - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа жоғары технологиялы экономикалық өсімді ынталандыру мен адам капиталын дамытуға бағытталған нақты әрі жан-жақты нақтыланған шешімдер. 6 қадам – «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуға, жалпықазақстандық және қоғамдық бірлікті нығайтуы ықтимал жалпы шаралар. 10 қадам қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, «Ашық үкімет» жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.08.2016
 
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
    Қараой ауылындағы №18 орта мектеп алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Рио 2016 жазғы Олимпиадасында қатысатын Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ауыл ардагерлері, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және округ жастары арасында  велоспорттан жарыс өтті. Мақсаты: ауыл ардагерлері және мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және округ жастары арасында велоспорт ойынына қызығушылық таныту, жақсы ойыншыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиіміді пайдалану мақсатында өтті. Жарысқа қатысушылары 4 топқа бөлініп жарысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.08.2016
 
"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына, «Халыққа жол» марафоны және "Өрлеу" жобасына қатысу мәселелері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында құрылған мобильді жұмыс тобының ақпараттық – түсіндірмелік жұмыстары
 
     2015 жылғы 5-мамырдағы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» атты Ұлт бағдарламасында 5 институциялдық реформасын жүзеге асыру бойынша айтылған, сондай-ақ, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру қажеттілігі туралы көрсетілген.
Осы тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды.
Заңын қабылдаудың мақсаты жұмысқа орналастыруға бағытталған табысы аз азаматтарды мемлекеттік қолдау жүйесін реформалау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар мен төлем алушылар арасындағы қатынастарды реттеу арқылы әлеуметтік төлемдер арасында масылдық пиғылдың алдын алудың жаңа тетіктерін енгізу болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.08.2016
 
ТӘУЕКЕЛГЕ МІНГЕН ЕЛ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫНА ҚОНАДЫ
   Аудандық «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің тікелей қаржыландыруымен аудандық кітапханада еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Тарих жолы – Тәуелсіздік жолы» жобасы аясында «Бейбітшілік пен келісімге 20 жыл» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оған аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, күрд ұлттық орталығының өкілі С.Чатуев, «Жастар» орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Дауталиев, этномәдени орталығының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және кітапханашылар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.08.2016
 
 Қарқара-Албан көтерілісіне (2016-1916) 100 жыл
   Биыл Қарқара-Албан көтерілісіне (2016-1916) 100 жыл толады. Ел болып, еңсемізді тіктеп, етегімізді жиған осынау тұста айтулы бір ғасырлық оқиғаны атап өту маңызды деп ойлаймын. Себебі, бұл көтеріліс отарлаушы ресейлік ақ патша үкметіне қарсы жасалынған қазақ тарихындағы ірі соғыстардың бірі болып табылады. көтеріліс қазақ халқының ұлттық егемендік, халықтық теңдік жолындағы сана-сезімінің өскендігін, ұлттық рухының беріктігін көрсетсе, кез-келген уақытта отарлаушы империяға қарсы тұра алатындығын дәлелдеді. Яғни ақ патша да онан кейінде билікке шыққан үстем тап үкметтерде қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұмтылыстары және талап-арыздары мен санаспаса болмайтындығын аңғартты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.08.2016
 
«Мектепке жол» акциясы
   Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында Боралдай кентінде «Мектепке жол» акциясы басталды.
«Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармай қалуының алдын алуыға бағытталған.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.08.2016
 
БОРАЛДАЙ КЕНТІНДЕ «Ардагерлерді аялайық» жобасы ӨТТІ
   28 шілде 2016 жылы – «Нұр Отан» партиясының желілік кестесіне сәйкес «Ардагерлерді аялайық» жобасы аясында Боралдай кентінің "Жасыл Ел" Жас Отан ЖҚ мүшелері Боралдай кентіндегі ҰОС ардагерлері Алимбаев Кушерхан Алимбайұлы мен Мучник Яков Панфиловичтың үйіне барып көмек көрсетті. Боралдай жастары ардагердің бау-бақшасын арам шөптен тазартып, ақ батасын алып қайтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.07.2016
 
СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ НЕГІЗГІ КҮШ
 
     Елбасының «100-нақты қадам» бағдарламасы - еліміздің жарқын болашағының кепілі. Жолдауда барлық салаға халықаралық тәжірибені енгізудің жобасы нақты көрсетілген. Ұлт жоспары - 100 нақты қадам бағдарламасына ұласқан сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру еліміздің сот төрелігін әлемдік биік деңгейде атқаруға қабілетті, біліктілігі жоғары судьяларды дайындау және іріктеу ісіне серпін береді.
Бұл ел дамуының қазіргі тарихи кезеңіндегі сот төрелігін сапалы атқарудағы сот жүйесіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кетерлігі, биылдың өзінде осы бағытта бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен жыл басынан бері сот органдарының автоматтық жүйесі жұмыс жасай бастаған. Ақпараттық технологиялар да сот өндірісіне енгізілуде. Ол бұл сот жүйесінің ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек деген сөз. Сонымен қатар тағы бір басты мәселе - кәсіби сот жүйесін дамыту. «Азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін арттыру көп жағдайда судьялардың кәсібилік деңгейіне байланысты болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.07.2016
 
СИРИЯ МЕН ИРАКТАҒЫ СОДЫРЛАРДЫҢ ЖАСАП ЖҮРГЕНДЕРІ «ЖИҺАД» ЕМЕС
 
     Бүгінде елімізді ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Сирия мен Ирак жеріндегі содырлар туралы блогыма көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Сол сұрақтардың басым көпшілігі «жиһад» жасаймыз деп аттанып жүрген жастар жөнінде. Исламдағы жиһад ұғымы мен содырлардың көксеген «жиһады» туралы.
    Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес. Олар мұсылмандармен соғысуда. Оның ішінде бейбіт халықтың қанын төгуде. Олардың көксегені «мұсылманның қанын төгу» деп атасақ дұрыс болады.
     «Жиһад» сөзі - араб тіліндегі [жахд] «тырысу, күш салу, талпыну, ынталану» деген түбір етістіктен шығады. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда деструктивті ағымдар мен жат пиғылды саяси топтар «жиһадты» қару алып соғысу деп біржақты түсіндіріп жүр. Бұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Ал, «Жиһад» сөзінің дұрыс мағынасы белгілі бір асыл мақсатқа жету үшін, яки бір игі істі істеу үшін ең қымбат саналатын уақытыңды, дәулетіңді, бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді жұмсау, сол үшін тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.07.2016
 
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ АҚ ЖАЛАУЫ
 
    Өткен жылдың соңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялаған болатын. Бұл Жолдауда Ұлт көшбасшысы жарқын болашақтың кепіліне айналатын ұлттық идея туралы салиқалы ой өрбітті.
      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында қазақ елі аз уақыттың ішінде қыруар іс тындырылғаны жайында сөз қозғап: «Бүгінгі Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. Жолдаудағы стратегиямыздағы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік орталықтарының арасындағы қатаң бәсекелестік аясында жүретін болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.07.2016
 
АЛУАН АЛУАН ЖҮЙРІК БАР
 
    Семей қаласында орналасқан «Тарланда» спорт кешенінде 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері Азамат Сайынұлын еске алуға арналған Республикалық турнирі өткізілді. Аталған турнирге ауданымыздың КазЦИК ауылдық округінен 6 оқушы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 12 оқушы қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.
    Атап айтсақ, 32 келі салмақ дәрежесінде Вайцел Владислав І-орынды, 34 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Даниярұлы І-орынды, Бекжан Бауыржанұлы І-орынды, 36 келі салмақ дәрежесінде Асхат Абылай І-орынды, Рахат Айдарбек І-орынды, Ерасыл Аббас ІІ-орынды, Нұрдан Досқонаев ІІ-орынды, 42 келі салмақ дәрежесінде Диас Совет ІІІ-орынды, 52 келі салмақ дәрежесінде Иса Жақсыбай І-орынды иеленді. Турнирдің командалық есеп қорытындысы бойынша ауданымыздың Іле командасы І-орынды қанжығасына байлады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.07.2016
 
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
 
    Междуреченск ауылдық Мәдениет үйінде жас кітапханашы Қ.Байбосынованың ұйымдастыруымен кітап көрмесі, «Арман» БЖӨК қолөнершілер көрмесі және көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік бағдарламасы тамашаланды. Әжелердің тамылжыта салған әндерін жас әншілер түрлендіріп әкетті. Жас бишілер мың бұралып сахна сәнін кіргізді. Ауылдық кітапханада өткен жас ақындар мүшайрасының жеңімпаздары Астанаға арнаған өлең шумақтарын оқып, тыңдармандарды бір сілкінтсе, ақсақалдар алқасы төрағасы С.Жармағанбетов зор толғаныспен жүрекжарды лебізін білдірді.
Спорт - ол еңбек. Біз бала кезімізден-ақ денсаулықты сақтау керек екендігін жақсы білеміз. Қуаныш пен бақыт, денсаулық пен жүз жастық өмір - барлығымыз үшін өте қажетті. Ал, салауатты өмір салтын ұстану арқылы біз дене және рухани денсаулығымызды нығайтатынымыз белгілі. Сондықтан да «Жан саулығы - тәннің саулығы» екендігін ешуақытта ұмытпаған спортшыларымыз мерекелік бағдарламаның көркін спорттық ойындармен жалғастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.07.2016
 
Өлке тынысы
 
    Жер жаннаты Жетісу алқабындағы Іле ауданының қазіргі аумағы 1867 жылы құрылған. Жетісу облысының (бұрынғы Верный) 1921 жылдан бері Алматы уезі атанған аймақтың құрамында 22 болыстың жері болса, солардың ішінде қазақ көшпелі болыстары атанған «Үлкен Алматы», «Шығыс Талғар», «Кіші Алматы», «Мойынқұм», «Сарытоқым», «Шапырашты» болыстарының жерлері де бар еді. Бұл жерлер 1918 жылдың 30 сәуірінде құрылған Түркістан АКСР-нің құрамында 1924 жылдың 14 қазанына дейін болды. 1924 жылдың 14 қазанынан бастап ауыл Кеңестері нөмірленеді. 1928 жылы КСРО мен Қазақ АКСР-інде әкімшілік-территориялық аймаққа бөлу реформасын жүргізіп, 5 тармақты жүйеден 4 тармақты жүйеге көшті. Яғни: орталық-округ-аудан-ауыл (село)  делінді.
      Губерния, уезд сөздері қолданылмайтын болды.  Қазақстанда 13 округ, 180 аудан құрылды. Алматы округінің орталығы – Алматы болды.
      Алматы округінде 21 аудан құрылды. 1930 жылдың 3 қаңтарында Қазақ АКСР орталық атқару комитетінің қаулысымен 180 аудан ірілендіріліп, 121 аудан болып қалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.07.2016
 
«ӘЛЕМДІК ЖҮГІРІС» ІЛЕДЕ БОЛДЫ
    Биыл 16 маусым күні Қытайдың Хайлар қаласында «Әлемдік жүгірісі» халықаралық жеңіл атлетикалық эстафетасы бастау алды.
Аталған эстафетаның мақсаты халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды, бұқаралық спорт түрлерін дамытуды және салауатты өмір салтын насихаттайды. Барлық елдің спортшыларын ғана емес қоғамның белсенді азаматтарының басын біріктірген эстафета 15 шілде күні Өтеген батыр кенті арқылы жүгіріп өтіп, Қапшағай - Талдықорған - Семей - Өскемен қалаларына бет алды. Оны аудандық спорт бөлімі, Энергетический ауылдық әкімшілік аппаратының қызметкерлері және бір топ ауданымыздың белсенді жастары қарсы алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.07.2016
 
ҚҰРБЫСЫЗ ӨТКЕН ҒҰМЫРДЫ ҚҰР ӨТТІ ДЕЙ БЕРІҢІЗ
    Ауызбіршілік пен ынтымаққа жетелейтін Междуреченск ауылының Мәдениет үйінде «Құрбылар мекені» атты әдеби- сазды кездесу болып өтті. Шараның мақсаты бүгінгі өскелең ұрпаққа адамгершілік қарым-қатынастарды кеңінен насихаттау, дос, құрбы ұғымдарының бүкіл ұлттық болмысымызды жан-жақты бейнелеп, халқымыздың даналық тұжырымдарына кеңінен тоқталып, тәрбиелік мәнін ұғындыру. Бала жастан тай-құлындай тебісіп, сырласып өскен сырлас құрбылар №16 мектептің ұстаздары - Жумагүл Айтимбетова, Несіпті Алимкулова, сырлас замандас құрбылар: Молотова Мейіржан Молотовна, Байбосынова Бижамал Қасымбекқызы, Отарбаева Нақып Әбдікәрімқызы және де сыйласымы жарасқан құдағи құрбылар: Сәдуақасова Бақтыгүл Кәрібайқызы, Оразмұратова Сәуле Қыдырмұратқызы кештің сәнін келтірді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.07.2016
 
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЕЛ ІШНДЕ
    Қоғамдық қабылдауға келген қоғамдық кеңес мүшелері жеке кәсіпкерлер, І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар елді-мекен арасындағы, көлік жолындағы темір жол өткеліне көпір құрылысы ауданымызға ауадай қажет әкімшілік сот жұмысы туралы, мүгедек жандардың қоғамдық көліктерде тегін не болмаса жеңілдікпен жүруі, есту аппараттарын ауыстыру мерзімін қысқарту туралы көкейінде жүрген сауалдарына түсініктеме алды. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көңілінен шыққан халық қалаулылары Чапай ауылының Мәдениет үйінде ауданымыздың мәдениет саласында қызмет етіп жүрген мамандарымен кездесіп, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» жолдауына, «Мәңгілік Ел» қағидасына тоқталды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.07.2016
 
ҒАЖАЙЫП АСТАНА
 
    Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екеніне қуанышпен мақтан ете аламыз. Осынау тарихтың тұңғиығына кеткен қазағымның кең байтақ жерінің қақ ортасын таңдап, елдің күшін бір жерге біріктіруде әрине Ұлткөшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының мәуелі жемісі. Күні кеше ғана Елбасымыз, «Астана – жаңашылдық жаршысы, Қазақстанның динамикалық дамуының жарқын бейнесі, республикамыздың тәуелсіздік символы!», - деді. Расында да жаңашылдық туралы еске түскенде, Еуразияның алтын кіндігіндегі жас қала бір қазақтың бас қаласы дәрежесінен асып, «Күллі түркі дүниесінің мәдени астанасы» мәртебесіне қол жеткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.07.2016
 
КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛУЫҢМЕН АСТАНА!!!
    «КазЦИК» ауылдық округінде «Астана күніне» арналған арнайы мерекелік іс-шара өткізілді. 18-ге толған асқақ Астана күнінде жаңадан тағайындалған округ әкімі жас та болса бас болған Айдарбек Жасымбеков мерекені дзю-до, футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, кір тас көтеру сынды түрлі спорттық ойындарды ұйымдастырды.
Орталық алаң безендіріліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар сауда нүктелері қойылды. Мерекеге ауыл тұрғындары, ардагерлер мен округ жастары, мешіт имамдары қатысты. Бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Жасымбеков, Іле ауданының мәслихат депутаты Ж.Бейсембаев, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Джамилов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді. Мереке концерттік бағдарламаға ұласты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.07.2016
 
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
 
   2016 жылғы 25 маусым күні «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жасау бойынша Іле ауданы бойынша құрылған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту комиссиясының төрайымы Г. Ерубаева, комиссия мүшелері Р. Нұрбаев, С.Тарасов, Ғ.Дауталиев, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаев, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Мұралимова, аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев және Боралдай ауылдық округі әкімдігі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі жетекші маман міндетін атқарушы Е. Қалиасқаров бірлесе отырып, Боралдай кенті, «Водник» ықшамауданында және Жәпек батыр ауылында орналасқан 600 орынға арналған мектептердің құрылысының бүгінгі таңдағы жұмыс барысы туралы тексеру рейдін ұйымдастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.07.2016
 
ЧАПАЙЛЫҚТАРДЫҢ ШАРУАСЫ ОҢДЫ
 
   Апта басында Чапай ауылдық округінің әкімі Б. Жұмабаев тұрғындар алдында 2016 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Аталмыш есеп беру жиналысына аудан өкілдері, округ ардагерлері, қоғамдық кеңес төрағалары, көше комитеттері, учаскелік полиция инспекторы, ауыл тұрғындары мен округ кәсіпкерлері қатысты. Округ әкімі Б.А.Жұмабаев тұрғындар алдында 2016 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Округте әлеуметтік маңызы бар мәселелер қаралды. Ауылдағы қаңғыбас иттерді аулау, және округті абаттандыру. Ауылдағы №10 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселелерді алға тартты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.07.2016
 
ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ
 
    Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда қоғамдық қабылдау бөлмелері әділет органдары, адвокатура және нотариалдық палаталармен бірлескен «Әділет кеңес береді» акциясы аясында бірқатар іс-шараларды өткізуде.
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен Іле аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді. Республика бойынша акцияның өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, азаматтардың жеке түсініктерді қалыптастыру мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті арттыру және қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру және тұрғындардың жеке мәселері бойынша Заң негізінде кеңес беру болып табылады. 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.07.2016
 
Тіл қадірі - өз қадірің
 
    Тілге құрмет - елге құрмет. Тіл - әр ұлттың жаны, мінезі, пейілі, оның көпғасырлық тарихы. Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі - өте оралымды, айшықты, өрнекті, бейнелі бай тіл. Көпұлтты Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Тіл қадірін арттыру мақсатында Іле аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің мерейі - өзіміздің мерейіміз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.07.2016
 
Ораза ұстағанға - ұлық сый
    Қазір айлардың сұлтаны Рамазан айы. Осынау айда аудан әкімі Қ. Медеуов ауыз бекіткен жамағатқа арнап «Жан» кафесінде ауызашар берді. Үлкен сауапты іске аудан әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы, «Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры Әкімбеков Рахымжан Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкіл имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының заңгері Дәулетияр Сақитжан Әріпұлы, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарының бас имамдары мен найб имамдары аудандық мешіттің бас имамы Абсаматов Мұхтар Сардарбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, жалпы ауыз бекіткен жамағат шақырылып, кең де мол дастархан басында бас қосып, сауапты іске мұрындық болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.07.2016
 
ЛАҢКЕСТЕРГЕ ЛАҒНЕТ!
 
    Құрметті жерлестер, бауырластар! Баршаларыңызды қасиетті Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан мүбәрәк болсын! Оразаларыңыз қабыл болсын! Рамазан - бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарларымыз, барлық атқарған іс-амалдарымыз адалдыққа, достыққа, бауырмашылдыққа үндейді. Бірлігі мықты елдің берекесі артады. Бірлігімізге бекем болайық!
Рамазан айының алғашқы күндерінде-ақ, құдайдан безген терроистердің Ақтөбе қаласында істеген лаңкестік әрекеттері жанымызды жаралап, терең ой құшағында қалдырды. Оны күнделікті теледидардан көріп те, естіп те отырмыз. Тіпті, 9 маусым күні Республика бойынша ұлттық қаралы күн деп жарияланды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.07.2016
 
ЕЛ САНАСЫНДАҒЫ ЕР ЕСІМ...
 
    Мен ес білгеннен бері, біздің отбасымызда "Қоспан аға" деге есім жиі айтылатын, себебі, ол кісі әкеміздің үлкен ағасы.
Мектептің тоғызыншы сыныбында оқып жүргенде "Мәдениет және тұрмыс" журналында белгісіз сарбаздың суреті жарияланды. Сол суретті әкеміз ағамыздың бейнесіне ұқсатып, бірде ұқсатпай жүрген. Cонымен қойшы, ол суреттегі адам ағамыз емес болып шықты. Бала кезде әкеме Қоспан аға қандай болды дегенімде, ол өте сабырлы және мейірімді болған. Ол кісінің соғыста жазған бір хатында бұл соғыстың елге әкелетін зардабы көп, тірі тышқаннан өлі арыстан артық деп жазғаны бар.
     Уақыт өте келе дүниеден әкеміз де, анамыз да қайтты, бірақ мен үшін ағамның есімі аманат болғандай болып тұрады. Балаларымыз өсіп, үлкен ұлымыз Әлібек өткен 2015 жылы интернет арқылы ағамызға қайта іздеу салдық. Сонымен осы жылдың маусым айында интернеттен электронды хат алдық. Онда Қорғаныс Министрлігі орталық мұрағатынан бізге ағамыз туралы толық ақпарат беріліпті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.06.2016
 
Әкеден - ақыл, анадан – мейір
    Энергетический ауылдық округінің Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің акт залында «Әке мен баланың сырласуы атты «Айтуға оңай» бағдарламасы ауданымызда алғаш рет өтті. Басты мақсаты әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тәлім-тәрбие үлгісінің үйлесімділігін насихаттап, жас ұрпақтың рухани байлығын арттыруға, ата-баба дәстүрін жандандыру, үш ұрпақ арасындағы сабақтастықты дамыту, келешек ұрпақтың сана-сезімін ояту. Бағдарламаға №38 мектеп-гимназия оқушысы Т.Бисенов әкесі Р. Бисенов, №24 лицей оқушысы М. Жылқайдар әкесі М. Нұрқасымов және №13 орта мектеп оқушысы Н.Қожанберді әкесі Т. Тойшыбеков қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.06.2016
 
БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ
 
    «100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру деп есептейді .
Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр­тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет.
Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез-келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.06.2016
 
СІЗ ОТБАСЫН ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?
 
    Халқымызда «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтін қанатты сөздер бар. Бұл сөздің мәнісі тіпті тереңде. Қыз бен жігіттің үйлену туралы шешім қабылдауы соншалықты бір қиын емес. Кейде жастар бір көріп-ақ екінші кездескенде үйленіп жатады. Қиынның қиыны үйленген жастардың отауын сақтап қалу.
Қыз бен жігіттің некелесіп, отбасын құруына махаббат сезімі себепші болады. Қызғанышсыз махаббат болмайды. Ол бірге өмір сүру барысында ненығая түседі, не тасталқан болады. Мұндай жағдайда көмекке келетін сезімдер-байыптылық, ақылдылық, өзара түсіністік, кешірімділік. Әуел баста от боп жанған ес-түссіз махаббатты тек осылай ғана сақтап қалуға болады.
     «Сүйген жарыңмен күркеде де жұмақ табасың» дегендей махаббатты қызғыштай қорғау керек.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.06.2016
 
ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
 
    Біздің мектебіміздің жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс алаңы жылдағыдай балалардың тиімді демалуын ұйымдастыру мақсатында өз жұмысын сәтті өткізді. 1 кезеңі «Балаларды қорғау күнінен» басталды. Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана- сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі болғандықтан тәрбиешілер балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыра біледі. Түрлі шаралар ұйымдастырылып, балалар өз шеберліктерін әр қырларынан таныта білді. Балаларының осындай тиімді де қызықты демалысына ата-аналар да дән риза. Мектеп басшысы Б.Абдуллаева, сонымен қатар алаң басшылары С.Бердібекова мен Э.Таджигулова да күнделікті балалардың демалысын қадағалаудан тыс қалдырған емес.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.06.2016
 
«Coсa-Сola» Былғары доп - 2016 футбол жеңімпаздары
 
    Футболдан «Coсa-Сola» Былғары доп Қазақстан Республикасының 2015-2016 жылдағы Алматы облыстық турнирі Талдықорған қаласында 2016 жылдың 2, 5 маусым күндері аралығында өтті. Осы жарысқа ауданымыздың намысын қорғауға №12 орта мектептің 7 сынып оқушылары: Шыңғыс Құдайберген, Сырым Абзалбеков, Али Нұрманов, Алмат Махсет, Мұхан Әкежан, Нұрқанат Наушатов, Арман Жұмабек, Тұрсынәлі Әділет, Медиум Нұрсұлтан, Райымбек Тыныбай және 6 сынып оқушысы Әбітай Дінмұханбет қаысып, І-орынды қанжығалап, ауданның мерейін үстем етті.
Жеңіспен оралған оқушыларды Іле ауданының әкімі Қ.Медеуов қабылдап, жеңістерімен құттықтап, алдағы өтетін Республикалық «Coсa-Сola» Былғары доп - 2016 футбол жарысына ақжол тіледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.06.2016
 
ЕЛ МЕРЕЙІ
 
    Әрбір елдің ұлттық мақтанышы мен байлығы - тіл. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына жол бермеу керек. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата Заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, Конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі" деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.06.2016
 
ДАРЫНДЫҒА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ
    «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш-қуат, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, баланың бойындағы дарындылықты дамыту - мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты. Әр баланың бойында табиғат берген ерекше қабілеті, дарындылығы болады. Ол ана сүтімен, ата-тегімен даритын құбылыс. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие. Осы бағытта Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп әкімшілігі де дарынды балалармен жұмысты жүйелі жүргізіп келеді. Нәтижесі де жемісін көрсетуде. Атап айтсақ, аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейде шығармашылық қабілетімен, ерекше дарынымен мектеп абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктен көрсетіп жүрген дарынды шәкірт, 11-сыныптың оқушысы, №30 орта мектептің оқу үздігі - Данаш Нұршат Сұлтанқызы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.06.2016
 
Үш тұғырлы тіл саясаты - елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі
 
    Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүгінгі таңда «Тілдердің үш тұғырлылығы»” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынып отыр. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.Тіл үйрену - ұлтты сыйлау, халықты құрметтеу және өз Отаныңды сүю екені ежелден белгілі ақиқат.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.06.2016
 
ТУЫМ - НАМЫС, ҰРАНЫМ - БІРЛІК, РӘМІЗДЕРІМ - МАҚТАНЫШЫМ!
    1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу еліміз әрбір азаматының қасиетті борышы және халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Тудың ашық көгілдір түсі, Елтаңбаның негізгі бөліктері – шаңырақ пен уықтар, пырақтар, бес жұлдыз, сондай-ақ Әнұранымыздың терең патриоттық мәтіні - осының барлығының мәні елімізге бейбітшілік, келісім және өркендеу тілеуге саяды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.06.2016
 
КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ
 
    Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады. Жалпы кітап жайлы көп айтуға болады.
Кітаптың баға жетпес байлық екенін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында №З орта мектебінің 5, 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап - жан азығы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатын ұйымдастыршуы кітапхана меңгерушісі Н.Каршалова.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.06.2016
 
ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ҚАСТЕРЛІ – МІНДЕТ
 
    Алматы қаласы Іле ауданына орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери иниститутының полигонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде «Ключи от неба – 2016» байқауында дүниежүзілік армия ойындарына қатысу үшін зениттік бөлімшелердің есептоптарының дайындықтары қыза түсуде. ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың әскери бөлімдерінде достастық армиялар арасында кәсіби шеберлікте үздік есептоптарды айқындау үшін далалық дағды бойынша «Ключи от неба – 2016» халықаралық байқауына қатысу үшін зениттік бөлімшелердің жауынгерлік есептоптары арасындағы дайындықтың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі таңда қатысушылар қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының талаптары мен ережелерін, оқ ату қағидаларын, жауынгерлік жұмыс бойынша тәлімдемені, бағытты алмастыру, зениттік басқарылатын зымырандардың қасақана іске қосылуын болдырмауды білу бойынша сайыстарға дайындықтарын шыңдауда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.06.2016
 
ТӘУЕЛСІЗДІК АСПАНЫН ӘНМЕН ӘРЛЕГЕН АРУЖАН
    Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара даладай мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар ол - ән жанры. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, әннің терең мазмұнды мәні оятар», - деп Абай атамыз айтқандай, қазақ деген ұлы да ғұлама, өнерлі де өрелі халықтың ұрпақтары екенімізді мақтаныш тұта отырып, Жетіген ауылдық округіндегі Құйған ауылының топырағынан жаралып, осы киелі сахнамыздың төрінде нақышына келтіре талай ән салып, көпшіліктің ықыласына бөленіп, батасын алған Роза мен Мәдина апаларымыздың ізін басып, осы киелі Іле топырағынан тәлім-тәрбие алуда. Осындай терең тәлім-тәрбие алып жатқан шәкірттеріміздің осал болуы мүмкін емес.
Біздің ауданымызда жас ұрпағымызды қазақ ұлтына сай имандылық пен ибалылыққа, әдептілікке, ұлттық өнерімізді, халықтық қадір-қасиетімізді ерекше сезіне білуге баулу, өнерге қызығушылығы басым балалардың шығармашылық қабілетін дамыту дұрыс жолға қойылған. Осыған дәлел Құйған ауылынан шыққан жас әнші Аружан Мұзафарованың өнер саласындағы болашағы жарқын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.06.2016
 
«ҚАНДЫСАЙ» ҚЫРҒЫНЫ ТАРИХ СЫНЫНДА
    Апта басында өткенін ұлықтаған, ұрпағын ұмытпаған, тарихтан тағылым алып, ерлікке тағызым еткен айтулы күндердің бірі - 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Боралдай кентіндегі «Қандысай» монументінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Зұлмат жылдар жан жарасы» атты шара өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә. Исаев және аудандық мекеме бөлім басшылары, мәдениет қызметкерлері, округ әкімдері және зұлмат жылдары құрбан болған Алаш арыстарының ұрпақтары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.06.2016
 
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ
 
    ХХІ ғасыр табалдырығын аттап кірген шақта, Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы, шығар биігі саяси-экономикалық жағдайлармен қатар, оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз жан-тәнімізбен сезініп, терең түсінеміз. Тілдердің үш тұғырлығы саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді де меңгеру міндеті тұр ғой. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Сондықтан, елімізде тілдердің үш тұғырлы саясатының жүргізілуін дұрыс деп есептеймін. Үш тілді қатар меңгеру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіні сөзсіз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.06.2016
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУІ
 
    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды күллі мұсылман баласы сағына күткен, берекелі, қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан мүбәрәк болғай!
Рамазан - жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза - тәрбие, сабыр, қайырымдылық, ізгілік мектебі.
Рамазан - қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс - үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде:«Адамдардың жақсысы - елге пайдасы тигендері», - деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.06.2016
 
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ
 
    Үстіміздегі жылдың 15 сәуірінде Өтеген батыр кентінде Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектепте үлкен әдеби-монтаждық іс-шара өтті. Дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орайластырылып мектептің 25 жылдығы да кең көлемде атап өтілді. Мұның өзі мен үшін осыдан ширек ғасыр бұрын осы мектеп тағдырына байланысты істелінген жұмыстар мен бастан өткен оқиғаларды ой елегінен өткізуге түрткі болды.
Жүздеген жылдар бодандықта болған қазақ халқының басынан өткерген небір тауқыметтерін тарихтан білеміз. Ал өзіміздің ес білгелі көріп-білгеніміз, әсіресе, ана тілімізге қасақана жасалған қиянат еді. Әр нәрсенің, әр құбылыстың өзіндік себебі, өзіндік салдары болуы заңдылық. Затынан момақан бейбітсүйгіш, кеңпейіл халқымның төзімі таусылып, ашу-ыза наразылығының кемерінен асып төгілуі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы болатын. Артынша қанша жерден қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаланса да, халықтың сағы сынбады. Қайта керісінше рухы көтеріле түсті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.06.2016
 
ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ - МАҢЫЗДЫ ФАКТОР
 
    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы ел экономикасының қалыпты дамуы және өсімді қамтамасыз етудің жолдарын көрсеткен жаңа экономикалық стратегия болып отыр. Жолдау бойынша қорытынды сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – әлемнің ең жоғары дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», деп атап өтті. Сонымен қатар, ол барлық жауапты жұмыстар елдегі этносаралық келісім мен тұрақтылық болған жағдайда ғана қолжетімді болатынын айтты. «Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес», - деді Президент. Сондықтан да, еліміздің әрбір саналы жасы, жігіт ағасы, ақсақалы жайлы тұрмыс пен жасампаз өмірдің негізі – бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына қолдан келген көмегімізді жасауға міндеттіміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.06.2016
 
1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні»
    Чапаев ауылдық округі бойынша 1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай іс-шараның жоспары бекітіліп, округтегі мекеме басшылыры, ұйымдар, ауыл белсенділерімен кеңес өткізілді.
Мереке қарсаңында округте санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жоспарға сәйкес округ бойынша жетім, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығыныз қалған балалардың тізімі анықталды.
1 маусым балаларды қорғау күні мерекесі №10 орта мектебтің алаңында откізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.06.2016
 
ӨТКЕНДІ САРАЛАП, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖАСАЛДЫ
 
     «Нұр Отан» Іле аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Өтеген батыр кентінің «Энергетик» бастауыш партия ұйымының №24 лицейі партиялық тобының мәжіліс залында «Жетіген», «Байсерке», «Денсаулық», «Энергетик» және «Күрті» бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына, цехтық партия ұйымы және партиялық топтарының жетекшілеріне аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетовтың төрағалығымен семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар кеңесте бастауыш партия ұйымдарындағы партия қатарына қабылдау, партиялық есепке алу, шығару тәртібі, партиялық мүшелік жарналарды жинау, партия топтарын құру мәселелері жайлы сөз қозғалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.05.2016
 
ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨГІЗДЕЙ ҚАРА КҮШІҢ БОЛУ КЕРЕК
    Өткен аптада аудандық әкімшіліктің акт залында алқа мәжілісі өткізілді. Онда аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстардың жетістігі мен кемшілігі жайлы сөз болды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған аппарат басшысы М.Кәрібаев «Байсерке ауылдық округі әкімі аппаратының өзіне жүктелген міндеттерді орындауы туралы» баяндама жасады. Онда аталмыш округтің ауылшаруашылық саласында көптеген жұмыстардың атқарылмағаны, әсіресе «Сыбаға», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары мен округке инвестиция тартудың кенжелеп қалғанын айтып, мұнда орын алған кемшіліктерді сын тезіне алды. Бұл мәселені аудан басшысы қатты сынға алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.05.2016
 
Мәңгілік Ел - қазақ халқының ұлттық идеясы
 
  Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.05.2016
 
БАЛАЛАРДЫҢ БАЛ ТІЛІ, АТАЛАРДЫҢ АҚ БАТАСЫНА АЙНАЛДЫ
    «Жақсыны жатқа бермейді», - дегендей Первомай ауылындағы Іле аудандық мәслихаты жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Іле мұрагер» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Зүльфия Калекеева жетекшілік ететін «Әділет» аулалық клубы жабылып қалғаннан кейін біраз абдырап қалғанымыз шындық. Бірақ, ауданымызда жүрегі кең, қолы ашық, жаны дархан адамдар көп ғой. Әсіресе, аталмыш клуб өскелең ұрпақтың өрелі тәрбиесіне келгенде алдына жан салмайтын жандардың қолдауымен қайта түледі. Сондай ізгі жанның бірі - Ынтымақ ауылында тұратын Бақытгүл Әзімбаева. Ол өзі Ынтымақ ауылындағы қоғамдық кеңес мүшесінің белді, белсенді азаматы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.05.2016
 
ТЕСТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС ТҮЛЕК!
 
  М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте Жалпы Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын мектеп бітірушілерімен кездесу болып өтті. Кездесуге ауданның бас имамы Алдажар Сейітұлы және психология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Дастанқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарлық Исламқызы және ҰБТ тапсырушы 150 жас түлектер мен мектепішілік психологтар қатысты. Шара барысында оқушыларға діни сауаттылық тұрғысында және ҰБТ қарсаңында қатысушыларды психологиялық дайындау үлкен жауапкершілік екені айтылды.
Сөз соңында «Іле ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі Ж.Б.Таттимбетов өз сөзінде:
- «ҰБТ-ға дайындалып жүрген жас түлектерге айтарым, мұғалімдердің көмегіне, ата-ана қалтасына сенудің қажеті жоқ. Одан да өздеріңіз алдарыңызға мақсат қойып, соған қарай ұмтылуға тырысыңыздар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.05.2016
 
АЛТЫН ҚАЗЫНАҒА АДАМГЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙДЫ
    Өткен аптада ауданымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Абай шығармаларының негізінде жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының - 2025 жылға дейіңгі даму тұжырымдамасын және «Этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында өзге ұлттар арасында қазақ тілі бойынша ашық диктант акциясы өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.05.2016
 
ЖОЛЫҢЫЗ БОЛУ ҮШІН ТӘРТІП ҚАЖЕТ
    Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара бірлесіп республикалық «Жолда қабылдау» акциясына аудандық партия филиалының қызметкерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, жергілікті БАҚ өкілдері мен аудандық Жол полициясы патрулінің полиция сержанттары М.А. Уалиев және А.Е. Құдайбергенов қатысты. Акция Өтеген батыр кенті - Жетіген автокөлік жолының бойында өткізілді.
Акция барысында аудан тұрғындары, көлік жүргізушілерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтарға, құқық қорғау органдарының және өзге мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полициясы мен жол полициясы патрулінің қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру......
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.05.2016
 
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДАҒЫ ТИІМДІ МЕХАНИЗМ
 
   Президентіміздің үздік отыздыққа апаратын «100 нақты қадам» атты Ұлттық жобасының 97, 99-қадамдарында жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыта отырып, қоғамдық кеңестердің жұмысына аса мән бергені айқын. Бүгінгі күні елімізде жергілікті өзін-өзі басқару ісіне қоғамды қатыстыру жұмыстары басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы негізінде аудандық мәслихаттың бастамасымен Іле ауданында қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жұмыстары пилоттық режимде 2012 жылдан басталды. Жергілікті жерлерде белсенді азаматтардың басын қосу арқылы ауданның барлық 31 елді мекендеріндегі 52 микроучаскелерде 55 қоғамдық кеңес төрағалары мен 560 көше комитеттерінің төрағалары сайланып, оларда 1345 адам жұмысқа тартылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.05.2016
 
АЛТЫН ҚАЗЫНАҒА АДАМГЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙДЫ
    Қазіргі кезде аудан көлемінде қоғамдағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды өнеге етіп, өзінің қызмет ететін саласында ұзақ уақыт жауапты қызмет атқарып, жастарға үлгі болар мамандар аз емес. Солардың бірі және бірегейі - 40 жылдан астам абыройлы мамандық иесі, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, дүйім оқырманның бағыт-бағдар алуы үшін, жаңа қоғамның жаңа ақпараттық кітапханасы көшінен қалмау үшін, жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жүрген, қасиетті қазыналарымызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген, ҚР «Мәдениет қайраткері», Іле ауданының «Құрметті азаматы» Жәбиева Мейрамгүл Түйебайқызы бүгінде ақылдың биік асуы, мерейлі 60 жасқа толып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.05.2016
 
ӘСЕМ МУЗЫКА ӘУЕНІМЕН
 
   Балалар шығармашылығын дамыту, музыкалық эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау, патриоттық тәрбие мақсатында аудан көлемінде бірнеше байқаулар өткізілуде. Осындай байқаулардың бірі Іле ауданында 9 - мамыр Жеңіс күні аясында патриоттық әндер балалар шығармашылығын айтуға болады.
Сонымен қатар Ақши ауылында да патриоттық тәрбие мақсатында бірнеше іс-шаралар, жастар арасында насихат жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараларды жүргізуде ауылдық Мәдениет үйінің атқаратын қызметі өте үлкен. Ақши ауылдық Мәдениет үйінің директоры, ауданның «Құрметті азаматы» Гүлнар Ахметбаева апайымыз жастарды тәрбиелеуде үлкен үлес қосуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.05.2016
 
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛМАҚ
 
   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеудің идеялық мазмұны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ерекше мәнге ие болмақ. Екі мерекенің мәні: қоғамның бірігуі мен адамзаттық құндылықтарды қадірлеуге жол ашады. Осыған орай «№34 орта мектебі» МКМ-де «Патриот» айлығы жарияланып, 6 мамыр күні барлық сыныпты Бірыңғай патриотизм сабағы өткізілді. Ондағы мақсат оқушыларға ата-бабаларымыздың ерлік пен бірлік жолындағы күресін көрсете отырып, патриоттық тәрбие беру. Бастауыш сыныптармен өткен «Желбіре, Отанның Жеңіс туы!», «Ел мен ердің жеңісі», «Отан үшін от кешкендер» сабақтары 5-10 сыныптардағы «Ұлы Жеңіс жасасын!», «Ер есімі - ел есінде», «Желбіре, Жеңіс жалауы!», «Отан үшін от кешкендер» атты тәрбие сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.05.2016
 
БЕЙБІТШІЛ ХАЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕЛІ МЕЙРАМЫ
    Мамыр айы Жер-Анаға нәр беріп, төңірекке нұрлы шуағын шашып, жер дүние жайнап, сайын дала гүл дестемен көмкерілген уыз шақ. Бұл- береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мерекені Өтеген батыр кентіндегі орталық стадионда ілеліктер кеңінен атап өтті. Президентіміз Н.Назарбаев атап өткендей, «Бүкіл біздің тәуелсіздігіміздің тарихы - бұл Республикамыздың аумағында тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар достығының жылнамасы».
Сұлу табиғатпен бірге түлеген ұлттар түрлі-түсті киімдерімен шеру жасап, үлкен мерекенің мерейін асырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.05.2016
 
ЕРЛІГІМЕН ҒАНА ЕМЕС, ЕҢБЕГІМЕН ДЕ ЖАДЫМЫЗДА ҚАЛҒАН БАТЫР
 
   Ұлы Отан соғысына міне, биыл 71 жыл өтсе де тарих парақтары күні кеше ғана болғандай қиян-кескі ұрыстарды көз алдымызға жайып салып қарап тұратындай. Осы бір сұрапыл соғыста өзіндік бір ерлігін қалдырған Шолпанқұл Құлымбаев туралы әңгіме тербегіміз келіп тұр. Ол кісі Алматы облысы, Балқаш ауданы, Куйбышев колхозында дүниеге келген. Шолпанқұл атамыз алғашқы еңбекке араласа бастаған уақыты 1941 жыл соғыстың жаңа басталған жылдарымен дөп келеді. Бір жыл колхозда жұмыс жасағаннан кейін 1942 наурыз айының 3 жұлдызында Қызыл Армия құрамына алынады. Міне, Отан алдындағы борышын 2 Украин майданында Миргородской 373 атқыштар дивизиясының құрамындағы 420 жеке барлаушылар ротасында өтеді. Сұрапыл соғыста талай рет кеудесін оққа төсеп, жау арасына барып басшылар берген қиын тапсырмаларды жымын білдірмей орындайтын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.05.2016
 
АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
    Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Қ. Медеуов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Сарсенбаева Өтеген батыр кентіндегі тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде болды.
Құттықтаушы топ алдымен соғыс ардагері А.Калугинаның үйінде болып, әжемізге құттықтау хатпен бірге себет толы тәтті тағамдарды табыстады. Дәл осындай мақсатта Т. Толғанбаев, В. М. Заец, Н.Ф. Лецкевич ақсақалдардың үйлерінде болып, ардагерлерге ұзақ өмір тіледі, олардың әңгімелерін тыңдады. Жасы тоқсаннан асқан майдангер қарттар әлі тың көрінеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.05.2016
 
САЯТШЫЛЫҚ - ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР
 
   Саятшылық. Қазақ халқының тағы бір ғажайып өнерінің бірі - осы саятшылық, яғни құс салу арқылы аңшылық құру. Саятшылық - халқымыздың тірі табиғат пен өлі табиғаттың тыныс-тіршілігін, құпия сырын терең меңгергендігінің айғағы. Сөйтіп, саятшылық - халықтың мұрат тұтқан арманы, әрі өнері болып саналған. Құстың тілін білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кездеседі.
    Халқымыздың осынау 300 мың жылдық тарихы бар саятшылық өнерін қазіргі жас ұрпақ біле бермейді. Осынау кенжелеп бара жатқан ұлттық дәстүрімізді насихаттап, бүгінгі ұрпаққа киелі құс - қыран бүркіт жайында кеңінен мағлұмат беру мақсатында №9 орта мектепте «Саятшылық - ұлттық дәстүр» атты кездесу өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.05.2016
 
АУЫЛЫ БАТЫРЫМ ДЕП ТҰР
 
    Өткен ғасырдың аяғында нақтырақ айтсақ, 1986 жылдың 26 сәуірі күні Кеңес Одағында ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат орын алды. Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының төртінші блогы жарылып, реактор толық істен шықты. Бұл апаттың алдын алу үшін қазақ жерінен үлкен көмек көрсетіліп, мыңдаған адамдарымыз уран радиациясының сәулесінен мүгедек болып қалды. Осы апатқа биыл аттай 30 жыл толып отыр.
   Ағзаға сіңген сәулемен алысып өмір сүргендер қатарында біздің ауданымыздың азаматы да бар. Ол Чернобыль апатының батыры Құйған ауылының тұрғыны Нұрхайын Мухиддин.
Өткен аптада осы Нұрхайын ағамыздың атына №32 орта мектепте волейболдан Құйған ауылы азаматтары арасында турнир өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.05.2016
 
«ҮМІТІМІЗ» СЕНІМДІ АҚТАДЫ
    Бүгінгі күні тәуелсіздікті тәу етпейтін қазақ жоқ шығар. Дәл осылай Жетіген ауылдық округіндегі №11 орта мектепте орналасқан «Үміт» балалар мен жасөспірімдер клубындағы оқушылар да солай ойлайды.
Өткен аптада аталмыш округтегі Е. Бейсебаева жетекшілік етіп отырған «Үміт» балалар мен жасөспірімдер клубы ел алдында өзінің есебін берді.
Олардың алған тақырыбы «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» деп аталды. Бүгінгі күннің жастарына елдің еркіндігін жырлаудан артық керемет не бар?! «Үміттіктер» дәл осы тақырыптың ең өзекті мәселелерін қозғады. Олар алдымен көрермендерге «Тәуелсіздік - тарих жолы» атты Алаш азаматтарының образын келтіре қойылым қойды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.05.2016
 
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Алматы облысы бойынша, қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 500 ден астам қызметкері қатысты.
«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚАлматы облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Иманғалиев Самат – Бүгін біз тазалық жұмыстарын Қаратал өзенінің сол жақ жағалауында өткіздік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.05.2016
 
ХАЛҚЫ БАРДА МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІ ТІРІ
    Мұқағали Мақатаевтың сөз кестесі - алтын мен күміспен нақышталған мінсіз сұлу сөздер. Абай Құнанбайұлының «өлеңнің іші алтын, сырты күміс» болуын қалауы да осыған үндес. Қазақтың рухани мәдениетінің саф алтындай сипатын, ата-бабалардың өр рухын кешеден бүгінге жеткізген әдебиетіміздің Мұқағали Мақатаевтай тұлғасы - біздің ұлттық мақтанышымыз. Ақынның жарқыраған көркем жырлары алтын маржандай өлең өрнектері халқымен мәңгі жасай бермек. Өткен аптада ақиық ақынның атын иеленген №13 орта мектепте Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып Хантәңірдің мұзбалақ ақыны, өлең жырдың маржаны, қазақтың дарабоз ақыны М.Мақатаевтың 85, осы білім ордасының 25 жылдығына арналған «Халқы барда, Мұқағали - мәңгі тірі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.04.2016
 
«ІЛЕ БӨРІСІ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
    Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Іле ауданы әкімінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Іле бөрісі» аудандық іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың 7 ауылдық кенттік округінен 16 спортшы қатысты. Олар: Байсерке, Өтеген батыр, Жетіген, КазЦИК, Междуреченск, Боралдай, Күрті командалары.
Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарысымыздың қорытындысы бойынша І-орын Максим Фуртаев (Өтеген батыр), ІІ-орын Даулет Сапарбеков (Жетіген), ІІІ-орын Темірхан Алибеков (Өтеген батыр) ие болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.04.2016
 
ӨСЕТІН ЕЛДІҢ ҚАРТЫ ҚАЗЫНА БОЛАР
    Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Төрткен Кененқызының 80 жасқа толуына орай, аудан әкімдігі жанындағы «Әлібек Нұрқожа» атындағы халықтық ардагерлер ансамблі «Ән жырым саған – Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарламасымен ауданымыздың округтеріндегі елді-мекендерді аралады.
     Барлық елді-мекендерді аралап, концерттік бағдарламаларын өткізгеннен кейін Энергетический ауылдық округ әкімі «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне және Іле ауданының құрметті, сыйлы азаматы Төрткен Кененқызының 80 жасқа толуына орай жақында «Мақсат» кафесіде ардагерлер ансамбліне дастархан жайып, ақ тілектерін айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.04.2016
 
МЫҢ АЛҒЫС ЕМІҢІЗГЕ МЕРУЕРТ
Қазақстан республикасының 25 жылдық мерекесіне орай Өтеген батыр кентіндегі орталық стадионда аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудан жастарының басын біріктірген аудандық жастар форумы өтті. Ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастардың тұлға болып қалыптасуы мен азаматтық позициясын орнықтыруды мақсат еткен форумға аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов, Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Р. Алпысбаев, аудандық бөлім басшылары мен аудан жастары қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов ашты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.04.2016
 
Функционалдық сауаттылық
 
      Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған.
      Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата-аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.
     Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік-саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.04.2016
 
Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра
 
      Білім – адамзат қоғамын алға апаратын күш. Әр елдің өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өз орнын табуы, білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты. Елдің болашағы - білімді ұрпақтың қолында. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында №39 гимназияда жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтар болсақ, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық 11-ші сынып оқушыларымен жоғары деңгейде жүргізілуде. Анығырақ айтсақ, апта сайынғы алынып отырған тест сынақтары оқушы білімін анықтап, нәтижесін жүйелі түрде көрсетуде. Мысалы жыл басында мектеп бойынша білім сапасы 54 пайыз болса, III-тоқсан қорытындысы 80 пайыз көрсетіп отыр.
      Жүйелі түрде берілген білім оқушының өзіне деген сенімін нығайтады. Гимназияда биылғы жылы алпыстан астам түлек үлкен өмір есігін ашуға қадам жасауда. Олар өздерінің 11 жыл алған білімдерін сараптау үшін ұлттық бірыңғай тест тапсыруға дайындық үстінде. Күнделікті сабақтан соң қосымша сабақтар белгіленген кестемен жүргізіледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.04.2016
 
Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра
 
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жылдан асып барады. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қайтадан гүлденіп, жанданып, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Тіпт соғыс іздері жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.
Кешегі қан майданның куәгерлері бүгінгі бейбіт өмірде де аянбай еңбек етіп, ұрпақ өсірді. Кейінгі толқынға үлгі-өнеге бола білді. Өкінішке орай, Отан үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары күннен-күнге сиреп, азайып барады. Олардың ерлігі мен есімдері тарих парағында мәңгі сақталады. Айбынды күш білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер, бүгінгі өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам - жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтаған күн. Біз жыл сайын 9 мамыр күні осы мерекені тойлаймыз. Бұл мереке бізге оңай келген жоқ. Бұл Жеңіс бізге бақыт пен бейбіт күн сыйлады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.04.2016
 
Мектеп - кеме, білім – теңіз
 
ҰБТ-ге дайындық мақсатында мектебімізде өтіліп жүрген кезекті жоспар бойынша белгіленген ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа округ әкімі В.Н.Поротиков қатысып, ата-аналар мен ұстаздар бірігіп атсалысса, түлектердің ҰБТ-де жақсы көрсеткіш көрсететіндеріне өз сенімдерін білдірді. Артынша сөз алған мектеп директоры А.Наурызбаев ата-аналар мен мектеп түлектерін ҰБТ-нің өткізу тәртібімен таныстырып, кеңестер мен ұсыныстар жазылған жадынама таратты. Түлектерді ҰБТ-ге дайындау үшін ұстаздар қосымша сабақ кестесі бойынша үздіксіз жұмыс жасап келеді. Оқушылардың 11 жыл бойы алған білімдерін саралайтын ҰБТ-ге аз ғана уақыт қалды. Маңызды сынақ жақындаған сайын, ата-аналар мен талапкерлердің қобалжуы үдей түскен. Олармен мектеп психологы Қ.Асубаева түрлі тренинг өткізіп жұмыс жүргізуде. Түлектердің емтиханға психологиялық тұрғыдан дайын болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Қазіргі уақытта аралық тестілеу нәтижесі бойынша ортақ 76 балды көрсетіп тұр. Ендігі үлкен сынақ тестілеу нәтижесінде 80 балды көрсеткішті көрсетеміз деген сенімдеміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.04.2016
 
Мүлікті жария ету
- Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу үшін жария ету субъектілері комиссияға немес салық органына тиісті құжаттарды тапсыру қажет. Ол үшін азаматтың заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініші, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңда көзделген өзге де құжаттары болу керек. Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.04.2016
 
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
 
Мектебімізде әр айдың басында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіліп тұрады. Ата-аналар жиналысында оқушылардың ҰБТ-ге дайындығы және оқушыға қандай да бір көмек керек екендігі жайлы айтылды. Жиналысқа 11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар, мектеп психологы қатысып, «ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы өз ойларын ортаға салып бөлісті. Ата-аналар тобы: мектептегі ҰБТ-ге дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде, көңіліңіз тола ма? ҰБТ тапсыру қарсаңында талапкерлердің ата-аналары нені білуі тиіс? Алдағы ҰБТ-ге моральдық тұрғыдан қалай әзірлену керек? Ұстаздар тобы: Өзіңізді 11 сынып оқушыларымыз деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтарын өткізу әдісі сізге ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз? Мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға қалай дұрыс дайындалуы керек? деген сұрақтарға жауап бере отырып, ата-ана, мұғалім болып ізденіп, көмек көрсетуге шақырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.04.2016
 
САУДАЛАП АЛҒАН ЖЕМІСІҢ НИТРАТСЫЗ БОЛСЫН!
 
Көктем келіп, елдің аңсары көк жеміске ауа бастаса болды, базар саудагерлері көрші аспан асты елінен қорап-қорап жеміс-жидектің түр-түрін тасымалдай бастайтыны ешкімге жаңалық емес. Елімізге, оның ішінде аудан көлемінде көк алмалар мен мандарин, банан, секілді күнделікті қолданатын жемістеріміздің құрамында нитраты жоғары болуы мүмкін.
Осы мәселенің егежей-тегжейін анықтау үшін аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы К.Пересторонина мен бас маман Қ. Асамбаева аудандық сараптама орталығымен біріге отырып, «Сапалы өнім – болашақ кепілі» атты акциясын Өтеген батыр кентіндегі «Биля» сауда орталығында өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты - көкөністер мен жеміс-жидектердің сапасын және нитратсыз болуын қатаң бақылауға алу болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.04.2016
 
МЫҢ АЛҒЫС ЕМІҢІЗГЕ МЕРУЕРТ
Адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жандар – дәрігерлер. Кез-келген науқастың көңіл-күйіне, ем алуына аса ұқыптылықпен қарауда ақ халатты абзал жандарға тән қасиет. Өзі қарайтын науқастың денсаулығын бәрінен де маңызды санап, бірде дереу ота жасап, бар өнерін салып, адам жанына араша түсіп жатады. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, өзімізше емделуге тырысамыз. Бірақ, кейін бәрібір ем іздеп дәрігерге барамыз. Жанымыз қиналып, еш нәтиже шықпаған соң, амалсыздан басымызды ұстап алдарына барамыз.
Аурухананың күнделікті күйкі тірлігі, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-шаралар жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың жымиып жүретініне қайран қаласың.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.04.2016
 
ӨМІРІ ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
 
Халық ақыны, күміс көмей, жезтаңдай әнші, жыршы Кенен Әзербаевтың сүйікті қызы, ән мұрагері Төрткен Кененқызы ҚР-ның «Мәдениет қайраткері», ҚР-ы «Халық ағарту ісінің үздігі», Іле ауданының «Құрметті азаматы». Нағыз текті атаның ұрпағы парасаты мол Төрткен апамыз сексеннің сеңгіріне шығып отыр екен. Мерейлі жасыңыз құтты болсын, Төрткен апа!
Мен өзім кішкентайымнан ән салып, домбыра тартып өскенмін. Кенен атаның әндерін радиодан тыңдап, естіп жаттап өстім. Ауылда той-томалақтарда үлкен ақсақалдар «Кенен әнін айтшы» деп маған айтқызатын. Әлі де ол кісінің «Қайран жастық», «Ой жайлау», «Бір жас бар он жас деген» ән-жырлары қоржынымда бар.
Төрткен апа - өзіңізбен Іле ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тұрғанда бес-алты жыл бірге жұмыс атқарған күндерім бүгінгідей есімде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.04.2016
 
Отан отбасынан басталады
 
2016 жылдың 6 сәуірінде М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Аналар мектебі - тәрбие көзінің бастауы» атты семинар кездесу өтті.
Атаулы семинар кездесуге он ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары, ішкі саясат мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан жастары қатысты.
Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы С.Қабылбеков жүргізді. Семинар барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ауданның «Құрметті азаматшасы» Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы аудандағы аналар кеңесінің жұмыс бағыт-бағдарын түсіндіріп, болашақта біріге жұмыс жасауға шақырып, атаулы жылдың 29 сәуірінен маусым айының 3 күні аралығында «Отбасылық сырласу» тақырыбында семинар-кеңестер өткізуді ұсынды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.04.2016
 
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
 
Жалпы, діни тұрақтылық - дамудың негізгі кілті. Дін адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінезбен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір ілім. Сондықтан иманды, тәртіпті, білімді ұрпақтар діни тұрақтылыққа жіті мән беріп, тұрақтылық пен татулықты, ынтымақты сақтау жолында аянбай іздене берулері тиіс.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.04.2015
 
ӨМІРІ МЕН МАМАНДЫҒЫН ҚАТАР ӨРГЕН АЗАМАТ
  Мына жаһандану көші ешкімді аямайды да, ол уақыттың досы болып алған. Жолында тұрған небір тау тұлғаңды қандай адам екенін, не жасап, немен күнөлткенін ел алдына көрмеге қойғандай етіп береді. Осы жолды тек қасқайып, елдің қамын емірене жеп, оның дамуына көлдей тер мен таудай еңбегіңді көрсете білумен жеңесің. Осындай айтулы адамдар әр ауылда, әр аймақта бар. Соның бірі аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Молдахметов Талғат Биғалиұлы десек, артық айтпаған болар едік.
Талғат ағаның әу деп бастаған сөзі әкесі Биғалидың берген тәлім-тәрбиесінен басталды. «Әкем жеті класс қана оқыған жан екен. Бірақ ол өзінің білімін ең биік шыңдарға жұмсады. Ауылдық кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысына да қатысып, ел алдындағы туған жерге деген борышын үлкен абыроймен қорғады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.04.2016
 
100 ЖАСҚА КЕЛГЕН КЕЙУАНА «НҰР ОТАНҒА» ДАУЫС БЕРДІ
  «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы қарсаңында өткен «Сайлау - 2016» мереке думандай өте шықты.
Жетіген ауылдық округіндегі барлық сайлаушылардың сайлауға деген ынтасы өте жоғары деңгейде болғандығын мақтанышпен айтуға болады. Сайлаушылар ішінде дауыс беруге келген қарт кейуана Рахымбаева Нұркамал Сүлейменқызы балаша қуанып, жасының жүзге келгендігіне қарамастан өз аяғымен жүріп келіп, «Нұр Отанға» дауыс берді. Қарт ана «Шырақтарым біз көрген бейнет пен қиыншылықтарды енді сендер көрмеңдер, бүгінгідей қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман бастарыңнан кетпесін, Елбасымызға, құдай қуат берсін, өз дауысымды «Нұр Отанға» беремін» деген ақ жарма тілегі барша қауымға ой салды. Бұл анамыз Жетіген ауылының тұрғыны, жасы жүзден асқан Рахымбаева Нұркамал Сүлейменқызы болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.04.2016
 
ТҰТЫНУШЫЛАР БІРЛЕСТІГІ ДАБЫЛ ҚАҒУДА
 
 Ақпан айының соңғы күнінде «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсету саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары Б.Әбеуова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.Коңырбаев, прокуратура, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсету саласының өкілдері, зейнеткерлер, қоғамдық бірлестіктер, көпқабатты үйлердің жауапты өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында коммуналдық қызмет көрсету саласы бойынша мәселелер талқыланды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.03.2016
 
Мүлікті жария ету науқаны созылды
  Мүлікті жария ету әлемдік практикаға алғашрет еніп отырған жоқ. Еуропа елдері мұндай акцияны бірнеше рет өткізіп келеді. Өйткені,капиталды көлеңкеден шығару проблемасы барлық елдерде де өте өзекті болып отыр.Мәселен, табыс пен капиталды жария етужөніндегі бағдарламалар Үндістанда 5 рет,Португалияда 4 рет, Францияда, Австрияда,Ирландияда 2 реттен іске асырылған. Өткен жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасыныңазаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруғаықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.03.2016
 
АВТОКӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЙЫПТҰРАҚҚА КЕТЕСІҢ!
  Бүгінгі күні салықтық төлемдерді дер уақытында төлеу кез-келген субьектінің азаматтық міндеті болып табылады. Еліміздің экономикалық өркендеуі мен халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары болуы салықтық және міндетті төлемдердің дер уақытында өндірілуіне байланысты екені айтпаса да түсінікті. Соның бірі – көлік салығы. Өздері нәпақа тауып жүрген көліктерінің салығын төлемей мемлекет бюджетіне айтарлықтай зиян келтіріп жүрген жүргізушілер аудан көлемінде көптеп кездеседі. Әлемдік дағдарысты желеу етіп салықтан жалтаратындардың қатары әлі де болса қалың. Құзырлы орган өкілдері қазынаға түсуі тиіс қаржыны қалтасында сақтап жүргендерді жазалауға көшті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.03.2016
 
БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ЖҰМЫС БЕРЕКЕЛІ БОЛМАҚ
 
 Баршамызға белгілі 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңы қабылданып, үстіміздігі жылы өз күшіне енген болатын. Осыған байланысты және Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 18 қаңтарындағы «Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік Ережені бекіту туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда Іле аудандық мәслихаты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамын бекітіп, жұмысын ұйымдастырып, бағыт-бағдарын анықтады. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын, оның мүшелерін сайлауға байланысты отырыстар өткізілді.
 Қоғамдық кеңестің жақында ғана өткізілген ІІ отырысында аудан әкімі Қ.Медеуовтың 2015 жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы есебі тыңдалды. Аудан әкімі аудандағы әлеуметтік саяси жағдайды баяндап, 2016 жылға арналған жоспармен бөлісті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.03.2016
 
ӨЗЕКТІ ДЕ ӨТКІР МӘСЕЛЕ
 
«Дінтану негіздері» пәні 2009 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің жетекшілігімен орта білім беретін мектептерде 9 сыныптарда енгізілген болатын. Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық, құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған. Бұл поликонфессиялық, полиэтникалық жағдай қазақстандық қоғамда өзекті тақырып. «Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты – жастар бойында жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру. «Дінтану негіздері» факультативтік курс ретінде берілген сабаққа баға қойылмайды, бірақ сұранысы көп, жауапкершілігі үлкен пән. Бұл пән ҚР Білім және Ғылым министрлігімен және Дін істері комитетімен бақыланып отырған жылғыз пән деп айтса болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.03.2016
 
Наурыз мейрамы – мерейі тасыған ұлы мереке!
  Наурыз мерекесі, әсіресе, ел Тәуелсіздігімен бірге жаңарып, жаңаша тойланып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз мерекесі - мемлекеттік мереке болып жарияланды. Ал өткен жылы Наурыз мерекесін Біріккен Ұлттар Ұйымдарының Бас Ассамблеясы халықаралық мейрам деп атады. Бұл күндері Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық деңгейдегі зор абыройы бәрімізді қуанышқа бөлейді. Биыл – ел Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық мерекесі. Біздің халқымыз да, дүниежүзінің саясаткерлері де Қазақстанның 25 жыл ішінде қарыштап өсіп-өркендеуі - Елбасының жүргізіп келе жатқан дана саясатының жемісі және халықтар бірлігінің нәтижесі деп біледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.03.2016
 
ЖАМБЫЛ ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ
 
Поэзиялық жанрдың ішінде ежелден келе жатқан қазақ қауымына ең жақыны – айтыс. Қолма-қол ұшқыр ойын суырып салып, елдегі қоғамдағы актуалды мәселелерді, қарсыласының осалдығын өлең сөз бен әдемі өрнектеп, келістіріп жырлайтын жанр. Кейінде Мұхтар Әуезов «Халық театрының анық, дәл мұрасы бар деуге болады» - деп бағасын берген.
Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №20 орта мектепте Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Бүгінгінің Жамбылдары» атты аудандық жастар орталығы мен аталмыш округтің жастар мәселесі бойынша нұсқаушысы Нұржан Шарымқанбет және округтегі қоғамдық кеңес мүшелері ұйымдастырды.
Айтыстың алқа мүшелігіне аудан көлемінде танымал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Ә.Исаев, ақын, ұстаз Б. Медеу, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Жарқынбеков, ақын А. Қырқабақов сынды азаматтар мен азаматшалар болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.03.2016
 
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫ БОЙЫНША ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ҚОРҒАУ
 
Еуразиялық экономикалық одақ туралы Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекет басшылары қол қойған Шартта техникалық реттеу, салықтар, көлік, қаржы нарықтары және сол сияқты экономикалық қызметтің келесі салаларын реттеу қарастырылған. Зияткерлік меншік нысандары құқықтарын реттеу, қорғау және сақтау ерекше орын алады. ЕАЭО туралы шартта мәселелердің бұл шоғырына сәйкес «Зияткерлік меншік» Бөлімі және Зитякерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау және сақтау туралы хаттама арналған.
Сонымен бірге соңғы кездері көптеген өндірушілер (тауар белгілерінің құқық иеленушілері «Параллельді импортқа» қарсы тұру бойынша шаралар қолдану қажеттігі туралы мәселе көтеруде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.03.2016
 
ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ БОЛМАҒЫН
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасында мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық денгейін төмендету мақсаты көзделген. Ондағы мақсат - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру болып табылады.
Аталған бағдарламаның тұжырымдамасы мемлекеттік басқарудағы жариялық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқарған адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.03.2016
 
ӨНЕРІН ӨМІРІНЕ СЕРІК ЕТКЕН
Өткенде Боралдай кентіндегі Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінде Қазақстан Республикасы-ның «Халық ағарту ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, Алматы облысы «Іле ауданының Құрметті азаматы», ұлағатты ұстаз, әке жолын қуған әнші Төрткен Кененқызының
80 жасқа толған мерейтойына байланысты «Аманат саған ән-мұрам» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, бұл мерейтойға «Водник» ықшам ауданындағы К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп ерекше дайындалды. «Кенен оқулары» өткізіліп, балаларымыз қазақтың әйгілі халық ақынының өлеңдерін жарыса жаттады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.03.2016
 
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
 
Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған.
Хабарласыңыздар, егер:
- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.03.2016
 
ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТАРДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН, ӨТКІР ДЕ ҰТҚЫР ИДЕЯ
 
Елбасы - халқын шын сүйетін, перзенттік парызына адал, елін бірлік пен ынтымаққа ұйытумен келе жатқан тұлға. Мұның ерекше мәні бар. Себебі, тұрақтылықты өз дамуының негізі етіп алмаған елдің болашағы да бұлыңғыр болатыны айдан анық. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа жалпы жұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген лайықты атқа ие болды. Бұл жаңа Ұлт жоспарының көкжиегі кең, маңызы мен нәтижесі орасан зор екенін айғақтайды. Қазақ елінің күн санап көркейіп, дамып келе жатқаны ақиқат. Елбасының реформалық бағдары және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуінің тездеткіш себепкері. Осы жүйелі жоспарда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына да баса назар аударылған.
Бұл бір жағынан, «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді әрі нәтижелі жүзеге асырудың маңызды бір тетігі болса, екінші жағынан Ата Заңымызда жария етілген құқықтық мемлекет құрудың негізгі ұстанымы болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.03.2016
 
АРДАҚТЫ ІСТІҢ АРДАГЕРІ
Көктемнің мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық «Қазпошта» АҚ байланыс торабының басшысы Р. Мейрова Ақши ауылында 36 жыл бойы пошта саласынды қызмет еткен Сихымбекова Гүлнар Шакенқызын Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіподағы төсбелгісімен және аудандық пошта байланыс торабының үздік қызметкері деген атағымен марапаттап қайтты. Оған Байсерке, Жетіген, Боралдай пошта тораптарының басшылары мен аудандық пошта байланысы орталығының қызметкерелері қатысты.
Гүлнар Шакенқызы 1979 жылы өзі туып-өскен Балқаш ауданы, Құйған ауылының орта мектебін аяқтағаннан кейін, әсем Алматы қаласындағы №19 кәсіптік-техникалық училищесіне келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.03.2016
 
КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ
 
Қазіргі таңда Қазақстан конфессияаралық және этносаралық турақтылық пен келісімді озара ұштастырып, қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарында. Бұл Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырган ұстамды да ұтымды саясат жемісі екендігі даусыз. Осы бағыттағы Елбасының игі бастамаларының бірі ретінде Астана қаласында тұрақты түрде 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін ерекше атап айтуға болады. Осы ауқымды шараның нәтижесінде әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері арасында халықтардың татулығы мен өзара түсіністігіне бағытталған ауқымды келіссөздер жасалып келеді.
Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен жетістіктерін айтқан кезде оның қарқынды дамуының тірегі болып саналатын ұлтаралық және конфессияаралық келісімді жадымыздан шығармауымыз қажет.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.03.2016
 
ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ
 
Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Әйел - Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Киелі Іле жерінің сән-салтанаты мен Ұлы дала халқының мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет етеді.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол қоғам өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.03.2016
 
МӘҢГІЛІК ЕЛДІ ІЛЕ ӨҢІРІ ҚОЛДАЙДЫ
 
Жаһандық дамудың даңғыл жолына түскелі көшіміз түзеліп, тереземіз өзге елдермен теңесіп келеді. Мұның барлығы ел дамуы жолында іске асқан жүйелі реформалар мен нақты жоспардың жемісі. Биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Жолдауында Елбасы Қазақстанның жас азаматтарына үлкен үміт пен сенім жүгін артып, «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңыздар» - деп атап көрсетті. Оларға жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл бару қажеттігін айтты. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адамның озатынын нақты түсіндірді. Елді болашаққа бастаған бұл Жолдау бізге - ұстаздар қауымына да үлкен міндеттер жүктеп отырғаны айқын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.03.2016
 
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ БАСТАУЫ
 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауындағы ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қазынашылық бюджеттік жүйесін жақсарту, жергілікті бюджет қаражатының дұрыс пайдалану, жемқорлыққа жол бермеу, әр қазынашылық қызметкерлерінің бақылауында. Елбасы әр жыл сайынғы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде қандай іс атқарылатынын жіпке тізіп береді. Ұлан-байтақ жері бар біздің еліміз үшін алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұры­лым – жарқын болашаққа апарар жол. Ол экономикамыздың дамуына және экономикамызды инновациялық даму сатысына көтеретін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.03.2016
 
ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Өткен аптада аудан бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік автопоездың жиыны Боралдай кенті мен Междуреченск ауылында болды.
Жиынның басты мақсаты Іле ауданы бойынша 2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Жолдауын насихаттау.
Яғни, аудандық әкімшілік аппараты және аудандық әлеуметтік саладағы бөлімдер өздерінің тың жаңалықтарымен және жұмыс жасау бағыттарын халықпен таныстырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.03.2016
 
1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
 
ХАЛҚЫМА РИЗАМЫН!
Мен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болдым. Бүгінгі таңда дүниеге келген қасиетті Іле ауданының тұрғындарына, оның ішінде Жетіген ауылына және спортқа келуіме өз ықпалын беріп, алғашқы бокстың қыр-сырын үйреткен жаттықтырушым Рахимов Болат Қанапияұлына алғысымды білдермін.

Назым ҚЫЗАЙБАЙ, бокстан әлем чемпионы.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.03.2016
 
АҒА ҰРПАҚҚА ҚҰРМЕТ
 
1-наурыз еліміз бойынша «Алғыс айту күні» болып жарияланды. Иә, бұл мерекені Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет мерекелейді. Алғыс айту күні - бұл біртұтас азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайту. Мерекелеу мақсаты - қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту. Атаулы мерекені өткізуде 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда «Алғыс айту күні» деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойды. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, еліміз де тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.02.2016
 
АТАЛЫҚ ЖҮРЕГІММЕН
 
«Бала бауыр етің», - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Мен зейнеткерлік демалысқа шыққалы бері немерелерімнің білімі мен тәрбиелеріне сын көзбен қарап жүрген адаммын. Олар көзі ашық, көкірегі ояу азамат боп өссе мен үшін үлкен қуаныш, мәртебе.
Аудан орталығында орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің 4 «г» сыныбында немерем - Арсен Жеңіс оқиды. Арсеннің білімге деген қызығушылығы өте жоғары. Үнемі ізденіс пен талпыныс үстінде жүреді. Мектепке де баруға асығып тұрады. Себебі, мектебінде өз ісінің майталман шебері, балаға деген жүрегінің жылуын сыйлайтын, сүйікті ұстазы - Айгүл Адамбекова бар. Жақында осы мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас математик» байқауы өткізіліп, осы байқауда немерем Арсен бас жүлдені жеңіп алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.02.2016
 
ҰЛТ –БАЙЛЫҒЫ
 
Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін - ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.02.2016
 
ИМАНДЫЛЫҚ – ҚАСТЕРЛІ ҚАСИЕТ
 
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.
Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.
Бүгінгі күндері тек Қазақстан аумағында ғана емес, әлемдік қауымдастық деңгейінде де экстремизм мен лаңкестік мәселесі жұртшылық назарын алаңдатуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.02.2016
 
ТАСТАНДЫ БАЛА БОЛМАУДЫҢ ЖОЛЫ - ИМАНИ ТӘРБИЕ
 
Соңғы деректерге сүйенсек, жылына Қазақстанда орта есеппен 120 000-нан аса жасанды түсік жасалады екен. Әрине, бұл дабыл қағатын дерек. Қыздардың, әйелдердің көп мәселені түсінбей, бұл күнәлі амалдарға баруына не себеп? Тастанды балалар неге көбейді? Міне, осы мәселенің төңірегінде Ақши ауылдық мешіттің бас имамы Серік Кәрібжановтың ұйымдастыруымен, Күрті округі әкімдігінің қолдауымен «Көкек ана бүйрексіз, тастанды бала тұл-тексіз» атты семинар өткізді. Өзек жарды тақырып әлеумет арасында қызығушылық танытып, аталмыш семинарға ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, ұстаздар, студент жастар қатысты. Маңызды мәселе көтерілген бұл шараға арнайы қонақтар - Іле ауданының бас имамы, дінтанушы - А.Сейітұлы, Байсерке ауылы, «Хайыр Ихсан» мешітінің бас имамы - Е.Сүтемген, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Самат Аримаұлы шақырылды. Алғысөз алған округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов: «Қазағымыз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Тастанды бала қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Біздің ауылда мұндай мәселе болмағанымен, жастарымызды осындай қасіретпен таныстырып, соны болдырмаудың, алдын-алудың жолын қарастыру - үлкендер үшін міндет болмақ» - деді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2016
 
ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА БІТКЕН ҚОС ШЫНАР
 
Апта ортасында аудандық кітапханада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай әдеби конференция және ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 85 жылдығына орай поэзиялық кеш өтті. «Асыл сөздің абызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ұлт мақтанышы» фильмі көрсетіліп, абыз Жамбыл Жабаевтың «Тоқсан бес», «Алғадай» атты әндері тыңдалды. Конференция барысында «Жамбылдың ақындық жолы, Жамбыл - халық жыршысы», «Ақын шығармаларының шоқтығы биігі - айтыстары», «Жамбыл Жабаев - жауынгерлiк рух жаршысы», «Жамбылдың жыршылық өнері» жайындағы мәселелер талқыланып, оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар оның отансүйгіштік, адалдық қасиеттерін дәріптейтін шоқтығы биік айтыс және жыршылық өнері насихатталып, Ә.Нұрғожа атындағы халық ансамблі мүшесі С.Бекмұханбетова Жамбылдың «Өтеген батыр» дастанынан үзінділер оқып, жергілікті ақын Ә.Нұрғожаның сөзіне жазылған «Өтеген батыр» әнін орындады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.02.2016
 
ЕКІ ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ
 
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Жамбыл Жабаев Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық - жыраулық өнер айырықша биікке көтерілген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.02.2016
 
ЕЛ АРАЛАҒАН АВТОПОЕЗД
Бүгінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік автопоездың аудан тұрғындарымен кездесуі өтуде.
Жиыннның басты мақсаты - Елбасының өткен жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау. Оның үстіне Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылға аяқ басқан тұста тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын уақыт жетті.
Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.02.2016
 
БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
 
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, халықаралық саяси жағдайдың ахуалы шиеленісіп, әлемдік дағдарыстың күшейе түскен кезеңінде халыққа рухани дем беріп, келешекке зор үміт пен сенім артты. Өркениетті ілгері өрістетуде ел ішіндегі береке-бірлік пен бейбіт келісімнің алар орны ерекше. Бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі етіп достығы мен ынтымағы жарасқан елімізде 140-тан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті еңбек етіп, өмір сүруде. Тағдыр тауқыметін татып, алмағайып саясаттың құрбанына айналған, елімізге келіп қоныс теуіп, паналаған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі мекен, алтын бесікке айналды. Дүниежүзіне үлгі болған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызды құрылым. Көп ұлтты біріктіруге негіз болған Елбасының есімі бүкіл әлемге бейбітшілік пен ынымақтың жаршысы болып танылуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.02.2016
 
МӘҢГІЛІК ЕСІМІЗДЕСІҢДЕР ЕСІЛ ЕРЛЕР
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 15 ақпан Кеңес армиясының Ауғаныстан аумағынан шығарылғанына 27 жыл толуына орай Өтеген батыр кентіндегі Ауған соғысының ардагерлерінің ескерткішінде "Қазақстандық батырлардың ерлігі» атты митинг өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасы Қ.Медеуов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, партия төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Ә.Исаев және бөлім басшылары, округ әкімдері, ауған соғысы ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ата-аналары, мектеп директорлары, оқушылар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.02.2016
 
ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ЕЛ ТАНЫСТЫ
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!» деген қағиданы ұстанып, ағымнан жарыла ақтарылып отырғаным, жақсы көретін адамдардың ішіндегі өзіме жақын, қандай жағдайда болса да ойланбастан сенім арта алатын досым, Жетісу өңірінің тумасы, Жаңадәуір ауылының тұрғыны Сегизсаринова Камал Кабиевна жайлы сыр ақтарсам деп ем....
Ол нәзік жанды әйел болғанымен, ер-азаматтардан қалыспай еңбек етті. Қажырлы еңбегінің арқасында көптеген белестерді бағындырып жетістіктерге қол жеткізді. Еңбегі бағаланып, ортасына сыйлы болды. Отыз бес жыл әр салада тынбай еңбек етіп, зейнетке шықты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.02.2016
 
СУБСИДИЯ АЛҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ДӘН РИЗА
11 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін Алматы облысы Іле ауданы шаруа қожалықтарында қолданысқа енгізу жұмыстарын ұйымдастыру тобы ауданның шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі Қ.Медеуов, әкім орынбасары Н.Құматаев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Юсупов, ветеринария бөлімінің басшысы С. Қожахметов, агрономия кафедрасының профессоры А.Апушев (топ жетекшісі), биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры Ә.Утянов (топ жетекшісінің орынбасары) және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.02.2016
 
АУДАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ ЖАРНАМА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
 
Алматы облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сәйкес біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды күшейту, осы шараға облыс, аудан, қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында 2016 жылдың ақпан, маусым айларында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясын өткізеді. Акция жоғарыдағы аталған уақыт аралығында Іле ауданында да басталды.
Акция барысында аудан бойынша деректемелер мен көрнекі ақпараттарды, жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 19, 21-баптарына және «Жарнама туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіру, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін түзету, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік тексерулер жүргізу ұйымдастырылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.02.2016
 
АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ!
 
Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай №2 орта мектебінде мерекелік кеш ұйымдастырылды.Ақпан айының басында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын шараға биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған мерекелік шараға оқушылар үлкен шығармашылық дайындықпен қатысты. Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты: Мұқағалидің шығармаларын ұмытпай насихаттап, келешекке аманат ету. Дарынды әрі шығармашыл балаларды анықтау, марапаттау, ақынның өлеңдері арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқитын балалар Мұқағалидің өлеңдерін мәнерлеп, тебірене оқыды, сөзіне жазылған әндерін шырқады. Ақиық ақынға арнап шығарған өлеңдері мен шығармаларын да арнады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.02.2016
 
ШЫН ҒАШЫҚПЫН СОЛ АДАМҒА
Ақпан айының 5 жұлдызында Байсерке ауылындағы №12 орта мектебінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Менің Мұқағалиым» атты жыр мүшәйрасы биыл 8 рет өтілді.
Поэзияға деген махаббаты ерекше жастар тағы да бір рет қара өлеңнің күпісіне шапан жапқан ақиық ақын Мұқағалидың жырынан сусындады.
Мұзбалақ ақынның рухына құрмет ретінде «Мұқағали оқуларын» өткізуді дәстүрге айналдырып келген оқу орны бұл шараны жыр құмар ұстаздар мен оқушылар шығармашылығын дамыту, ақын шығармашылығымен етене жақын таныстыру мақсатында ұйымдастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.02.2016
 
ЕҢБЕГІН ЕЛІ БАҒАЛАДЫ
Азаматтардың мемлекетке, қоғамға сіңірген еңбегін дәріптеудің түрлері көп. Солардың бірі - «Құрметті азамат» атағын беру. Бұл мәртебеге қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері ие бола алады. Марапат иесі еліміздің, ауданның игілігі жолында көп жыл қалтықсыз еңбек еткен, айналасына сыйлы, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатын азамат болуы керек. Биыл Аллаға шүкір ауданымыздың тарихында алғаш рет осы мәртебе төл дінімізді таныту бағытында қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан ардагер ағаларымыздың бірі, Қараой ауылдық округіндегі «Омарбек ата» мешітінің бас имамы - Сүлеймен Жұмабаевқа берілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.02.2016
 
АЛАҚАНЫ АЯЛЫ АБЗАЛ ЖАН
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!» деген қағиданы ұстанып, ағымнан жарыла ақтарылып отырғаным, жақсы көретін адамдардың ішіндегі өзіме жақын, қандай жағдайда болса да ойланбастан сенім арта алатын досым, Жетісу өңірінің тумасы, Жаңадәуір ауылының тұрғыны Сегизсаринова Камал Кабиевна жайлы сыр ақтарсам деп ем....
Ол нәзік жанды әйел болғанымен, ер-азаматтардан қалыспай еңбек етті. Қажырлы еңбегінің арқасында көптеген белестерді бағындырып жетістіктерге қол жеткізді. Еңбегі бағаланып, ортасына сыйлы болды. Отыз бес жыл әр салада тынбай еңбек етіп, зейнетке шықты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.02.2016
 
МАҚСАТЫ БІРДІҢ – РУХЫ БІР
 
Ел Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім және жалпы білім беру саласын мемлекет дамуының маңызды факторы ретінде айқындады. Сонымен қатар еліміздің болашағы балалар мен жасөспірімдердің білімді болуы – білім басшыларының басты міндеті ретінде алып, оларға үлкен сенім артып отыр. «Алда аса күрделі қиын кезеңдерге аяқ бастық. Біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт жетті. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек» деп үлкен міндетті бізге Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында аманат етті. Осы орайда мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік түсіп отырғаны айтпаса да түсінікті. Біздің ауданымызға қарасты №1 орта мектептің ұжымы биылғы жылды ерекше бір леппен қарсы алып отыр. Есігін айқара ашып келген мешін жылында мектебіміздің ашылғанына 10 жыл болады. Ұйымшыл бұл ұжымның әр жасаған қадамы табысты болып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.02.2016
 
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
 
Елбасы Жолдауына - бүкіл халықтық қолдау. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдап, бүкіләлемдік дағдарыс кезіндегі атқарылар нақты, маңызды іс-шаралар жайлы тоқталды. Елбасы Жолдауы - қазіргі дүниежүзіндегі аумалы-төкпелі уақытта, әлемдік дағдарыс кезінде еліміздің тығырықтан шығар жол тауып, ел еңсесін түсірмей, елдігімізді сақтап қалатын маңызды құжат болып табылатыны сөзсіз. Біздер, бастауыш партия ұйымы мүшелері ауылдағы өзекті мәселелерді қарастырған кезде, денсаулық сақтау, білім беру мәселесі көп қозғалады. Себебі, ел ертеңі – сапалы білім мен ұлттың саламатты денсаулығына байланысты екені даусыз. Жолдауда Елбасымыз қандай қиыншылық болса да, елдің алдындағы әлеуметтік міндеттердің толық орындалатыны жайлы денсаулық саласы қызметкерлерінің жалақысы - 28 пайызға, білім саласы бойынша 29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласы бойынша 40 пайызға көтерілетіні жайлы айтып, елді әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен мән беріліп отырғанын айтып өткені - біздерді қатты қуантты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.01.2016
 
БЕРЕКЕЛІ ДЕ МЕРЕКЕЛІ КҮН
 
Өткен аптада Энергетический ауылдық округ әкімінің Жаңа жылдық шыршасы «Мақсат» кафесінде өтті. Аталмыш шараға жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар шақырылды. Мекеме-ұйымдардан барлығы 82 бала қатысты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардан 32 баланы үйлеріне барып құттықтап, сыйлықтар таратты. Мостоотряд-8 ЖШС бірлесіп 4 ҰОС ардагерлері мен 9 тыл еңбеккерлерін Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, оларға азық-түлік дорбасын табыс етті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.01.2016
 
Іле ауданы әкімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдындағы ЕСЕБІ
2015 жылдың қорытындысы ауданның әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өсуі тұрақты екендігін дәлелдейді. 11 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 120,8 млрд.теңге түсті. Бұл жоспар бойынша 83 пайызы. Жергілікті бюджетке 56,8 млрд.теңге түсті. Ол жоспардың 86,6 пайызын құрады.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.01.2016
 
ҚАҺАРЛЫ КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІ
Апта басында «Энергетик» бастауыш партия ұйымының, аудандық кітапхана тобының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік жолында күрескен ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.01.2016
 
МӘРХАБА МӘУЛІТ, МӘРХАБА
Өтеген батыр кентіндегі «Мақсат» кафесінде «Әбу-Ханифа» мешітінің ұйымдастыруымен, Күнсұлу мен Гүлнар Сансызбайқыздарының қолдауымен Мәуліт мерекесі аталып өтті. Онда 120 адамға дастархан жайылып, қасиетті құран сүресін оқумен басталды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні бүкіл мұсылмандардың мейрамы болып есептеледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.01.2016
 
БАЛАЛАР ҚЫЗЫҚҚА БӨЛЕНДІ
Өткен аптада аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шырша мерекесі әсем Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар театрында кеңінен атап өтілді.
Аталған мерекеге аудан әкімі Қ.Медеуов, мәслихаттың хатшысы Е.Тұрымбетов, аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, округ әкімдері мен мектеп директорлары, мектепалды даярлық тобы және бастауыш сынып оқушылары, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.01.2016
 
АЛҒЫСТАН БАСҚА АЙТАРЫМ ЖОҚ
 
«Нұр Отан» партиясы еліміздегі ең үлкен, алдыңғы қатардағы танымал партия екені баршамызға белгілі. Партияның артықшылығы қарапайым халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып, қолдан келген көмегін жасауда. Оған өз дәлелім де бар. Мен көпбалалы ана ретінде Өтеген батыр кентіндегі «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қабылдау бөліміне жазылып, аудан әкімі орынбасарымен кездесіп, өз мұң-мұқтажымен бөлісуге мүмкіндік алдым. «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің араласуымен бала күтімімен үш жыл отырған мен өз жұмыс орныма қайта оралуыма мүмкіндік алдым. Мұқтаж жандардың өтініштерін мұқият тыңдап, көмектерін көрсетіп жатқанына шексіз ризамын. Көпбалалы аналардың қиын-қыстау өмірлерін адамшылдықпен түсіне білген алтындай азаматтар мен азаматшаларға зор алғыс айтқым келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.12.2015
ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН АЗАМАТ
Еліне ерен еңбегімен танылған арда азаматымыз бүгінгі күні ақыл сұрар алпысқа келді. Тоқан Ботабеков ауданда ғана емес облыс көлемінде де танымал кәсіпкер. Бітімі кесек осы бір жанға сырттай қараған адам, алпыстың асуынан асты десе сенбес те еді. Бойындағы күш -қуаты, жарқын жүзін жасартып, көңіліңе медеу болып тұрады. Қайраткерлік, тұлғалық деген дүниелер әркімнің атқарған ісі арқылы айқындалатыны анық. Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тоқан Көкенұлына қандай теңеу айтсақ та жарасады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.12.2015
ЖАС САРБАЗДАР АНТ БЕРДІ
Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №97617 және №78460 Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінде биыл күзде қатарын толықтырған жас жауынгерлер салтанатты түрде ант қабылдады.
Оған штаб бастығы – Әуе қорғаныс күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор М.К.Уашпаев, қос бөлім командирлері полковник О.С.Атыкенов пен полковник С.А.Телегенов, осы бөлімде қызмет етіп, кезекті еңбек демалысына шыққан генерал В.П.Бондаренко, полковник Д.О. Куми және Көкшетау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан келген сарбаздардың ата-аналары келді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.12.2015
Шынықсаң шыңға жетесің
 
Желтоқсандағы қос мерекенің мән-мазмұны өзара астасып жатқан күндері ауданымызда жастармен жұмыс қарқыны жиілеуде. Соның бір дәлелі №28 мектеп-гимназиясында ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, елге танымал спортшыларымыздың бірі - Ардақ Назаровпен кездесу өтті. Кездесуге Байсерке округ әкімінің орынбасары Асхат Бариұлы, Іле ауданының бас имамы А.Сейітұлы, Байсерке ауылдық мешітінің бас имамы Е.Сүтемген, ауданның жас спортшылары мен ұстаздары қатысты.
Бұл жүздесу жас ұрпаққа саламатты өмір салтын жалпы спортты насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Алғашқы сөз алған Ардақ Назаров оқушыларға тарихта өткен батыр бабаларымыздың ерліктерін баян етіп, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгеніне жіті тоқталды. Киелі даланы мекен еткен көшпенді бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи қиссаларды оқушыларға шебер жеткізіп, сол батырлардың жеке-жеке есімдерін еске алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.12.2015
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ШЫРАЙЛЫ ШАПАҒАТЫ
 
Өткен аптада Энергетик ауылдық округіндегі «Қарасу» ықшам ауданында орналасқан №24 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздіктің бастауы - Желтоқсан» атты Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Қантөгіссіз, бейбіт жолмен алған Тәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толып отыр. Қылшылдаған жас мемлекет осы уақыт ішінде қазақ елін қалыптастырып, ақ жолдан нұрлы жолға аяқ басты. Ол қазақты әлемге танытқан Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткер мен көптеген ерен еңбегін аямай төккен мыңдаған азаматтардың жетістігі. Тәуелсіздік – оңай орнаған жоқ. Оған төгілген маңдай тердің ащы дәмі дәл қазір әр қазақтың таңдайында бар.
Сондықтан бұл ұлық мереке еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтіледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.12.2015
ТІЛДІ ТІРІЛТУ ОҢАЙ ІС ЕМЕС...
Қазақ тілінің дербестігіне міне, аттай 25 жыл өте шығыпты. Сонау 90 жылдардың басындағы аласапыран уақыттың қазір жұрнағы қалмаған. Бәрі мұрағатта түйдек-түйдек күйінде тұр. Сол бір қайталанбас тарих қойнауына тағы бір рет сүңгіп келудің орайы келіп тұрған сияқты. Неге деріңіз бар ма?
Осыдан 25 жыл бұрын аудан көлемінде қазақ тілін оқытатын сынып тұрмақ, мектеп те болмаған. Осы олқылықты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын құру 1989-1991 жылдардағы ұлттық қайта жаңғыру, «демократиялық толқын» кезеңіне дөп келді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.12.2015
ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады. ХҚКО қызметкерлері дәл шығару уақытында тура перзентханаларда туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2015
Тағлымы мол тарихи мереке
 
Құрметті ілеліктер!
Сіздерді - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 24 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл біздің азаматтық парызымыз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.12.2015
ӨМІРДІҢ ӨЗ СОҚПАҒЫ БАР...
 
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Қ.Медеуов қабылдау жүргізді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар әр түрлі мәселелермен арыз-шағымдарын айтты. Комсомол ауылының тұрғыны З.Абдуллаева атты азаматша 2-3 жылдан бері балабақша кезегінде тұрғандығын әлі күнге дейін баласын орналастыра алмай жүргендігін айтты. Арызданушының арыз-шағымы тыңдалып, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева қоғамдық қабылдау бөлмесіне шақыртылып, З.Адбуллаеваның баласын Чапай ауылындағы «Гнездышко» балабақшасына орналастыру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар колледж бітірген жас маман Н.Мәдиева аудан әкімшілігі аппаратына жастар практикасына қабылданcа, Әли ауылының тұрғыны қоғамдық Кеңес мүшесі Ю. Магай өзінің қоғамдық Кеңесте жұмыс жасайтынын айта келіп, осы қоғамның ауылда кеңсесінің жоқтығын айтты. Ауыл болып жиналған қоғамдық Кеңес мүшелерінің баратын жері болмағандықтан көптеген қоғамдық жұмыстарды дәл көшенің үстінде шешілетінін айтып қынжылысын білдірді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.12.2015
Тарихи маңызы зор мереке
 
Ақши ауылдық кітапханасында 1-ші желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мерекесіне орай «Ел бақытын мұрат тұтқан Елбасы» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Аталған шараның басты мақсаты - оқырмандарға Елбасымыздың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екендігін таныту, саяси білім беру және Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ұялату болды. Жоспарлы түрде өткен шараға округ әкімі, партия ұйымының төрағасы Д.Өгізбаев, ауыл ақсақалдары, округ ардагерлер Кеңесінің, қоғамдық Кеңесінің, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Кеңестің төрағалары, мекеме, ұйым басшылары, мектеп ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары, сонымен қатар «Күрті» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, барлығы 80 адам қатысты. Күрті ауылдық округінің әкімі әдеби-сазды кешті ашып, өз сөзінде өтіп жатқан кештің мақсаты мен маңыздылығына тоқталып өтсе, Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Аманбаева Елбасының егемендік жолында атқарған қызметіне тоқталып өтсе, «Көркем сөз» үйірмесіне қатысатын оқушылар тарапынан Елбасыға арналған өлең шумақтары оқылып, кітапхана ұжымымен Президенттің өмір жолы таныстырылып, слайд көрсетіліп, Мәдениет үйі қызметкерлерімен патриоттық әндер орындалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.12.2015
ХАЛҚЫНА СЕНГЕН ДАРА ТҰЛҒА
Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Түймебаев ауылындағы №19 орта мектептің акт залына кіргенімізде сахна төріндегі «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» деген айшықты жазуға бірден көзіміз түсті. Мерекелік жиынға келген жастар жағы көк ту бейнеленген жалаушаларымен бұлғап, кеуделерін қуаныш сезімі кернеп отырғандарын көрдік. Зал лық толған. Сахнаның оң жағына ығысқан слайдта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнесі және жүріп еткен еңбек жолдары көрсетіліп жатты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.12.2015
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
 
Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Дін ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Ол дами келе адамның танымын, сенімін қалыптастыратын күшке айналады. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен, қоғаммен қарым қатынасына әсер етті. Дін мәселесі – адамдарды ежелден қызықтырып, танымын қалыптастырып келе жатқан жалпыға ортақ құбылыс болды. Сонымен қатар халықты тек құндылықтар жағынан ғана емес, салтымен, рухани үйлесімімен де біріктіріп, өркениеттерді байланыстырады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.12.2015
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
 
Жалпы, діни тұрақтылық - дамудың негізгі кілті. Дін адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етіп қана қоймай, адамның жан дүниесін иман нұрымен нұрландырып, көркем мінезбен сабырды серік етуге жетелейтін бірден-бір ілім. Сондықтан иманды, тәртіпті, білімді ұрпақтар діни тұрақтылыққа жіті мән беріп, тұрақтылық пен татулықты, ынтымақты сақтау жолында аянбай іздене берулері тиіс.
Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.12.2015
ҚАРТТЫҚҚА ДА, ҚАРАП ОТЫРУ ЖАРАСПАС
 
Аудандық ақсақалдар Кеңесі мен округтердегі қоғамдық Кеңес мүшелері еліміздегі дәстүрлі түрде өтетін Елбасымыздың Жолдауын жаппай тыңдап, өз қортындыларын ортаға салып талқылауда. Менің ойымша Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауында қазіргі жаңа дағдарыста тұрған әр қазаққа қазық қағып берді десе де болады.
Әсіресе, денсаулығы нашарлаған қарт адамдар үшін жаңа Жолдауда көптеп айтылды. Дүниені бір тарының қауызына сыйдырғандай мына дағдарыс біздің елімізден де жедел шараларды мықты талап етіп отыр. Әрине, бұған дейін дағдарысқа қарсы біраз дәйекті жұмыс атқарылды. Келер жылдың басынан-ақ барлық институттық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз етілді. Көз алдымызда өзгеріп жатқан жаһандық қиын ахуал кезінде Қазақстан еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын көбейту, басқа да өсімге ұмтылуы бойымызға қуат, көңілімізге шуақ емес пе!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.12.2015
АҚСАҚАЛДАР - АЛЫНБАС АҚ ҚАМАЛЫМ...
Өткен жұмада ҚазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылындағы қабырғасы жаңадан қаланып биыл ғана қолданысқа берілген №31 орта мектептің акт залында аудандық ардагерлер конференциясы өтті. Оған «Нұр Отан» париясының мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымдарынан сайланған делегаттар, олардың төрағалары мен өкілдері, округтердің қоғамдық Кеңес төрағалары, ауыл әкімдері, аудан мекемелерінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер шақырылған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.12.2015
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН
 
Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.М.Сафаарованың ұйымдастыруымен Чапай ауылындағы «Star Bucks» мейрамханасында қайырымдылық, мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шараға аудан бойынша жүз бала ата-аналарымен келді. Биылғы мерекені ерекше атап өткіздік. Алдымызға қойған мақсатымыз балаларды қоғамға бейімдеу, дем беру, белсенділікке ынталандыру, психологиялық қолдау көрсету.
Әлеуметтік - мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, эстетикалық тәрбие беруге бағытталған. Осыған орай, мерекеге қайырымдылық дастарханына көмектескен «Казкотлосервис» ЖШС А.Ф.Волков, «Star Bucks» мейрамханасының қожайыны Фарида Болатқызы, жеке кәсіпкер Мадина Алимсаевна және Арман Қамалбек, Қарасай еріктілер клубының жетекшісі, жастар саясаты «Жас Отан» қанатының мүшесі Назарбаев Жандос Оразбайұлы сынды азаматтарға бөлімше ұжымының атынан және ата-аналар атынан рахметімізді айтамыз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2015
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ
 
Құрметті Прокуратура қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Елбасы Н.Назарбаев прокуратура – құқық қорғау органдарының түп қазығы екенін атап айтып, осы талапқа сай жаңа міндеттер қойды. Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке қойып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратурасы органдары қызметінің негізгі мақсатына айналды. Содан бері тындырылған жұмыстар аз емес.
Прокуратура - бүгінгі таңдағы Республикамыздың ең жоғарғы құндылығы – адам оның өмірі, құқықтары мен бостандығын, мемлекет пен заңды тұлғалардың заңмен көзделген мүддесін қорғайтын бірден-бір ең жоғарғы қадалаушы органға айналды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.12.2015
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗ ЕСЕБІН БЕРДІ
 
Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округіндегі қоғамдық Кеңес мүшелері халық алдында өздерінің есеп беру жиынын өткізіп, баяндама жасады. Жәпек батыр ауылының қоғамдық Кеңес жетекшісі Р.Бақтыбаев, Әйтеке би ықшам ауданының қоғамдық Кеңесінің жетекшісі Т.Маханов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл жиынға округ әкімі М.Кәрібаев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, аудандық мәслихат депутаты Ш.Қағазбаева, Жәпек батыр ауылындағы мешіттің бас имамы Б.Қонақбаев қатысты.
Сонымен қатар болған кездесулерде Елбасының «Ұлт болашағы 100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілді. Округтердегі қоғамдық Кеңес мүшелері мұрындық болған шаралар мен тәлім-тәрбиелік жұмыстарды қамтыған кең көлемдегі хабарламалар тыңдалды. Есеп беру жиынында оң шешімін таппай тұрған мәселелерді тілге тиек етті. Солардың бірі - ауыл шетіндегі зират туралы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.12.2015
ЕЛДІККЕ ЕРЛІГІ САЙ
 
1 желтоқсан Қазақстан халқы үшін ерекше мереке. Еліміз жыл сайын Тұңғыш Президент күнін атап өтіп отыр. 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл мерекенің ерекшелігі — Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемде өзіндік орны бар, қарқынды дамып отырған еліміздің сыртқы-ішкі саясаттағы жетістіктерін - Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты. Елбасының еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде атқарған, атқарып отырған тарихи еңбегін бүгінде дүниежүзі, халықаралық қауымдастық та мойындап, жоғары бағасын беріп отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.12.2015
Елбасы Жолдауына - бүкілхалықтық қолдау
 
Бүгін Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдап, бүкіләлемдік дағдарыс кезіндегі атқарылар нақты, маңызды іс-шаралар жайлы тоқталды. Елбасы Жолдауын «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында көпшілікпен бірге тыңдай отырып, бір серпіліп қалдық. Елбасы Жолдауы - қазіргі дүние жүзіндегі аумалы-төкпелі уақытта, әлемдік дағдарыс кезінде еліміздің тығырықтан шығар жол тауып, ел еңсесін түсірмей, елдігімізді сақтап қалатын маңызды құжат болып табылатыны сөзсіз. Біздер, аудандағы қоғамдық кеңес мүшелері ауылдағы өзекті мәселелерді қарастырған кезде, денсаулық сақтау, білім беру мәселесі көп қозғалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.12.2015
ЖАТ ДІНИ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!
Пайғамбарымыз (с.а.с): «Дін - насихат» деп, асыл дініміздің маңызды істерінің бірі үгіт-уағыз екенін жеткізген. Дінімізді тарата отырып, оны дұрыс жеткізу жолында ауданымызда төл дініміздің құндылықтарын танытуда, пайғамбарымыздың сүннетін дәстүрімізбен үндестіре қалыптастыруда ауыл имамдары мен молдалары оңды амалдарды жүзеге асыруда. Теріс ағымдардың жат әрекеттері кесірінен қоғамда дәстүрлі дінімізге деген теріс көзқарас қалыптаспауы ләзім.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.11.2015
ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БІРЛЕСЕ ЕҢБЕК ЕТУ
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына қатысып, қазіргі әлемдік дағдарыстан шығу жолдары жайлы өзекті ойларын айтып, құзырлы орындарға нақты тапсырмалар бергенін көріп, тыңдап, бір серпіліп қалдық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев – «Инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын құратын «Нұрлы Жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал болып саналатына назар аудару керектігі жайлы, сондай-ақ «Нұрлы Жол» бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыру арқылы қолдау шаралары аясын кеңейту керектігі» - жайлы айтты. Сондай-ақ, Елбасымыз өз сөзінде - Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджетті 10 пайызға, яғни 700 млрд. теңгеге қысқарту жайлы тапсырма беріп, бірақ халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді еш өзгеріссіз қалдыру керек, – деп қадап айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.11.2015
ТҰТЫНУШЫҒА «АЛТЫН СЫРҒА»...
 
Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Ана тілі қай ұлтта болса да қастерлі құдіретті. Ана тілінің құдіретін қанша айтсақта түгесу мүмкін емес. Бір кезде тілдің ұлттық мәдени мұра тіршіліктің өзегі, танымның көзі екенін қазақтың ұлы ақыны Абай сөзімен айтқанда «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей ала алмас» деп ана тіліне таңырқап тағзым еткені белгілі .
Ана тілі шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, ананың ақ сүті мен әлдиінен бастау алып, бойымызға даритын қасиет.
Айналаңдағы қоршаған ортада өзіңді - өзің тануы мен қоғамдық құбылыстар мен туған халқының мәдениеті мен дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Халқымыздың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы «Ана тілін білмеген адам ана сүтін татпаған жетім деген» тұжырым жасаған. Сондықтан да ұлтымыздың мақтанышы атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес байлығымыз ана тілін қадірлеуге, құрметтеуге, оның өркендеуіне атсалысуға міндеттіміз. Бұл жайында ҚР Тіл туралы Заңының 4-бабында Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру ҚР-ның әрбір азаматының парызы делінген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.11.2015
ТҰТЫНУШЫҒА «АЛТЫН СЫРҒА»...
 
Жақында «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалында «Аудан тұрғындарына тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» мәселесі талқыланды. Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Р.Абилова жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б.Абеуова баяндама жасады.
Әбеуова Бағила Жүнісқызы: «Қазіргі таңда қай салада болмасын тұтынушының өз құқығын білуі өмірде кездесіп жататын көптеген келеңсіз жағдайларда көмектеседі. Күн сайын халыққа қызмет көрсету орталықтарында мысалға алғанда: дүкен, базар, шаштараз, өндіріс және тағы басқа да қызмет көрсету орындарында тұтынушы құқығы жиі бұзылып жатады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.11.2015
1 ЖЕЛТОҚСАН АЛҒАШҚЫ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН КҮН…
 
Бұл күнді Тәуелсіз Қазақ мемлекеті ширек ғасырға жуық 24 жылдай күтті. 1992 жылы еліміз ең алғаш Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болған соң, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бас Ассамблеяның 47 сессиясында алғаш сөйлегенде қазақ тілінде бір сөйлем – Ұлы Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөзін таза қазақ тілінде айтқанда, бір серпіліп қалған едік. Енді міне, әлемнің барлық елінен тек БҰҰ-да алты мемлекеттің ғана тілі ресми естілер кезде, қазақ халқы қасиетті санайтын жетінші тіл болып, қазақ тілінде тұтас баяндама жасалды. Ол халықаралық алты тілге аударылды. Және қандай баяндама, экономикалық дағдарыс күшейіп, бүкіл дүние дүбірлеп тұрғанда, әлемдік күрделі мәселелерді кесек турап, кесімді де, шешімді түрде түйінін түйіп айту, бүкіл мемлекет басшыларына құнарлы қазақ сөзімен құйып айтудың бағасын ешнәрсемен салыстыруға болмас.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.11.2015
АТА-БАБА ТАРИХЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТҚАН
Ер азаматты еліне, жеріне жасап келе жатқан еселі еңбегіне, ауылының қамын ойлап атқарған қоғамдық жұмысына қарап бағалайсың. Халқына арнаған жұмысы, айналасындағыларға жасаған жақсылығы ер азаматты қашанда абыройға бөлеп, мерейін асқақтатады. Сондай азаматтың бірі - Байсерке ауылдық ардагерлер қоғамының төрағасы Кенжеқұлов Құрманғали Омарғалиұлы. Ол көппен туыс, талаймен дос.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.11.2015
ТЕҢГЕ - ҰЛТТЫҚ ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ
 
Қазақстан теңгесі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. Осы күн тарихи датаға айналды. Бұл тарихымыздағы елеулі өзгеріс. Осы кезден бастап, нарықтық экономикада Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жаңадан алды. Ұлттық валюта теңгенің айна­лымға енгізілген күнінен бастап, Қа­зақ­станның қаржы секторының қа­лып­тасу тарихында жаңа кезең басталды. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің қаржы жүйесінің берік негізі қаланды, дами бастады. Ұлттық валютамыздың енгізілуі Ұлттық Банктің және Қазақстан Үкіметінің дербес ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, өзінің 22 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің алдағы уақытта атқарар игі істері мол.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.11.2015
Талантымен танылған дүр тұлға
 
Осы шағын мақаламыз Жетісудың тағы бір дара тумасы Ұйғыр ауданы, Бөгеті ауылында бөлек түйсігімен дүниеге келген ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нүсіпбек Исахметов жайлы болмақ. Ақынның өзі:
Арылмайтын жабысып етегімнен,
Бағынбайтын басқаға тағдырым-ай! – деп жырлағандай, бір адамға тән өмірлік соқпақ жолдарымен, табиғат сыйға тартқан тарғыл тағдыры бар ақын.
Нүсіпбек Исахметов қарапайым халық арасындағы кең тараған қара өлеңдегі орны ерекше еді. Ол дара дарын иесі болатын. Оның әрбір туындысы оқырман жүрегін еріксіз баурап алатын. Ақын өлеңдеріне өр мінез, өршілдік рух, сыни көзқарас пен жеңіл шымшымалық стиль тән болды. Шыншылдықты, әділдікті ту етті. Аудандық мәдениет бөлімін басқарған жылдары аудан көлеміндегі мәдени саланың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Әдебиет пен мәдениетке, ұлт тәрбиесіне, адам тағдырына қамқорлық танытты. Міне, асқақ рухты ақын есімі ешқашанда ұмытылмайды. Өлең жырлары халқымен бірге жасай береді. Егер тірі болғанда бүгінде 80 жастың сеңгіріне
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.11.2015
АНА ТІЛІН АР САНАП ЖҮРЕТІН
 
Дүйсебек ҚАЛИЕВ 1976 жылы аудан орталығы Өтеген батыр кентіне ауысып жатты. Жаңа жерге келіп, ауданың экономикасын көтеруге тың күш салып жатқан кезіміз. Біраз жыл өтті. Жан-жақтағы адамдарын, ақындарын танып жаттық. Нүсекеңді жиі естігеніміз болмаса бетпе-бет кездескен адамым емес. Ең алғаш кездесуіміз 1978 жылы. Сол уақытта Жаңадәуір ауылындағы орта мектептің директоры болып жүрген кезі. Сол кезде бір қайғылы оқиға болып Нүсекең үлкен ұлынан қапысыз айырылды. Көпшілікпен бірге мен де көңіл айтуға бардым. Содан кейін араласып, кеттік. Кеңес заманының өзінде ауыздығымен қайшыласып тұратын асаудай болушы еді. Алғашқы тәуелсіздік алған жылдары тіптен өзгешеленді. Ол ауданда алғаш болып ашылған «Қазақ тілі» қоғамын басқарды. Қазақ тіліне деген жанашырлығы өз алдына бір төбе әңгіме ғой. Тіл дегенде жанын қоярға жер таппай жаны шырқырап тұратын. Бәріміз де сол тіліміз дамыса екен деп жүрдік қой. Бірақ Нүсекең ақын жанды адам ғой. Жаратылысы бізден ерекше.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.11.2015
Аудандық мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауы
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес аудандық мәслихат депутаты, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы В.А.Син қабылдау жүргізді. Қабылдауға жеке басына қатысты, жұмысқа орналасу мәселелері жайлы азаматтар келіп шағым айтты. Қабылдауға келген М.Е.Мусапиров атты азамат 1 жарым жылдай жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеп, өзіне тиесілі жалақысын ала-алмай жүргендігін айтып шағымданып келді. Арызданушының арыз-шағымы тыңдалып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.11.2015
ШАҒАЛА ШАЛҚЫҒАН ТАҒДЫРЫ БАР АҚЫН
 
Поэзия әлемінде өзіндік өрнегімен із қалдырған ақиық ақын Нүсіпбек Исахметов ағамыз тірі болса 80 жасқа келер еді. Халқы барда ақынның аты ешқашан өлмейді. Ол кісі 1935 жылы 13 қарашада Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының Бөгеті ауылында өмірге келген. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих-филология факультетін 1959 жылы бітіргенен кейін, еңбек жолын Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастайды. Еңбек етуден ешқашан жалықпаған, нағыз еңбексүйгіш азамат. Кетпен орта мектебінде 1961 жылдан 1966 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі,1966 жылдан 1978 жылға дейін Ынтымақ орта мектебінде, Жаңадәуір ауылындағы №5 орта мектепте директор болып қызмет атқарады. Іле аудандық мәдениет бөлімін 1978 жылдан 1998 жылға дейін басқарды. Еңбек демалысына шықаннан бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейін Іле аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.11.2015
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ
 
Тіл мерекесіне байланысты мектебімізде айлық жоспары жасалынып, мектеп ұжымының міндеттері белгіленіп берілді. Айлық барысына жетекшілік жасау қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ӘБ-не міндеттелді. Қажетті құжаттарды жинақтап, кітап көрмесін ұйымдастырып, «Тіл – елімнің тірегі» қабырға газетін мектеп кітапханасы меңгерушілері Б.А.Адамқаирова мен Г.М. Хузина ұйымдастырды. 5-8-сыныптар арасында «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» атты қабырға газеттері конкурсы жарияланды. «Жас қанат» қабырға газетін жаңарту Ж.Маратова өз жауапкершілігіне алып, онда оқушылардың шығармашылығы мен мемлекеттік тіл – қазақ тілі туралы мәліметтер жариялады. Айлықтың бірінші күні толығымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға арналды. Екі ауысым бойынша салтанатты сап түзеулер өткізіліп, айлық жоспарымен таныстырылса, 5, 7- сынып оқушылары мемлекеттік тіл туралы тақпақ оқып, өз ойларын ортаға салды. Тіл мерекесінің ашылу құрметіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ-нің жетекшілігімен «Тіл – халықтар достығының ұйтқысы» атты ұлттар фестивалі ұйымдастырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.11.2015
БІРЛІК ЖАРАССА, ТІРЛІК АЛҒА ОЗАР
 
Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда, жыл сайынғы Жолдау міндеттерін, маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, жалпы ел экономикасын дамытуда жергілікті округтардың атқарар үлесі мол. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар бір табан болса да халыққа жақын. Өз өңіріндегі өзекті мәселелерді жақсы біледі. Осы орайда біз Боралдай кенттік округінің әкімі Мұрат Орынбайұлы Сәлімбаевты әңгімеге тартқан едік.
- Мұрат Орынбайұлы, Боралдай кенті өндіріс көп шоғырланған өнеркәсіпті өңірдің бірінен саналады.
Мұрат Орынбайұлы, Боралдай кенті өндіріс көп шоғырланған өнеркәсіпті өңірдің бірінен саналады.
- Дұрыс айтасыз, кент аумағына ірі өндірістік орындары көптеп саналады. Боралдай қант зауыты», «Боралдай механикалық-жөндеу зауыты», «Демеу» ЖШС, «Элеас» ЖШС, «Кормовик», «Фрут-ай», ЖШС-і, «Газ Пром Нефть» мұнай базасы, «Жедел» автобус паркі, ЖШС «Пак» наубайханасы, 2-қыш кірпіш зауыты, «Транс Азия Сток» УЖСҚ, »Байказ бетон», ЖК «Ақұлпа» ЖШС «TEODA SERVICE», ЖШС «ROIAL-ITD», «Инвест бетон» ЖШС- сияқты ірі кәсіпорындар тек өңірдің ғана емес, ауданның, облыстың экономикасын дамытып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.11.2015
ТАЛАНТТЫ БАЛА ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ
Естеріңізде болса алдыңғы нөмірлерімізде қымыз бен шұбат хоффесті қашан жасаймыз деген ұсыныс білдірген едік. Енді міне, сол мейрамның ауылы алыс емес. Хоффест - фестиваль деген ұғымнан шыққан. Ұлттық сусындарды ұлықтау мен соған қатысты фестивальды қолдап, отандық өнімді өркендетуді ақшилік кәсіпкеріміз Дәулет Сыдық мырза шындап қолға алған жайы бар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.11.2015
ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі еліміздің жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. Бірлігі бекем ел ғана барлық қиындықтарды жеңеді. Біз бірлігі мен тірлігі жарасқан, тұрақтылығы қалыптасқан еңсесі биік, болашағы жарқын елміз. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Қазақ қашанда бауырмал, кең пейілді, дархан көңіл, қонақжай халық.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.11.2015
ТАЛАНТТЫ БАЛА ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ
«Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қолдауымен КазЦИК ауылының оқушысы ақиық ақын М.Мақатаевтың жүзге жуық өлеңін жатқа оқитын, екі поэмасын жатқа білетін, жұдырықтай жүрегі елім деп, халқым деп соғатын, жыр әлемінде өзіндік өрнегі бар, тілін сүйетін, өз тілінің жырын сүйетін «Ақ көгершін» халықаралық конкурсында ІІІ-орын алып, лауреат атанған және Республикалық «Ғұмырдария» жырлайды жүрек конкурсында І-орынға ие болған Жансая Утесинованың «Талантты бала талпынған құстай» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып «Тамшы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.11.2015
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 
Күміс көмей, жез таңдай әнші халық ақыны Кенен Әзірбаевтың сүйікті қызы, ән мұрагері Төрткен Кененқызы. ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі», Іле ауданының «Құрметті азаматы». Нағыз текті атаның ұрпағы парасаты мол Төрткен әжемен бір ауданда тұрғанымызды мақтаныш етеміз. Өнегелі өмірін, болашақ ұрпаққа деген тәлім тәрбиесін зерттеп, кеңінен тарату біздің парызымыз. Төрткен Кененқызының дүниеге келгенінің өзі аңыз, қазақы ырымдар мен тәлім тәрбиенің тұнып тұрған қайнар көзі. Балалық шағы әкесі Кененнің қасында жүріп, көрген өнегесі, қазіргі ұрпаққа таптырмас халықтық педагогика деп айтуға болады. Ірі тұлғалар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Борис Ерзакович тағы басқа ұлтымыздың біртуар азаматтары зиялы қауымның көзін көріп, әңгімесін өз құлағымен естіп өсті. Еңбек етпесе отыра алмайтын, ән шырқамаса көңілі орнына түспейтін, бойындағы барын жастарға үйретпесе жаны тыныш таппайтын, ұлт мәселесіне араласуды азаматтық парызы – деп санайтын да осы кісі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.11.2015
ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ БАР
Өткен аптада Чапай ауылдық Мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Табыс Талғар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жастар арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алу жолдары бойынша конференция өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.11.2015
ӨНДІРІСТІ, ӨНЕРКӘСІПТІ АУМАҚ
 
Энергетик ауылдық округі аудандағы ең ірі өңір болып саналады. Халқының саны да көп. Отыз мыңға жуық. Округке қарасты Өтеген батыр кенті Іле ауданының әкімшілік орталығы болып саналғандықтан мемлекеттік мекемелердің барлығы осында шоғырланған. Бір кездері энергетиктердің кенті болған Өтеген батыр бүгінде адам танымастай өзгеріп, басқаша келбетке айналған, өндірісті, өнеркәсіпті округ болып табылатын Энергетик қазір Покровка ауылымен қоса «Қуат», «Гүлдер», «Арман», «Қарасу» шағын аудандарын біріктіріп отыр.
Округ әкімі Нұрдәулет Бақытұлы Көкім өндірісі мен орта және шағын кәсіпкерлігі, білімі мен денсаулығы, мәдениеті қатар дамыған осы округте жұмыстың қызу қарқындап, тұрмыстың жедел жақсарып келе жатқандығын айрықша атап өтті.
Елбасының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа алған округ әкімшілігі өндіріс орындарының жұмысын үйлестіруде, оларға бағыт-бағдар беруде жүйелі түрде мақсаткерлікпен жұмыс жүргізуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.11.2015
БАЛАУСАЛЫҚТАР БАРЫН САЛДЫ...
 
Өткен аптада "Әлеуметтік азаматтық базис "Болашақ" қоғамдық бірлестігі Чапай ауылындағы аяулы ұстаз, Әсия Құрманбаева жетекшілік ететін «Балауса» балалар мен жасөспірімдер аулалық клубында болып, "Асыл жанды, ардақты қарттарым-ай" атты Қарттар күніне арналған кештің куәсі болдық. Оған "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Р.Абилова, округ әкімдігі, ауыл қарттары мен №10 орта мектеп оқушылары қатысты.
Осы күні "Балауса" аулалық клубының қабырғасында жүріп тәрбие алған балалар терең мағыналы, тәлім-тәрбиеге мол кеш өткізді. Кеш өте әсерлі болды. Сәнді киінген балаусалықтар жұптасып та, жеке дауыста да музыка әуенімен ән салды.
Алдыңғы қатарда отырған асыл затты қарттарымызға арнап өлең жолдарын оқыды. Оларға өздерінің үйренген барлық тәрбие нәрінен шашу шашты. «Балаусаның» балалары сонау алғашқы ашылған 2002 жылдан бері көптеген жетістіктерге жетті, әртүрлі сайыстарға қатысып үнемі жүлделі орындарға ие болды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.11.2015
АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ -АТА ЗАҢ
 
Ата Заң - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі - киелі», - дейді дана халқымыз. Ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған. Басты құжатымыздың авторы - бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Ата Заң - мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
Ата Заңымызды басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды атқардық. Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.10.2015
“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСАҚШЫЛАРЫ ЖАРАДЫ
Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ. Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарына жатады. Мұндағы халықтың басым көпшілігі бойында жалыны мен қуаты тасыған жастар екені бәрімізге мәлім. Жастар - ұлт келешегі. Ертеңгі қоғамның айнасы іспеттес. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатынын болжаймыз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.10.2015
ЕНШІСІН АЛҒАН ЕРКІН ЕЛ
 
Сонау Үйсін мен Қаңлы мемлекеттерінің тарихын қозғамағанымыздың өзінде қазақ ұлтының кемінде үш мың жылдық тарихы бар. Ал, 550 жылдығы тойланып жатқан Қазақ хандығы - біздің байтақ, терең тарихымыздың бір ғана дәуірі.
Биылғы осы атаулы жылды аудан көлемінде атап өтпесек те, Ақши ауылы кеңінен тойлады. Ақшиліктер алдымен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақши ауылдық кітапханасында Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл толуына орай «Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» атты тақырыпта тарихи конференция өткізді. Конференция жұмысына Іле аудандық мәслихат хатшысы С.Тұрымбетов, Іле аудандық кітапханасының директоры М.Жәбиева, Күрті округінің әкімі Д.Өгізбаев, ауыл ақсақалдары, тарих пәнінің мұғалімдері, көпшілік оқырмандармен №41, 8 орта мектеп оқушылары қатысты.«Қазақ хандығы - ата тарихымыздың асқар белесі» деген тақырыппен өткен конференцияны аудандық мәслихат хатшысы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы сөз сөйлеп, ашып берді. Конференция барысында қазақ хандығы кезінде - аты əйгілі болған ұлы адамдардың тұлғасын таныту мақсатында «Қазақ хандығына - 550 жыл» атты деректі фильм, «Ұлы дала дүбірі» слайд-шоу көрсетіліп, «Еншісін алған еркін ел» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, конференцияға қатысушыларға таныстырылып, шолу жасалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.10.2015
ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛҒАН...
КазЦИК округі екі ауылды біріктіреді. Бұған қоса 23 саяжай аталмыш округке қарайды. Жалпы тұрғындардың саны 15 мыңға жуық. Былай қарағанда аудандағы шағын округтердің бірінен саналады. Сырт көзге шағын округте жұмыс істеу оңай сияқты. Дей тұрғанмен тұрғындарды еңбекке жұмылдыруда, оларды бірлікке, ынтымаққа шақыруда, нарық заманында өмір сүруге үйретуде, сол арқылы барлық әлеуметтік мәселені шешуде мұнда атқарылып жатқан істер аз емес. Әкімдік басшылары мен қызметкерлеріне жүктелетін жүк те оңайға соқпайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.10.2015
ТҰТЫНУШЫ ӨЗ МІНДЕТІН БІЛУІ ТИІС
Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және «Нұр Отан» партиясы филиалымен бекітілген тұтынушылардың құқықтарын қорғау меморандум орындау мақсатында аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында тұрмыстық (химтазалау, кір жуу, қоғамдық монша, шаштараз) қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.10.2015
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ
Өткен аптада Түймебаев ауылындағы №20 орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен облыстық «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығының жетекшісі Рахат Саймовпен бірлесе отырып «Діни сауаттылық – ішкі тұрақтылық кепілі» атты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бағдарламасы бойынша семинар-кеңес өткізді. Шараға құрметті қонақ ретінде теология ғылымдарының докторы Р.Ә.Челидзе, дінтану магистрі, ауданымыздың бас имамы А.Сейітұлы қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.10.2015
ӘДЕПТІЛІК - АДАМ КӨРКІ
 
Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Иманды болу - ұлттық мәдениеттің, әдептіліктің мәдени көрінісі, яғни адамгершілік парыз. Әдеп - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп - ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.10.2015
ЖЫЛ БАСЫ – МҰХАРРАМ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!
 
Мұсылман жыл санауының бастауы болған алғашқы қасиетті ай – мұхаррамға баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын!
Мұхаррам деген сөз «қасиетті», «тыйым салынған» деген мағыналарды білдіреді. Бұл – Құранда айтылған қасиетті айлардың бірі. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде: «Расында Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар (зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...» деп баяндаған.
Ал хадис-шәрифте: «(Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы – мұхаррам», – делінген.
Мұхаррам айының қасиеті мен қадірі мол. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділдік діні. Бұл – соғысуға тыйым салынған ай. «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам», – деп пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай, осы айда ауыз бекіткен адам мол сауапқа кенеледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.10.2015
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ - ЕНТЕЛЕП КІРГЕН ТІЛСІЗ ЖАУ
 
Қазіргі кезде әлеуметтік патология құбылысы ретінде діни экстремизм қоғамның назарын аудартуда. Жат ағымдарға кіріп жатқан лектің дені жастар. Ал бұл әлеуметтік топты кез-келген елдің болашағы деп қарасақ, онда болашақтың тамырына балта соғылды деген сөз. Еліміз «діни экстремизм» сияқты осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналған дертті болдырмау шараларын жас өскелен ұрпақтан бастауда. Атап айтсак, 2012 жылдың тамыз айында қабылданған орта білім берудің жаңа стандартына сәйкес қазіргі уақытта жаңа оқу жоспары жұмыс жасауда. Осы жоспар бойынша оқушыларды терроризм мен экстремизмге қарсы тұруға «Дінтану негіздері» факультативтік сабақтарында және «Адам. Қоғам. Құқық» деп аталатын жаңа пәндерде үйрететін болады. Осыған байланысты мектеп қабырғаларында да дін бостандығына, толеранттылыққа, діни экстремизмнің алдын алу шараларына, елдегі діни ахуалға қатысты ақпараттық танымдық іс-шаралар жүргізілуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.10.2015
КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ – ҚҰТ МЕКЕН
 
Байсерке ауылдық округі - аудандағы ең ірі өңір болып саналады. Бұл округ Алматы сияқты мегаполюске жақын орналасқан 7 ауылды біріктіреді. Олар - Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Көктерек, Байсерке, Әли сияқты үлкен-үлкен елді-мекендер. Тұрғындар саны - 29761
Ауыл әкімі Ерекешев Серікжан Қазиұлының айтуынша мұнда өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы қатар дамуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларын және «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында округ әкімдігі нақты жоспар белгілеп, мақсаткерлікпен жұмыс атқаруда, - дейді ауыл әкімі бізбен ой бөлісіп. Елбасының сарабдал саясатының арқасында экономиканың әлсіреуіне жол беріліп жатқан жоқ. Округ аумағына орналасқан үлкен-үлкен кәсіпорындар дағдарысқа қарамастан жұмысшы санын қысқартпай өздеріне жүктелген міндет үдесінен шығуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.10.2015
ҚОС ОКРУГТІҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ
Алматы облысы Іле ауданына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров келіп, 2015 жылы «Ұлттық қордан» бөлінген қаржы есебінен салынып жатқан бірнеше әлеуметтік нысан құрылыстарын аралап, танысты.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.10.2015
АТОМ ТАЖАЛЫНА ЖОЛ ЖОҚ!
 
Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаудан танбайтын «Жас Алаш» газетінің, 2015-жылдың 29- қыркүйегіндегі санынан, техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Мендебаевтың «Апат қатері және атақ алу әуресі» атты көлемді мақаласын оқып, мазам кетті. Мақала «атом» атты, миллиондаған бейбіт адамдарды қырып-жойып, қасірет уын ішкізетін тажал туралы болғандықтан, ауыр ойға шомып, ақыры қолға қалам алуға бекіндім.
ен, жоқшылық, таршылық пен әкесіздіктің рухани зардабын молынан шеккен ұрпақ өкілі және Тәуелсіз Қазақ Елінің толыққанды Азаматы ретінде жанайқайымды жеткізіп, үн қатуды өзімнің азаматтық борышым санап отырмын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.10.2015
ҒАЖАЙЫП ҚАЗЫНА ИЕЛЕРІ
 
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап - қымбат дүние, баға жетпес байлық. Кітап - ақылшы, кітап - тәлімгер, кітап - сарқылмас қазына, кітап - таңғажайыптарға толы алтын сандық. Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.10.2015
БАЛАБАҚША ЖЕТІСТІКТІҢ КӨКЖИЕГІНДЕ
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы өз қатарына жаңадан партия мүшелерін қабылдауын жалғастыруда. Партия мүшелігіне енген «Ащыбұлақ» Бастауыш партия ұйымының «Күн шуақ» бастауыш партия тобы құрамының жаңа мүшелеріне партия билеттері мен Доктрина кітапшалары табысталды. Партиялық қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, «Ащыбұлақ» бастауыш партия ұйымы төрағасы М.Кәрібаев және бастауыш партия ұйымы төрағасының хатшысы Б.Еламанова қатысып, «Ащыбұлақ» бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмыстарымен, жетістіктерімен таныстырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.10.2015
«Стоп-қылмыс» партиялық жобасы
«Стоп-қылмыс» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы аудандық Ішкі істер басқармасымен бірлесіп «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты - тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.10.2015
КӘСІПКЕРЛІК - КЕЛЕШЕГІ МОЛ, КЕМЕЛДІ ІС
 
Белгілі бір мемлекеттің әл-ауқаты халықтың қай бөлігінің саны артқан сәтте жақсарады?! Жиған-тергені мол бақуатты байлар көбейгенде ме, әлде тауқыметті көп тартқан кедейлер саны артқан сайын ба?! Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, Еуропаның өркениетті елдерінің біздегі сияқты асып-тасыған байлығы болмаса да, халқының жағдайы тым жақсы. Себеп, оларда тұрмыс жағдайы орташа тұрғындар көлемі әлдеқайда көп. Осы орайда, біздің елімізде де күнкөріс күйінің көтерілуіне себепші болады деген мақсатпен орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылды. Елімізде кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту үшін тың идеялар жүзеге асуда.
Ауданымыз кәсіпкерліктің дамуы жағынан үздіктердің қатарында. Сондықтан «уралап» жүрген кәсіпкерліктің кемелге толуы үшін қыруар істің басын қайыру қажеттігі туындап тұр. Соның бір шарасы – «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен шағын кәсіпкерлікті енді бастап шаруасын өрге домалата бастаған кәсіпкерлер мен аудандық жастар орталығы дөңгелек үстел маңында бас қосты. Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Абилова Роза Михайлқызы жүргізіп отырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.10.2015
ЕЛІМІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫ
 
Қазақтың әрбір мақалы – рух қазынасы, ұлт құндылығы. «Екі баланың ортасында бір қарт бала болады. Екі қарттың ортасында бір бала дана болады», «Ақылды қария – ағынды дария», «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең», деген аталы сөздің мағынасы терең, орны бөлек. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ата салтты ұстанып, қадір тұтқаннан болар «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Төрiмізден қарт кетпесiн», - деп тiлеген бұрыннан біздің халқымыз. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгiлген белiне сүйеу болу - бiздiң қазақ халқының ата дәстүрi, игі дәстүрі. Қарттарын құрметтемейтiн ел жоқ дүние жүзiнде деп айта аламыз бүгiнгi таңда. Олардың өмiр жолдары бүгiнгi ұрпаққа табылмас қазына. Қарт кiсiнi құт-береке, байлығымыз деп танысақ - ол ұрпақ көрегендiгi. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.10.2015
БАТЫР БАБА ЖОЛЫМЕН...
Қазан айының алғашқы күндері Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған Райымбек батыр жүлдесі үшін қазақ күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.10.2015
ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ БІРЛІКТЕ
 
Кезінде Ақши ауылы Күрті ауданының орталығы ретінде ажарлы да айшықты, сәулетті де дәулетті мекен болған. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңындағы өңірлерді оңтайландыру барысында бұл аудан үшке бөлініп кеткен-ді. Соның салдарынан айналасы бірер жылда мұндағы тұрғындардың көңілдері жабырқап, ауыл кәдімгідей жүдеп қалды. Жұмыс іздеген халықтың көбі жан-жаққа бытырап, үйлер қаңырап, көптеген ғимараттар талқандалған кездер де болды. Алайда, Күрті ауылдық округінің әкімшілігі өз жұмысын мақсаткерлікпен жүйелі түрде жүргізіп, көңілі құлазыған жандарға демеу болып, сол жерде қалған тұрғындардың жүрегіне үміт отын ұялатып оларды берекелі бірлікке, ынтымақты тірлікке жұмылдыра білді. Ауылда қалған тұрғындардың өз кәсіптерін ашуларына жағдай жасалынды. Шаруа қожалықтарына облыс басшылығы тарапынан пайызсыз несие беріліп, егістік көлемінің арттырылуына, мал басының көбейтілуіне мүмкіндік туғызылды. Шағын және орта кәсіпкерлік дамытыла бастады. Облыс, аудан, ауыл әкімдерінің ауылды гүлдендіру бағытында жүргізілген жұмыстары өз нәтижесін берді. Бүгінде сонау 1997-98 жылдармен салыстырғанда Ақши көркейіп, көріктенген. Жолдар жөнделіп, жарық тартылып, бірнеше жылдарға созылған ауыз су мәселесі шешілген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.10.2015
ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
 
Өткен аптада Ақши ауылында Алматы қаласындағы Қазавтожол Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамының, аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімінің қатысуымен келелі жиын өтті. Ақшиліктер «Орталық-оңтүстік» автомобиль жолының қайта жаңартылуы бойынша «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай - Алматы» дәлізінің техникалық – экономикалық жобасымен танысты. Оған Ақши ауылының әкімі Д. Өгізбаев пен ауыл тұрғындары және аталмыш дәліз кесіп өтетін учаскелерге қатысы бар шаруа қожалық иелері қатысты. Негізгі мәселе мәні осы жолдың 227.2 шақырымын алып жатқан Бурылбайтал-Күрті трассасы маңында өрбіді.
Алдымен слайд ретінде жолдың ұзындығын және қандай құрылыс материалдарын қолданатыны жайлы түсіндірді. Түсіндіру жұмысын Қазавтожол Ұлттық Компаниясының жетекші инженері Айда Нұрхамытова жүргізді. Жиында жергілікті тұрғындардың сұрағына аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Нұрқасымов толық жауап беріп отырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.10.2015
ЖАҢА МЕКТЕП ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің білім беру ісін басты назарда ұстап, ел болашағы – білімді ұрпақ қолында екенін әрдайым айтады. «100 нақты қадам» бағдарламасында жас ұрпаққа әлемдік стандарттарға сай білім беру міндеті қойылған. Аудан басшылығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын іс жүзінде орындап, жаңа оқу орындарын ашып, оқушылардың заман талабына сай білім алулары үшін барлық жағдайды жасап отыр. Биылғы жаңа оқу жылында Комсомол ауылындағы №31 мектеп пайдалануға берілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.10.2015
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАС
 
Алматы облысының Іле ауданының аумағында 2015 жылдың 17-21 қыркүйек айының аралығында «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел алдын-алу шаралары жоспарланған. Осы шара аумағында жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа тарту, жасөспірім арасында әкімшілік құқық бұзушылықты жасау, жасөспірімдерге темекі және алкогольді спирттік өнімдерін сату, алкогольдік өнімдерін ішетін жасөспірімдерді анықтау, ойын-сауық мекемелеріне баратын жасөспірімдерді анықтау, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден сырт жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында суық және оттық қаруды сақтау фактілерін анықтау және жасөспірімдерді қылмыстық топтарға қауымдастықтарға қатыстыру, есірткі және қару жарақаты заңсыз айналымына байланысты топтарға қатыстыру сияқты бағытталған жедел іздестіру шараларын өткізу ұйымдастырылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.10.2015
ҚАТАҢ ҚАҒИДА, ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келуіміз керек. Өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен өз бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам», - деді.
Осы ұсақ тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану барысында аудандық Ішкі істер басқармасының атқарып жатқан жұмыстары баршылық.
Алматы облысы, ІІД бастығының нұсқауымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін аудандық ішкі істер басқармасында «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік – Көршілер бақылауы» атты бағдарлама аясында барлық округтерге 20 билборд және 2000 жарнама банерлері ілінді. Бағдарлама іске қосылғалы бері, яғни бір айдың өзінде 88 хабарлама түскен.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.10.2015
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
 
Ауданымызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын, партия доктринасын іске асыру мақсатында партияның 13 жобасы аясында көптеген іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жобалар жалпы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін, рухани дамуына негізделген. Партиялық жобаны іске асыруда өз үлесін қосып, бастамасында жүретін «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалын ерекше атап өтсек болады. Партия филиалының бастамасымен әр ауылдарда, мекемелерде, мектептерде жылдың басынан бері көптеген шаралар өтті.
Атап айтсақ, «Стоп - қылмыс» жобасы аясында партия филиалы қызметкерлері, ішкі істер басқармасы және мектептегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері бірігіп рейд жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Сонымен қатар жастарға арналған «Сәтті қадам», «Жастар-Отанға», «Жастар кадрлық резерві» жобалары бойынша да біздің мектепте партия филиалы «Жас Отан» ЖҚ мүшелерімен бірігіп көптеген істердің ұйтқысы болып отыр десек те болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.10.2015
АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ
Дәстүр бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде қазан айының алғашқы күні Қарттар күні аталып өтіледі. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Осыған орай апта ортасында Қарттар күніне орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш ардагерлер ұйымдарының арасында шахмат ойынынан аудандық турнир ұйымдастырылып, өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.10.2015
БАЛА ОҚЫТУ ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ
 
Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбие беретін, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.10.2015
Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттар күні» мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының жетекшілігімен әр бастауыш партия ұйымы төрағалары қарттарды мерекелерімен құттықтады.
Қазақта «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»деген қанатты сөздер бар. Қарттарымыз біздің қазынамыз, байлығымыз, ол кісілерден алар үлгі өнеге, тәлім тәрбие де жетерлік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.10.2015
Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс
Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі бағыттары, оларды жүзеге асыруда партияға жүктелген міндеттер жайында айта келіп, «Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс» деген болатын. Бастауыш партия ұйымы – партияның іргетасы болып саналады. Өздеріңізге мәлім биылғы жыл «Бастауыш партия ұйымы» жылы болғандықтан «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы еліміздің түпкір-түпкірінде өтіп жатыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.10.2015
ДАРА ДАРЫН, БИІК ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ
«Ардагерлер» ансамблі аудандық әкімшіліктің қолдауы және ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Серьянов Жұмәділ Серьянұлының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен Кенен атамыздың ауылына барып қайттық. Негізінде бұл іске Төрткен Кененқызының өзі мұрындық болған еді. «Орында бар оңалар», - деп бекер айтылмаса керек. Кенен атамыз еліне еленген, халқының қалаулысы болған жан екен. Төркіндеп барған Төрткен Кененқызын ауыл-аймағы құшақ жая қарсы алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.09.2015
ТАРИХ СЫР ШЕРТЕДІ...
 
Тарих қойнауына үңілер болсақ, адам баласына берер, үйретер тағылымы орасан зор. «Өткенімізге көз салмай, болашағымызды болжау мүмкін емес», - дегендей, өткен тарихымызды түгендеу әрбір азаматтың борышы.
Бұл өмірге кімдер келіп, кімдер кетпеді... Біз, соларды біліп, қадірін түсініп, бағалай алдық па?
Осы сұрақты өзімізге қояр болсақ, өзегімізді өртеп, кейде қуанышқа да кенелетін шығармыз.
Аға буын артымыздан еріп келе жатқан жас толқынға айту, саналарына сіңіру бізге міндет. Батыр болсын, хан болсын соны дәріптеп, танымал ету, өшкенімізді жандырып, үзілгенді жалғап, сол адамдарды құрмет тұту, құрбандық шалып, тәу ету ең үлкен сауапты іс. Сол сауапқа ие болу үшін үлкен ізденіс, еңбекті талап етеді.
Бір өкініштісі қазіргі жас болсын, үлкеніміз болсын, барлығы демесем де, біразы тарихта болған ғұламаларды білмейміз.
Сол мақсаттпен Мұқали батырымызды, өскелең ұрпағымыз естіп, танып жүрсін деген ниетпен ұсынып отырмын. Соның бірін біріміз білсек, екіншіміз білмейтін Мұқали батыр жайында болмақ...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.09.2015
ҰЙЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауданымыздағы 13 бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері арасында «Бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру жолдары» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, есеп және статистика секторының меңгерушісі С.Галимова, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы В.Син, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы Д.Қоңырбаев, қоғамдық Кеңес мүшесі С.Сырлыбаева және «Жас Отан» ЖҚ мүшелерімен БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.09.2015
«ХАЛЫҚ МАРКАСЫ» – ҰЛТТЫҚ ЖОБА
 
«Астана ЭКСПО–2017» көрмесі қарсаңында барлық өңірдегі отандық азық-түлік тауар өндірушілердің мүмкіншілігін арттыру мақсатында «Халық маркасы» ұлттық жобасы жүзеге асуда.
«Халық маркасы – 2015» ұлттық онлайн конкурсы отандық азық-түлік өндірушілер арасында әр түрлі тауарлық номинация бойынша өтеді. Тұтынушылар www.halykmarkasy.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы өз таңдауын жасайды.
Әр номинация бойынша отандық жеңімпаздарды марапаттау шарасы Италияның Милан қаласында Қазақстан Республикасының «ЭКСПО–2015» Халықаралық көрмесіндегі павильонда 20 қазанда «Дүниежүзілік азық-түлік апталығы» аясында өтеді деп жоспарлануда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.09.2015
БІРЛІГІ МЕН ТІРЛІГІ ЖАРАСҚАН
 
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Қазақ қашанда бауырмал, кең пейілді, дархан көңіл, қонақжай халық. Оның айғағы елімізде 130 астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Тіпті кейбір ұлт өкілдері қазақша сөйлеп, қазақтың әнін әуелетіп салғанда қазақтың қара домалақ баласынан кем түспейді. Бұл біздің тілімізге, салт-сана, ділімізге көрсетілген үлкен құрметтің белгісі.
Осы тұрғыда Қазақ халқы Ассамблеясының еңбегі орасан зор. Барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, еліміздегі тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына үлес қосып келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.09.2015
МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНА ОРТАҚ
 
Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. 24 – қыркүйек - сол қасиетті мерекенің бірінші күні. Осы күні таңертең 07.30-да Аллаға иман келтірген әр азамат мешітке барып, айт намазын оқиды. Осы орайда барлықтарымызға: «Құрбан айт мүбарак болсын, - дей отырып, ғасырлар бойы халқымыздың ұлықтап келген мейрамы жайындағы ұстанымдарына тоқтала кетейік...
Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенді білдіреді. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады, Яғни малды айттың алғашқы үш күнінің бірінде шалған дұрыс. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні - Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.09.2015
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қадірменді ағайын, мұсылман бауырлар!
Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт құтты болсын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Алланың разылығы үшін құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.09.2015
ЕЛ БІРЛІГІ ЖЫЛЫ
 
Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған. Бірлігі мен тірлігі жарасып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олардың тілі мен діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сақталып, оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасалып отыр. Мұның бәрі ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көреген көшбасшылығының арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында 2015 жылды - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Ассамблея - татулық пен тұрақтылық, бірлік пен достық, келісім мен ізгіліктің символы. Еліміз бүгінгі таңда көпшілікке үлгі болып отыр. Ассамблея қызметінің арқасында елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Ата Заңмен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық келісімнің айырықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.09.2015
ОРТАҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДА
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру бойынша Чапай ауылдық округі өнеркәсіп және ауылшаруышылығы салалары бағытында жан-жақты жобаларды жүзеге асыруда. Аудандағы шағын округ болса да аталған бағдарламадағы міндеттер межесінен табылу жолында мұнда әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер жеткілікті. Округ басшысы Бауыржан Ақжолұлы Жұмабаев аумақтағы кәсіпорындар басшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, өнім өндірудің сапасын арттырудың, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың озық үлгілерін өндіріске енгізуге бақылау жасайды. Ұлт жоспарының 61 қадамында ет өндіру мен өңдеуді дамыту үшін шикізат базасын жолға қою, өңделген өнімдерді экспорттау мәселесі бойынша округтегі «Компания Сарыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс етін өндіру және шикізатпен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайды. Мұнда жылына 160 000 тонна ет өндіріледі. Сол сияқты «Алатау құс», «Алель-Агро» кәсіпорындары да құс еті мен жұмыртқа өндіруде үлкен жетістіктерге жетуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.09.2015
ЭКОНОМИКАСЫ ЕҢСЕЛІ ІЛЕ ЖЕРІ
 
Жылдағы жетісулықтардың дәстүрлі Мәдени күні молшылық пен жадыраңқы қоңыр күзде қыркүйектің дәл ортасында Үшқоңырдың етегіндегі Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында жеті аудан бір қала болып бас қоспақ.
Осы бір өркениеттің таңбасындай жиында әркім өзінің жыл бойы атқарылған ауқымды істерін барша жұртқа таныстырмақ. Бірі қырда бірі жазықтағы аудандар игілікті істерін жетісулықтар алдында тартысқа салады.
Дүбірлі бас қосуда ілеліктер де өз бойы мен ойын елден ерекше көрсетпек.
Ерекшеленудің түрлі себебі бар. Соның бірі - қарқынды дамыған экномикасы. Немесе шылқыма майға шыланған ауылшаруашылық саласын алайық. Үстіміздегі жыл ауылшаруашылық және өнеркәсіп еңбеккерлері мен кәсіпкерлер үшін жаман болған жоқ.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.09.2015
«Бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру жолдары»
Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауданымыздағы 13 бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері арасында «Бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру жолдары» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, есеп және статистика секторының меңгерушісі С.Галимова, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы В.Син, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы Д.Қоңырбаев, қоғамдық кеңес мүшесі С.Сырлыбаева және «Жас Отан»ЖҚ мүшелерімен БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.09.2015
БІР ЖАМАНДЫҚҚА, МЫҢ ЖАҚСЫЛЫҚ
 
Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп, біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз. Әріптес достарымыздың жұмысын жасай саламыз, соңғы ақшамызды қарыз сұраған құрбымызға береміз, қауіпті болса да досымызға көмектесуге аттанамыз. Жақсы адам ретінде әлемге жақсы жағымыздан көрінгіміз келеді. Алайда әлем бізге әрдайым жақсылықпен жауап бермейді.
Әрдайым жақсы адам болып көріну психикалық тұрғыдан денсаулыққа әсер етеді. Психологтардың айтуынша, әрдайым «жақсы адам болып көріну» тастанды боламын деген қорқыныштан туындаған мазохизмнің бір түрі. Тәрбиемен зорлап міндеттелген жақсы адамның образын арқалап жүремін деп адам көптеген психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.09.2015
ЖАУҒАШТЫ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ УАҒЫЗ
 
Қазіргі заман талабына сай сотталғандарға деген көзқарас түбімен өзгерді. Оларды қоғам “қылмыскер” ретінде емес, уақытша қоғамнан оқшауланған азамат ретінде қабылдауымызды қажет етеді. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» - деген дана бабамыз. Өкінішке орай, қазіргі қоғам көбінесе қылмыстың алдын алу қамымен емес, жастарымыздың қылмысты жасағаннан кейінгі нәтижесімен ғана күресіп келеді. Сондықтан, бас бостандығынан айырылған жандарды толыққанды азамат ретінде ортамызға қайтару бағытында жұмыс жасау осы салаға қатысты құзырлы орындардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы бағытта асыл дініміздің өкілдері де сотталғандармен жұмыс жасап, оларға рухани толысуға, босап шыққаннан кейінгі өмірде салауатты өмір салтын ұстануына кепіл болатындай дініміздің ұстамдарын үйретіп, иманды азамат ретінде тәрбиеленіп шығуына көп септігін тигізіп келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.09.2015
ХАЛҚЫ ЫНТЫМАҚТЫ, ЖЕРІ ЫРЫСТЫ МЕКЕН
Еліміз егемендік алғалы 24 жыл болып қалды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танылып, өркениетті елдермен иық тірестірді. Жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, дүниежүзіне танылуына, абыройы мен беделінің артуы жолында саяси мәні бар қаншама стратегиялық жоспарлар мен маңызды бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Басқасын былай қойғанда Елбасымыздың соңғы кезде қабылдаған «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасында елімізді өркендетудің басты қадамдарын халқымыз өз өмірінің бағдаршамындай қабылдады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.09.2015
АСЫЛ ҚАСИЕТ
 
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Бұл қасиет әр адам баласына тән десек артық айтпаймыз. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халықта, отбасында, олардың өнері мен мәдениетінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып өсу. Өйткені, адам баласы өзінің қайырымдылығымен, жүрек жылулығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиат дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Сондықтан адамгершілік - адамның рухани арқауы мен қазығы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.09.2015
Бірлескен жиын
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектептің мәжіліс залында «Білім саласындағы тұтынушылар құқығын қорғау» және «Ұлттық банктің теңге бағамын еркін бәсекелестік кеңстігіне бағыттау»тақырыбында аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенді мүшелері, мектеп директорлары мен балабақшалар меңгерушілерінің және «Жас Отан»ЖҚ мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.09.2015
СОТТАҒЫ АЙЫПТАУ МЕН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ
 
Елбасы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат», - деп атап көрсетті.
Республика соттары Мемлекет басшысы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт жоспарын» іске асыруға белсене кірісіп кетті. Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндеттерді белгіледі. Ұлт көшбасшысы аталмыш құжатта ерекше кәсіби мемелекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Атап айтқанда 11-қадам соттардың қызметіне тікелей қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.09.2015
Өңірдегі өркенді істің өресі
 
Алматы облысы Іле ауданына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров келіп, «Ұлттық қордан» бөлінген қаржы есебінен салынып жатқан бірнеше әлеуметтік нысан құрылыстарын аралап, танысты.
Нысандарды аралауға Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Телпекбаева, аудандық мәслихат депутаттары В.Син, Ш.Қағазбаева және аудандық құрылыс бөлімінің қызметкері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.09.2015
ҚОЛДАН ЖАСАЛАТЫН ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
 
Еліміз бойынша доллар бағамы күрт өсті. Біздің ауданымыздың тұрғындары да бұл мәселеге қатты алаңдады. Күнделікті тұтынатын заттар мен азық-түліктің бағасы шарықтап кете ме?... - деген қорқыныш пайда болды. Күн сайын құбылып, біресе көтеріліп, біресе түскен доллар бағамындағы өзгеріс халықты сан сұраққа жетелеп, мазасын қашырғаны сөзсіз. Біздің ұлттық валютамыз теңге екенін әрқайсымыз ұмытпайық. Алаңдаушылыққа негіз болған дүние доллар бағасының бір күнде аспандап шығуы. Бұл жағдайды теңгенің девальвацияға ұшырауының алғышарты деуге келмейді. Доллардың өсуі, теңгенің құнсыздануы емес. Жалпы, девальвацияға тоқталатын болсақ, девальвация халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы. Девальвация дегеніміз – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендету.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.09.2015
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
 
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айырықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Үш тілді меңгеру жарқын болашақтың кепілі десек, артық айтқанымыз емес. «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек. Мен үш тіл білуді қолдаймын, бірақ, біз қазақ тіліне баса назар аударуға тиіспіз деп санаймын. Өйткені, уақыт өте келе бүкіл мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару мен білім беру жүйесі түгелдей біртіндеп қазақ тіліне көшетін болады. Қазақ тілі - еліміздегі негізгі конституциялық мемлекеттік тілі және бәрі де оны білуге талпынуға тиіс. Қазақтардың орыс тілін білуі ұлы байлық, оны кері ысырып қоюға болмайды, оны ұмытуға болмайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.09.2015
Атадан қалған асыл сөз
 
Бүгінгі нөмірімізге атадан қалған асыл сөз туралы ұсыныс түсті. Осы бір мезетті пайдалана отырып сіздерге заманауи тілмен жазылған нақыл әңгімелерді де ұсынбақпыз. Осы бір аздаған жаны бар тірі әңгімелерімізден өмірлеріңізге керекті кілтті табарсыздар деген үміттеміз. Әйтпесе Франциядағы атақты Сорбон Университетінің қақ маңдайындағы «Құдай бере алмаған білімді, Сорбонда бере алмайды» - дегендей сізге ақылды қондыру мақсат емес, тек бір мысалдан бір мысқал ой түссеңіз өзіңізге пайдалы болары хақ.
Сонымен қатар бізге мәлімде және беймәлім болып талай жыл архивтерде шаң басып қалған би, шешен өзінің дәуірінде елді аузына қаратқан көкшені көк тұйғыны Торайғыр Едігеұлының халқына арнаған өзекті жырынан үзінді келтіріп отырмыз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.09.2015
АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫН ШЫРҚАҒАНДА
Өткен аптада Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектеп алаңында «Ауыл кеші - көңілді» атты ойын-сауық, әдеби-танымдық кеш өтті. Аталмыш кешке мұрындық болған ауылдың кәсіпкерлері мен Жәпек батыр ауылындағы Қоғамдық Кеңес төрағасы Рүстем Бақтыбаев пен Қазыбек би ықшам ауданының Қоғамдық Кеңес төрағасы Тайыр Маханов.
Кештің мақсаты - қазақтың ұлттық өнері айтысын дәріптеу болса, екінші жағынан ауыл адамдарының басын қосып, оларды Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жұмыстарымен таныстыру.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.09.2015
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ҰМЫТЫЛА МА?
 
Қазақ болып, етегімізді жиып, есімізді дұрысталған соң, ұлттық дүниемізді жоғалтып алмаудың алдын алып, алаңдап отыратынымыз анық. Қызық, театр киім ілгіштен басталатыны сияқты қазақтың бет-бейнесі мол дастарханынан көрініс табады. Ал сол «бет-бейнеміз» қазіргі кезде қаптаған мейрамханалар мен кафелердің тасасында қалғандай.
Бүгінде мейрамхана бизнесі елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналады. Бұрынғы Кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскен. Халықаралық тәжірибеде Қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұр. Бәсекелесі көп сала болып саналғанымен, табысы да айтарлықтай. Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ. Істің көзін таба білсе, келушілерге бармағын жалап жейтін дәмді асын ұсынса болғаны. Жайлы атсмосферада, ырғақты әуенмен, дәмді ас ішкен тұтынушы айналып соғары анық. Тұтынушыларының тамырын тап басып, тұрақты келушісіне айналдыру үшін барын салатындар бар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.09.2015
ОРНЫНДА БАР ОҢАЛАР
 
Бүгінде қазақстандықтар бағаның шарықтауына алаңдаушылық білдіруде. Ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Инфляция - бұл кез-келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Өткен аптаның соңында біз теңге құнының төмендеуі жөніндегі көптеген ақпараттарды естідік және баспасөзден оқып, телеарналардан көрдік. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Доллар бағамының күтпеген жерден күрт өсуі қарапайым жұртшылықтың дегбірін қашырғаны сөзсіз. Доллар бағасы бұлайша қымбаттай түседі деп ешкім де күтпеген. Бұл уақытша үрдіс. Әрине, алаңдайтындай жағдай бар. Жұрттың біразы долларды көптеп алу үшін валюта айырбастау орындарына қарай ағылғаны сөзсіз. Өйткені, барлығы тағы да осындай жағдай бола ма деген үреймен жүр. Оның үстіне тақтадағы сату-сатып алу бағасы да сәт сайын құбылып тұр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.09.2015
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
 
Балалардың қажетті білім алуына материалдық қажеттіліктердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты - мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.09.2015
ТҰТЫНУШЫ, ТАЛАБЫҢДЫ КҮШЕЙТ
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы Іле аудандық «Тұтынушылардың құқығын қорғау» басқармасымен бірлескен меморандумға сәйкес «Қаржы саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау» мәселесі туралы дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, аудандық «Тұтынушылардың құқығын қорғау» басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Абеуова, аудандық прокурордың аға көмекшісі Е.Мұстафин, сот төрайымы А.Устенова, «ЦентрКредит» банкі жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету, сату бөлімінің басшысы А.Мұханбаева.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.09.2015
АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «ҚР Конституция күні» мерекесіне арналған «Ата Заңым - айбыным» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, прокуратура қызметкерлері, Бюро мүшелері, штаттан тыс кеңесшілер, «Денсаулық» бастауыш партия белсенді мүшелері, Кеңес мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері мен аудан жастары қатысты.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.09.2015
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖОЛЫ
 
Үстіміздегі жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы өзара тарихи тығыз байланыста жатыр. Өйткені, Ата Заңымыз еліміздегі басты саяси құқықтық құжат болып табылады. Біздің соңғы Ата Заңымыздың басты құндылығы республиканың демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік деп жариялануымен қатар өзінің ең қымбат қазына бастауы - халық екенін айқындап берді.
Тарихқа жүгінсек, Алаш ұмтылысынан кейін республикамызда бірнеше Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін, ол күшіне енбеген. Сосын, 1937 жылы 26 наурызда Жалпықазақ Кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Конституция бар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.08.2015
АТА ЗАҢ - БЕРІК ТҰҒЫРЫМЫЗ!
 
1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция осы жылдар ішінде жас мемлекеттің, билік пен басқару жүйесін жан-жақты нығайтып қана қоймай, ел экономикасын түбегейлі реформалауға, сыртқы және ішкі саясаттың оң нәтижелі жүзеге асуына ықпал жасады. Қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты. Елімізде ең үздік экономика құрылды. Ата Заңымыз қабылданғаннан бері Іле ауданы да өз тарихында атаулы өзгерістер мен мол табыстарға жетті. Осы жылдар аралығында халқымыздың әлеуметтік жағдайы және ауыл шаруашылығы жақсарып, экономикамыз алға ұмтылуда. Ауданымыздың алға өрлеуіне, өнуіне біз мұрағатшылар өз үлесімізді қосып келеміз. Іле ауданының мұрағаты 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңға сәйкес қызмет атқаруда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.08.2015
АЛТЫН ҚАЗЫҚ
 
Конституция күні - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі - киелі», дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы - бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істерді атқардық. Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.08.2015
ЕЛІМІЗДІҢ АР-НАМЫСЫ
 
Биылғы жыл еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы. Үстіміздегі жыл - үлкен мерекелер жылы - Қазақ хандығына - 550 жыл, Ата Заңға - 20 жыл, Ассамблеяға - 20 жыл, Ұлы Жеңіске - 70 жыл, сөз сүлейі Сүйінбай Аронұлына - 200 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы іс-шаралар өтеді. Ең бастысы - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Бұл - тарихымызды түгендеудiң бастамасы. Iшкi саясаттағы маңыздысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл болашағымыз үшiн қажет. Ал, еліміздің Конституциясы күнi бүгiнiмiз бен келешегiмiздiң кемелдiгiнiң көрiнiсi. Рас, бұл мереке жыл сайын мемлекеттiк деңгейде аталып өтiлетiнi белгiлi. Десек те, биылғы мейрам ерекшелеу болғалы тұр. Өйткенi, еліміздегі маңызы мен мазмұны бар ең ұлық мерекелеріміздің бірі - Ата Заңымыздың 20 жылдығы мемлекет пен халық тарапынан айрықша тойланады. Себебi, құқықтық саясатымызда Тәуелсiздiгiмiз бен Конституциямыз тайға таңба басқандай ажырамас егiз ұғымға айналған. Бiрiнсiз бiрi толыққанды мазмұнға ие бола алмасы анық.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.08.2015
ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, философ, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ол өткен заманның соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай – лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Қазақтың дана ғұламаларының бірі Абай Құнанбайұлы мәңгі қазақ мәдениетінің шоқтығы, биік ірі тұлғасы.
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.08.2015
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ғимаратында «Суицидтің алдын-алу, суицид туралы мәселені талқылау» мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға аудандық партия филиалының қызметкерлері Ш.Джулмаханова, Ж.Бекмухамбетова, «Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 3 полиция батальоны, 4-взводының командирі полиция аға лейтенанты Н.Манапбаев пен взводтың жеке құрамы және аудандық мешіттің наиб имамы А.Башенов қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.08.2015
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ
 
Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік- экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм қазіргі кезеңдегі ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.08.2015
ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!
 
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау. 1-тамыздан басталып 30-қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы ауданымызда жалғасын табуда. Осы акция аясында біздің мектебімізде қызу жұмыстар атқарылып, іс жүзінде жүзеге асуда. Мектеп ұстаздары үй-үйді аралап, 1-сыныпқа келетін оқушылардың тізімін алып, көпбалалы жанұялар мен тұрмысы төмен отбасыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Болашаққа бағдар түзеген бұл мектеп тамыз айының 1-жұлдызынан бастап 1-сыныпқа оқушыларды қабылдауды бастап кеткен.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.08.2015
БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМ СЫЙЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
 
Оқушылардың мектепке барып, сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету үшін 2015-2016 оқу жылында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясына сәйкес №23 орта мектепте мектепішілік іс-шаралар басталып та кетті. Мектепте акция туралы бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды. Акция кезінде әл-ауқаты төмен, сәтсіз жанұя, аз қамтылған отбасы, ата-ананың қарауынсыз қалған отбасыларға көмек көрсету мақсатында жергілікті ауыл әкімшілігі, кәсіпкерлер, әскери қалашықта орналасқан «Анастасия», «Лилия» дүкендерінің қожайындарына үндеу жарияланды. Мөлтек аудандарда, саяжайларда, шаруашылық бөлімдерді толығымен аралап, мектеп жасындағы балаларды анықтау жұмыстарын жүргізу жұмысы жоспарланды. Акция барысында ауылдық жерлерде, әскери қалашықта «Мектепке жол» атты мақалалар, плакаттар, газеттер ілінді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2015
ЖАНАШЫРЛЫҚҚА ЖАН РИЗА
 
Әр оқу жылы қарсаңындағы Республикалық «Мектепке жол» акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен жалғасуда. Жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Біздің мектебіміз осы акцияны басшылыққа ала отырып, жаңа 2015- 2016 оқу жылына кішкентай бүлдіршіндерді даярлық тобына және 1-сыныпқа қабылдауда. Қабылдау бөлімінде З. Радақшаева, Г. Жайсанбекова, С. Сарқанбаева, Г. Исабаева сынды бастауыш мұғалімдері ата- аналарды жылы қарсы алып, тиісті мағлұматтарды беруде. Ал, 1-сынып даярлық тобында Т.Толкимбекова, Г.Назаралиева, А.Мавлен, С.Күзембекова сынды ұстаздар еңбек етуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшысы Ғ.Нәдірбековаға, ұстаздар қауымына, қол ұшын беруге атсалысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.08.2015
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!
 
Ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр болып, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебіздеріңізді аямай, қайырымдылық жасауға асығыңыздар! Балаларға мектепке барар жол табуға көмектесейік! Балалар – еліміздің болашағы және оның қандай болары еліміздің әрбір азаматына маңызды болуы керек.
Құрметті Өтеген батыр кентінің тұрғындары, ата-аналар! Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Оның мақсаты: жетім, жартылай жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмей қалуынан сақтандыру болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2015
КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС - БАЛА ЖАНЫН ШАТТЫҚҚА БӨЛЕЙДІ
Бүгінде әлем мойындап отырған жас қазақ мемлекетін алдыңғы қатарлы елге айналдыру - біздің алға қойған басты міндетіміз. Қазіргі таңда бала бойына тәрбие бастауын сіңіре отырып, ұлттық, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеудеміз. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі болып саналады. Соның бір ұшы бала демалысын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Көңілді демалыс бала жанын шаттыққа бөлейді десем артық емес. Осындай демалыс біздің мектебімізде де ұйымдастырылды. «Жаз-2015» жазғы сауықтыру алаңына 2164 бала қамтылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2015
МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАР
 
Қазақстан халқының алдына үлкен мақсат пен нақты қаржы бөлінген тапсырмалардың мүдіріссіз орындалуын талап еткен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол» атты Жол­дауында. Орта және шағын бизнеске қарастырылатын жеңілдетілген несиелер, 2014-2015 жылдарға негізделген экономикалық өсім мен жұмыспен қамту бағдарламалары, көлік және логистика, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық саласын жетілдіру, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі үшін салынатын жаңа кешендер секілді ел экономикасы мен саяси тұрақтылығы үшін маңызды тапсырмалар қарастырылды. Мәселен, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысы елдің ішкі мәселелерін жетік білгендіктен жыл сайынғы өзінің кезекті Жолдауларында қазақстандықтардың тұрмыс әлеуетін жақсарту мәселесіне ерекше көңіл аударумен келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2015
ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрғисаев Серікбай Нұрғисаұлы Іле ауданына іс-сапармен келіп, әлеуметтік маңызға ие нысандарды аралап шықты.
Аудан орталығына табан тіреген Парламент депутаты «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында болып, қоғамдық қабылдау жүргізді. Алдымен, Өтеген батыр кентінің тұрғыны Л.Есилканова қабылдауда болып, аудан тазалығы мен әлеуметтік коммуналдық төлемдердің бағасының шарықтауын айтып оның қолға алынуы жайлы сөз етті. Өзі тарапынан ұсыныс жасап, қажеттілігі турасында түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, аудан тазалығы жұмылдырылған қоғамдық кеңес мүшелеріне және олардың жұмыстары үшін жоғары жақтан қандай да бір ықпал бола ма деген сауалына да тиісті жауабын алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.08.2015
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҰЛТ МҰРАТЫ
 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «5 реформа және 100 қадам» Ұлттық жоспарын насихаттау жұмысы ауданымызда қарқынды түрде қолға алынды.
«100 қадам - қарышты даму жолы» ашық кеңейтілген кітап көрмесі барлық округтердегі кітапханаларда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ақпараттық бюллетеньдер, экспресс-дайджестер, буклеттер, ақпараттың жедел түрлерін дайындап, Ұлттық жоспар бойынша кітап көрмелері қызметін ұйымдастырып, мемлекеттік аппарат қызметкерлерімен, жоғары оқу орындары оқытушыларымен, мамандармен экспресс-мінбе, дөңгелек үстел, кеңестер өткізіп, талқылауға байланысты жарияланған маңызды материалдарды электрондық катологқа енгізіп, электрондық досье құрау сынды барлық жоспарға керекті құралдарды кеңінен қолдана отырып, жұмыстарды бастап кеттік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.08.2015
АСАБАҒА - АЛТЫ ТАЛАП
Қазақта ең көп айтылатын ақ тілектің бірі - «Тойың тойға ұлассын!». Бірақ, осы бір ғана тілектің аясында қаншама мағына бар. Елің аман болса, жұртың тыныш, ханың тағында, шаңырағың орнында болса, қарның тоқ, уайымың жоқ болса, аты шыққан ұлың болса, аты шықпаған қызың болса, тойламасқа немене? Тойдың көбі халықтың әл-ауқатының жақсылығын білдіреді, әл-ауқат мемлекет мықтылығын, мемлекет мықтылығы басшының іскерлігін білдіреді. Болмаса қарашасы ханын жамандап, ханы басын амандап тентіреп жүрген елді көрмей отырмыз ба? Иә, той көбейсін. Әрбір той жасаушы адам (әсіресе қазақ) сол тойға материалдың барын, рухани жанын салады. «Тойым қызық та көңілді, тыныш та тартымды өтсе екен.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.08.2015
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ
 
Биылғы жылы жаз мезгілінің жайдары жайма шуақ күндерінде мектеп жанынан құрылған «Достық» жазғы сауықтыру алаңы ІV-ауысымда жұмыс атқарды. Жазғы сауықтыру алаң жұмыстарына аз қамтылған отбасы, көпбалалы, толық емес отбасы балалары, қорғаншысы бар оқушылар мен үздік оқитын, әрі белсенді оқушылар түрлі іс-шараларға қатыстырылды. Алаңда ата-ана тарапынан және жалпы білім беру қоры есебінен 150 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 15 оқушы қала сыртындағы лагерьде демалуда. Мектепшілік жазғы «Достық» алаңында «Балдостық», «Непоседы», «Қыран» топтарының безендіру жұмыстары талапқа сай орындалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.08.2015
Дертке дауа, жанға қуат
Ұлттық тағамдар мен сусындарымыз өзіндік жұмсақтығымен тіл үйірер дәмімен ерекшеленіп тұрады. Ата-бабаларымыз жылқының адамзатқа мінсе көлік, кисе киім, жесе тағам, ішсе сусын бола алатынын көріп, сезіп білгендіктен, оны қолға үйретіп күнделікті өмірде пайдаланған. Қазақтың ұлттық үлгісімен дайындалған қымыз біздің дәстүрлі сусынымыз болып саналады. Еліміздегі облыс, аудан мен қалаларда қымыз өндірісі қарқынды дамып келеді. Халқымыз қымызды тек емдік сусын ретінде ғана емес, күнделікті қолданылатын тағам ретінде де пайдалана бастады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.08.2015
АЙТЫСТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
 
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал ақын Кожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:
Сүйінбай он жасында
қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен
Алланың көрмеймісің құдіретін, – деп, Сүйінбайдың бала кезі туралы нақты дерек келтіре отырып, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шырқағандығына таңданады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.08.2015
ЕЛ БОЛАШАҒЫ - БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚ
12 тамыз - Халықаралық жастар күні. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1999 жылдан бастап тойланады. Биыл да Өтеген батыр кентінде Халықаралық жастар күні кең ауқымда аталып өтті. Аталмыш мерекеге орай аудан орталығындағы алаңда спорттық ойындар және өлке өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» бағдарламасы еліміздің даму жолы үшін айқындалған ерекше құжат.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.08.2015
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ
 
Бүгінгі кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының орындалуына байланысты аудандық білім бөлімінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Бөлім мамандары, білім мекемелерінің басшыларымен өткізілген жиналыстарында жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының орындалуы және «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру жайлы сұрақтар талқыланады.
Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу мақсатында ұйымдастыру жұмыстары атқарылып, апта сайынғы өткізілетін аппаратық жиналыста мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін қатаң сақтауларын қамтамасыз ету керек екені ескертіледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.08.2015
ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛЫНДА
 
Ауданымызда 2011-2015 жылдарға арналған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы» аясында мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс істейді. Сапалы ет өндіру және оның мөлшерін көбейту бағытында мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып, ол біртіндеп жүзеге асуда. Айталық, бүгінде 9 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен 1740 бас ірі қара мал сатып алды және 2 шаруашылық 800 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» бағдарламасының 60, 61 қадамдарында ет, сүт өндірісін дұрыс жолға қою, шикізат базасын дамыту, өндірілген өнімдерді экспортқа шығару мәселесі айрықша атап өтілген. Бұл міндетті орындауға біздің ауданның шаруа қожалықтары жұмыла кірісуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.08.2015
ЖАҢА СТАНДАРТТАР ӨМІР ТАЛАБЫ
 
Елбасымыз қай Жолдауында болмасын, ең негізгі фактор ретінде адам өміріне, оның денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді. Осы жылы «Ұлт жоспары. 5 бағыт және 100 бағыт» бағдарламасында 2011-2020 жылдары білім саласы жүйесін жаңғырту жан-жақты қарастырылған. Біз ұрпағымызды, болашағымызды тәрбиелеу жолында мемлекетіміздің білім саясатын басшылыққа ала отырып, жүктелген міндеттерді атқарып келеміз.
Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім - осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. «Еліміздің тағдыры жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деді бір сөзінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.08.2015
ЖАУАПКЕРШІЛІК - НӘТИЖЕЛІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫ
 
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау алыс-жақын шет мемлекеттердің басшылары мен дағдарыс кезеңіндегі Қазақстанның әрбір басқан қадамын жіті бақылап отырған саясаткерлердің талқысына түсті. Әлем назарын өзіне аудартқан Қазақстан Көшбасшысы еліміздің барлық салалары бойынша дамудың және әлемдік дағдарыстан алып шығудың стратегиялық бағытын жария еткен еді. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы орнын айқындай түсті. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының қайсысын алып қарасақ та, стратегиялық маңыз­дылығы мен белгілі бір мерзім ішінде нақты міндеттер мен мәселе­лердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Жаңа Жолдау да осындай сипатымен ерекшеленіп, бәрімізді «Нұрлы жолға» жұмылдырып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2015
БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
 
Бүгінгі күні жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне баса назар аударылуда. Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасында азаматтардың қадамдарында жергілікті өзін-өзі басқаруы мен қоғамдық Кеңестердің өкілеттілігі жайында кеңінен айтылған болатын. Атап айтқанда Елбасымыз азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің маңыздылығы, қоғамдық Кеңестердің аумақтық даму бағдарламаларына қатысудағы рөлін күшейту мәселесіне ерекше мән берді. Мұның өзі айналып келгенде заман талабынан туындап отырғандығы айқындалды. Әр адам өкіметке иек арта бермей, өміріне қатысты мәселені өзі шешіп, ауласының, жүретін көшесінің, тұрған ауылының көркейіп, көріктенуіне, сәулеті мен дәулетінің артуына үлес қосуы қажет.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.08.2015
ӨТКЕН КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІ
 
Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты, батыр ардагерлерімізге қандай марапат-құрмет көрсетсе де, барыс болар елімізге жарасатын сияқты. Біз Алматы қаласының Доманск соғысының ардагерлері Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында көптеген аудандар мен облыстарда халықпен кездесу өткізіп келеміз. 1969 жылы Қытай мен Кеңес Одағы Уссурии өзенінің ортасындағы ауылындығы 1800 метр Даманск аралы үшін болған соғысқа жиырма шақты қазақ азаматтары қатысқан екенбіз. Содан бері 46 жыл өтсе де, бір-бірімізбен толыққанды табыса алмай келеміз. Бұл соғыс туралы газет-журналдарда, телеарналарда да айтылып жүр. Кеңес Одағынан 70 шақты әскер қаза тауып, 100 аса жауынгер елдеріне жаралы болып оралды. Сол соғыста Кеңес Одағы Град БМ-40 қаруын алғаш рет Қытайға қарсы қолданып, аралды жермен-жексен етіп қара тасқа дейін күйдіріп жіберді. Осы қаралы соғыста бес адамға Кеңес Одағы батыры атағы берілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.08.2015
МОБИЛЬДІ ҮКІМЕТ ҚОСЫМШАСЫ
 
Мобильдік үкімет – халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар. Мобильдік үкімет – жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қолжетімді.
Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркеу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қолжетімді:
1. www.egov.kz электрондық үкімет порталы.
2. ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары.
3. еgov.kz мобильдік қосымшасы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.08.2015
«ЖАЗ - 2015»
 
Бала – қоғамның болашағы. Еліміздің желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндерінің жарқын өміріне қажетті жағдай жасау әрдайым бірінші кезектегі мәселе болып саналады. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің нұсқауымен №12 орта мектеп жанында «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында 10 күндік жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды. Алаңның төртінші ауысымында 4 топ жұмыс жасап, 100 бала демалыс күндерін қызықты өткізді.
Жазғы демалыс лагерінің ұйымдастырылу мақсаты: балаларды азаматтық ұстанымға, Отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Сонымен қатар лагерь жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасалынып, тәрбие бағытын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін жоспарлар құрылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.08.2015
АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ
«Жетім көрсең жебей жүр» демекші біздің балаларымыз жетім емес нағыз ата-ана махаббатына бөленіп отырған жандар, бірақ олардың жүректері, жан дүниелері жетім мүмкіндігі шектеулі жандар. Біреуі өз аяғымен жүре алмаса, ал енді біреуі өз ойын жеткізе алмаған әркімге жаутаңдаған жандар, соны ойласам жүрегім қан жылайды, қайтейін. Бұлар Алланың сүйген құлдары. Өйткені, қиыншылықты Алла сүйген құлына береді дейді. Иә, бұл да болса көңілге медеу.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.08.2015
АРЫМ - ЖАНЫМНЫҢ САДАҒАСЫ
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндеттеген «100 нақты қадам» жоспары сот саласына тың міндеттер мен мақсаттар жүктемек. Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – бәрімізге ортақ міндет. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаны орындау аясында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артатынын бес реформаны нақтылап көрсетті. Атап айтсақ, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Бiртектiлiк пен бiрлiк», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру». Бізге қатысты мәселе заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.08.2015
БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат», - деп атап көрсетті. Аталған құжатта: қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет деп атап көрсетті.
Сонымен қатар жаһандық және ішкі сын-талаптарға деген жауап, сонымен бірге ұлттың дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспары деп білемін. «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» еліміздегі қоғамның барлық саласын толықтай қамтып отыр. Қарап отырсаңыз, оның 50 қадамы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға арналған екен. «100 нақты қадам» - Қазақстанға түрлі сынақтардан шығуда жол көрсететін және «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға көмектесетін бекемдік пен беріктік қоры.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.07.2015
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ ОЗАДЫ
 
2015 жыл ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етумен ерекшеленуде.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы деп жарияланды. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарихтан белгілі тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналған еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен, тілегі бір, қаны бөлек болғанмен, арманы бір - біртұтас халыққа айналды. Егемен Қазақстан Туының астында бірігіп, туған жердің - тұғыры биік азаматтары атанды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.07.2015
ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
 
Сот жауапкердің арыз берушіге келтірілген материалдық шығынын өндіру туралы шешім шығарды. Алайда аталған шешімнің орындалуы мүмкін емес болып шықты, өйткені жауапкердің атында ешбір жеке мүлік тіркелмеген. Осы туындаған жағдайдан қалай шығуға және қарызды өндіруге болады?
Көбіне күрделі мәселенің бірі, бұл жауапкердің алдын-ала соттың шешімін немесе қаулысы орындалмай тұрып өзінің жеке меншігінде тіркелген барлық мүлікті үшінші тұлғаның атына тіркеп, өзінің атындағы банк есеп шотын жауып үлгереді.
Осыған сәйкес азаматтар шешімнің немесе сот қаулысының орындалуына көбіне сот орындаушыларын кінәлайды. Алайда сот орындаушылар жоқ мүлікке шектеу қоя алмайды. ҚР АІК-нің 158, 159-бабтарына сәйкес, іске қатысушылардың арызы бойынша, сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз ету істің барлық сатысында қолданылуы мүмкін.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.07.2015
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ МҮШЕСІНІҢ ЭТИКА КОДЕКСІ
 
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы, халықтың сеніміне сүйене отырып, мемлекет пен оның азаматтарының мүдделерін қорғау мақсатында әрекет етеді.
Партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы еңбегімен, оның ішінде саяси жұмыс әдістерімен экономикалық жағынан мықты, демократиялық мемлекет құруға ұмтылу қажет.
«Нұр Отан» партиясының Жарғысына және Доктринасына сәйкес партия мүшесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін құрметтеуге және сақтауға;
2) Елбасы бағытының мызғымастығын сақтауға, партия Көшбасшысының саясатын ұстануға және оны дәйекті түрде іске асыруға;
3) партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын сақтауға; ...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.07.2015
БІРЛЕСКЕН ТЕКСЕРУ
«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облыстық партия филиалының жоспарына сәйкес Іле ауданында аудандық партия филиалы мен аудандық көлік полициясы бөлімімен бірлесе отырып рейд ұйымдастырылды. Рейдке аудандық партия филиалының консультанты Ш.Жұлмаханова, аудандық «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшелері Б.Сәрсембаев, Т. Рақыш және аудандық көлік полициясының аға сержанты Д.Батырбаев, аға сержант М.Мұқашев тағы басқалары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.07.2015
МАҢЫЗЫ БАР ҚҰЖАТ
 
Қазақстан халқының алдына үлкен мақсат пен нақты қаржы бөлінген тапсырмалардың мүдіріссіз орындалуын талап еткен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол» атты Жол­дауында. Орта және шағын бизнеске қарастырылатын жеңілдетілген несиелер, 2014-2015 жылдарға негізделген экономикалық өсім мен жұмыспен қамту бағдарламалары, көлік және логистика, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық саласын жетілдіру, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі үшін салынатын жаңа кешендер секілді ел экономикасы мен саяси тұрақтылығы үшін маңызды тапсырмалар қарастырылды. Мәселен, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлінеді.Мемлекет басшысы елдің ішкі мәселелерін жетік білгендіктен жыл сайынғы өзінің кезекті Жолдауларында қазақстандықтардың тұрмыс әлеуетін жақсарту мәселесіне ерекше көңіл аударумен келеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.07.2015
«БӘЙТЕРЕК» САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫ
Жаңаталап ауылы №25 орта мектеп жанында «Бәйтерек» күндізгі сауықтыру алаңы жұмыс істеуде.
Мектепішілік алаңда «Шеберлі қолдар» үйірмесі оқушыларды қолөнерге баулуда. Сонымен бірге балалардың көгалдандыру және санитарлық жұмыстарды атқаруына еңбек тәжірибесі кестесіне сай биология пәнінің мұғалімдері Г.Бозжігітова, М.Табанова, Г.Сақабекова басшылық жасайды.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.07.2015
МӘНДІ ДЕ МАҒАНАЛЫ
Жаз айы оқушылар үшін ең керемет сәттердің, қызыққа толы күндердің мезгілі. Біздің №6 орта мектебімізде «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс жасап келеді. Биылғы демалыс бес ауысымда ұйымдастырылып, жазғы сауықтыру алаңына 532 бала қамтылды. Әрбір кезеңде іс-шаралар белгілі бір жоспар бойынша жүргізілді. Топ тәрбиешілері оқушылардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастыру мақсатында түрлі ойындар, сайыстар, байқаулар, жарыстар өткізіп, «Ертегілер әлемінде», «Жол тәртібін білейік!», «Әнші болғым келеді» тақырыптарына байланысты іс-шараларды тартымды өткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.07.2015
ЖЕР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛСА...
 
Жер - біздің ата-бабамыздан келе жатқан байлық. Орасан зор байлығымыз әрі ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану ауыл еңбеккерлерінің басты міндеті болып саналады. Өйткені ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәскелестікте ауылшаруашылығы өндірісінде жетістікке жету үшін де жерді аялап, күтіп-баптап құнарлығын арттыру қажет. Алайда, біздің ауданда табиғаттың бөлінбес бөлігі болып саналатын жерге озбырлық танытып, оны тоздырып, иен далаға айналдырған жайттар аз кездеспейді. Жасыратыны жоқ, Кеңестік заманда мемлекет меншігінде болып, ұжымшарлар мен кеңшарларға бөлініп берілген жердің әрбір шаршы метрі бос болмай өз мақсатында пайдаланылатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.07.2015
ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ, БҮЛДІРШІНДЕР МӘЗ
Жазғы демалысты баршамыз асыға күтетіміз. Әсіресе, балалар үшін ерекше қуаныш. Олардың көңіліне қуаныш ұялату әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Жылдың жаз маусымындағы балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастырып, денсаулықтарын жақсарту, жұмыспен қамтылуы үшін қажетті жағдай жасау, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өмір қауіпсіздігін нығайту, шығармашылығын дамыту қазіргі күннің негізгі міндеттерінің бірі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.07.2015
ЖАҢА НАУБАЙХАНА
 
Апта басында ақшиліктер үшін тағы бір жақсылық күні болды. Аудан тарағаннан бері ауыл тұрғындары үшін нан мәселесі қиындық туғызып келген еді. Өндірістік негізде пісірілетін нан басқа жақтан тасылып әкелінетін. Оның кейде сапасы дұрыс болмайды немесе мүлде жеткізілмей қалатын кездері де жиі кездесетін. Міне, осы жетімсіздікті енді Ақши тұрғындары сезінбейтін болады. Өйткені, жаңа наубайхана Ақши ауылының өзінен ашылып отыр.
Наубайхананы осы ауылдың тумасы, бүгінде аудандағы жеке кәсіппен айналысатын Зейінәділ Мұқашев ашты. Өз ауылының мұң-мұқтажын жақсы білетін ол, жергілікті әкімдіктің келісімімен өз қаржысына наубайхана салуды жөн көрген еді. Ал наубайхананың қажетті қондырғыларына деген қаражатты аудандық жұмыспен қамту бөлімі «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлген жағдайы бар. Не дегенмен екі жыл шамасындай уақытта наубайхана үйі салынып, қондырғылары орнатылып, алғашқы өнімдерін шығаратын күнге де жетті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.07.2015
ТАҒАЙЫНДАУ
 
Аудан әкімінің Өкімімен аудан әкімінің орынбасары болып Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев тағайындалды.
Кеңесбек Мендебаев 1955 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 1980 жылы Қазақтың Политехникалық институтының инженер-экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1972 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Аманкелді» совхозында жұмысшылықтан бастаған. 1980-1987 жылдар аралығында Жамбыл ауданының аудандық ауылшаруашылығы техникасы бөлімінде экономист, аға экономист, бас экономист қызметтерін атқарды. 1987-89 жылдары Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл ауданаралық жөндеу-техникалық қызмет көрсету кәсіпорнының бас экономисі қызметін атқарды. 1989-92 жылдары Жамбыл ауданындағы «Беріктас» қой шаруашылығының бас экономисі болды. 1992-93 жылдары «Беріктас» совхозының бас есепшісі қызметін атқарды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.07.2015
ЖАМАН ӘДЕТТЕН АДА БОЛ, ЖАС МАМАН
Апта ортасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсылық білдіру жұмыстарын жүзеге асыру түйіткілдері мен шешімдері жайлы дөңгелек үстел үстінде талқыланды. Оған ауданымыз бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының консультанты Мұрат Тоғызбаев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Роза Абилова, аудандық әкімшілік аппаратының бөлім мамандары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.07.2015
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ӘКЕМ МЕНІҢ
Ұлы Отан соғысының соңғы оғы атылып жеңіспен аяқталғанына 70 жылдан асса да, ол салған жара күні бүгінге дейін сыздайды.
Қан майданда хабар-ошарсыз кетуі, топырағының жат жерде бұйырғаны, соңындағы туыс-жарандарының санасына сан сауал ұялатып, сарсаңға салады. Сол азаматтардың бірі - Жаңаарқа ауданының топырағында туған Төлеу Қожахметов. Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысынан майданға аттанып, қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру мақсатында шыққан "Боздақтар" атты кітапта әкем туралы былай жазылған дерек бар: "Төлеу Қожахметов - 1914 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туылған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.07.2015
ЖАЗДЫҢ КӨҢІЛДІ КҮНДЕРІ
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы - балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. Сондай жазғы сауықтыру алаңының бірі «№12 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ашылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.07.2015
ҚАДІР ТҮННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Сіздерді Рамазан айымен құттықтаймын! Рамазан айы бәрімізге берекелі де берекетті болсын! Алла Тағалаға мадақтар болсын, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауат болсын, сонымен бірге Алла Тағала барлық мұсылмандардың жүректеріне иман беріп, тура жолға бастасын. Бүгінгі тоқталатын тақырып келе жатқан Қадір түніне арналады. Өйткені, Алла тағала Құран Кәрімде осы түн туралы бізге хабар берген, сондықтан бұл түннің қандай ерекшелігі бар екендігі туралы кеңінен тоқталатын боламыз. Бұл түн тек қана осы Рамазан айында болады, сонымен бірге сауабы жағынан бұл түнге сәйкес келетін түн жоқ.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.07.2015
ОРАЗА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ!
 
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік болсын. Рамазан он екі айдын сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Ораза - Ислам дінінің негізгі парыздарының бірі: Бұған дәлел Аллах Тағаланың қасиетті Құранда былай делінген: «Ей мұміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Бәлкім тақуа боласыңдар» (Бақара сүресі: 183-аят).
Міне, осы аятта айтылғандай ораза тек ислам діні келгеннен кейін ғана парыз болмаған. Ол исламға дейінгі Алла тарапынан кейінгі басқа Пайғамбарлардың діндерінде парыз қылынған, бірақ олардың оразалары исламдағы оразаларынан өзгеше еді. Өзінің жолы мен өзіне тән шариғаты болған. Бұл дегеніміз - Алла осы аяты арқылы оразаны парыз етумен қатар, бізге оразаның өткен ескі ғасырлардан бері адамзаттың бәріне ортақ болған ғибадат екенін хабарлайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.07.2015
БІР ІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ - БІЛЕК КҮШІ
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» деген болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің тиімді жұмысы және жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде күнделікті маңызды мә­селелерді шешуге халықтың белсене қатысуы тікелей әсер етеді. Мәслихат депутаты ретінде қоғамдық Кеңес төрағаларымен бірлесе отырып, арнайы құрылған комиссия мүшелерімен округ аумағында атқарылатын жұмыстарды жоспарлау, бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді жұмсалуын, тұрғындарының ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұяларды, мүгедек, қараусыз қалған жалғыз басты қарттарды анықтап оларға мемлекеттік және кәсіпкерлердің көмегін ұйымдастыруға ықпал жасаймын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.07.2015
ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ
 
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ішкі саясат бөлімінің және жастар орталығының ұйымдастырылуымен ҚазЦИК ауылындағы №6 орта мектепті ғимаратында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша «Таблиғи жамағат» атты семинар өтті.
Атаулы семинарға ІІБ қызметкерлері, ҚазЦИК ауылдық округі әкімдігінің мамандары, аудандық жастар орталығының мамандары, ішкі саясат мамандары, әскери бөлім қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері, жергілікті діни бірлестік жетекшілері, қоғамдық ұйым төрағалары, округ тұрғындары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.07.2015
Рамазанның сансыз сауабынан құр қалмайық
 
Әлемдердің Құдіретті раббы Алла тағала ғаламды жаратып болған соң өзінің алдына есептегіш қасиеті өте үлкен бір періштесін шақыртып, тапсырма береді. «Сен қазір жерге барып, теңіздің асты-үсті, тау-тастың қойны-қонышындағы құм атаулының дәл санын есептеп, маған айт» - дейді. Бұл періштенің ерекше жаратылғаны сонша, оның басындағы құлағы мен көзі аспандағы жұлдыздан көп еді. Ол көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте жер шарында неше мың тонна құм болса, соның бәрінің санын дәл айтады. Жаратушы Иесі оған риза болып: «Енді жердегі мұхит, теңіз, дәрия, өзен, көлдегі судың тамшысын есепте» - деп тапсырады. Алып періште бұл жолы да жаңылмайды. Әп-сәтте бүкіл судың тамшысын жеке дара санап, Алланың алдына қояды. Ұлық Алла бұл жолы да оның жұмысына, жылдамдығына риза болып, мақтау айтады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.07.2015
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Ащыбұлақ ауылдық округінің әрбір елді мекенінде 2012 жылы тұрғындардың қатысуымен жеке жиналыстар өткізіліп, қоғамдық Кеңес құрылып, оның төрағалары, содан соң көше комитетінің мүшелері көпшілік дауыспен сайланған болатын. Бұдан соң қоғамдық Кеңес, көше комитеті мүшелерінен білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, ауыл шаруашылығы, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық саласы, қоғамдық тәртіпті сақтау саласы, пошта, телефон байланысы, электр желісі жұмысы, ауылдарды газдандыру жұмыстары бойынша комиссиялар құрылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.07.2015
КӨРШІ МЕН КӨРШІНІ ЖАЛҒАЙТЫН АЛТЫН КӨПІР
Ассалаумағалейкум Әмзе Әлдибекұлы. Бүгінгі қоғамда адамдарды бір-бірімен араластыру тұрмақ таныстырудың өзі мұң болып бара жатқан «Ақпараттық ғасырда» мына қоғамдық Кеңестің қажеті не?
- Қазақта «Асың барда ел таны, атың барда жер таны» - деген қанатты сөзі бар. Иә, қазір «Ақпарат заманы». Көршіге шәркейіңді кие салып барғаннан гөрі ғаламтормен ақ үйден шықпай сөйлескенің ұтымды болды қазір. Бірақ бұл дұрыс емес. Адам үйінен шығатын уақыт келді. Жұмсақ диванның үстінде жатып әңгімені ас үйде шешетін заманнан алыстауымыз керек.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.07.2015
Астана - Алаштың айнасы
 
Астана күні - жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. «Астана күні - барлық қазақстандықтардың мерекесі. Елдің жүрегіне айналған Астана арқылы Қазақстан өзінің мүмкіндіктерін әлемге таныстырады.
Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп қасиетті қазақ жеріне, өз даласына қондырып, орнықтыра білген өзіндік бір әлемі! Абыройы асқан Астана! Әлемді сүй­сіндіріп таңғалдырған Астана! Дүниеге даңқы жайылған Астана! Қазақ елінің бағын жандырған Астана!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.07.2015
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАДАМДАРЫ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударып жүргендігі баршамызға белгілі. Елбасымыздың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 97, 98, 99 азаматтардың қадамдарында жергілікті өзін-өзі басқаруы мен қоғамдық Кеңестердің өкілеттіктері жайында кеңінен айтылғандығы осының айқын дәлелі. Бұл орайда Іле ауданының елді мекендерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың алғы шарттарының осыдан үш жыл бұрын жасалынғандығын ерекше мақтанышпен атап өткім келеді. Мұның өзі сайып келгенде заман талабынан туындап отырғандығын ілеліктер дер кезінде ұғынды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.07.2015
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ЭЛЕМЕНТІ
Бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыздың еліміздің бас қаласы Астананың туған күні мерекесі қарсаңында өтіп отырғандығын жақсылықтың белгісі деп білемін. Жас Елордамыздың көз сүріндірер, келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Бүгінгі таңда елдің төрі - Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Осынау маңызы бар мереке қарсаңында бүкіл жетісулықтардың жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі төңірегінде пікір таластырып, тың ой айту үшін ауданымызға жиналғандығы әрине, бізді қуантады. Өйткені, бізде бұл мәселе бойынша атқарылған ауқымды істер, жинақталған тәжірибе аз емес.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.07.2015
БІЗДІҢ ТҮЛЕК - БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
 
Біздің мектебімізде мақтан тұтар оқушыларымыз жетерлік. Соның бірі - биылғы мектебіміздің түлегі, біздің мақтанышымыз Еркебұлан Бекқалиев. Ол Мұхамеджан Түймебаев ауылындағы №20 орта мектептің түлегі. Өзінің ұқыптылығымен, еңбекқорлығымен, ұғымталдығымен, салмақты да сабырлы мінезімен ерекшеленеді. Әрқашан үлкенге - қолғанат, кішіге - қамқор. Еркебұлан сабағында үздік оқып қана қоймай мектептегі, сыныптағы, қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысады. Сонымен қатар Отанына, еліне деген патриоттық сезімі өте жоғары. Ән айтып, өлең де оқиды. Тіпті әртістік шеберлігі де бар.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.07.2015
ҚЫЗЫҚТЫ ДЕМАЛЫС
 
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Мен де сол балалар сияқты жаз мезгілін мектебімізде жыл сайын өтетін «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңын асыға күттім.
Мінеки, жылдағы дәстүр бойынша біз алаңға сыныптастарымызбен бірге қайта жиналдық. Демалыс өте қызықты өтуде. Ол жерде біздің әр күніміз таңғы жаттығу жасаудан басталады. Содан соң күн тәртібі бойынша «Қолөнер», «Бейнелеу өнері», «Домбыра үйірмесі», «Сауықтыру», «Эстрада үйірмесі», «Кітапхана», «Ән» үйірмелеріне барып қатысып, өзімізді жан-жақты қырларымыздан көрсетеміз. Он күн аясында «Ертегілер еліне саяхат», «Жаз аруы - 2015 », «Толағай жарысы», «Нептун күні», «Талант шоу» байқауы сияқты әртүрлі іс-шаралар өтеді. Біз топ жетекшілерімізбен бірге әрбір іс-шараға өте үлкен жауапкершілікпен дайындалып,  өнер көрсетеміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.06.2015
РАМАЗАН – АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ
Барша мұсылман қауымы асыға күткен Рамазан айы да мархамат есігін айқара ашып, сауаптарға толы амалдарды жасауға шақырып, Аллаға иман келтірген пенделерін бір сәт ойға шомып, адамгершілік қасиеттерін арттыратын, пәндәуи сезімдерін тежейтін амалдарды жасауды ескертеді. Бір жасаған хасан амалың мың еселенетін құтты болған осы айда қандай амалдар жасаған дұрыс?
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.06.2015
СПОРТЫМЫЗ ЖАНДАНСА, ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ ІСКЕ ЖАРАҒАНЫ
Мен аудандық газеттен 2015 жылы 30 шілде күні V шақырылатын аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудан әкімі Қ.Ө. Медеуовтың 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы есебінің тыңдалатындығын оқып білдім. Осы бір келелі жиында кемелді істің мәселесі көтерілсе деген ойға келдім. Біздің Ащыбұлақ жастары салауатты өмір салтын дәріптеуде басқа да округтерді артқа тастай алады. Өйткені, бізде жекпе-жек өнерінің неше түрлісі жақсы дамып келеді. Бізге керегі тек спортзал немесе кішігірім спорт сарайы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.06.2015
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ – НҰРЛЫ ЖОЛМЕН!» республикалық акциясы
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар - қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» - деп атап өткен болатын. Ұдайы өзгеріп отыратын тарихи жағдайда Қазақстан үшін жаңа саяси бағытта ең маңыздысы - балалық шақты қорғау. Отбасы мемлекеттің бір бөлігі болса, ата-ана отбасының тірегі болып табылады. Дана халқымыз «Әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға білмейді», «Қызының қылығына қарай анасын таны» деген қанатты сөздерді бекер айтпаған. Осыдан келіп, бала тәрбиесінде тек ананың ғана емес, әкенің үлесінің басым болу қажеттігі айқындалады. Облыста толық емес отбасында өсіп жатқан балалар аз емес, білім беру ұйымдары тарапынан баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға, әкелерге көмек көрсетіліп тұрады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.06.2015
Қауіпсіздік баршаға ортақ іс!
23.06.2015ж "Іле ауданының жастары" орталығының ұйымдастаруымен жол қауіпсіздігін сақтау, оларды халыққа жеткізу мақсатында "Қауіпсіздік баршаға ортақ іс!" атты акция өтті.Акцияға қоғамдық көлік жүргізушілер,жастар белсене қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.06.2015
ҚАЗЫНАҢ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қазақ баласының бойындағы асыл қасиеттің бірі жомарттық пен кеңпейілділік. Еліміз дамыған елу елдің қатарында тұру үшін де осы бір асыл қасиеттің тізгінін мықтап ұстанған жөн.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.06.2015
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Апта басында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі №345 бұйрығының Ішкі істер органдарының күзет қызметі бөліністерінде тәртіп пен заңдылықты арттыру, қызметтік жұмысты жетілдіру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының 4-ші тармағының талабын орындау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен Алматы облысы МКҚБ ММ-нің 3-полиция батальонының (Есік, Талғар қалалары және Өтеген батыр кенті) бірлесіп 4 взводының жеке құрамы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты кездесу шарасын өткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.06.2015
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ
терең білім мен ерен еңбекті талап етеді
Алатаудың етегі мен Іле өзенінің жағасын қапталдай қоныстанған іргелі ауданның ырысы мен берекесі мол. Бұл ай­мақтағы еңбеккерлер қандай саламен айналысса да жақсы нәтижеге қол жеткізе алатын мүмкіндік зор. Алматыға жақын тұруы сан түрлі алыс-беріске жол ашады. Оның ықпалы рухани салаларға да әсер береді. Қысқасы, қала маңындағы ауданда заманауи артықшылықтар аз емес. Сонымен, ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Ел дамуындағы жаңалықтар мен реформаларға ілеліктер қалай үн қосып жатыр? Мәңгілік Ел бастауы олардың жан жүрегіне қандай жақсы өзгерістер әкелді? Осы тектес бірқатар сұрақтарды алға тартып, аудан әкімі Қыдыркелді Медеуов мырзаны әңгімелесуге шақырған едік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.06.2015
Қасиетті рамазан айы құтты болсын!
 
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман - есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрәк Рамазан айының келуімен құттықтаймын!
    Рамазан - он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан - Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл - Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.06.2015
АРДАГЕРЛЕР ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Өткен аптада Өтеген батыр кентіндегі Ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытынды жиынын өткізді.
Аталмыш шараға аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, округтердегі бастауыш ардагерлер ұйымдары мен қоғамдық Кеңес төрағалары, олардың белсенді мүшелері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.06.2015
ЖАЙНАЙ БЕР, «ЖАС ТОЛҚЫН»
Өткен аптада Байсерке ауылындағы «Самал» кафесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жас Толқын» аулалық клубы өзінің жылдық есеп беру концертін өткізді. Біз аталмыш аулалық клубы «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен құрылғанын бұрындары жазып та, айтып та жүрміз.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.06.2015
Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі сөз
 
Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты қадамдар жасалуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.06.2015
 «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары
 
«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.06.2015
РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ - ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
 
Апта ортасында Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аудан жұртшылығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рəміздері күнін атап өтті. Мерекеге арналған салтанатты жиынды аудан əкімінің орынбасары Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы ашып, Мемлекеттік Рəміздеріміз туралы кіріспе сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтады.
Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы сессиясының шешімімен бекітілді. Сол жылы 6 маусым күні Тəуелсіз еліміздің тұңғыш Мемлекеттік Рəміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. Алты ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мəтіні бекітілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.06.2015
ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті, ұлтты сақтаудың бастау негізі, аса ұлы құндылық - Мемлекеттік рәміздер. Еліміздің, жеріміздің тәуелсіз екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін осы қастерлі де қасиетті рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу - елімізде туып-өскен және оны мекендейтін әрбір азаматтың ең қымбатты борышы мен міндеті. Еліміздің қазіргі таңдағы дамуының басым бағыттарының бірі ұлттық патриотизмді қалыптастырып, азаматтық жауапкершілік пен қоғамның рухани бірлігін нығайту болып табылады. Мемлекеттік рәміздеріміз - халқымыздың сан мыңдаған ғасырлық арманы мен ғұмырлық мақсатының басты өлшемі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.06.2015
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
 
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 29 маусым 2011 жылғы №110 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген.
Бағдарламаны жүзеге асыру 3 кезеңге бөлінген: 2011-2013 жылдары, 2014-2016 жылдары, 2017-2020 жылдары. Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.06.2015
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ - ЕЛ МЕРЕЙІ
 
Мемлекеттік тіл тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекетіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілі - ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.06.2015
ӨМІРІ-ӨНЕГЕ, ІСІ-ҮЛГІЛІ БОЛАРЛЫҚ ЖАН
 
«Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаса керек. Шағын отбасының ғана емес, тұтас бір мемлекеттің дамуы үшін де өз еңбегімен сүбелі үлесін қосып жүрген қыз-келіншектер мен асыл жар, аяулы аналар бүгінгі қазақ қоғамының қалыпты дамуында да қалыс қалған емес. Сондай жандардың бір і- Бұдұғұлова Қарлығаш Тұранқызы. Бар ғұмырын кітапхана саласына арнаған Қарлығаш Тұранқызының уақытының көбі оқырмандарына арналған. Себебі, осы салада қызмет атқарғанына 32 жылдың жүзі болды. Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман еңбек жолын 1983-1987 жылдары Авангард пен Торғай ауылдық кітапханаларында бастаған еді. Кейіннен 1996-2003 жылдар аралығында Шелек аудандық кітапханасында кітап өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Көп кешікпей, 2003 жылдың сәуір айынан бастап, Іле аудандық кітапханасына ауысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.06.2015
АҚШИЛІК БАЛАУСА МҮЗДИМАН БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Әлемнің 43 мемлекетінен 345 былғары қолғап шеберлері арасынан суырылып шыққан боксшы қызымыз Балауса ақтық сында италияндықтар үкілеп әкелген өкілін 2:1 есебімен ойсырата ұтып, әлем чемпионы атанды. Қаршадай қайсар қызды әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары, ауылдастары және аудан әкімінің орынбасары Дәурен Жүнісов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ортыбаев және бірге жаттығып жүрген жас спортшылар құшақ жая қарсы алды. Тайпейде әлем чемпионатының басы-қасында жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов: - «Бұл жасөспірімдер мен жастар арасындағы өтіп жатқан алғашқы чемпионат.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.06.2015
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ
Жақында Әли ауылындағы №22 орта мектептте салтанатты іс-шара болып өтті. 2014 жылы 300 орынға арналып жаңадан салынған бұл мектеп ендігі жерде көрнекті мемлекет қайраткері Қатаев Тұрғанбек Қатайұлының есімімен аталмақшы. Осыған байланысты өткізілген салтанатты шараға Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Жұрынов Мұрат Жұрынұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Кенжебаев, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі Көпжасар Нәрібаев, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева тағы басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.05.2015
Бақыт кілті – білімде
 
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,алдағы күн тәртібіндегі басты мәселе – терең білім беру,ҰБТ дайындығын күшейту. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Әйгілі педогог, балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені ол мектептің жүрегі...», - деп бекер айтпаған. Қай мектептің болсын нәтижелі жұмыс істеуі түптеп келгенде, сол оқу орнында еңбек ететін әрбір мұғалімнің өз міндетіне деген жауапкершілігіне, ұстаздық іскерлігіне, жан – жақты ізденісіне, терең біліміне байланысты. Мұғалім әрқашан болашақ үшін қызмет етеді. Себебі олар болашақтың иелерін, бағбандарын тәрбиелейді.Осы тұста Б.Саейлханова, А.Далибаева, Ж.Бикенова, Ж.Ауелбекова, Б.Авезов және Р.Кадырова, К.Қошыбаева, Ғ.Қойбағарова, И. Тілеубердіқызы сынды ұстаздар аянбай тер төгіп, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындап жүр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.05.2015
ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
 
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірінші кезекке қойылып отырған кезде Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, олардың нақты рейтингтерін анықтауға, жалпы орта білім мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтуге, оқушылар мен мұғалімдердің оқу еңбегінің қорытындысын анықтауға, дәлелдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттілік ұлттық бірыңғай тестілеу білім беру ұйымдарының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасынының көрсеткіші болып табылады десек, сол білім сапасына көз жететін де уақыт таяп қалды. 11 жыл алған білімнің де сынға түсер уақыты келді. Балаларға түсер салмақ, күтілетін нәтиженің өлшемінде шек жоқ. Барлығы да бала болашағы үшін. Оқушылар нәтижелі көрсеткіш көрсетіп, қалаған оқу орындарына түсе алса үміт ақталғаны.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.05.2015
ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАН
 
Қазіргі таңда Қазақстан-ның өмірінде діннің алатын орны үлкен. Дін арқылы біздің дәстүрлі сенім-нанымдарымыз қалпына келіп, біздің бетіміз имандылыққа, парасаттылыққа бұрылуда. Әлемде сан түрлі дін болса да әрбір тұлға өз бағытын айқын анықтауы тиіс. Сондықтан мемлекетімізде тыйым салынған діни ағымдардың бағытына бұрылмай, жат көзқарастың жетегіне ермей, көшіміздің керуенін имандылыққа бұруымыз қажет. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Экстремизм- ел үшін бүлдіруші ағым» тақырыбында Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде Ішкі саясат бөлім басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлының төрағалығымен «Экстремизм-ел үшін бүлдіруші ағым» атты семинар 250 адамды қамтып ұйымдастырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.05.2015
ДӘСТҮРЛІ БОКС ТУРНИРІ ӨТТІ
Байсерке ауылындағы №9 орта мектепте ауданымыздың «Құрметті азаматы» Нұрмұханбет Қасымов атамыздың мұрындық болуымен ауданымыздың түкпір-түкпірінен жас боксшылар турнир өткізді. Турнир осымен 12 жыл бойы үзілмей жалғасын тауып келеді. Турнирдің ауыл балаларына берер пайдасы мол. Осы мектептен шыққан балалар бүгінгі күні еліміздің намысын шаршы алаңда қорғап жүр. Жарысқа 10 округтен келген 11 және 6 сынып оқушыларынан құралған спортшылар бақ сынауға ниет білдіріпті. Турнирге отандастарымыз бөлек, Ресейден де боксшылар келді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.05.2015
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ҒАСЫР ІНДЕТІ
 
Діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін дәстүрлі діннен жат ағымдар өсе түсуде.
Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсеткен: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп».
Әлімде болып жатқан террорлық акттар діни терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы жаңа кезеңіне негіз болды. Оның бірі бұрын соңды болмаған 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.05.2015
Санаңды сақта жас ұрпақ
 
Еліміздегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құрылған Іле аудандық ақпараттық насихаттау тобының 2015 жылға арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес Қараой ауылының Мәдениет үйінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің саясаттанушысы, дін танушы - профессор Бейсенов Бағдат Қабылдаұлы, Алматы - Астана епархиясының Пайғамбар Илья шіркеуінің жетекшісі - Протоиерей Георгий және аудандық АНТ тобы мүшесі дінтанушы, аудан бас имамы – Алдажар Сейітұлының қатысуымен семинар өткізілді. Қамтылған адам саны - 210 адам.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.05.2015
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?,ЖАС ТҮЛЕК!
Өткен аптада Боралдай кентіндегі №39 мектеп гимназиясында 2015 жылғы ҰБТ - ға дайындық бойынша мектептерді ақпаратты - түсіндірме жұмыстарымен қамтамасыз ету мақсатындағы семинар-кеңес өтті. Оған Алматы облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат Досматова, Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің консультанты Мұрат Тоғызбаев, Алматы облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Виктория Орынбаева, Алматы облысы білім басқармасының бөлім басшысы Дәрібаев Болатбек Елубайұлы, аудан әкімінің орынбасары Жүнісов Дәурен Хабдолданұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Каткеева Ләззат Жақыпқызы, Балқаш, Жамбыл, Қарасай аудандары мен Қапшағай қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.05.2015
ОТЫЗ ЖЫЛ КЕШІККЕН МАРАПАТ ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Міне, сол бір қанқұйлы уақыттың іздері қазақ даласындағы атпал азаматтардың есінде қалды. Осы аласапыранда Алаштың азаматтары да қатысып ерліктерін Кеңестік кеңістікке паш етті. Олардың әрқайсысы бір-бір тарихты тарамдайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.05.2015
АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
 
Халқымызда әйелге лайықты айтылған көптеген нақыл сөздермен теңеулер жетерлік. Мысалы би-шешендеріміз “Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады» - деп құрметпен әйелдің орнын биіктен белгілеген. Қазіргі қоғамда әйел – ана, әйел қайраткер, әйел қызметкер емес пе? Бізде бүгін сіздерге жаны жайсаң, ақ көңіл, аузын ашып сөйлей қалса көмекейі көрінетін аяулы ана, мінсіз әйел Әлімқызы Жеңіскүл Нұрқасқаева жайлы сыр шертсек. Әркімнің жолы әр түрлі ғой. Біздің кейіпкеріміз де тағдырдың түрлі сынағынан өзінің жайдарлы мінезімен сырғып жүріп жатқан жайы бар. Жеңіскүл Әлімқызы Шелек ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Көпбалалы отбасынан шыққан. Жеңіскүл зерек те аңғарымпаз, еңбекқор болып ер жетті. Оның адамға деген көзқарасы қашанда бір қалыпты. Ешқашан өзгермейді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.05.2015
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ТАСБОЛАТ
 
Тасболат Әбдікаримов Алатау бөктеріне қоныстанған «Бестерек ауылы» атанып кеткен қазақ ауылында 1912 жылы дүниеге келеді. Ес біліп, бозбалалық жасқа жеткенде Кеңес өкіметі орнап, халықты ұжымға бірігуге үгіттеп, ұжымдастыру үдерісі жүріп жатса керек. Жастарды комсомол қатарына алып жатқанын көрген Тасболат ойлана келе комсомолға мүше болады. Сөйтіп, сол кездегі болып жатқан іс-қимылдарға араласып, өкіметтің жүктеген тапсырмасын орындауға құлшына кірісіп кетеді. Ел бірігіп, ұжым құрып, үлкендердің ақылымен жаңа дәуірдегі бастама болған соң «Жаңа Дәуір» деп аталған артельге мүше болады. Артельді ұйымдастырған Досымбай Тоқпақбаевқа комсомол қатарындағы Тасболат Әбдікаримов көмекші болады. Тәжірибесі аз жас жігітке бұл ауыр сынақ болған көрінеді. Біраз уақыт өткен соң белсенді, ширақ қимылмен көзге түскен жігітке бригадирлік жүктеледі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.05.2015
КАВКАЗДЫ ҚОРҒАҒАН ЧЕКИСТ НЕГЕ ЕЛЕНБЕЙДІ?!
 
Соғыстың аты соғыс. Онда белгілі бір тәртіп болмайды. Болғанның өзінде де шығынды санап жатуға ешкімнің де қолы тимесі анық. Адамзат тарихындағы сондай зұлмат заманның бірі 1941-1945 жылғы фашизмнің дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғысы. Десе де, бірлік пен ерліктің нәтижесінде Ұлы Жеңіске де қол жеткіздік. Биыл сол Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Табандатқан жарты ғасырдан артық уақыт өтсе де сұм соғыстың ызғары кетер емес. Фашизмнің ойран салған зардаптары жыл сайын жаңарып, алдыңа келе береді. Әлі де сонау Еуропа даласында әуеден жаңбырша жауған фугастың көкке шашқан топырағының астында талай боздақтардың сүйегі жатыр. Жау жүрек жауынгерлеріміздің бірін тапсақ, енді бірін әлі іздестірудеміз. Ал біздің айтпағымыз Кавказ тауларын қашқын дизертирлерден қорғап 5 жыл бойы ел шекарасында сапта тік тұрып, қалт етпестен күзетіп, Отан алдындағы адал борышын жан тәнімен қорғаған жауынгер, Ұлы Отан соғысының ардагері Нүсіпәлі Алмабеков жайында болмақ.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.05.2015
АСЫЛ ЕРЛЕРДІ ҰРПАҚТАРЫ ҰМЫТПАЙДЫ ЕШҚАШАН
Ауданымызда Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Қоянқұс ауылындағы №1 орта мектептің ауласында, Жаңаталап ауылының орталығында, Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектептің ауласына ескерткіш тақта орнатылып, Боралдай кенті мен Энергетический, КазЦИК, Ащыбұлақ, Жетіген, Күрті, Боралдай, Междуреченск, Чапай, Байсерке ауылдық округтерінің орталығындағы ескерткіштерге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тақтадағы ардагерлердің тізімдері жаңартылып, толықтырылды. Ауданы бойынша 34 ардагеріміз бар. Ерліктің жалауын желбіреткен әрбір ардагерлердің есімі ақ мәрмәрға қашалып жазылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.05.2015
АЗАМАТ АУЫЛ АЖАРЫ
 
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, біз Комсомол, КазЦИК ауылдық окрігінің әкімі Күзембаев Серік Исаұлына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Серік Күзембаев әкім болып сайланғалы осы округке қатысты 2 елді мекеннің жағдайы жасқарды. Түрлі шаралар іске асырылды. Осындай қысқа мерзім ішінде істелініп жатқан жұмыстарға қалың ел куә. Өйткені үнемі арасында жүреді. Әрбір істелген жаңа істі өз көзімен көріп, өзінің бастауымен істі бақылауға алады. Әкімге барған ауыл азаматтары өзінің талап тілегіне нақты жауабын алып қайтады. Ең бірінші кезекте ауылдың тазалығы, қарттарға көмек, тұрмысы нашар отбасыларға әрқашанда көмегін беріп тұрады. Әрбір келген мейрамдарда ерекше назар аударылып тұрады. Мысалы қарттар күні, наурыз мейрамы, Қадыр түні, аналар күніне ақ дастархан жайылып, концерт қойылып, мектеп ұстаздары мен оқушылары халықтың көңілінен шығады. Халық оған дән риза. Қаншама жыл армандап айтып келген мектебіміздің бітуі де жақын
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.05.2015
БОЛМАСЫН СОҒЫС...
 
Ұлы Жеңіске – 70 жыл толуына және Отан қорғаушылар күніне орай К.Әзірбаев атындағы орта мектепте виртульді кітап көрмесі өткізілді. Атамалмыш шараны Б.Айтбаева, Р.Дюсебаева сынды мектеп кітапханашылары ұйымдастырып өткізді. Сондай-ақ, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Отан үшін отқа түскен батырларымыздың сурет көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылды. «Ұлы Жеңістің туы мәңгі желбіресін!» атты тақырыптық шығармалар 5-10 сыныптар арасында өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі төрайымы Қ.Саттыбекова ең жақсы жазылған шығармаларды марапаттады. «Ұлы Жеңіске тағзым» атты қабырға газеттерінен байқау жоғары деңгейде өтті. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы орайда мектебімізде соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері оқушыларға басынан кешкен оқиғалар жайлы әңгімелеп берді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.05.2015
2015 жылдың 9 мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесі күні Ащыбұлақ ауылдық округінде өткізілген мерекелік іс-шара
 
09.05.2015 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Туймебаев ауылының орталық спорт алаңында 9-мамыр «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы » мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс шара жоспары негізінде
М.Түймебаев ауылының орталық спорт алаңында ауған соғысы ардагерлерінен, № 97617 әскери бөлімнің сарбаздарынан, округ аумағында орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларынан, дәрігерлік амбулаториялардың қызметкерленрінен құралған әскери киімдегі топтар сап түзеп тұрды. Топ жетекшісі № 29 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қақпақов Аханбек Елеусизович округ әкіміне рапорт берді.
Мерекелік іс-шара мелекеттік гимнмен ашылып, алғашқы сөз кезегі округ әкімі М.Кәрібаевқа берілді.
Округ әкімінің мерекені ашу салтанатынан кейін соғыста қаза тапқан ардагерлерді еске алып бір минут үнсіздік жарияланды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.05.2015
2015 жылдың 9 мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесі күні Боралдай кенттік округінде өткізілген мерекелік іс-шара
 
2015 жылдың 9 мамырында Боралдай кентінің Водник ықшамауданындағы саябақта «9-Мамыр Жеңіс күніне» орай іс -шара өтті. Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шараға 1000 ға жуық адам жиналды. Салтанатты жиын мемлекеттік гимнмен ашылды. Соғыс ардагерлері құрметті орындарға отырғызылды. Кент әкімі М.Салимбаев, аудандық мәслихат депутаты В.А.Син, Ауған соғысының ардагері С.Шуренов ҰОС, еңбек ардагерлерін, тұрғындарды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүрекпен құтықтап, осындай бейбітшілік заман үшін ҰОС, еңбек ардагерлеріне бастарын иді.
Кент әкімі М.Салимбаев өз сөзінде Ұлы Отан соғысында Қазақстандық жауынгерлердің ерекше орнын атап өтті.
Бүгінгі күні кентімізде 8 ҰОС, 186 еңбек ардагері тұрады. ҰОС ардагерлері: Аяшев К.А., Алимбаев К.А., Лысенко А.П., Тяжкороб И.Д., Емелин К.С., Мучник Я.П., Вшивков И.Г., Долбышев И.Е.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.05.2015
АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ӘРДАЙЫМ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ
Ерлік пен өрліктің, биік рухтың мерекесі саналатын Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құрметтеу жалғасын табуда. Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов 9 мамыр Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін аралап шықты. Қазір аудан бойынша 34 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Іс-шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Е.С.Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Р.М. Абилова, аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Ә.Исаев кент және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.05.2015
Ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру тақырыбы бойынша ҚРҰБ брифингі
 
Президент биылғы жылдың 11 ақпанында ипотека алушыларға тиісті қолдау көрсетуге тапсырма берді. Бюджетте қажетті қаражат қарастырылмағандықтан ҚР Ұлттық Банкі 2004 жыл және 2009 жыл аралығында берілген ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Банктер ақшаны 3% ставка бойынша 20 жылдық мерзімге береді. Банкттер осы қаражатты 2,99 % ставкасымен алғаннан кейін заемшылардың ипотекалық кредиттерін 3% аспайтын ставкамен қайта қаржыландырып, 20 жылға дейінгі мерзімде кредиттік қызмет көрсетеді деп болжануда. Сондай-ақ, бөлініп отырған қаражат екінші деңгейдегі банктер үшін қор жинау базасы болып табылады. Бірақ банктер барлық қаражатты 20 жылдан кейін қайтаруға тиіс.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.05.2015
ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН ҰЛЫ ЖЕҢІС
 

Өткен аптада Чапай ауылындағы №10 орта мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» атты кездесу кеші аталмыш тақырыптың мән-мағынасын ашқан тағылымды кездесудің бірі болды. Оған округ әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақжан Ақмажанов және Чапаев ауылындағы тыл еңбеккерлері, ауылдық қоғамдық Кеңес мүшелері, ақсақалдар мен әйелдер Кеңесінің мүшелері, №10 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кездесу шымылдығын ауыл әкімі Бауыржан Ақжолұлы ашып берді. «Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.05.2015
СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН СОЛДАТТАР
 
Междуреченск ауылының «Арман» балалар мен жасөспірімдер клубында өткізілген шығармашылық есеп беру кеші Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Кештің «Соғыстан қайтқан солдаттар» аталуының өзінде де үлкен мән бар. Өйткені, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел басына түскен қайғы мен қасіретті, ер-азаматтары мен ұлдарынан айрылып, боздап қалған аналар бейнесін сомдаған көріністер жаныңды түршіктіріп, көзіңе жас алдырады.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы,

Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.05.2015
КӨЗКӨРГЕН
 
Қазақ үлкен қарияларын құрмет тұтып «Көзкөрген атамыз, әжеміз» - деп сыйлаған. Шынында да ол кісілер әкең, анаң, үлкен ағайындарың, туған ауылың туралы нақты мәліметтер айта алады. Осындай көпті көрген, өзі соғыс және еңбек ардагері, жасы 93-ке келген ауылдастарының сый-құрметіне бөленген адам Жаңадәуірде бар. Ол осы ауылда туып-өсіп, ауылды көркейтуге атсалысқан Нүсіпов Сатыбай атамыз. Той-томалақ, кейде көпшілік жиналған отырыстарда көрісеміз. Атамыз құран оқиды, бата беріп, жақсы тілектерін айтады. Ауылдастары жұма қүндері жиі шақырып сый-құрмет қөрсетеді. Көрген жерде әкемізді, анамызды еске алып, маңдайымыздан сүйеді. Сол кезде біз де баладай арсалаңдап мәз-мәйрам болып қаламыз. Ол кісі отырған жерінде өткен-кеткенді әңгімелеп, болған оқиғаларды айтып, мәнді, мағыналы сөздер айтады. Біздің үйге бір келгенде мен «әкем туралы айтып беріңізші» деп өтіндім.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.05.2015
ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
 
Ынтымақ, бірлік, келісім - ел үшін ең асыл іс. Бұл - қазақ елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Қазақстан тарихы тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. 2015 жыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланғандығына бәріміз куәміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.04.2015
Ұлы Отан соғысына - 70 жыл
 
Тағы да әңгімеміз салдары санамызға сынадай кіріп ғасырлар бойы мазамызды алған сұм соғыс туралы болмақ. Егер ол соғыс болмағанда кім біледі... Жаңа ғасырда ата-апаларымызбен бақытты ғұмыр кешер ме едік?! Мен де сіздерге өз отбасымның алып шынары атамызды таныстырмақпын. Ол Жылқышы Тасыбеков 1901 жылы Ранды ауылы, қазіргі Балхаш ауданы, Қазақстан ауылында шаруа жанұясында өмірге келген. Әкесі малшы болған, анасы ауылына сыйлы өте балажан адам екен. Төрт жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, Әли ауылында тұратын шешесінің бауырларының қасына көшіп келіпті. Әли ауылындағы алғашқы «мұсылман, орыс» төрт класты бітіріпті. 1915 жылы Жылқышы Тасыбеков анасымен қарындас, апаларын алып өзінің туған жері Бақанасқа қайтып көшіп барып, қазақ үй жинаушы болып жұмыс істейді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.04.2015
АТАСЫМЕН МАҚТАНАДЫ
 
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Иә, біз 70 жыл бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүрудеміз. Алайда, әрқайсымыз бұл Ұлы Жеңістің оңайшылықпен келмегенін білеміз. Ол өздігінен келмеді. Көптеген құрбандықтармен, азапты күндермен, күйзелісті түндермен келді. Бұл Жеңіс соғыста кеудесін оққа төсеп, мұз жастанып, қызыл аяқ қан кешкен майдангерлеріміздің асқан ерлігі мен қаһармандығының жемісі. Олардың ерлігі, батылдығы ешқашан ұмытылмайды, ұрпақтан ұрпаққа үлгі-өнеге болып жалғаса береді.
Егер өткенге көз жүгіртер болсақ, соғыстың 1941-1942 жылдары айырықша ауыр болды. Қызыл әскерде бәрі тапшылық еді. Техника, оқ-дәрілер жетіспеді, барлығы үнемделді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.04.2015
РИЗАМЫН ОТҚА ТҮССЕМ СЕН ҮШІН
 
Алғашқы Тіл Заңы шыққаннан, яғни 1989 жылдан бері қаламгерлер, ұлт, тіл жанашырларының тіл мәселесіндегі жазылған мақалаларын жинақтаса - жүздеген теміржол вагондарына жүк болар еді.
«Мемлекеттігіміздің белгісі – мемлекеттік тіліміз бар», «мемлекеттік тілді дамыту бағытында «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп күпініп, дардай ақпарат бергеніміз болмаса, шындығына жүгінсек, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ. Басы Үкімет, Парламент, Министрліктер болып, оған ұмтылыс та, талпыныс та, ниет те жоқ.  Жекеменшік нысандар түгіл, Мемлекеттік мекемелер, Сот, Прокуратура, Ішкі Істер қызметі сияқты азулы Органдардың «мемлекеттік тілге көшуі» ауармашы арқылы ғана орындалады. Бұйрық, шешімдерді, тағы басқа іс-құжаттарын аудармашы орысшадан қазақшаға аударып, сол әдіспен «мемлекеттік тілге көштік» деп мәлімдеу - күлкілі ғана емес, жыларлық жағдай. Ресми іс-шаралар, жиналыстардың бәрі дерлік орысша өтеді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.04.2015
ҰЛТТЫҢ ҚАЗЫҒЫ ДА, ҚАЗЫНАСЫ ДА – ТІЛ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ
 
«Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – Мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек».
(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан). Әр елдің мемлекеттік шекарасы, жеке рәміздерінен басқа, Конституциялық Заңмен бекітілген, немесе бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ортақ тіл – мемлекеттік тілі болуы мемлекеттіктің негізгі шарттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – сол елдің, жердің иесінің тілі – қазақ тілі екендігі Алтын Заңымызда анық та ашық жазылған. Алғашқы «Тілдер туралы» Заң сонау Кеңес заманында - 1989 жылы қабылданып, мемлекеттік бағдарлама, құлаш-құлаш Қаулы-қарарлар қанша рет қабылданғанымен, тәуелсіздіктің тірегі болып табылатын мемлекеттік тілдің төрге шықпай, босағадан сығалап, өз үйінде өгейлік көрген жетім баланың күйін кешкені ащы болса да шындық.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.04.2015
ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
 
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдау алыс-жақын шет мемлекеттердің басшылары мен дағдарыс кезеңіндегі Қазақстанның әрбір басқан қадамын жіті бақылап отырған саясаткерлердің талқысына түсті. Әлем назарын өзіне аудартқан Қазақстан Көшбасшысы еліміздің барлық салалары бойынша дамудың және әлемдік дағдарыстан алып шығудың стратегиялық бағытын жария еткен еді. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы орнын айқындай түсті. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының қайсысын алып қарасақ та, стратегиялық маңыз­дылығы мен белгілі бір мерзім ішінде нақты міндеттер мен мәселе­лердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Жаңа Жолдау да осындай сипатымен ерекшеленіп, бәрімізді «Нұрлы жолға» жұмылдырып отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.04.2015
ӨЗ БАЙЛАМЫН ЖАСАДЫ
Елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауында басты үміткер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірініші орынбасары, аудандық қоғамдық штабының басшысы Абилова Роза Михайлқызы бастаған үгіт-насихат тобы «БеНТ» акционерлік қоғамының жұмысшыларымен кездесті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.04.2015
ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖАНДАР
 
Адамзат тарихындағы сұм соғыстың болып өткеніне, міне 70 жыл толады. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай із қалдырды. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін мереке. Бұл мереке - Отан қорғаған жауынгерлер мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтінін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Осы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай әр елді мекендерде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Сондай іс-шаралар біздің Құйған ауылындағы №32 орта мектепте де өтілуде.
Жеңісті жақындатқан жандардың бірі Құйған ауылының тұрғыны, тыл ардагері, 92 жастағы ардақты ана Мұқаева Тілепалды әжемізді Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай әңгімеге тартқан едік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.04.2015
ЖАСТАР САЙЛАУҒА БАРАДЫ, АЛ СІЗ ШЕ?
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдау акциясы өткен аптада Өтеген батыр кентінен бастау алып, 10 округте жалғасты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері ел-жұртты 26 сәуірде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.
Жалынды сөздер, ұранды үндеулер, аталмыш партияның жалаушалары - тарихи һәм саяси науқанның басталып кеткенінің белгісі ретінде көліктеріне ілінді. Ауданымыздағы билік партиясы өз үміткерінің үгіт-насихатын ел көлемінде жүргізуге кірісті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.04.2015
МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
 
М. Түймебаев ауылы №19 орта мектебінің талапты да, таланты оқушысы Елдар Дакен мектебіміздің мәртебесін көтеріп тастады. Ол 2015 жылдың 24-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионатында (шапшаң ойын) 10 жас ұлдар арасындағы жарыстан жүлделі I-орынды жеңіп алды. Республикамыздың әр қиырынан келген 45 оқушы қатысқан бұл үлкен додадан топ жарып, оза шапқан Елдар Дакен №19 орта мектебінің 4 «А» сыныбында оқиды. Тәуелсіздік төрімізге келгелі ұлттық дәстүр мен салт-сананың да орны әрине бөлек. Елбасымыздың ертеңгі күнге деген сенімділік пен бейбіт өмір, тұрақтылықты қамтамасыз ететін саясатының арқасында ұлттық ойындардың жасөспірімдер мен жеткіншектерге таныс әрі ұнамды болғаны қандай!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.04.2015
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
 
Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылының №30 орта мектебінде өткен аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету акциясы «Қайырымдылық – имандылық белгісі» деп аталды.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісе білу. Осыған орай бір ай бойы ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын киім-кешекпен қамтамасыз ету. Балаларға қолайлы жағдай тудыру, әр түрлі әлеуметтік категориядағы отбасылармен жұмыс жасау, әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес мәселені шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.04.2015
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ІЗГІ ІСТЕРІ
 
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» әзірлеген мектеп акцияларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық жоспарлар жасап, биылғы оқу жылында Республикалық «Қамқорлық» акциясы үндеуімен өтті. Дәстүр бойынша акция барысында мектеп жанындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе көпбалалы, ата-ана қамқорынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Жетіген ауылы №3 орта мектебі үндеуге барынша өз үлесін қосты. Атап айтқанда мектепішілік жәрмеңкелер, РСУ-1 мекемесінің басшысы, облыстық маслихат депутаты Қоңырбаев Ғазисхан Нұрғисаұлы, мектебіміздің ардагер ұстазы, «Алтын жүректі адам» номинациясының жеңімпазы кәсіпкер Абдусатарова Райхан Пидайқызы, жеке кәсіпкерлер: «Нұрлан» дүкені, «Салтанат» дүкені, «Береке» дүкені, «Алатау» дүкені, «Аружан» дүкені, «Бақтияр» дүкені, «Достар» дүкендерінің басшылары қолдарынан келгенше қаржылай, киім-кешек, азық-түліктей көмек қолын ұсынды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.04.2015
ДАУЫСЫҢДЫ БЕР, АҒАЙЫН!
 
Өздеріңізге белгілі 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі. Осыған байланысты сіздерді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырамын. «Ерім деген – ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» дейді дана халқымыз. Сол елім, деген еріміздің бірегейі Елбасы, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев екендігі баршаға аян. Өздеріңізге белгілі Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Бізде өмірдің барлық саласына көңіл бөлініп, қамқорлық жасалуда. «Елдің атын – ері шығарады». Ендеше қазақ халқын төрткүл дүниеге танытып жүрген ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруге шақырамын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.04.2015
ІЛЕЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫI
 
Апта басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Абилова Роза Михайлқызы бастаған сайлау алды үгіт-насихат тобы, Энергетический округіндегі Ардагерлер үйінде және Жетіген округіндегі Жол құрылысы және жөндеу шектеулі серіктестігінде болды. Алдымен Ардагерлер үйінде болған үгіт-насихат тобы Елбасымыздың Астанадағы Тәуелсіздік сарайындағы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінде айтылған 5 бағытты терең талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Осы отырыста сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы ХV съезінің делегаты, аудандық мәслихаттың депутаты Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы «Ең бастысы, съезде жаңа құжат қабылданды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.04.2015
ӨЗІҢДІ БАҒАЛА, ӨМІРДІ СҮЙ
 
Бүгінде суицид жағдайы күрделі мәселе болып тұрғаны өкінішті. Көбінесе бұл қауіпті дертке оң, солын танып үлгермеген жастар жағы барып, қайғылы жағдаймен аяқталып жатыр. Осы себептің алдын алу үшін жер-жерлерде алқалы жиындар өтуде. Өткен аптада аудандық Білім бөлімінің мәжіліс залында қызметкерлері және психолог мамандар бас қосқан жиын өтті. Оған аудандық Білім бөлімінің психолог маманы Сатенбаева Маржан Мырзабекқызы мен «Әл-Ихсан» мешітінің бас имамы Мухаметуллов Зейнен Қабиден, Талғар, Есік, Өтеген батыр кентінің полиция қызметкерлері толықтай қатысты.  Аталмыш дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Алматы облысы, МКҚБ мемлекеттік мекемесінің 3 полиция батальонының (Өтеген батыр кенті) 4 взвод командирі полиция аға лейтенанты Н.Манапбаевтың ұйымдастырумен өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.04.2015
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ
Апта ортасында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері дөңгелек үстел үстінде талқыланды.
Оған ауданымыз бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ізбасаров Бірлік Қуатбекұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтан Данашев, аудандық әкімшілік аппаратының бөлім мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.04.2015
ДАҢҚ БҰРЫШЫ
 
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуымен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.04.2015
АРТЫНДА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРҒАН
 
Өткен жылдар беттері парақталып, жылдар кейін шегінгенімен, оның көкжиегі бүгінімізбен, болашағымызбен тығыз байланысты. Өйткені «Өткенсіз – бүгін жоқ, бүгінсіз – ертең жоқ», «Тарихы жоқтың болашағы жоқ» дейді дана халқымыз.
Иә, бүгінде тәуелсіз еліміздің ауызбіршілігін сақтауға ұйытқы болған қарияларымыз – біздің асыл қазынамыз, тірі тарихымыз. Олар өздері бейнетін де, зейнетін де көрген соңғы жүз жылдың басты оқиғаларының ңағыз куәгерлері. Сондықтан да олардың кешегі және бүгінгі, ертеңгі болашақ жайлы, адамдық құндылықтар туралы өміршең ой толғамдары, ұлымызды ұлағатты, қызымызды әдепті етіп өсіру жолындағы аналық, аталық жанашыр аманат лебіздері баршамыз үшін зор ғанибет.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.04.2015
Жастар арасында "Brain- ring" атты зияткерлік ойыны өтті
14.04.2015 ж "Іле ауданың жастары" орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру,жастардың белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, зияткерлік білім мүмкіншіліктерін ортаға салу,мәдени қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру,жастардың қоғамдағы орындарын айқындау және діни эктремизм мен терроризмге жол бермеу мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар арасында "Brain- ring" атты зияткерлік ойыны өтті.Жарыста жеңіске жеткен команда 21 сәуір күні Талдықорған қаласында өтетін "Brain- ring" атты зияткерлік ойынына жолдама алды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.04.2015
АҒАЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ БІЗГЕ МАҚТАНЫШ
 
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірде соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Қазіргі таңда еліміздің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген Ауған жауынгерлерін қадірлеп, құрметтеу - біздің борышымыз. 2238 күнге созылған соғыста 924 отандасымыз мерт болып,1015 жауынгер мүгедек атанса, 21 адам хабар ошарсыз кетті. Іле ауданынан 214 жас жігіт Ауған соғысына аттанса, бұрынғы №8 орта мектеп, қазіргі М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде оқыған Лукин Михаил Васильевич, Волошкин Дмитрий Константиновичтер ерлікпен қаза тапты. «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті», - деп Бауыржан атамыз айтқандай Отан үшін жан қиған ағаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алдық. Ағалар ерлігі бізге мақтаныш екенін ұрпақ санасына сіңіру мақсатында мектебімізде «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған жауынгерлерімен кездесу кеші болып өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.04.2015
ТӘРТІП ЖОҚ ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыс пен күреске бастайтын маңызды қадам. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек», - деп айтылған. Осы бір қағида ел азаматтарына үлкен міндет пен жауапкершілікті жүктегені анық. Енді ел азаматтарын тазалық пен тәртіпке, мәдениет пен ұқыптылыққа шақыратын «Нөлдік төзімділік» қағидатының тиімділігі мен өзіндік нәтижесін білу мақсатында біз аудандық ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы бөлімі басшысының орынбасары Мұралимов Айдос Мұратбекұлымен сұхбаттасқан едік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.04.2015
АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ - АТА ЗАҢ
 
Осыдан 20 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заң Қазақстан азаматтарының күнделікті өміріне қажетті сұрақтардан бастап, стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге негізделген құжат. Оның басты көздейтін нысаны - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституция осы жылдар ішінде жас мемлекеттің билік пен басқару жүйесін жан-жақты нығайтып қана қоймай, ел экономикасын түбегейлі реформалауға, сыртқы және ішкі саясаттың оң нәтижелі жүзеге асуына ықпал жасады. Қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты. Бір сөзбен айтқанда, Ата Заң - қоғам дамуының түпқазығына айналды. Біздің заң әлемдегі ең жас Конституция.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.04.2015
САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
 
Бүгінде ең белсенді кезеңге – үгіт кезеңіне өткен электоралдық үдеріс әр үміткердің нақты бағдарламасы мен іс-қимыл жоспарының барлығын көрсетіп отыр. 26 наурыз күні сайлау науқанының ең бір қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт басталды. Кандидаттар бұл күні өздерінің сайлауалды штабтарының тұсауын кесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс ауқымын анықтап, өзекті мақсаттары мен басымдықтарын белгілеп алды. Сайлауалды шатбтары еліміздің барлық өңірлерінде ашылды. Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарында сайлауалды үгіт жүргізуге 30 күн қарастырылған. Науқан 24 сәуір күні сағат 24.00-де аяқталады. Сайлау тақырыбы жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты. Аралық мориторинг көрсеткендей, 2015 жылдың 25 ақпаны мен 25 наурызы аралығында баспасөз бен эфирге республика бойынша алғанда сайлау тақырыбына арналған 10 мың материал шықты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.04.2015
№13 мектепте жастар арасында баскетболдан жарыс өтті
9.04.2015 ж "Іле ауданының жастары" орталығының ұйымдастыруымен №13 М.Макатаев атындағы орта мектептің спорт залында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, жат-мінез құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай жастар арасында баскетболдан жарыс өтті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.04.2015
ЕРЛІК МӘҢГІЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
 
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толады. Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Ешқашанда жауынгер ерлігімен, жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ел үшін, жер үшін қан майданда ерлік көрсеткен жандардың бірі - Қайрақбаев Өзібек Өксікбайұлы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.04.2015
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ
 
Әр елдің мемлекеттік шекарасы жеке рәміздерінен басқа Конституциялық Заңмен бекітілген немесе бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ортақ тіл – мемлекеттік тілі болуы мемлекеттіктің негізгі шарттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – сол елдің, жердің иесінің тілі – қазақ тілі екендігі Алтын Заңымызда анық та ашық жазылған. Алғашқы «Тілдер туралы» Заң сонау Кеңес заманында - 1989 жылы қабылданып, мемлекеттік бағдарлама, құлаш-құлаш Қаулы-қарарлар қанша рет қабылданғанымен, тәуелсіздіктің тірегі болып табылатын мемлекеттік тілдің төрге шықпай, босағадан сығалап, өз үйінде өгейлік көрген жетім баланың күйін кешкені ащы болса да шындық....
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.04.2015
МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ
 
«Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізген басты қасиетті атап өтті. Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, – деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткенінің арқасында қол жеткіздік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.04.2015
АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!
 
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық ұлы тойы тойланбақшы. Арайлап атқан әр таңымыз жеңістің 70 жылдық таңы болмақ, жеңістің 70 жылдық дәмі болмақ. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды. Қай жағынан болмаса да көмегін аянып қалған жоқ. Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандауға, жеңіске жетуге қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты, ерен ерліктерін көрсетті. Тарих беттеріне көз жүгіртіп қарасақ, қазақтардың қанды қырғын майдан шебінің алдыңғы қатарынан көрінгенін білеміз. Айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атанғанын мақтанышпен айтуға болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.04.2015
ЕҢБЕККЕ ЛАЙЫҚ ҚҰРМЕТ
 
Жуырда әуе шабуылына қорғаныс әскерлері басқармасында полковник Мұрат Қайырбекұлы Бекпаевты зейнетке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді. «Отан – оттан ыстық». Отан ең қастерлі ұғым екені айтпасада түсінікті. Өз өмірін Отанға арнаған полковник М.Қ.Бекпаев әскери қызметін Кеңес Одағы кезінен бастаған, яғни 1986 жылдың тамыз айында Армавир жоғары әскери ұшқыштар дайындайтын оқу орнына түсіп, оны 1990 жылы үздік бағалармен аяқтап, лейтенант шенін алып шығады.Қарулы Күштерінде өз қызметін 1990 жылы Алакөл ауданының Үшарал қаласында орналасқан 55748 әскери бөлімінде ұшқыш лауазымынан бастап, зейнетке дейін 70822 әскери бөлімі бас штаб бастығының орынбасары – жедел кезекшісі лауазымдарын атқарған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.04.2015
ЖАСТАР ОТАНҒА
 
«Мен сіздерге - жаңа буын қазақстан-дықтарға үміт артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін айтып өткен болатын. Осы орайда біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көреміз. Біз «Нұр Отан» партиясымен бірге өз қуатымыз бен білімімізді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдырамыз және уақыттың сынақтарына дайынбыз, «Нұрлы жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсатымызды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреміз.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.04.2015
ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ ҚАШАНДА
Апта басында Боралдай кентінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның №3656 әскери бөлімінде Отан қорғау жолында құрбан болған сарбаздарға құрмет көрсету, патриоттық, моральдық-адамгершілік құндылықтарды көтеру, Қазақстан халқының қаһармандық тарихын дәріптеу, қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» эстафетасы өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.04.2015
 "Сыбайлас жемқорлыққа күрес баршамызға ортақ іс"
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.04.2015
ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ИМАНИ САБАҚ ӨТІЛДІ
Өмір қажеттілігі әсіресе білім мен рухани сұраныс қай кезде болмасын мейлі темір торға қамалсаң да пайдасын жоғалтпайды. Осы қажеттілікті сезінбегеннен болар көбіміз тағдырдың айдауымен қателіктерге бой алдырамыз. Өткен аптада ауданымыздың бас имамы Алдажар Сейітұлы және Екпінді ауылындағы мешіттің бас имамы Жанатбек Бейсеқұлұлы Жауғаштыдағы №155\4 түзеу мемлекеттік мекемесіндегі қаракөз қарындастарымызға арнайы барып, «Діни экстремизм» тақырыбы бойынша уағыз айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.04.2015
ЖЕТІСУДА ЖАЙДАРМАН МЕЙРАМЫ ӨТТІ
Маусымашардың қонағы болып «Сенсация» КВН тобы болды, ал Дастан Байбосынов ойынды ғана жүргізіп қоймай жас жайдарманшылармен семинар өткізіп те үлгерді. Семинарда өз тәжірибесімен беделді жайдарманшылар Оралбеков Ердос(Абай даңғылы 8), Қуандық Әбдіқадыров та бөлісті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.04.2015
Ардагерлерге көрсетілген құрмет
Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі - Ауған соғысы болды. Ол 1979 жылы 25-ші желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың ақпанына дейін ұрыс қимылдарын жүргізді. Бұл тарихи оқиғаға биыл 26 жыл толып отыр. Осы тарихи оқиғаларда Отан алдындағы борышына адал болған, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан жерлестерімізге құрмет көрсету, сұрапыл соғыстарда мерт болғандарды мәңгі есте сақтау - бүгінгі ұрпақтардың борышы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.03.2015
ӨҢІРДІ АУЫСТЫРСА ДА, ӨМІР СҮРУ САЛТЫН АУЫСТЫРМАДЫ
 
Халқымыздың «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген сөзі айнымай келді. Енді ел ағаларымен қатар қарапайым азаматтарымыздың ерлігін, еңбегін саралап үнжария бетіне түсіретін кез келді.
Бүгінгі күні қарапайым халық арасындағы ағаларымыз, әкелеріміз, аналарымыздың ел дамуы үшін жасаған еңбектері тарих бетіне қазақтың «мың өліп, мың тірілгендігін» дәлелдеп, буырқанып соққан толқындай өмір өзенде өз ағыстарымен жол тапты.Осы бір ерлердің еңбегі қандай ауыр, бейнеті қандай қиын болса, бүгінгі тәуелсіздік заманындағы елді ойлаған әрбір азаматтың иығында одан да жауапты, одан да салмақты парыз бар екендігіне шек келтірмейсің.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.03.2015
Ана тілім – арым
 
Алғашқы Тіл Заңы шыққаннан, яғни 1989 жылдан бері қаламгерлер, ұлт, тіл жанашырларының тіл мәселесіндегі жазылған мақалаларын жинақтаса - жүздеген теміржол вагондарына жүк болар еді. «Мемлекеттігіміздің белгісі – мемлекеттік тіліміз бар», «мемлекеттік тілді дамыту бағытында «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп күпініп, дардай ақпарат бергеніміз болмаса, шындығына жүгінсек, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ. Басы Үкімет, Парламент, Министрліктер болып, оған ұмтылыс та, талпыныс та, ниет те жоқ. Жекеменшік нысандар түгіл, мемлекеттік мекемелер, Сот, Прокуратура, Ішкі Істер қызметі сияқты азулы органдардың «мемлекеттік тілге көшуі» аудармашы арқылы ғана орындалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.03.2015
БІЗ ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕМІЗ!
2015 жылғы 26 сәуірде өтетін сайлауға «Нұр Отан» партиясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Осыған орай 2015 жылғы 26 наурыз күні Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, орталық алаңында «Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге!» атты ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдаушылардың форумы болып өтті. Форумға әртүрлі ұрпақтың өкілдері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, этно-мәдени орталық, МЕҰ өкілдері, жастар, студенттер, спортшылар, аудандық қоғамдық штаб мүшелері, барлығы 1600 адам қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.03.2015
КӨПТЕН КӨҢІЛДЕ ЖҮРГЕН БІР ОЙ
 
ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Исақ Іңкәрбайұлы Ақши ауылының тұрғыны жазушы, ақын замандасым Рахман Жарықбаевтың «Көлбай палуан» романының ізімен жазылған «Тағылымы терең жинақ» атты мақаласын оқып, көптен көңілде жүрген ойыма қозғау салып отыр.
Шағын ғана Ақши ауылынан шыққан қаншама қоғам қайраткерлерінің, елі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарының өмір жолдарынан хабардар етіп, олардың артында қалған ұрпақтарының да әкелерінің ізін жалғастырып, адал еңбек етіп келе жатқандықтарына да тоқталған Рахманның бұл еңбегінің тәлім-тәрбиелік мәні зор туынды екендігінде дау жоқ. Ол үшін Рахман бауырыма алғысымыз шексіз!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.03.2015
МАҢЫЗЫ БАР БЕС БАҒЫТ
 
Мен, 2015 жылдың 11 наурызы күні Астана қаласында өткізілген «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне қатысып, еліміздің барлық өңірінен партияның аймақтық конференцияларында сайланған 1200-ден астам делегаттар қатарында саяси маңызды іс-шараның куәгері болдым.
Съезд барысында Елбасы қанша керемет ойлар мен мемлекет дамуына қатысты маңызды пікірлерін айтты. Партия төрағасының аузынан шыққан әрбір сөз алдағы тұрған міндеттерді шегелеп қана қойған жоқ. Біздің келешектегі мақсаттарымызды айқындап берді десем артық емес.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.03.2015
Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлт пен ұлысты үйлестіріп, күн мен түнді теңестіретін осы күн жыл сайын жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде де халқымызға қуаныш сыйлап келеді. Елбасы - «Наурыз елдің дәстүрінде ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың бастауы болып отырған. Бұл күн – жаңару, жасару, жасану уақыты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.03.2015
БАҚ БЕРЕКЕМ, ҚҰТ МЕРЕКЕМ
 
Күллі Шығыс әлемі үшін «Жаңа жыл» саналатын Наурыз – береке бірліктің, шаттықтың, қуаныштың мейрамы. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында, қыстан қысылып шыққан халықтың жанын жадыратар көктем мерекесі. Яғни, салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениеттің діңгегі, тілінің, дінінің тірегі. Наурыз сөзі парсы тілінде жаңа күн деген мағынаны білдіреді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.03.2015
СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН ОРТАҚ КҮРЕС
Апта ортасында №13 орта мектептің акт залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға ауданымыз бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ізбасаров Бірлік Қуатбекұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтан Жарқынбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Қаткеева Ләззат Жақыпқызы және мектеп директорлары мен есепшілері, құқық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.03.2015
Ауылға көмек көп
 
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Роман Ким және Әлихан Тойбаев агроөнеркәсіп саласына қолдау көрсетудегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы ауыл шаруа­шылығы мәселелерін қозғай отырып, аграрлық секторды дамыту ісіне басымдық берген болатын. Осы тұрғыда бірқатар мәселелер талқы болған жиынның маңызын түсіндірген Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Әлихан Тойбаев «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласына 3 трлн. теңге бөлу жоспарланып отыр деп мәлімдеді
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.03.2015
ЖАРҚЫН БОЛШАҚТЫҢ КӨК ЖИЕГІ
Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы Қазақстан Халықтар Ассамблеясының Үндеуінен кейін еліміздің түкпір-түкпірінде саси науқан жүріп жатыр.
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ съезі өтті. Онда көптеген маңызды мәселе көтеріліп, мемлекеттің іргетасын нығайтуға арналған бес институттық реформа таныстырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.03.2015
ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ
«Нұр Отан» партиясы атынан президентікке үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну негізінде Іле ауданы маслихатының хатшысы Ерболат Тұрымбетов және «Нұр Отан» партиясы филиалының орынбасары Роза Абилова, «Іле ауданының жастары» орталығының жетекшісі Жандос Таттимбетов Байсерке ауылдық округінде орналасқан «Danone Berkut» ЖШС компаниясының жұмыскерлерімен кездесті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.03.2015
«Қош–келдің әз Наурыз!»
13 наурыз сағат 15:00 де Чапай ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Балауса» БЖК және ауылдық кітапхана «Қош–келдің әз Наурыз!» атты мерекелік іс–шара өткізді. Балалар ата-аналарын Наурыз мерекесімен құттықтады және ата-аналарына қойылымдар қойып, би билеп ән шырқап өз өнерлерін көрсетті. Наурыз көже, тәттілер тарту етілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.03.2015
ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ
Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», - дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, - деп көрегенділікпен айтқан.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.03.2015
АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ
Атаулы күнде ауданның барлық елді-мекендерінде қайырымдылық акциялары, мерекелік концерттер, ардагер апаларымызды марапаттау шаралары ұйымдастырылды.
Соның бірі Комсомол ауылындағы кәсіпкер Әлия Оксукбаева басқарып отырған «Әлия» тойханасында округ әкімдігі мен кәсіпкерлер және қоғамдық Кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен кеш өтті. Аталмыш шараға Комсомол ауылындағы тылда қызмет жасаған аналар мен ардагер ұстаздар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.03.2015
БІР ЕЛ – БІР КІТАП
Өткен аптада Боралдай ауылдық кітапханасында Іле аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың біртуар азаматтарының бірі І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша «Тарихи шығармалар көшбасшысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға Іле аудандық кітапхана директоры М.Жәбиева бастаған округтердегі кітапхана меңгерушілері, Боралдай кентіндегі кітапхана мен №39 гимназияда орналасқан балалар кітапханасының оқырмандары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.03.2015
ГҮЛ МЕРЕКЕ, КҮН МЕРЕКЕ
Өткен аптада аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Чапай ауылындағы Мәдениет сарайында салтанатты құттықтау шарасын өткізді.
Аудан әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, оларға ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде: «Жер-Ананың жылуы төгілген мерейлі мереке 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.03.2015
Іле ауданының әкімі Қ.Медеуов ҰОС ардагерлері А.Крутских және Н.Авкелгинаны келе жаткан 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады!
06.03.2015 ж Іле ауданының әкімі Қ.Медеуов, Іле ауданы Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова және "Іле ауданының жастары" орталығы жетекшісі Ж.Таттимбетов ҰОС ардагерлері А.Крутских және Н.Авкелгинаны келе жаткан 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтап, сыйлықтар табыстап,қал жағдайларын біліп ізгі тілектерін білдірді.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.03.2015
Междуреченскі ауылындағы №16 мектептің 11-сынып оқушысы Халметова Зарина ұйымдастырған Ардагерлерді ардақтайық тақырыбында әдеби кеш өткізілді
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мектебімізде кеңінен мерекелеу қарсаңында іс-шаралар өткен жылдың қараша айынан бастау алды. Соның бірі – ардагерлерге арналған мереке алды іс-шаралар, кездесулер акциялар әр түрлі тақырыпта болып отыр. Междуреченскі ауылындағы №16 мектепте тек мұғалімдер ғакна емес сондай ақ мектеп түлектеріде атсалысуда. 11-сынып оқушысы Халметова Зарина ұйымдастырған Ардагерлерді ардақтайық тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кештің өткізілуіне тарих пәні мұғалімдері де өз көмегін аянбады
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.03.2015
«Нұр Отан» ХДП партиялық жиыны
Чапай ауылдық округінде №10 орта мектепте «Нұр Отан» ХДП Іле аудандық филиалы №7 БПҰ партиялық жиыны өтті
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.02.2015
ЕЛДАР ЧЕМПИОН!!!
Алматы қаласында 10, 12, 14 жас аралығында тоғызқұмалақтан жастар Чемпионаты өтті. Осы жарысқа М.Түймебаев ауылындағы №19 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Дакен Елдар қатысты. Ол І-орынға ие болып, республикалық Чемпионатқа жолдама алды. Жас спортшы көптеген спорттық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Чемпионның тәлімгері - В.Е. Родионов. Ол - осы мектептен Рахат Атбаев сынды Республика чемпионын тоғызқұмалақтан дайындаған білікті тәлімгер.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.02.2015
ЖЕТІГЕНДЕ ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
Өткен аптада Жетіген ауылындағы №3 орта мектептің екінші қабатынан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында қаза болған және қатысқан азаматтарға арнап өлкетану мұражайы ашылды.
Басты мақсаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, елімізге ерлігімен еңбек сіңірген соғыс ардагерлеріне тағзым ету, жастарды Отансүйгіштікке, аталар мен әкелердің ұрыс шептері мен еңбек майданындағы ерлік істері негізінде батырлыққа тәрбиелеу.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.02.2015
КӘСІП ПЕН НӘСІП, БАСШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ
 
Аудандық кәсіпкерлердің қай-қайсысы болмасын үкімет тарапынан үлкен көмек алып өздерінің кәсіптерін өрге домалатып отырғанын мақтан етеді. Бұл әрине, саясаттың сардары болып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған Қазақстанды дамытуға арналған бағдарламасының арқасы.
Сондықтан ауданымыздағы барлық кәсіпкерлер бірауыздан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасын қолдайды деген сенімдемін. Бизнес өкілі болғаннан кейін менің пікірімше, сайлау бүкіл Қазақстан халқы мен барлық мемлекеттік органдарды дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруға жұмылдырып, «Нұрлы жол» стратегиясын сәтті орындауға серпін береді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.02.2015
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ҒАСЫР ІНДЕТІ
 
Діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін дәстүрлі діннен жат ағымдар өсе түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп атап көрсеткен: - «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». Әлемде болып жатқан террорлық актілер діни терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы жаңа кезеңіне негіз болды. Оның бірі бұрын-соңды болмаған 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2015
ИСЛАМ -бейбітшілік пен келісім діні
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет бұрын-соңды болмаған тарихи іс-шара «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты Астана қаласы, «Бейбітшілік және келісім» сарайында үстіміздегі жылдың 19-ақпанында діни салада республикалық имамдар форумы өтті. Форумда аса маңызға ие құжаттар талқыланып, ел игілігіне ұсынылды
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2015
ЕЛДІҢ ЕРЛІГІ ЕРЛЕРІН ҚОЛДАУЫ
 
Бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдап, ауданымыздың округтеріндегі ардагерлермен кездесулер өтуде.
Бұл маңызды мәселе бойынша өз ұстанымымды білдіру азаматтық борышым деп санаймын. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.02.2015
АДАМДЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚТАН НӘР АЛҒАН
 
Киелі ауданымызда аты аңызға айналған ұстаздарымыз баршылық қой. Сондай көреген, ақылшы ұстаздың бірі Жаңадәуір ауылында №5 орта мектепте еңбек еткен «Үздік тәлімгер», «Еңбек ардагері» Гүлмәрия Тәуірбекқызы! Бар өмірін білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз бүгінде құрметті зейнетте. Солай бола тұрса да ол мектептің өмірінен ұзаған жоқ. Күнде барып тұрмаса да айына бір рет шолып қайтатыны бар. Ұстаз бақыты деген де осы шығар. Бұған Гүлмәрия ханыммен әңгімелескенімізде көзімізді жеткізе түстік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.02.2015
ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын сайлау жөніндегі ұсынысын өз басым қуана қолдаймын. Өйткені, бұл ұсыныстың әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі геосаяси жағдайдың баршамызды алаңдатқан тұстағы бірден-бір дұрыс шешім екендігіне дау жоқ. Бұл орайда Қазақстан халқы әрдайым татулық пен бірліктің беріктігін, Отандық экономиканың кең қанат жайғандығын және әлемдегі барша елмен бәсекелес болуды қалайды. Осы ретте еліміздегі экономикалық қарқынды даму мен саяси тұрақтылықтың сақталуының айрықша маңызы бар. Ал, оның кепілі - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.02.2015
ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
2015 жылы 12 ақпанда аудандық филалдың мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси Кеңес бюросының отырысы өтті. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Ғ.Аманова, аудандық филиалы Саяси Кеңес бюросының мүшелері, барлығы 7 адам қатысты. Бюро отырысында аудандық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің 2014 жылы атқарған жұмыстары жайлы қоғамдық Кеңес төрайымы Р.Абилованың есебі, аудандық партиялық бақылау комиссиясының 2014 жылғы атқарған жұмыстары жайлы комиссия төрағасы В.Синнің есебі тыңдалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.02.2015
Тұлпарды тайынан танысақ
 
Тарихымызда өшпес ерліктің даңқын қалдырған қыздарымыз қаншама!
2000 жылдары болу керек, аулада топ бала асық атып ойнап жатты. Топ ұл баланың ішінде ашаң өңді, алтын асықтай қыз бала да сақасын үйіріп, ұлдардан еш қалыспай, ойын қызығымен болып жатты. Қызықтай қарап біраз қарап қалыппын. Одан бері талай жыл өтті. Сол бір сақасын үйірген алтын асықтай қыздың қазақ елінің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранын әлем алдында шырқатарын кім білген. Бұл қыз кім дейсіздер ғой. Бұл Жетіген ауылы, №11 орта мектептің түлегі – Назым Қызайбай болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.02.2015
БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
 
Баршамызға белгілі, 2014 жылдың 11 қарашасында ұлтының болашағы үшін ұлы жүкті өзіне аманат етіп жүктеген Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жарқын болашақтың бағдаршамы болып табылатын, жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Елбасы осы Жолдауды жариялай отырып, өзінің стратегиялық көрегендігін тағы да паш етті. Жолдауда Елбасы әлемдегі ахуалды түбегейлі өзгертетін жаһандық сынақтар күтіп тұрғанын айта келе, қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында қолда бар ресурстарды, тетіктер мен мүмкіндіктерді пайдалануды алға тартты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.02.2015
МЕН БӘРІБІР ӨЗІҢМЕН БІР БОЛАМЫН
Жылдағы дәстүр бойынша Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің Мұқағалиым» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай VII-і аудандық мүшәйрасы өтті. Қай кезде де тойдың болғанынан боладысы қызық болған ғой. Жас ақынжанды ұстаздарымыз бен оқушыларымыз бұл кешті асыға күтті. Мүшәйра биыл төрт бөлімнен тұрды. Алғашқысы өзін-өзі таныстыру, одан кейін мен ескерткіш қоямын асыл аға, ақынның поэзия мен поэмаларына жол берілді. Қорытындысы ақиық ақынның өміріне қатысты сұрақ-жауаппен аяқталды
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.02.2015
ЖАСТАР - ЕЛ ЕРТЕҢІ
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктері және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.02.2015
ЖАТ ДІНИ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!
Өткен аптада идеология жұмыстары бойынша 25750 әскери бөлімінің офицерлер мен келісім-шарт арқылы қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлердің арасында, діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, жат ағымның әсерінен қорғау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жастардың қатысуымен «Радикализм – біздің жол емес» атты семинар өтті. Аталмыш іс-шараны әскери бөлімнің аға офицері майор Б.Кулпендиев пен Боралдай ауылдық округіндегі жастар нұсқаушысы Қ.Құрманжанова ұйымдастырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.02.2015
ҰЛТ - ҰЛЫСҚА ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ
 
 Ұлы Жеңіс! Қаншама боздақтардың өмірін қиған, талай шаңырақты ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 70 жыл өтті. Қаншама шаңыраққа қаралы қайғы әкелген бұл сұм соғыста біреулер әкесінен, біреулер жалғыз ұлынан, ағасынан, ет-жақындарынан айырылды. Тіпті хабар-ошарсыз кеткендері қаншама?... Арамызға аман-есен оралған қарт майдангерлерге құрмет көрсету біздің парызымыз, міндеттіміз. Қазіргі соғыс ардагерлерінің қатары күннен-күнге сиреп барады. Олардың Отан алдындағы ерліктері мәңгі ұмтылмайды. Тарих беттерінде, ұрпақтарының, ел есінде мәңгі сақталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.02.2015
ДҮЛ-ДҮЛ ЖЫРДЫҢ ДҮР АҚЫНДАРЫ
 Ұлы Жеңіс! Қаншама боздақтардың өмірін қиған, талай шаңырақты ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 70 жыл өтті. Қаншама шаңыраққа қаралы қайғы әкелген бұл сұм соғыста біреулер әкесінен, біреулер жалғыз ұлынан, ағасынан, ет-жақындарынан айырылды. Тіпті хабар-ошарсыз кеткендері қаншама?... Арамызға аман-есен оралған қарт майдангерлерге құрмет көрсету біздің парызымыз, міндеттіміз. Қазіргі соғыс ардагерлерінің қатары күннен-күнге сиреп барады. Олардың Отан алдындағы ерліктері мәңгі ұмтылмайды. Тарих беттерінде, ұрпақтарының, ел есінде мәңгі сақталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.02.2015
ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ
 Ұлы Жеңіс! Қаншама боздақтардың өмірін қиған, талай шаңырақты ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 70 жыл өтті. Қаншама шаңыраққа қаралы қайғы әкелген бұл сұм соғыста біреулер әкесінен, біреулер жалғыз ұлынан, ағасынан, ет-жақындарынан айырылды. Тіпті хабар-ошарсыз кеткендері қаншама?... Арамызға аман-есен оралған қарт майдангерлерге құрмет көрсету біздің парызымыз, міндеттіміз. Қазіргі соғыс ардагерлерінің қатары күннен-күнге сиреп барады. Олардың Отан алдындағы ерліктері мәңгі ұмтылмайды. Тарих беттерінде, ұрпақтарының, ел есінде мәңгі сақталады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.02.2015
ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК
 Адамзат тарихындағы алапат, қантөгіс соғыстың бірі – 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерекесін алдымыздағы мамыр айында тойлағалы отырмыз. Біздің Отанымызда сол соғыстың отты жалыны шарпымай, қайғы-қасірет көрмеген жанұя кемде-кем. Солардың бірі – Баймырза Бүркітбаев еді. Ол кісі 1913 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алатаудың бөктеріндегі Жаманты ауылының маңындағы Сарықойын шатқалында дүниеге келген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.01.2015
ЗАҢ БАСҚА, ЗАМАН БАСҚА
 Өткен аптада аудандық прокуратура мамандары мен аудандық ішкі істер қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің өзгертілуіне байланысты жиналыс өткізді. Жиналыс аудандық ішкі істер басқармасының ғимаратында өтті. Оған аудан прокурорының орынбасары Қалиев Жанат Тасболатұлы, аудандық прокурордың аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Дүйсенбаев Мейрамбек Құрақбайұлы, аудандық ішкі істер басқармасы басшысының тергеу жөніндегі орынбасары С. Сахатов, жедел іздестіру жұмысы бойынша орынбасары Р.Б. Найзабасов және осы заңға қатысты жауапты қызметкерлер қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.01.2015
ҚОЙДЫҢ ҚАДІРІН БІЛГЕННІҢ - БЕРЕКЕСІ МОЛ БОЛАДЫ
 Ел дәулеті еселеніп, экономикасы әлеуеттенген сайын ауылдық елді мекендердің де әлеуметтік келбеті түрленіп, сәулеті мен сәні артып келе жатқандығы белгілі.
Биылғы қыс Қараой ауылдық округінде де жайлылық танытып тұр. Дегенмен, қыстың алғашқы айы шаруа қауымға жайлы болғанымен, қаһарына мінетін «кәрі құданың» өзгеше мінез көрсетері анық. Өңірдегі малшы қауымының жағдайы қалай?
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.01.2015
АУЫЛЫМЕН ҚОСЫЛЫП, ТАЗАЛЫҚҚА ТАЛАСҚАН ЖАЛҒЫЗ ОКРУГ
 «Біздің ауыл тазалыққа аса қатты мән беруде. Ауылдың тазалығына жауапты «Айтов» және «Бастау» жеке кәсіпкерлік ұжымдарының қоқысқа таласып қалатын кездері де болады», - деп салды аудан әкімі мен ауыл тұрғындары алдында есеп берген Серік Исаұлы Күзембаев. Бұл сөзге жұрт ду күлді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.01.2015
АҚШИГЕ ДЕ ЖАҚЫН АРАДА ГАЗ КЕЛЕДІ
 Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов Күрті ауылдық округі Ақши ауылындағы Мәдениет үйінде халық алдында есеп беріп, Ақши ауылына қатысты жоспарымен бөлісті. Оған ауыл тай-тұяғымен қалмай түгел қатысты. Алдымен аталмыш округтің әкімі Даниял Рахымбайұлы Өгізбаевтың жылдық есебі тыңдалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.01.2015
КҮРДЕЛІ ТҮЙІНДЕР ТАРҚАТЫЛСА
      Жыл сайын өтетін барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері атқарушы билік органдары үшін олардың жұмыстарына берілген баға мен сынақ іспеттес. Есептік кездесулерді өткізу қоғамның демократизациялануының маңызды буыны және мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің негізі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.01.2015
ДІН - ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ
      Өткен аптада №3 орта мектепте 8 сыныптар арасында «Діни экстремизмге қарсымыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ұйымдастырған сынып жетекшісі Ж.Садыкова. Басты мақсаты діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу және терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.01.2015
МЕРЕКЕДЕН ТӘБӘРІК
      Өткен аптада аудандық ішкі саясат және аудандық имамдардың ұйытқы болуымен Чапай ауылындағы Мәдениет сарайында мәуліт мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. Көрермендер залы халыққа лық толды. Мейрамға "Нұр -Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы - доктор Рамадан Хайтими, осы оқу орнының аға оқытушысы, философия магистрі Анияр Абдуссамад, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты, дінтанушы - Самед Октам, ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, ауылдық, кенттік мешіт имамдары, дін пәнінің мұғалімдері қатысты
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.01.2015
Ащыбұлақ округінің № 29 орта мектебінде бокстан жасөспірімдер арасында ашық біріншілігі өтті.
      Құрметті Іле ауданының тұрғындары Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.01.2015
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау
  Дағдарыстың алдын алу үшін Қазақстанның экономикалық саясаты қайта түзілді. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының ізін ала Президент халыққа Жолдауын жариялап, жаңа құжаттың маңыздылығын айтып берді. Бағдарламаға сәйкес алдағы үш жылда Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд доллардан бөлініп, ол қаражаттар энергетика, көлік, индустрия, сондай-ақ шағын және орта бизнес секілді басым салаларды сауықтыруға жұмсалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.12.2014
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы
  Дағдарыстың алдын алу үшін Қазақстанның экономикалық саясаты қайта түзілді. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының ізін ала Президент халыққа Жолдауын жариялап, жаңа құжаттың маңыздылығын айтып берді. Бағдарламаға сәйкес алдағы үш жылда Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд доллардан бөлініп, ол қаражаттар энергетика, көлік, индустрия, сондай-ақ шағын және орта бизнес секілді басым салаларды сауықтыруға жұмсалады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.12.2014
ЭКСТРЕМИЗМ - ЕЛ ІШІН БҮЛДІРУШІ АҒЫМ
   Қазіргі таңда Қазақстанның өмірінде діннің алатын орны үлкен. Дін арқылы біздің дәстүрлі сенім-нанымдарымыз қалпына келуде, дін арқылы біздің бетіміз имандылыққа, парасаттылыққа бұрылуда.
Әлемде сан түрлі дін болса да әрбір тұлға өз бағытын айқын анықтауы тиіс. Сондықтан мемлекетімізде тыйым салынған діни ағымдардың бағытына бұрылмай, жат көзқарастың жетегіне ермей, көшіміздің керуенін имандылыққа бұруымыз қажет.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.11.2014
Мораторий аяқталғаннан соң шағын және орта бизнестегі жүйе реформаланады
   Мораторий аяқталғаннан соң кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру де жойылып, жүйе реформаланады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлім етті.
Мораторий аяқталғаннан соң шағын және орта бизнестегі жүйе реформаланады
Мораторий аяқталғаннан кейін ШОБ-ті қайта-қайта тексеру болмайды
Еске салсақ, биылғы жылдың басында кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий алдағы жаңа жылдан бастап күшін жояды. Ал палата басшысының сөзіне қарағанда, өңірлердегі бизнес-қауымдастықтар тарапынан осы шараны ұзарта түсу туралы үндеулер жасалған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.11.2014
 
АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАҒАН АНСАМБЛЬ
   Үстіміздегі жылдың 22-мамыр күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған аудандық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер өнер ұжымдары арасында байқау өткен болатын. Байқауға ауданымыздағы барлық ауыл, округ ансамбльдері қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша екі ұжым облыстық байқауға жолдама алған еді. Олар: Нұрғиса Тілендиевтің «Дубасекова зиратында» әнін орындап, бас жүлдені жеңіп алған «Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблі» және «О, Днепро, Днепро» әнін орындап, жүлделі І-орынды иеленген Украина этномәдени орталығының «Просвита - Жетісу» хоры болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.11.2014
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРЫМДЫ ІС БІТІРГЕН ПАРТИЯ
   Апта ортасында Междуреченск ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХVІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов ашып жүргізді. Есеп беру- сайлау конференциясының жұмысына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Н.Әбдіқадыров қатысты.Конференцияға бастауыш партиялық ұйымдардың 150 делегаты, сондай-ақ жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың басшылары, қоғамдық саяси ұйымдардың, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.11.2014
 
Қуанса - бала қуансын.
   Жыл сайын мүгедектер күніне орай, дәстүрлі түрде өтетін «Алтын күз» фестивалі Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аталып өтті.
Фестивальды өткізудің мақсаты балалардың қоршаған ортаға бейімделуі және өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерлі, дарынды балаларды анықтау, өзін-өзі қоғамдық ортада дұрыс ұстай білуі.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.11.2014
 
БАСТЫ ТЕҢДІК - ТЕҢ МҮМКІНДІК
   Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде - нәзік, көңілде - биік, ал істе - мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Бүгінде әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.11.2014
 
ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
   Өткен апта басында аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Дарманқұлов Мұрат Елтайұлы арнайы атбасын бұрып, аудандық комиссарияттың атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берді. Онда ол тек атқарылған жұмыстарға ғана көңіл бөліп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің №428 бұйрығы бойынша осы аудандық комиссариятта 45 жылға жуық қорғаныс істерінің құпия бөлімінде басшылық қызметінде еңбек еткен Яппарова Амина Миназитовнаға «Еңбек ардагері» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.11.2014
 
ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ДА ҮЛЕСІ БАР
                                                                                                                                                     Өткен аптада Өтеген батыр кентінде ішкі саясат бөлімі мен «Адам және қоғам» Үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен М. Мақатаев атындағы №13 орта мектепте ауданымыздағы қоғамдық кеңес ұйымдары мен аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақстандық патриотизм мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық спорт түрлерінің маңызы» атты жиын өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.11.2014
 
БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
    2012 жылы аудан әкімінің бастауымен «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының, «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисінің қолдауымен жергілікті округтерде қоғамдық Кеңес құрылған еді. Мұндағы мақсат биліктің халыққа барынша жақындай түсіп, сол арқылы өңірдегі көкейтесті мәселелерді өзара ақылдаса отырып шешу болатын. Қазақтың «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақылына сүйенетін болсақ, ауылдағы есік алдындағы тазалықтан бастап, жол жөндеу, жарық тарту, сумен қамтамасыз, әлеумет пен әлеует, құқық пен тәртіп мәселелерінің барлығын жергілікті белсенділердің ақыл-кеңесі немесе талап-өтініші арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.11.2014
 
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020»
                                                                                                                                                Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысының Әкімдігімен Алматыоблысы,Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде орналасқан.....үй құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.10.2014
 
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл
Кеше облыс орталығы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізілді.
 
Облыс әкімі А.Баталов қоғамды демократияландыру жұмысында халық билігінің негізгі формасы ретінде мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының маңыздылығына тоқталды.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.10.2014
 
СПОРТҚА ЕШТЕҢЕ ДЕ КЕДЕРГІ ЕМЕС
Өткен аптаның соңында аудандық әкімшілік және Энергетик ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат пен дойбы, үстел теннисі, тоғыз құмалақтан жарыс өтті. Жарысқа арнайы аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы, аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Қайрат Ортыбаев қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.10.2014
 
Бастауыш партия ұйымдары есеп беруде
2014 жылғы 15-30 қазан аралығында бекітілген кестеге сай БПҰ-ның Бюросының өкілеттілігі аяқталуына байланысты аудандағы БПҰ-да есеп беру-сайлау жиналыстары өткізіп жатыр. Байсерке, Қараой, Чапай, Күрті, Бент АҚ, КазЦИК бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.10.2014
 
  «Экстремизм-ел үшін бүлдіруші ағым»
Қазіргі таңда Қазақстанның өмірінде діннің алатын орны үлкен. Дін арқылы біздің дәстүрлі сенім-нанымдарымыз қалпына келуде, дін арқылы біздің бетіміз имандылыққа, парасаттылыққа бұрылуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.10.2014
 
  Тоғыз ай қорытындылары талқыланды
23.10.2014 облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Онда өңірдің 2014 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 4-ші тоқсанға арналған міндеттер, сонымен қатар әр деңгейдегі әкімдердің есеп беру жиындарында айтылған ұсыныс-ескертпелер бойынша дайындалған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.10.2014
 
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН
Зайырлы қоғам десе, базбіреулер мемлекетті діннен бөліп қарайды. Бұл – қате түсінік. Зайырлы мемлекет діннің үстемдігіне де, дінді мансұқтауға да заң бойынша жол бермейді. Азаматтарымыздың арасында зайырлы мемлекет пен атеистік мемлекеттің аражігін ажырата алмайтындар жиі кездеседі. Әрине, бұл көрініс қалыпты жағдай. Себебі, біздің замандастарымыздың алған білімі, көзқарасы сол атеистік қоғамда қалыптасты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.10.2014
 
АУДАН ӘКІМІ АЩЫБҰЛАҚТА
Осы аптада аудан әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы Ащыбұлақ ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен және округ көлеміндегі ірі өнеркәсіптер, орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысып жатқан бірқатар нысандарды аралап, танысып қайтты. Ол аралаған нысандар қатарында «Первый Пивзавод» сыра зауыты, «ЧТЗ – Дормаш» бульдозер-грейдер жинақтайтын зауыт,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.10.2014
 
Инновациямен жұмыс істеу - игіліктің бастауы
Инновациямен жұмыс істеу - игіліктің бастауы
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Samsung Electronics», «Philips», «Tandem TVS» компанияларының өкілдерімен кездесті. Облыс басшысының Алматы қаласында бизнесмендермен өткізген жүздесуінің нәтижесінде бүгін іргелі брендтік компаниялар өңір дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.10.2014
 
"Алматы-Байсерке-Талғар" газ құбыры іске қосылды
18.10.2014 «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының алғашқы алауы жағылды. Алауды салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлихан Тойбаев пен Николай Логутов жақты.
Бұл жоба Елбасы Жолдауының міндеттерін жүзеге асыру аясында және Алматы облысын газдандыру өңірлік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылды.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.10.2014
 
Тағайындау
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ләззат Тілеубайқызы Базарқұлова облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 17.10.2014
 
Өңірлік газдандыру сызбасын жүзеге асыру жөніндегі жиын
Өңірлік газдандыру сызбасын жүзеге асыру жөніндегі жиында аймақ басшысы Амандық Баталов газдандыру ісіне қатысты сала басшыларын сынға алды.
264 шақырымдық «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбырының бүгінге дейін 148 шақырымы төселген. Осы жоба негізінде жол бойы 7 аудан газбен қамтылатын болады.
Дегенмен, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Сергей Салагаев осы 7 ауданда қанша елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.10.2014
 
ЖАҢА ТӨРАҒА, ЖАҢА ҚАДАМДАР
Сәрсенбінің сәтті күні Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы орта мектепте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XV конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қошанбеков, аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Аманова және бастауыш партия ұйымдарының делегаттары, аудандық мәслихат депутаттары,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.10.2014
 
Қарашада egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы айда egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады. Бұл туралы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру мен ақпарат комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Еgov.kz әзірлеушілерінің айтуы бойынша, жаңа «Жеке кабинет» үш негізі компоненттерден тұратын болады: «Дербес құжаттама», «Хабарлама» және «Азаматтың көмекшісі».
Атап айтқанда, «Дербес құжаттамада» азаматқа мемлекеттік деректер қорындағы ол туралы барлық  ақпарат қолдетімді болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.10.2014
 
 ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ЖЫРЛАРЫ ШЫРҚАЛДЫ
«Ел іші - өнер кеніші дегендей» аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлының бастауымен ауданымыздағы 10 округте «Іленің сырлы кештері» атты поэзиялық кештер өтті. Екі айдың жүзінде жергілікті ақындардың шығармашылығын тыңдап, құлақ құрышын қандырдық. Поэзиядан шөлдеген рухани жан сарайымызды тазартып, рахаттанып қалдық. Ақындарға да шабыт беріп, сиясы кеппеген қара өлеңдердің өрелі жырларын көкірегімізге түйдік. Округтердің бірі ақын-жазушыларымен мақтанса, екіншілері спорт саласында мерейі асқақ азаматтарымен мерейленді. Акцияның негізгі мақсаты да осы жергілікті белсенді жұрттың жасап жатқан жұмыстарын баршаға таныстыру.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.10.2014

 

Aқпараттық жүйелерді аттестациядан өткізу жоспарланды
  Үкімет отырысында алдымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері талқыланып, екінші кезекте әлеуметтік саладағы нысандарда халық денсаулығы мен өміріне санитарлық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерді азайту бойынша шаралар қаралыпты.....Сондай-ақ, лицензиялық емес бағдарламалық өнімдерді пайдалануға, бұқаралық ақпарат құралдарына да жарнамалық модульдер мен әлеуметтік жарнаманы тәжірибеге енгізуге, 2015 жылы бағдарламалық өнімдерді өндіретін компаниялармен өзара іс-әрекет туралы меморандумға қол қоюға қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді аттестациядан өткізу жоспарланыпты
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 10.10.2014
 
 Қазақстан ақылды-Үкімет тұжырымдамасын қарастырады
  Қазақстан smart-Үкімет құруды қолға алатын болады. Бұл туралы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Global e-Government Forum-2014 форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Электронды үкімет және оның келесі буыны «ақылды» үкімет тұжырымдасы болып табылады. Біз smart-индустрия құрумен қатар «ақылды Үкімет» стратегиясын да қарастырудамыз. Бұл тұжырымдамалардың жүзеге асырылу және синергиясы азаматтар үшін өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады», - деді Ә.Исекешев
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 09.10.2014
 
«Қарттарым аман-сау жүрші»
Чапаев ауылдық округі бойынша «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында
  «1 қазан – Қарттар күні» мерекесіне арналған «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік іс-шара туралы АҚПАРАТ. 2014 жылдың 1 қазанында Халықаралық қарттар күні аталып өтті. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15 № 45/106 қаулысы негізінде бұл мейрам жыл сайын тойланатын болып шешілген. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.10.2014
 
ТУРИЗМ МЕН СПОРТ БӨЛІМІ ӨЗ ЕСЕБІН БЕРДІ
Өткен аптада Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Іле ауданында туризм индустриясының даму болашағы» интегралды-тәжірибелік конференция өтті. Оған округ әкімдерінің орынбасарлары, спорт жөніндегі мамандары, әдіскер-нұсқаушылар, ауданның мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, этно-мәдени ұйым жетекшілері, аудан мектептерінің мұғалімдері, жастар қатысты. Бағдарлама бойынша конференцияны аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.10.2014

 

Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.
Сіздерді барша мұсылмандардың ең ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Осынау ұлық мейрамды мемлекеттік деңгейде ресми атап өту бақытына ие болғаны үшін Алла Тағалаға мадақ. Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде айт мейрамына жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, құшақтасуы арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Айт намазымыздан, шалған құрбандығымыздан, тіпті отандас қажылардың қажылығынан да көзделген негізгі мақсат – татулық, адамдардың бірлігі мен ынтымағын күшейту...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.10.2014
Қарттарға құрмет көрсетілді
«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы 1 қазан - қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында ардагерлерге арнап салтанатты қабылдау өткізді. Кездесуге алдыңғы буынмен бірге қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері де қатысты.
Алдымен жиналғандарды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков құттықтап, Елбасының Жезқазған жерінде берген сұхбатының бейнежазбасын тамашалауға шақырды.
Үлкенге де, кішіге де ой салған Елбасының сұхбатын көпшілік ұйып тыңдады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.10.2014
 
Жетісуда Жамбыл облысының мәдениет күндері өтті
29.09.2014 Талдықорғанда Жамбыл облысының мәдени күндері басталды.
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайындағы салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов сөз алып, талдықорғандықтарды мәдени күндер аясында өткізетін шараларымен таныстырды.
Мереке шеңберінде түрлі көрмелер, концерттер, қаламгерлермен кездесу, балаларға және ересектерге арналған қазақ және шетел драматургтерінің қойылымдары көрсетілетін болады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.10.2014
 
МАРАЛТАЙ КЕЛДІ ЖЫРЫМЕН
Осы аптаның басында М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте қара өлеңнің қара жорғасы поэзияның жарқылдаған алдаспаны Ыбыраев Маралтай Райымбекұлымен кездесу кеші өтті.Кешке аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтан Жарқынбеков, аудандық кітапхананың директоры Мейрамгүл Жәбиева, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Қазіргі поэзия әлеміне арғымақтың шабысымен арындап кіріп, өлең өлкесінде асығы алшысынан түсіп жүрген талантты ақын Маралтай Райымбекұлы төгіліп тұрған жорға жырларымен ғана емес,..
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 30.09.2014
 
КР Парламент Сенаты депутатына кондидат Мусахановпен кездесу
2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің Конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы Жарлығын (2014 жылдың 31 шілдесінде) жария етті.
Осыған байланысты, 2014 жылғы 25 қыркүйекте Өтеген батыр кентіндегі аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Аңсар Тұрсынқанұлы Мұсахановтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аудан активімен кездесу өткізілді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.09.2014
 
ҰШҚЫШТАР ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы әскери әуе базасының апатқа ұшыраған ұшағының экипаж мүшелері подполковник Ерлан Науанов пен подполконик Денис Горбуновтың отбасына көңіл айтты.
«Ерлан Науанов пен Денис Горбунов жас та болса ұшқыштық мамандығына берілген, елдің тыныштығы күзетінде күн-түн демей жүрген азаматтар еді. Оқу-жаттығу кезінде қаза болғаны жанымызға батады. Осындай батыр жігіттердің отбасына жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетуге...
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.09.2014
 
 
ОТБАСЫ ОШАҚ ҚАСЫНДА...
Өткен жұмада Чапай ауылының Мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат және «Өнерлі, өренді – жас толқындар» жастар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасы күніне орайластырылған «Отбасы және мемлекет» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы, ауылдық, кенттік округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімшілігінің бөлім басшылары, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері және жастар мен ұстаздар қатысты.
Аталмыш мейрам Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың 1 наурызындағы №3827 қаулысына сәйкес Отбасы күнін қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгілегеннен кейін биыл екінші рет мерекеленуде. Отбасы – отанымыздың ошағы деп білсек сол отбасында адам
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.09.2014
 
Іскер әйелдердерге қолдау білдіріледі
Aлматы облысының әкімі А.Баталов Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаеваны қабылдады.
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаеваны қабылдады.
Кездесуде Раушан Сәрсембаева аталмыш қауымдастықтың ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 23.09.2014
 
 
Қаңтардан бастап бала асырап алған қазақстандықтарға 148 мың теңге төленеді
2015 жылдың қаңтарынан бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік 148 мың теңге төленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева мәлім етті.
«Ендігі уақытта 2015 жылдың қаңтарынан бастап бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына 75 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттің ақша төленетін болады. Ол 148650 теңгені құрайды», – деді ол.

 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.09.2014
 
ТАЛДЫҚОРҒАН СӘУЛЕТТІ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласын аралады. Бұл сапардың мақсаты – облыс орталығы ретінде Талдықорғанның болашақта сәулеті мен құрылысы қай бағытта, қандай кескінмен, қандай деңгейде дамуы қажеттігі туралы бағыт беру.
Әкім аралауды әуежайдан бастады. Әуежай ғимаратының сыртқы келбеті, қала мен әуежай аралығындағы жол жиегін көгалдандыру, гүлзар жасау секілді қала сәулетіне қатысты көптеген тапсырмалар берді. Сонымен қатар идеологиялық тұрғыдағы билбордтардың да безендірілуіне жаңаша көзқарас қажеттігін айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.09.2014
 
БИЗНЕСТЕГІЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
БИЗНЕСТЕГІЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биылғы жылы 4,5 млрд. теңге бөлінген. Соның 3,5 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлікті дамытуға, 1 млрд. теңгесі индустриалды инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуда.Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Т.Шойынбековтің хабарлауынша, жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 6,4 млрд. теңге болатын 74 жоба қаралып, мақұлданған.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.09.2014
 
ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
Алматы облысындағы жылыжайлардың 40 % Алматы қаласының маңында орналасқан. Өңірдегі 54 гектар жердегі жылыжайдың 38,6 гектары мегаполиске жақын жақтан Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында. Бұл өз кезегінде Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамытуға көп септігін тигізуде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жалпы өңірдегі Алматы облысындағы жылыжайдың 23 гектары жоғары технологиямен жабдықталған. Жыл басынан бері облыс және қала халқы тұтынған көкөністің 6103 тоннасы - осы жылыжайлардың өнімі. Мұның ішінде қала маңындағы аудандардың үлесі 5310 тоннаны құрап отыр.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 03.09.2014
 
2014 жылдың 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу туралы
Атаулы мерекелік іс-шарада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудың, ішкі саяси тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық келісімнің, азаматтардың әл-ауқатының артуына және Қазақстанды халықаралық мойындаудың құқықтық негіздерін қалаған Ата Заңның қабылдануының тарихи маңыздылығын нығайтуды мақсат тұтқанын көрсете білдірді.
Ел Конституциясының басты міндеті - тұрақтылықты нығайтуда, халықтың әл-аухатын көтеруде және демократияны дамытуда. Республика Конституциясы халықтың бірлігін нығайтты, Қазақстан жерінде ортақ тарихи тағдырмен байланысқан әртүрлі этностың топтардың адамдарын біріктірді.
Конституция күнін мерекелеу шеңберінде Мемлекет басшының «Қазақстан жолы - 2050» Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ стратегиясын басшылыққа ала отырып Елбасы Жолдауындағы бастамалардың маңыздылығын ашып көрсетуге бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.09.2014

 

Қымбатты ілеліктер! Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - еліміздің дамуы мен гүлденуінің мықты негізі.
Біз тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүрудеміз. Өзге аймақтармен қатар біздің ауданымыз да тұрақты даму үстінде, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға - денсаулық сақтау, білім беру,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.08.2014
 
Алматы облысында 12 жаңа мектеп ашылады
1 қыркүйекте Алматы облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Соның 6-уының есебінен апатты және үш ауысымды мектептер саны азаятын болады.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Майгүл Омаровның айтуынша, жалпы облыста 729 мектеп бар. Білім саласына биылғы жылы 105 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Жылдан жылға жергілікті бюджет есебінен салынатын жаңа мектептердің саны артып, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Осының нәтижесінде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін кезең-кезеңімен 2016 жылға дейін шешу жоспарланған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 29.08.2014
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА
 
Туризмнің даму деңгейі қазіргі таңда дүниежүзі бойынша басты рөл атқарып отыр. Қазақстанның өрлеуі үшін айтарлықтай үлес қосатын саланың бірі - туризм. Ерекше туризм түрлері өте көп, бірақ соның ішінде адамдар көп ести қоймаған түрлерін қарастырайық. Ерекше туризм түрлері:
1) Музыкалық туризм – бірдей жанрда музыка тыңдайтын адамдардың бірігуі, кездесуі.
2) Эзотерикалық туризм – сауығу орталықтарына бару, рухани саяхаттау.
3) Футбол жарысына бару туризмі – футбол жанкүйерлерінің футбол ойыны болған кезде бірге бас қосуы.Туризмді әлеуметтік мәдени жағынан қарастырар болсақ, ол қоғамның немесе туристердің психофизиологиялық ресурстары мен еңбекке деген жарамдылығын қалпына келтіріп, тұрғындардың мәдениеті мен туризмнің экологиялық мәселесін қарастырады.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.08.2014
 
«Жат ағымнан аулақ болайық!»
 
27.08.2014ж. сағат 10-00 де Чапаев ауылы мәдениет үйінде «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің үйлестіруімен, аудан әкімінің орынбасары А.Р Кушеновтың төрағалығымен «Жат ағымнан аулақ болайық!» атты семинар өткізілді. Атаулы семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Қазақстан Республикасы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениет университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өкілдері, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі саясат және округ әкімдіктеріндегі ішкі саясат бөлім мамандары,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.08.2014
 
ЕЛ АМАНДЫҒЫН ОЙЛАҒАН ЕЛАМАН
 
2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі ауқымды түрде атап өтілмекші. Сұрапыл соғыста жеңіске жетуге қолына қару ұстаған жауынгерлермен қатар, тылда еңбек еткен адамдар да үлкен үлес қосты. Сондай жанның бірі - КазЦИК ауылында туып-өсіп, адал еңбек етіп, майданға бармаса да үлкен ерлік жасап, артындағы ұрпағына өшпестей із, өнегелі іс қалдырған Қабылдаев Еламан. Көне көз жерлестерінің айтуынша Еламан атамыз соғыс кезінде аянбай еңбек етіп, тапқан табысын ел-жұртымен бөлісіп, аш-жалаңаштарға, жетім-жесірлерге қамқор болған екен. Өзінің майданға жарамайтындығына өкініш білдіріп, еліміздің жеңіске жетуіне лайықты үлес қосуды азаматтық міндеті деп санап, малын саудалап, жинаған қаржысын соғысқа танк сатып алуға жібереді. Оның тылдағы ерен еңбегі, ерлікке парапар өнегелі ісі жайлы айтып беруді туған қызы Ұлдар Еламанқызынан өтінген едік.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.08.2014
 
ТАҒАЙЫНДАУ
26,08,2014, Алматы облысы әкімінің өкімдерімен
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 26.08.2014
 
Велоспорттан ел Чемпионаты басталды
Талдықорғанда жасөспірімдер арасында тас жолдағы велоспорттан республика Чемпионаты басталды.
Бұл жарыс республикамыздағы велоспорттың 100 жылдығына арналып отыр. Оның ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары, «Жетісу» велоспорт федерациясының президенті Серік Тұрдалиев турнирдің велоспортта жаңа есімдерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтіп, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.08.2014
 
Тамыз кеңесінде бас қосты
Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өңір мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті. Амандық Ғаббасұлы жиын алдында Мәдениет сарайы фойесіне қойылған облыстың білім саласындағы жетістіктері, инновациялық идеялары мен одан әрі даму жоспары туралы көрмемен танысты.
Конфренцияда алғаш болып облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 22.08.2014
 
 Алматы облысының әкімі ауысты
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Алматы облысының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Алматы облысының активіне жаңа әкім Амандық Баталовты таныстырды", - делінген хабарламада. Бұрын облысты Аңсар Мұсаханов басқарып келген еді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 21.08.2014
 
 Елбасының Алматы облысына жұмыс сапары басталды
19.08.2014. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.
Күннің алғашқы жартысында Мемлекет басшысы «Жерұйық - Талдықорған» АӨК» ЖШС-да болды.
Нысанды аралау барысында облыстың ауыл шаруашылығының дамуы, серіктестіктің жұмысы туралы баяндап, кешеннің ауыл шаруашылығы өнімін өсіру, сақтау және сату бағытындағы жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жетісулық ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.08.2014
 
 Елбасы ӨНЕРКӘСІП ОРНЫНДА БОЛДЫ
Елбасы қаладағы «JLC Сүт» сүт зауытына келді. Нысанды аралау барысында Президент зауыттың өндірістік технологиясымен танысты. 50-ден астам сүт өнімдерін шығаратын зауыт ең соңғы үлгідегі итальян жабдықтарымен қамтылған. Жылына 21,8 мың тонна сүт өнімін өндіру қуаттылығы межеленген. Бірінші кезеңде өнімділік – тәулігіне 15 тонна сүт, одан әрі 160 тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.08.2014
 
 Тамыз кеңесі-2014
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» -
 тақырыбында Іле аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі 15 тамыз күні Междуреченск ауылы, Мәдениет үйінде болып өтті.Кеңеске Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары ассоциациясының төрағасы Серік Шонаев, аудан әкімінің орынбасары А.Кушенов, мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, аудандық «Үміт» кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Чинаева, мектеп басшылары, ауыл әкімдері, бөлім бастықтары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 19.08.2014
 
 ҰЛТ САУЛЫҒЫ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Қазіргі жастардың көбінесе ғаламторда, компьютерде өздерінің бос уақыттарын өткізеді. Бұл әрине, адамның денсаулығына зиян тигізеді. Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың кепілі.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі», «Бірінші байлық – денсаулық», «Денсаулық - терең байлық» деп тегін айтылмаған. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айырықша көңіл бөлу қажет, себебі жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа бейімдеу керек
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 18.08.2014
 
 АУЫЛҒА БІЗ БАРМАСАҚ, КІМ БАРАДЫ?
«Дипломмен – ауылға» жобасы бұл бағалы бастама бірден кең қолдау тапқан-ды. Бұл жобаға жергілікті билік те оң көзқарас танытып, ауыл мектептеріне жас мұғалімдерді тұрақтандыруға қол­дау көрсетті. Ауылда еңбек жолын бастауға тілек білдіргендерге тұрғын үй бөлу, көтерме ақы беру дәстүрі қалыптасты. Іле ауданы жас мамандарды ауыл мектептерінде тұрақтап қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ауданда жастар саясатын жүзеге асыруға арналған бағдарламалармен жұмыс жасау басты жолға қойылған. Қазіргі таңда 2014 жылдың 6 айын есептегенде «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 9 адам несие алып, баспаналы болды.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 16.08.2014
 
 Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларына бал бере бастайды
Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларына бал бере бастайды
Биылғы оқу жылынан бастап, Алматы облысының Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, Балқаш, Алакөл және Райымбек аудандарындағы оқушылардың күнделікті тағамына қоса, тегін бал берілмек.
Бұл - жақында өткен мәслихат сессиясындағы халық қалаулыларының шешімі. Оған жергілікті бюджет қазынасынан қаржысы да бөлініп қойған. Игі іс жаңа оқу жылынан бастап, қолданысқа енгізілгелі тұр. Оқушылардың даму ерекшелігіне байланысты 1 мен 4 сынып аралығында аптаның 5 күнінде бала 10 граммнан тамақтанатын болады.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 15.08.2014
 
 Алматы облысында фермер-шопандарды оқытатын болады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қой шаруашылығымен айналысатын шаруаларды оқытатын болды. Бұл туралы өңірдегі қой шаруашылығын дамыту бойынша ілкі жобаның таныстырылымы кезінде айтылды.  
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.08.2014
 
 Алматы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
  Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабы, 6-тармағына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидаттар тіркелгенін хабарлайды:
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 14.08.2014
 
 12- тамыз «Халықаралық жастар күні» мерекесі де біздің ауданымызда өз деңгейінде аталып өтті.
Келешегіміздің келбетті, бола¬ша¬ғымыздың баянды болуы бү¬гінгі жастарға тікелей байланыс¬ты. Өйткені олар – «ертеңімізді жа¬сайтын бүгініміз». Жастарға де¬ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – осы жастар. Сол себепті де 12- тамыз «Халықаралық жастар күні» мерекесі де біздің ауданымызда өз деңгейінде аталып өтті.Кешкісін Өтеген батыр кентіндегі орталық алаңда жиналған жастар «Іле ауданының жастары» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаса, Қазақстан!» атты мерекелік шараны тамашалады.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 13.08.2014
 
 Өрт сөндіру және құтқару спортынан жарыс басталды
Талдықорған қаласындағы «Жетысу» стадионында өрт сөндіру және құтқару спортынан ТЖ-ның II жазғы чемпионаты басталды.
Чемпионаттың қатысушылары мен қонақтарын облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров құттықтады. Серікжан Ісләмұлы жарысты ұйымдастырудағы мақсат - өрт сөндіру және құтқару спортын одан әрі дамыту, құтқарушылардың мәртебесін көтеру, қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру екенін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.08.2014
 
 ЖАДЫРАҒАН ЖАЗ АЙЫ
Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Мектеп лагері - белсенді демалыс аймағы. Насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны. Балалардың сауықтыру лагерлері - балалар өз мүмкіндіктерін бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі.  
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 12.08.2014
 
 ДІНИТАНЫМ – ҚОҒАМНЫҢ АКТУАЛДЫ ТАҚЫРЫБЫ
   Қоғамдағы жан-жал, даулар бұрыннан бар болса, медиация да сол кезден бастап көрініс тауып келеді. Ескіден қалған бітімгерлікті жандандыруға еліміздегі азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдері (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру туралы ережесі жүргізіле бастады. Негізі, 28 қаңтар 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы Заңы қабылданып, 06 тамыз 2011 жылдан бастап жаппай елімізде қолданысқа енген еді.
Өткен аптада аудандық сотының төрағасы Жайлаубай Жанат Несіпбайұлы медиация мәселесі бойынша БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшыларының басын қосып, семинар-кеңес өткізді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 
 ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ
  Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс. Ата Заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі», - деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, көрсетілген.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 ЕСКЕРТКІШТІ ЕСІРКЕЙІК!
  Iле ауданы әкімдігінің бастамасымен Энергетический ауылдық округ әкімінің орынбасары А.В.Штейнке, осы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Н Курманғалиев сынды азаматтардың ұйымдастыруымен Ауған соғысында шейіт болған интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда ескерткіш қалыпқа келтіріліп, жан-жағы абаттандырылды. Бұл ескерткіш 2003 жылы З.Батталханов көшесі мен Қолдасов көшелерінің қиылысында тұрғызылған болатын.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 
ӘНМЕН ӨРІЛІП, ЖЫРМЕН ТӨГІЛГЕН КЕШ
   Өткен аптада КазЦИК ауылындағы орталық саябақта аудан әкімдігі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Іленің сырлы кештері» атты тақырыпта «Алтыбақан аясындағы драмалық сырласу» атты поэзиялық кеш өтті.
Кештің құрметті қонақтары ретінде аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Төрткен Кененқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы, «Азаматтық-әлеуметтік Болашақ базисі» бірлестігінің төрайымы Абилова Роза Михайлқызы қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 
 КӨҢІЛДІ КӨГАЛДАНДЫРУ
  Берекесі мен ынтымағы жарасқан Байсерке ауылы күн санап жайнап, жасарып келеді. Жергілікті тұрғындар №12 орта мектепті автобустар аялдамасы атауымен «Жаңа мектеп» деп те атайды. Осындай мектебіміздің биылғы жеткен жетістіктері мен оқу-тәрбие жұмысындағы үлкен жеңістері ауылымыздың атақ-абыройын көкке көтерді. Мектеп директоры тәжірибелі, білгір басшы Гүлсім Какенованың басқаруындағы педагогикалық ұжым мүшелерінің әрбірінің елеулі еңбегінің арқасында ҰБТ қорытындысы бойынша аудан көлемінде ерекше көзге түсіп, Байсерке округі I- орыннан көрінді. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген осы болса керек!
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 
 ДІНИТАНЫМ – ҚОҒАМНЫҢ АКТУАЛДЫ ТАҚЫРЫБЫ
   Чапай ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындары арасында еліміздің діни бірлестіктер туралы Заңын насихаттау және діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша «Діннің қоғамға әсері» тақырыбындағы кездесу өтті.
  Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы, Алматы облысының дін істер басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Лаура Уатханқызы, бас имам Алдажар Сейітұлы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық дін істері басқарма қызметкері, ауылдық, кенттік округ әкімдері, ішкі саясат мамандары, бөлім басшылары, мектеп директорлары тәрбие ісінің меңгерушілері, дінтану пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, қоғамдық ұйым төрағалары, аудандық депутаттары және ауыл ақсақалдары мен жастары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 11.08.2014
 
 ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Қараой ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының жаңа «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасының жобасын талқылау бойынша Қараой БПҰ-ның жиналысы өткізілді. Жиналысқа партия мүшелері, белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, жастар ұйымы өкілдері, МЕҰ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. «Нұр Отан» партиясының жаңа «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасының жобасын талқылау бойынша Қараой БПҰ төрағасы, округ әкімі В.Н  Поротиков баяндама жасап, өз ойын ортаға салды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 08.08.2014
 
 АУЫЗ СУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров аудандық, қалалық «Су құбыры» мекемелеріне жаңа арнайы техникалар табыс етті.
Тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту мәселесін шешу үшін аудан, қалаларда жалпы саны 22 «Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, жұмыс істеуде.
Сумен қамту нысандарын іске қосу ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту мақсатында биыл бұл мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жарғылық капиталын толықтыру туралы шешім қабылданды. Іске қосу ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде 46 пайдалану учаскесін құру үшін облыстық бюджеттен 800,0 млн.теңге бөлінді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.08.2014
 
 "Мектепке жол" акциясы басталды
Облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов республикалық «Мектепке жол» акциясының басталуына орай баспасөз мәслихатын өткізді. Серік Мейірханұлының айтуынша, соңғы алты жыл ішінде республика көлемінде акция аясында 2 миллионға жуық балаға жалпы сомасы 8 млрд. 300 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілген.  Облыс бойынша өткен жылы 50 мыңға жуық оқушыға 423,7 млн. теңгелік жәрдем жасалды.Акция аясында ішкі істер бөлімдері мамандары рейдтер жасап, аула-аулаларды, түнгі клубтарды, қала сыртындағы шаруа қожалықтарын, саяжайларды аралап шыққан.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.08.2014
 
 Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамын жария етіп, құрылымдаудан кейін 17 министрліктің 12-сі
ғана қалатындығын жария еткен болатын. Сонымен Үкіметтің жаңа құрамына мыналар кіреді:

 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 07.08.2014
 
 Діннің қоғамға әсері» тақырыбында өткен семинар өтті
2014 жылдың 5 тамыз күні Іле аудандық Чапаев ауылында орналасқан мәдениет үйінде өткен «Діннің қоғамға әсері» тақырыбында семинар өтті.
Атаулы семинарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық, кенттік округ әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат мамандары, бөлім басшылары, мектеп директорлары тәрбие ісінің меңгерушілері, мешіт имамдары, қоғамдық ұйым,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.08.2014

 

2014 жылы 30 шілдеде Іле аудандық мәслихатының кезекті 35 сессиясы өткізілді.
2014 жылы 30 шілдеде Іле аудандық мәслихатының кезекті 35 сессиясы өткізілді.
Сессияға №11 Речной сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Абилова Роза Михайл кизи төрағалық етті.
Сессияға Іле ауданының әкімі (Б.Абдулдаев), әкім орынбасарлары (В.Файль, М.Мусаев), аппарат басшысы (Д.Сабирбаев), басқарма, бөлім басшылары, қоғамдық кеңес төрағалары қатысты.
Сессияда қаралған сұрақтар:
1. Іле ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы аудандық мәслихат алдындағы есебі.
2. Іле ауданы әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі Кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 31.07.2014

 

Аудан әкімінің Ораза айт мейрамымен құттықтауы

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Сіздерді Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілейді.  .
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.07.2014

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР – КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ
 Чапай ауылдық округі әкімдігі және әкім аппараты жанындағы жастар кеңесі №10 орта мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты іс-шара өткізді. Басты мақсаты - балалардың демалыстарын көңілді өткізу, оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға және ұлттық ойындарымызды насихаттауға тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп жанындағы лагердегі «Жас ұлан», «Балдырған», «Балауса», «Пламя» топтарының балалары шақырылды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.07.2014

 

КӨКӨНІСІҢ АДАЛ ЖӘНЕ НИТРАТСЫЗ БОЛСЫН
 Қып-қызыл ақшаға сатып алынған көкөнісіңізден немесе асыңыздан уланып қалмаудың ең жақсы амалы оны нитратқа тексеріп алғаныңыз жөн. Егер қалай тексеру керектігін білмесеңіз, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандарына арнайы келіп ақыл-кеңес сұрасаңыздар әбден болады.
Елбасының кәсіпкерлік субьектілеріне жағдай туғызу мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын шектеуі халық игілігі үшін екені белгілі. Сондықтан болар ауданымызда бақылаусыз жабайы сауда орындары ашылып,
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.07.2014
 
Энергетический ауылдық округінде 6 шілде – «Астана күніне» арналған мерекелік іс-шара
 Елімізде жыл сайын 6 шілде «Астана күні» кеңінен аталып өтуде. Бүгін біздің мемлекетіміздің жарқын болашағымыздың бастауы болған Астана – бас қаламызға – 16 жыл толып отыр. Астананың 16 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қол жеткізген бүкіл         халқымыздың үлкен мерекесі.  Қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да, Энергетический ауылдық округінде 6 шілде «Астана күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға 200-ге жуық округ тұрғындары қатысты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.07.2014
 
 
Құрметті Іле ауданы тұрғындары!
Өтеген батыр кентінде бес аудан қатысқан Алматы облысы ҮЕҰ(Үкіметтік емес ұйымдар) 1-ші аумақтық форумы өтті. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Ермекбаева өз сөзінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін облыс бюджетінен 172 млн. теңге бөлінгендігін және ағымдағы жылдан бастап әр аудан мемлекеттік сатып алулар үшін электронды конкурсты өздері өткізетіндігін атап өтті. ҮЕҰ дамуына қолайлы жағдайлар жасағаны үшін Іле ауданының әкімі Бердалет Ешенұлы Абдулдаев Алматы облысы Ішкі саясат бөлімінің грамотасымен марапатталды. Облыстық Азаматтық Альянстың төрағасы Райхан Сисекенова әлеуметтік модернизацияның жеткен жетістіктері туралы айтты.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 01.07.2014
 
Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУІ
 
Құрметті бауырлар!
Мұсылман қауымы үшін аса ұлық қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!
Жаратушы Иеміздің жер бетіндегі барша адам баласын әртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Оның шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: «...Бір-бірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық» («Хұжурат» сүресі, 13-аят), – деп баяндалған.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 28.06.2014
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ. ЕЛ ДАМУЫНА ЕҢБЕГІН АЯМАЙДЫ
 
23 маусым - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен бекітілген Халықаралық мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл мереке биыл ауданымызда алғаш рет атап өтілуде. Чапай ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен мерекелік салтанатты жиын ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының әкелінуімен ашылып, Әнұранымыз ойналды.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 24.06.2014
 
Құрметті Іле ауданы тұрғындары!
06.06.2014 жылы Аудандық ардагерлер үйінде арлагерлер кеңесі мен
"Аман саулық" қоғамдық қорының бірлескен "Сенің денсаулыққа құқығың" атты зейнеткерлерге арналған семинар өтті
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 06.06.2014
 
Саяси қуғын сүргінге ұшырағандар еске алынды
31 мамыр - Қазақстан мемлекеті үшін қаралы дата. Бұл жылы жаппай ашаршылыққа ұшырағанымызға 80 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, болғандығына 75 жыл толып отыр. Осыған байланысты Боралдай кентіндегі Қандысай жазығында қаралы жиын өтіп, қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, үлкен ескерткішке гүл дестелері қойылды. Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу шаралары өтті.
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.06.2014
 
«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде қала көлемінде Іле ауданына қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстары атқарылуда.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 04.06.2014
 
Энергетический ауылдық округінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік
іс-шара
Елімізде жыл сайын 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Осы күні қайырымдылық акциялар өткізіліп, балаларға арналып концерттер мен балалар шығармашылығы сайыстары ұйымдастырылды. Осы мереке күні көпбалалы отбасыдан және тұрмыс жағынан жағдайы төмен жанұядан шыққан балалар үлкендердің қамқорлығына бөленуде.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 02.06.2014
 
ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ МЕКТЕП!
Иә, бізде дәл осылай аталған бастауыш сыныппен қоштасу кеші болды. Бұл әрине жыл сайын қайталанатын үйреншікті 4-сынып оқушыларына қатысты мереке болатын. Биыл осы бір мереке жүректі селт еткізерлік ерекше сезіммен көпшілік қауымның есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз. Чапай ауылы, №10 орта мектептің 4-сынып оқушылары бұл мерекені ерекше атап өтті. Ауылдық Мәдениет үйінде білімнің бастауыш сатысын аяқтап тұрған жеткіншектер түгел дерлік сахнаға шыққанда азамат болып қалған ұл-қыздарын ата-аналар көріп, көздеріне жас алды. Бұл әрине қуаныштың жасы еді.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 27.05.2014
 
АУЫЛЫН ӘНМЕН ТЕРБЕГЕН ДАЛА БҰЛБҰЛЫ
Мамыр айының алғашқы аптасында Ақши ауылында сопрано жоғары вокалдық диапазонды дауысы бар әнші, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Гүлнар Ахметбаева өзінің есеп беру концертін өткізді. Иә, бізге опера дегенде бәрімізге қазақ халқының мақтанышы Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев немесе эстрада да ән айтса жанын салып айтатын Мақпал мен Розаны айтарымыз хақ.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 20.05.2014
 
Құрметті Іле ауданы тұрғындары!
Құрметті Ұлы Отан Соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
 
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен!
 
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 05.05.2014
 
 
Құрметті Іле ауданы тұрғындары!
Құрметті ынтымақты ту еткен Іле халқы мен қонақтары!
Татулық пен келісім нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша он сегіз жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындарының асыға күтер керемет мейрамы.
Толығырақ / Орналасқан мерзімі: 25.04.2014
 
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ИЛИЙСКОГО РАЙОНА!
Искренне поздравляю вас с праздником Наурыз мейрамы!
За тысячелетнюю историю Наурыз превратился в любимый всеми праздник возрождения и обнавления природы, способствующий духовному очищению людей, укрепляющий мир и согласие в обществе. Это время, когда сердца открывается всему миру, добро побеждает зло, а разум становится светлее.

Отрадно, что такой замечательный и исконно народный праздник отмечают на жетысуской земле все этносы, населяющие наш благодатный край. Он сближает людей за дастарханом, пробуждает в людях их извечное стремление к лучшему.
Встречая восточный Новый год, жители Илийского района могут гордиться успехами в социально-экономическом развитии. И перед нами стоят новые масштабные задачи, на реализацию коткорых должны быть направлены усилия каждого...
Подробнее / Дата размещения: 20.03.2014
 
Уважаемые жители Илийского района!
Управление по защите прав потребителей Илийского района Департамента по защите прав потребителей Алматинской области Агентства по защите прав потребителей РК   просит сообщать о всех фактах реализации недоброкачественной пищевой продукции с просроченными сроками годности по телефонам  «горячей линии»  (8727) 2517-754, (872752) 2-28-17 или на электронный адрес управления .  Так же сообщаем  что в по защите прав потребителей Илийского района организован консультационный пункт  по  вопросам...
Подробнее / Дата размещения: 08.03.2014
 
Руководителям предприятий, учреждений, организаций района!
Указом Президента РК  за № 691 от 13.11.2013 года создано республиканское Агентство по защите прав потребителей. С 14 февраля 2014 года Управление госанэпиднадзора  по Илийскому района  переименовано  в Илийское районное управление по защите прав потребителей  Департамента по защите прав потребителей  Алматинской области Агентства  Республики Казахстан по защите прав потребителей...
Подробнее / Дата размещения: 26.02.2014
 
 
ЦЕЛИ, ПОСТАВЛЕННЫЕ В ПОСЛАНИИ, БУДУТ ДОСТИГНУТЫ...
Депутаты Мажилиса Парламента РК, вице-спикер парламента Сергей Дьяченко и Николай Логутов, встретились с активом Илийского района. Перед собравшимися в актовом зале районного акимата выступил Сергей Дьяченко, процитировавший основные пункты Послания Нурсултана Назарбаева к народу «Казахстанский путь - 2050: единая цель, единые интересы, единая судьба.». В конце своего выступления он отметил, что в целом вся Алматинская область и один из флагманов ее промышленности - Илийский район - демонстрирует хорошие темпы социально-экономического развития, направленные на улучшение жизни граждан региона. И нет сомнений, что все поставленные среднесрочные и долгосрочные планы...
Подробнее / Дата размещения: 19.02.2014
 
ПЕРВОМАЙСКИЙ ОКРУГ БЕЗ ВНИМАНИЯ НЕ ОСТАНЕТСЯ
Крупный поселок Первомайский, что упирается прямо в границы Алматы - первый населенный пункт, с которого начал отчет аким района Бердаулет Абдулдаев. В небольшом по размерам местном Доме культуры собрались жители поселка, чтобы узнать, что сделано в районе в 2013 году. И задать вопросы. В районе, сказал докладчик, сохраняется положительная динамика развития отраслей экономики. В промышленности объем производства в 2013 году составил 206, 7 млрд. тенге, что на 22,9 млрд. больше чем в минувшем году...
Подробнее / Дата размещения: 07.02.2014
 
ВПЕРЕДИ БОЛЬШАЯ РАБОТА или чем слово наше отзовется…
Недавно в Чапаевом Доме культуры прошла научно-практическая конференция на тему «Мәңгілік ел!», «Мәңгілік рух!», Мәңгілік мемлекет!» В ее работе приняли участие педагоги, ветераны, воины–афганцы, сотрудники сельских акиматов, представители науки, молодежных, неправительственных организаций, общественных Советов, национально-культурных центров. Перед ее началом в фойе ДК прошла выставка работ мастеров района, на которой были представлены разнообразные изделия из дерева, бисера, пластмассы, картона, войлока, тканей, кости, кожи...
Подробнее / Дата размещения: 07.02.2014
 
ФУНДАМЕНТ ЗНАНИЙ - ДЕТСКИЙ САД И ШКОЛА
Послание Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева всегда отличается тем, что отражает не только потребности, но и пожелания каждого гражданина Республики Казахстан. Глава государства с большой надеждой смотрит на будущее, которое будет создаваться не кем иным, как самими гражданами Республики. Хотелось бы выделить следующие слова в Послании: «В государстве ни один из этносов не должен ущемляться, его права и свободы не могут нарушаться, потому как для всех народов многонациональной страны и наказания и привилегии должны быть равны»...
Подробнее / Дата размещения: 07.02.2014
 
ИЛИЙЦЫ ПОДДЕРЖАЛИ ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА
В конце минувшей недели в  Отеген батыре состоялось собрание актива Илийского района по разъяснению и пропаганде основных положений Послания Президента Нурсултана Назарбаева народу: «Казахстанский путь-2050. Единая цель, единые интересы, единое будущее». На собрание были приглашены почетные граждане района, депутаты областного и районного маслихатов, ветераны труда, представители сельских и поселковых округов, общест-венных объединений, трудовых коллективов, акимы округов и руководители районных служб, отделов, управлений, предприниматели. В работе актива принял участие советник акима Алматинской области Алик Темирбаев...
Подробнее / Дата размещения: 01.02.2014
 
ПАРТИЙЦЫ ДОЛЖНЫ БЫТЬ В ПЕРВЫХ РЯДАХ
Во всех первичных партийных организациях (всего их 14) районного филиала партии «Нур Отан» прошли собрания по обсуждению Послания Президента: «Казахстанский путь 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». На собрании «первички» поселка Боралдай побывал наш корреспондент. Оно прошло в актовом зале СШ № 15. В нем приняли участие члены бюро первичной парторганизации №2 председатели, секретари, члены партгрупп, депутаты районного маслихата, члены молодежного крыла «Жас отан», ветераны труда, ветераны афганской войны, общественники, предприниматели...
Подробнее / Дата размещения 01.02.2014
 
ВРАЧИ СПАСАЮТ И ПРОДЛЕВАЮТ НАШУ ЖИЗНЬ - Или что думают о Послании медики
На днях в областной региональной детской больнице, что в Отеген батыре, прошло собрание первичной партийной организации данного медучреждения по обсуждению Послания Президента к народу: «Казахстанский путь 2050: Единая цель, единые интересы, единая судьба». Перед собравшимися с докладом выступил главный врач региональной больницы, председатель первичной партийной организации Ролан Нурбаев, тезисно ознакомивший аудиторию с посланием главы государства. Оратор особо выделил следующий пункт Послания: «В здравоохранении главный приоритет - развитие первичной медико-санитарной помощи. Солидарная ответственность государства...
Подробнее / Дата размещения 01.02.2014
 
На пути к поставленной цели
Внимательно ознакомившись с нынешним Посланием Президента, я еще раз убедилась, что Нурсултан Назарбаев твердо и последовательно держит курс на улучшение жизни казахстанцев. Более того, у нынешнего стратегического документа есть и своя особенность – он обозначил ряд ключевых задач по вхождению республики в число 30-ти самых развитых государств. Мне, как представителю социальной сферы, больше всего импонирует поручение Лидера Нации о разработке и принятии патриотического пакта «Мәңгілік Ел», закрепляющего ключевые ценности казахстанского общества. Не случайно Глава государства назвал его нашей общенациональной идеей...
Подробнее / Дата размещения 01.02.2014
 
Места размещения ящиков
Согласно Указа Президента Республики Казахстан от 15 августа 2013 года № 615 «О проведении акимами отчетных встреч с населением» с 3 по 14 февраля 2014 года проводится отчет акима района Абдулдаева Бердаулета Ешеновича. В этих целях публикуем Места размещения специальных ящиков для сбора  предложений, замечаний и откликов населения о работе акимов сельских округов района...
Подробнее / Дата размещения: 23.01.2014
 
Тезисы отчета акима Илийского района перед населением
о проделанной работе за 2013 год  и задачах на 2014 год.
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года №1546 «О проведении отчетных встреч руководителей местных исполнительных органов с населением» в январе текущего года в районе проведены отчеты акимов округов. Завершает эту важную общественно-политическую кампанию отчет акима района. Нашей основной задачей является реализация Послания Президента народу Казахстана «Стратегия «Казахстан- 2050»...
Подробнее / Дата размещения: 23.01.2014
 
Турнир по боксу среди юношей «Кожаная перчатка», посвященный памяти воинов погибших в Афганистане
16-18 января 2014г. В Доме Культуры с.Чапаево прошел турнир по боксу «Кожаная перчатка», среди юношей 2000-2005 года рождения, посвященный памяти воинов-интернационалистов погибших исполняя свой воинский долг в Афганистане. На открытии турнира выступил заместитель акима Илийского района Кушенов А., заместитель председателя филиала партии «Нур Отан» по Илийскому району Аманова Г., председатель совета аксакалов Илийского района Исаев А.А., а также председатель Союза ветеранов Афганистана Сугирбай Т., в напутствующей речи они пожелали юным боксерам больших спортивных успехов и побед. На данном турнире присутствовали начальник отдела физической культуры и спорта Илийского района Конурбаев Д., заведующая районным отделом образования...
Подробнее / Дата размещения: 22.01.2014
 
В Илийском районе Алматинской области для сотрудников местных
исполнительных органов проведен очередной плановый семинар-совещание
16 января текущего года Оразали Марат Оразалиевич, руководитель Департамента – председатель Дисциплинарного совета Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы в Алматинской области, провел в селе Отеген батыр, административном центре Илийского района, семинар-совещание, на котором присутствовало более 140 человек, для сотрудников аппаратов акимов района, сельских округов, руководителей и работников исполнительных органов районного звена...
Подробнее / Дата размещения: 20.01.2014
 
В ИЗУЧЕНИИ КАЗАХСКОГО ВАЖНА СРЕДА
Жительницу райцентра Катю Моисееву нередко можно увидеть на сцене различных районных мероприятий, где она исполняет  роль ведущей . На нее сразу обращают внимание, так  как девушка славянской внешности великолепно говорит  на казахском языке. Откуда это у нее? С этим вопросом мы отправились в школу-гимназию №38 поселка Отеген батыр, где Катя учится в 10 классе. Катя - коренная казахстанка, родилась в Отеген батыре, никуда не уезжала и в дальнейшем думает связать свою судьбу с Казахстаном, хотя у нее есть родственники и в России, и в Беларуси. К  необходимости изучать язык Абая  она пришла сама.
Подробнее / Дата размещения: 20.01.2014
 
ЖИЗНЬ - зеркальное отражение наших поступков...
Негосударственное учреждение - детский сад «Солнышко», расположенный в Энергетическом поселковом округе поселке Отеген батыр  в наступившем 2014 году отметит в октябре свой славный юбилей – 50-ти летие! Знакомьтесь: Светлана Викторовна Ткачева – заведующая. Интересная личность, обаятельная женщина и профессионал своего дела. Недаром говорится: «Глаза – зеркало души»… Они у Светланы Викторовны начинают светиться, когда она вспоминает о своих любимых детсадовских малышах, которых знает всех пофамильно! Статная, красивая, броская, где бы она ни появилась – на семинарах, различных мероприятиях, всегда притягивает к себе восхищенные взгляды аудитории…
Подробнее / Дата размещения: 20.01.2014
 
Письмо в номер
Добрые вести не лежат на месте Как приятно жить в чистом ухоженном районе! Мы, жители домов, проживающие  по улице Спортивная №№ 1, 3,4, 19 поселка Отеген батыр Энергетического поселкового округа выражаем огромную благодарность администрации КСК «Спорт» за заботливое и добросовестное отношение.
Доброе дело без награды не остается Выражаем глубокую благодарность акиму Б.Е.Абдулдаеву и сотрудникам районного акимата, всей его команде по улучшению благоустройства в нашем населенном пункте. За последние 1,5 – 2 года наш поселок Отеген батыр «расцвел» на глазах. Ремонтируются дороги, по которым раньше невозможно...
Подробнее / Дата размещения: 20.01.2014
 
Театральный фестиваль Два «Гран – при»  «Экспромта»
О роли театрального искусства в воспитании детей известно давно. Л.Макаренко называет театр одним из самых любимых зрелищ дошкольников, привлекающий своей яркостью, красочностью, динамикой, доставляющий большое удовольствие и много радости. Эмоционально пережитый спектакль помогает определить отношение детей к действующим лицам и их поступкам, вызывает желание подражать положительным героям и быть не похожими  на  отрицательных...
Подробнее / Дата размещения: 20.01.2014
 
ДЛЯ УДОБСТВА НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКОВ
В этой статье я бы хотел обратить внимание читателей на сравнительно редко используемые возможности, предоставляемые налогоплательщикам статьями 73 и 74 Налогового кодекса. Они касаются приостановления подачи налоговой отчетности, а также продления, приостановления и возобновления подачи налоговых отчетов.
Эти статьи существуют в неизменном виде с 2009 года, их содержание довольно простое. С ним можно ознакомиться в тексте Налогового кодекса, скачав его из большого количества интернет – ресурсов, и в печатных изданиях. То, о чем я хочу написать, больше касается возможностей применения этих статей...
Подробнее / Дата размещения: 08.01.2014
 
Примите искренние поздравления с наступающим Новым годом!

Воинская часть № 97617, дислоцированная под Алматы, прошла долгий боевой путь и имеет богатую историю. Формировалась она в годы войны,  в первой половине 1943 года, в Ростовской области.  Вошла в состав 46-ой Армии Степного фронта, как армейский артиллерийский полк ПВО, с вручением полкового знамени. Первым командиром части был майор Кондрацкий. В начале 1944 года полк участвует в операции по освобождению от врага крупного населенного пункта Новый буг (Украина) за что  получает наименование Новобугский. Также личный состав полка принимал участие в боях за взятие Будапешта и Вены, за что был награжден орденом Александра Невского. По окончанию войны в 1945-ом году полк в полном составе совершает марш из Австрии в Чехословакию...
Подробнее / Дата размещения: 30.12.2013
 
ДЕНЬ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯ ПРАЗДНОВАЛИ В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ

Не ошибусь, если скажу, что такой праздник – День предпринимателя, единственный в своем роде не только во всей Алматинской области, но и республике. Четыре года назад Ассоциация предпринимателей Илийского района, отмечая особый вклад в экономику региона, страны людей, открывших и развивающих собственное дело, решила каждую вторую пятницу декабря сделать неофициальным праздником. Именно в этот день, в красивом банкетном зале одного из кафе поселка, прилюдно чествуют «передовиков бизнеса», победителей различных номинаций, меценатов. Открывая встречу, руководители Ассоциации Гайни Садуакасова, (почетный президент) Жанна Тельпекбаева (действующий президент) и Лариса Пак (член наблюдательного совета) вкратце рассказали об...
Подробнее / Дата размещения: 30.12.2013
 
Примите искренние поздравления с наступающим Новым годом!

В канун новогодних праздников примите искренние поздравления с наступающим Новым годом. Это удивительный и необычный день, когда, провожая один год, мы сразу же встречаем другой. И это очень символично, поскольку в этот день мы стремимся оставить в старом году все проблемы и заботы, а в новый забрать с собой хорошее настроение, победы и достижения! Уходящий год был насыщен важными событиями и свершениями. Пусть последние дни уходящего года подарят вам шанс исправить допущенные ошибки, простить обиды. Пусть грядущий новый год станет началом новой жизни - радостной, светлой, счастливой. Пусть он принесет с собою карьерный рост, повышение зарплаты, новые полезные знакомства...
Подробнее / Дата размещения: 25.12.2013
 
НАГРАДЫ КО ДНЮ НЕЗАВИСИМОСТИ
Недавно страна отметила главный национальный праздник – День Независимости Республики Казахстан. 15 декабря накануне этого важного события в областном центре городе Талдыкорган во Дворце культуры имени И.Жансугурова состоялось торжественное собрание, посвященное Дню Независимости РК. После просмотра фильма о социально-экономическом развитии Жетысуского края, аким Алматинской области Ансар Мусаханов, выступив с поздравительной речью, вручил государственные награды и почетные грамоты гражданам, отличившимся в разных сферах жизнедеятельности области...
Подробнее / Дата размещения: 20.12.2013
 
ГЛАВНЫЙ ПРАЗДНИК СТРАНЫ
В этот день был, увы, пасмурным, хотя буквально накануне выдался редкий по весеннему теплый день. «Вот бы такой сегодня» - сетовали илийцы. Дождливая погода естественно внесла свои коррективы в сценарий мероприятия, но люди, хотя и немного, несмотря на непогоду, спрятавший под зонтики пришли в центр Отеген батыра. Перед собравшимися выступили: аким Энергетического поселкового округа Нурдаулет Коким, преподаватель колледжа экономики и права Жадыра Аубакирова, заместитель управляющего директора ТЭЦ-№ 3 Марат Амир, преподаватель СШ№ 38 Валентина Захарчук. Они говорили об успехах нашей молодой республики, за последние двадцать...
Подробнее / Дата размещения: 20.12.2013
 
ВСТРЕЧА НУ С ВЕДУЩИМ ПРОИЗВОДИТЕЛЕМ ТАБАЧНОЙ ПРОДУКЦИИ
Налоговым управлением по Илийскому району Алматинской области был  проведен «круглый стол» с одним из крупнейших производителей на рынке табачной продукции ТОО «Филип Моррис Казахстан» с участием руководителя управления Кармандаевым К.С., финансового директора ТОО «Филип Моррис Казахстан» Кравчук Н. ТОО «Филип Моррис Казахстан» - ведущий производитель табачной продукции в Казахстане, доля которого на табачном рынке республики составляет 58,3 %.  Крупнейшая табачная фабрика не только в Казахстане, но и в СНГ, производит и реализует самый широкий ассортимент табачной продукции...
Подробнее / Дата размещения: 20.12.2013
 
Примите искренние поздравления с Днём Независимости Республики Казахстан!
В этом году мы отмечаем 22-ю годовщину независимости нашей страны. В масштабах истории 22 год - это лишь короткий промежуток времени, один из многочисленных эпизодов в цепи исторического развития. Однако, как утверждают социологи, 22 год - как раз именно тот период времени, который требуется для того, чтобы в самостоятельную жизнь вступило очередное, новое поколение людей. е молодые граждане нашей страны, кому сегодня 18-22 год, вряд ли помнят, каким был Казахстан накануне провозглашения независимости. По вполне понятным причинам у них нет и опыта участия в тех кардинальных...
Подробнее / Дата размещения: 16.12.2013
 
УМЕЙТЕ СЕБЯ ЗАЩИТИТЬ!
В Казахстане с 25 ноября по 10 декабря текущего года стартовала Республиканская акция: «16 дней без насилия в отношении женщин». Старший инспектор ПЗЖН Илийского РУВД капитан полиции Светлана Владимировна Нарымова рассказала о мероприятиях, проведенных накануне и в ходе акции.  Цель акции – ознакомление широких слоев населения с предупреждением и пресечением насилия в отношении женщин. На территории Илийского района согласно приказу начальника Илийского РУВД Беркинбаева Т.Б. была проведена отработка совместно с участковыми инспекторами полиции, сотрудниками групп по защите женщин от насилия.
Подробнее / Дата размещения: 16.12.2013
 
ГУ «Аппарат Илийского районного маслихата» объявляет конкурс
на занятие вакантной административной государственной должности
Ведущий специалист ГУ «Аппарат Илийского районного маслихата» – 1 единица, категория Е-5, на время отпуска по уходу за ребенком основного специалиста, размер должностного оклада 53172 тенге без учета выслуги лет на государственной службе.
Функциональные обязанности: Ведение бухгалтерского учета аппарата районного маслихата.
Требования к кандидатам: Образование – высшее или средне-специальное экономическое. Экономист, бухгалтерский учет и аудит, финансист.
Подробнее / Дата размещения: 04.10.2013
 
«Иле Саулет» -
команда архитекторов Казахстана!
4-5 октября на международной выставке «Атакент-Экспо» состоялся фестиваль архитекторов Казахстана.
Помимо отечественных градостроителей, фестиваль посетили гости из ближнего и дальнего зарубежья. Основной задачей фестиваля был обмен опытом и ознакомление новейшими строительными материалами и новшествами в области строительства.На открытии мероприятия с просьбой о поддержке ФК «Иле Саулет» выступил первый заместитель акима Илийского района Турымбетов Ерболат Сапарович. Просьба заключалась в том, что бы Союз Архитекторов РК взял под свое крыло «Иле Саулет» и стал генеральным спонсором.
Подробнее / Дата размещения: 18.10.2013
 
Как же сильно твое притяженье
О, моя дорогая земля!
Любовь к родине, высокое чувство патриотизма продемонстрировали воспитанники детско-подросткового клуба "Асем-ай"на творческом отчете, состоявшемся накануне Дня Конституции.У ДПКовцев есть замечательная традиция - вначале любого мероприятия чтить память погибших воинов, возлагая цветы у обелиска. В торжественной минуте приняли участие многочисленные гости: аким п.Боралдай Сулетаев Еркебулан Умиралиевич, директоры школ, заведующие дошкольными учреждениями...
Подробнее / Дата размещения: 18.10.2013
 
ОПАСНЫЕ ЯМЫ
Наши корреспонденты бывая в составе районных и поселковых комиссий по санитарной очистке и благоустройству, да и просто сами проходя по улицам фиксируют на фотокамеры множество неприглядных сюжетов нашего бытия. Это мусор, незакрытые канализационные колодцы, разбитые дороги, загаженные лесопосадки, трупы павших , сбитых машинами и неубранных животных, антисанитарию на стихийных рынках, переполненные мусорные контейнеры, и т. д, т. п.Редакция газеты, в помощь местным органам власти, службам ЖКХ, . в скорейшем выявлении и пресечении таких фактов, решила открыть специальную рубрику «Фото Око». В ней мы будем помещать фотографии «достопримечательностей» поселков и районного центра. К примеру, об этой не засыпанной (незакрытой) канализационной яме по улице Ашкеева...
Подробнее / Дата размещения: 18.10.2013
 
ЗА УКРЫВАТЕЛЬСТВО – К ОТВЕТУ
Зачастую граждане остаются недовольными работой сотрудников правоохранительных органов, что вынуждает их обращаться с жалобами в надзорный орган – в прокуратуру.Одной из основных причин повторных обращений является ненадлежащее рассмотрение заявлений и обращений сотрудниками правоохранительных органов.Вместе с тем, во исполнение поручения Главы государства в Алматинской области на постоянной основе ведется жесткая политика в отношении сотрудников силовых структур, проявивших бездействие по обращениям граждан. Так, в феврале 2013 г. прекращены в связи с актом амнистии уголовные дела в отношении сотрудника Талгарского РУВД по факту укрытия от учета преступления (по заявлению гр. Борщенко В. о нанесении последнему ножевого ранения), а также в отношении...
Подробнее / Дата размещения: 11.10.2013
 
УСТАМИ МЛАДЕНЦА ГЛАГОЛЕТ ИСТИНА…
Или что мешает сельчанам жить в чистоте…
В Алматинской области продолжается месячник, объявленный с 15сентября по 15 ноября по санитарной очистке городских и пригородных территорий. Месячником в Илийском районе не удивишь никого… Надзорные контролирующие органы СЭС и районный отдел ЖКХ ознакомили акимов всех округов с Постановлением акима района по проведению мероприятий по санитарной очистке. Еженедельно на аппаратном совещании глава района заслушивает доклады о проведенной в этом направлении работе.5 октября 2013 года совместно с руководителем отдела санитарно-гигиенического надзора УГСЭН по Илийскому району Дарибаевой Ж.Б., главным специалистом отдела ЖКХ Камалбек А., корреспондентом газеты «Іле таңы» был организован выезд по проведению санитарной очистки и благоустройства населенных пунктов в сельских...
Подробнее / Дата размещения: 11.10.2013
 
НАШ ПУТЬ РАЗВИТИЯ -БЛАГОПОЛУЧИЕ И СТАБИЛЬНОСТЬ!

В жизни нашей страны произошло очередное значимое событие - за историю Независимости разработана вторая доктрина. Первая - была принята в 2001 году в соответствии со Стратегией развития «Казахстан-2030», которая на сегодня реализовала свои задачи. Новая доктрина написана в соответствии со Стратегией развития «Казахстан-2050», в которой партия и филиалы определяют для себя новые методы работы и ставят новые задачи. Самая главная задача – укрепление независимости Казахстана. В доктрине четко указана, главная обязанность партии – работа на укрепление Независимости, так как все берет начало от нашей Независимости. Если бы не было Независимости, по большому счету, не было бы ничего – экономического развития, решения социальных проблем. ..

Подробнее / Дата размещения: 11.10.2013
 
«У ДЕТЕЙ НА УРОКЕ ДОЛЖНЫ ГОРЕТЬ ГЛАЗА!» считает победитель номинации
«Учитель года - исследователь» Марина Гейм
Весной этого года в селе Жетыген преподаватель из Отеген батыра Марина Гейм, выиграла районный конкурс среди учителей. И вот на днях она вернулась из Талдыкоргана где стала победителем областного конкурса в номинации «Учитель года – исследователь». С чем ее от души и поздравляем!Мы поспешили в школу-гимназию №38, где работает наша героиня, чтобы задать ей ряд вопросов.Всего было 22 претендента. В первом туре каждый делал презентацию, показал жюри свои творческие, педагогические наработки. Во втором туре была беседа с детьми на актуальную тему. Марине выпал билет «В искусстве слова - сила» и блестяще провела лекцию...
 
Подробнее / Дата размещения: 04.10.2013
 
ПУСТЬ МОРЩИНКИ ВАС НЕ СТАРЯТ
 
В Чапаевском округе прошел «День пожилого человека»Для акимата села Чапаево стало доброй традицией проведение Дня пожилых людей. Новый аким Бауржан Жумабаев, поздравляя собравшихся, сказал: Общение для ветеранов – это лучшая награда. Сегодня накрыт праздничный дастархан. Угощайтесь. Отдыхайте, общайтесь, веселитесь!Ведущая продолжала: «Пусть морщинки вас не старят, не коснется вас беда. Пусть природа вам подарит жизнь на долгие года!Директор средней школы №10 Елена Сапронова поблагодарила старшее поколение за долгий и самоотверженный труд на благо родного предприятия района, страны. И за воспитание детей, внуков...
Подробнее / Дата размещения: 04.10.2013
 
ИНФОРМАЦИЯ по «ПАРЫЗ 2013»

ГУ «Илийский отдел занятости и социальных программ» согласно утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 523 «Правила проведения конкурса по социальной ответственности бизнеса "Парыз" объявляет об организации работы конкурса «Парыз 2013». Конкурс по социальной ответственности бизнеса "Парыз" направлен на формирование и повышение субъектами частного предпринимательства своей корпоративной социальной ответственности перед обществом для дальнейшего улучшения благосостояния населения...

Подробнее / Дата размещения: 01.10.2013
 
Круглый стол
За государственными символами - судьба Казахстана

Недавно в районной библиотеке п.Отеген батыр состоялось совещание на тему: «Уважение государственных символов Республики Казахстан – основа становления казахстанского патриотизма» с участием представителей отдела внутренней политики, НДП «Нур Отан», работников райбиблиотеки, молодежи, представителей гражданского общества. Круглый стол был проведен в рамках осуществления государственных закупок «Услуги по организации и проведению общественно – политических, культурно – массовых мероприятий с населением района по пропаганде государственных символов РК и развитию казахстанского патриотизма».Целью круглого стола являлась пропаганда государственных символов в Казахстане, формирование уважительного отношения к государственным символам, консолидация гражданского...

Подробнее / Дата размещения: 27.09.2013
 
ЕСТЬ ЧЕМ ГОРДИТЬСЯ,ЕСТЬ К ЧЕМУ СТРЕМИТЬСЯ
Репортаж о Дне культуры и экономики Илийского района,городов Капшагай и Текели в Отеген батыре
Заместитель акима области Серик Муканов, принявший делегации Илийского района, Капшагая и Текели, напомнил, что Дни культуры и экономики, проходившие первые годы в Талдыкоргане, вначале проводил каждый район, потом объединили по два. Наконец, решили перенести их поближе на места, чтобы районам и городам было территориально удобнее и менее затратно проводить столь масштабное мероприятие. В целом, говоря об экономических показателях, Серик Муканов проинформировал аудиторию, что Алматинская область идет на подъем, валовый рост промышленной и сельскохозяйственной продукции из года в год растет. А если есть рост экономики, то будут соответствующие инвестиции в культуру. На сегодня...
 
 
Подробнее / Дата размещения: 27.09.2013
 
Обучающие семинары по курсу ''Электронное правительство'' и ''Электронные услуги''

С 9 июля по 30 сентября текущего года в Илийском районе проводятся обучающие семинары по работе с порталом электронного правительства – egov.kz. Специалисты будут рассказывать жителям района о том, как, к примеру, получить электронную цифровую подпись, и затем с ее помощью получать государственные электронные услуги.Бесплатные уроки длятся три часа, за это время слушатели получают как теоретические, так и практические знания. После прохождения программы участникам будут вручены свидетельства о прохождении курса...

Подробнее / Дата размещения: 24.09.2013
 
ПОДДЕРЖКУ ДЕЛЕГАТОВ КОНФЕРЕНЦИИ
ПОЛУЧИЛА НОВАЯ СТРАТЕГИЯ ПАРТИИ «НУР ОТАН»

На днях в селе Междуреченское в отремонтированном Доме культуры прошла 12 партийная конференция Илийского районного филиала народно-демократической партии «Нур Отан». К слову, Илийская организация одна из самых многочисленных в области и насчитывает в своих рядах более 10 тысяч человек. С докладом «О новых задачах НДП «Нур Отан» в рамках реализации «Стратегии Казахстан - 2050» выступил председатель районного филиала партии Бердаулет АбдулдаевС докладом «О политической доктрине партии «Нур Отан» Созидая будущее!» выступил первый заместитель председателя районного филиала Амзе Исаев. С разъяснением доктрины партии от Алматинского областного филиала...

Подробнее / Дата размещения: 20.09.2013
 
 «Дорога в школу»

В целях оказания поддержки и помощи школьникам из малообеспеченных семей по подготовке к началу учебного года и предупреждению неявки детей в школу 1 сентября по социальным причинам средняя школа №2 села Екпенды Илийского района ежегодно принимает участие в республиканской акции «Дорога в школу».В фойе школы был оформлен информационный стенд с информацией об учебниках, школьной форме, фонде всеобуча с указанием телефона горячей линии, правилами безопасного поведения по дороге в школу...

Подробнее / Дата размещения: 13.09.2013
 
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК - КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
 
 На днях в селе Междуреченское, в недавно отремонтированном Доме культуры прошел районный фестиваль «Государственный язык – казахский язык». Перед его началом собравшиеся посмотрели выставку национально-культурных центров и казахского народного творчества, ремесленничества.
 Выступая перед собравшимися участниками фестиваля, аким района Бердаулет Абдулдаев, в частности, наполнил слова Президента Н.Назарбаева из его Послания к народу «Стратегия Казахстан - 2050» новый политический курс состоявшегося государ-ства». Где в частности, было сказано что «Казахский язык – наш духовный стержень. Наша задача – развивать его, активно используя во всех сферах. Мы должны оставить......
Подробнее / Дата размещения: 13.09.2013
 
ДЛЯ УДОБСТВА ПОТРЕБИТЕЛЕЙ ГАЗА
На днях в поселке Боралдай, самом густонаселенном в Илийском районе, состоялось открытие нового офиса АО «Алматыгазсервис-холдинг». Объект расположен в микрорайоне «Водник-2» и представляет собой двухэтажное здание общей площадью более 400 кв. метров.На церемонии открытия присутствовали и выступили: аким Илийского района Бердаулет Абдулдаев, член Совета директоров, управляющий директор Булат Умралиев, депутат районного маслихата Валерий Син, председатель Совета ветеранов п.Боралдай Кошерхан ата Алимбаев, председатель Совета директоров АО «Алматыгазсервис-холдинг» ТОО «ISKER COMPANY» Василий Тен, а также советник акима области Талгат Умралиев. Все они подчеркнули важность данного события - улучшение качества услуг населению потребителей природного газа, численность коих из года в год растет. На сегодня число.....
 
 
Подробнее / Дата размещения: 13.09.2013
 
ОТЗЫВ Роза Абилова -председатель ОО «СГБ Болашак»

Для людей очень важно, что Доктрина была подготовлена на основе предложений членов рабочей группы, а также рекомендаций экспертного совета. Кроме того, в рабочем проекте документа нашли отражение идеи и предложения партийцев, которые можно было направлять в электронном виде.На мой взгляд, Доктрина, в первую очередь, нужна для того, чтобы еще раз определить наши общечеловеческие ценности. Это, по сути, конституция или стратегия развития партии. Во-первых, это свобода, во-вторых, справедливость, в третьих, это труд, верховенство закона, солидарность, семья и традиции. Каждый человек должен понимать...

Подробнее / Дата размещения: 09.09.2013
 
НОВЫЕ ЗАДАЧИ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ
появляются у современного поколения детей
 
Один из крупных и динамично развивающихся сельских округов Илийского района Алматинской области – Ащибулакский. Практически все основные вопросы, связанные с электроводоснабжением, автобусным сообщением с Алматы, тут давно решены, в село пришел природный газ. Единственная проблема – это отставание инфраструктуры из-за быстрого роста населения (за счет рождаемости и миграционных потоков). То есть еще больше инвестиций требует ремонт местных дорог, нет новых земельных участков под ИЖС, существует проблема с клубными, спортивными сооружениями, ..
Подробнее / Дата размещения: 09.09.2013
 
 Конституция - основной закон РК

Сегодня можно с уверенностью утверждать, что наша Конституция – это реально действующий закон. 30 августа 1995 года на всенародном референдуме была принята Конституция суверенного государства – Республики Казахстан. В отличие от прежней, Конституция 1995 года является более демократичной и совершенной.По Основному Закону, ни одной из ветвей власти, ни одному государственному должностному лицу не дано нарушать конституционные права и свободы гражданина и человека.Принятие нового Основного Закона было продиктовано жизнью, ведь демократическое правовое государство, которое мы строим, – это...

 
Подробнее / Дата размещения: 28.08.2013
 
Сквер ветеранов войны открыли в День защитника Отечества
 
Это событие в селе Караой приурочили ко Дню защитника Отечества и предстоящему празднованию Дня Победы. Рядом со зданием поселкового акимата находится сквер ветеранов войны, где с советских времен установлен обелиск с памятной доской жителям села, ушедших на фронт и не вернувшихся с полей сражений и умерших в послевоенные годы. Ежегодно 9 мая сюда приходят ветераны, труженики тыла, школьники, воины-афганцы, чтобы отдать дань уважения защитникам Родины и возложить цветы. Но время берет свое и любой объект ветшает, требует ремонта. В этом году это святое место руководство округа решило обновить. Территорию расшили , огородили, выложили брусчаткой, спилили сухостой, высадили сосны...
Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
68 лет Великой победе

В селе Караой площадь перед сельским Домом культуры с утра гудела, как улей. Играла музыка фронтовых лет, шла бойкая праздничная торговля, дымили мангалы с шашлыками, солдаты питомника служебного собаководства пограничных войск республиканского КНБ, демонстрировали бравую выправку.
Открывая митинг, аким Караойского сельского округа Виктор Поротиков сказал: «Все дальше время отделяет нас от Великой победы 1945 года. Практически нет дома в бывших республиках советского союза ,чью семью не затронула бы война. Сегодня Казахстан, уже будучи независимым государством ...

 
Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
Почему казахи не говорят по казахски?

Недавно в с.Байсерке в СШ №12 прошел второй районный фестиваль патриотической песни «Судьба страны – моя судьба». Первый, напомним, состоялся два года назад в селе Чапаево. Оба мероприятия были организованы районной организацией ветеранов войны в Афганистане совместно с районным отделом внутренней политики. Спонсорами выступили ветераны-афганцы. В качестве призов были планшет, DVD и т.д. За Гран-при победителю полагался ноутбук. Мы попросили одного из активистов общественности, ветерана войны в Афганистане, кавалера Ордена «Айбын» Алдажара Сейтулы поделиться...

Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
Фестиваль “Дыхание” музыки в танцах и песнях

Этот праздник ребята ждали с огромным нетерпением! Отдел занятости и социальных программ Илийского района( начальник Н.О.Куматаев) организовал для них фестиваль под названием «За гранью возможного» с одной целью – выявить талантливых детей, которые после победы, будут защищать честь района в области. Ах, как переживали в минуты, пока шел творческий конкурс социальные работники, родственники всех участников в актовом зале средней школы №.7 п. Отеген батыр! Для бабушки Айвазова Мухамедали и Абдулазиза, спевших без акцента на казахском языке, Жанат Башировны и всей многочисленной родни их выступление, открывшее праздник, снял на камеру их любимый дедушка Асланов Айваз Ибрагимович.

Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
Что для меня Казахстан?

 
Ой, какой непростой вопрос вы задаете! И разве можно на него ответить кратко? Тут статьи мало, а Вы: «Пару предложений!» Казахстан для меня - родина, а родина, как и мать, единственная. Если Россия ассоциируется с березками, с гармонью, балалайкой, то Казахстан, это бескрайние, ковыльные степи и звуки домбры. Где бы ты ни был, где бы не гостил - в России, в Украине, в Балтии, - ты всегда помнишь, откуда ты родом и все сравниваешь там: людей, их поведение, культуру, цены, уровень жизни, одежду, кухню. Когда я выезжаю за пределы страны, я всегда скучаю по родному Семиречью...
Подробнее / Дата размещения: 14.04.2013
 
Дарим весь мир тебе, Мама!

Здравствуй, читатель! Накануне Международного женского праздника Дня 8 марта наша редакция получила замечательные письма от вас о ваших мамах. В строчках о самом дорогом человеке вы выразили к своим мамам нежность, переживания, благодарность за все, что она сделала для вас. Французский писатель О.Бальзак так отозвался о матери: «Сердце матери – это бездна, в глубине которой всегда найдется прощение». Какие мудрые слова!

Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
Интернетное счастье

апахло весной, в легком дуновении ветерка чувствуется приближение солнечных дней и любви...
Накануне женского праздника - Дня 8 Марта корреспондент газеты посетила начальника отдела управления юстиции Илийского района Кашееву Бахыткуль Бахриденовну. Бахыткуль Бахриденовна связала узами брака огромное количество влюбленных! Каждый раз, обращаясь к молодоженам, она искренне желает им светлой любви на протяжении всей жизни, позже, поздравляет счастливых молодых родителей с первенцами. На ее глазах зарождаются новые семьи
...

Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013
 
Любите свою страну не словом, а делом

или как зарождаются общественные советы в аулах Недавно в комплексе «Нурали», что на центральной улице села Туймебаево, под эгидой партии «Нур Отан» собрались депутаты районного маслихата, общественники, активисты, председатели уличных комитетов, аксакалы. Посмотреть на работу Ащыбулакского общественного совета, перенять опыт, приехали акимы и специалисты других сельских округов. Собрание было несколько необычным: тут не было привычных нам трибун, президиума, заготовленных выступлений...

Подробнее / Дата размещения: 17.05.2013