БАСТЫ

 
 
 

ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

30.12.2016

 

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Теріс пиғылды ұйымдарға алданып қалмау үшін терроризм мен экстремизмнің жолын кесуде үгіт-насихат жұмыстары аса қажет. Әсіресе, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет-ақ. Осы мақсатта «Экстремизм және терроризм: пайда болу себептері мен негізгі сипаттамалары» тақырыбында №10 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларымен семинар өткізілді. Семинарға округ әкімдігі, қоғамдық кеңес, Ардагерлер және Әйелдер кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі қатысты. Семинар барысында дінтану пәнінің мұғалімі А.Адильбекова презентация арқылы «Экстремизм және терроризм: пайда болу себептері мен негізгі сипаттамалары» тақырыбында баяндама оқып, семинарға қатысушыларды «экстремизм», «терроризм» ұғымдарымен таныстырып, олардың пайда болу себептері мен негізгі сипаттамаларына, елімізде тыйым салынған діни ағымдарға тоқталды. Сонымен қатар семинарда бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды.
Округ әкімі Б. Жумабаев оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөніндегі алдын алу бағытында түсіндірме айта отырып, мектеп түлектеріне өзінің ізгі тілектерін, ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ, Әйелдер кеңесінің төрайымы Б. Атамқұлова жастардың жат ағымдардан аулақ болуына және білімді, инабатты жеке тұлға ретінде қалыптасуларына тілегін білдірді.