БАСТЫ

 
 
 

АЩЫБҰЛАҚ

24.01.2017

 

19.01.2017 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаевтың халық алдындағы жылдық есеп беру жиыны Көкқайнар ауылы, №29 орта мектепте өтті. Дәстүрлі жиынға аудандық қаржы бөлімінің басшысы Қ.Бөпетаева, аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаева, округтің мекеме басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Округ әкімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстарында ерекше аталып өткен округке тиесілі облыстық жолдардың жөндеу жұмыстарына, Астана көшесінің толық ауыз сумен қамтамасыз етілгені үшін, Новобережная көшесінде жаңадан орнатылған электр жарық бағаналар үшін алғыс білдірілді.
Округ әкімі тұрғындардың орнынан берген сұрақтарына нақты және толығымен жауап берді.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары Новобережная және Строительная көшесінде су мәселесі қиындық туғызып тұрғандығын айтты.
Округ әкімінің есебіне бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берді.