Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 02.03.2016

Өткен аптада аудан бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік автопоездың жиыны Боралдай кенті мен Междуреченск ауылында болды.
Жиынның басты мақсаты Іле ауданы бойынша 2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты Жолдауын насихаттау.
Яғни, аудандық әкімшілік аппараты және аудандық әлеуметтік саладағы бөлімдер өздерінің тың жаңалықтарымен және жұмыс жасау бағыттарын халықпен таныстырды. Мемлекет тарапынан жаппай халықтың қолданысына берілген бағдарламалардың мүмкіншіліктерін жиналғандарға кеңінен түсіндірді. Соның ішіндегі ең тың әлеуметтік бағдарламалардың бірі білім саласындағы «Серпін - 2050» бағдарламасын айтуға болады.
Елімізде 2014 жылдан бастап «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның мақсаты - еңбек ресурстарының артықшылығы бар еліміздің оңтүстік өңірінің Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары жастарын, кадрлар жетіспей отырған аймақтарда - Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстанда оқытып, жұмысқа орналастыру. Айырмашылығы сол оңтүстіктен аталмыш аймақтарға барған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілетін болды. Жатақхана, оқыту тегін. «Серпін - 2050» әлеуметтік бағдарламасы туралы толық ақпаратты http://serpin.kz/ сайтынан білуге болады.
Басқа да әлеуметтік көмектер, мәселен зейнеткерлерге арналған «Қазпошта» АҚ клиенттердің зейнетақы шотына қаражаттың түскенін немесе алынғаны жайлы хабарламаны SMS арқылы жіберу қызметін іске қосқанын мәлімдеді. Яғни, шотта қанша ақша қалғаны туралы білу үшін қарттар ары-бері сандалмайтын болды. Қызмет бойынша қаражаттың түсетін күндері мен сомасын және барлық шығындарды қадағалауға мүмкіндік жасалған. «Бұл сервис клиенттердің шоттарына алаяқтарға жол бермеуге және біздің қызметтермен пайдалануды анағұрлым ыңғайлатуға арналған» - дейді аудандық «Қазпочта» басшысы Р.Мейірова. Қызметті қосу үшін, «Қазпошта» бөлімшесіне жеке куәлікпен келіп, ұялы телефон нөмірін айтып, SMS арқылы «Қызмет қосылды» деген растауды қабылдау керек. Қызметпен қолдану тегін.
Осындай жаңалықтарымен әр бөлім басшылары округтердің барлығын аралап халыққа көзбе-көз әңгімелеп жеткізді.