Жуырда әуе шабуылына қорғаныс әскерлері басқармасында полковник Мұрат Қайырбекұлы Бекпаевты зейнетке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді. «Отан – оттан ыстық». Отан ең қастерлі ұғым екені айтпасада түсінікті. Өз өмірін Отанға арнаған полковник М.Қ.Бекпаев әскери қызметін Кеңес Одағы кезінен бастаған, яғни 1986 жылдың тамыз айында Армавир жоғары әскери ұшқыштар дайындайтын оқу орнына түсіп, оны 1990 жылы үздік бағалармен аяқтап, лейтенант шенін алып шығады. Қарулы Күштерінде өз қызметін 1990 жылы Алакөл ауданының Үшарал қаласында орналасқан 55748 әскери бөлімінде ұшқыш лауазымынан бастап, зейнетке дейін 70822 әскери бөлімі бас штаб бастығының орынбасары – жедел кезекшісі лауазымдарын атқарған. Жұбайы Аян Ерқасынқызымен екі ұл, бір қыз тәрбилеуде. Жиырма сегіз жыл айтуға оңай болғанымен, полковник М.Қ.Бекпаев әскери өмірдің қиында қызық кезеңдерін бастан кешіріп, жүздеген жас офицерлерді Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, кәсіби тұрғы да қалыптасуына өзінің зор үлесін қосты. Іс-шараның өткізілу мақсаты, біріншіден полковник М.Қ.Бекпаевқа еңбегіне лайық құрмет көрсету болса, екіншіден жас әскери қызметшілерді Отан сүйгіштікке және патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамнаң аман-саулығының қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Нұрланұлы Мұқанов полковник Мұрат Қайырбекұлы Бекпаевты зейнетке шығуымен құттықтап, Қарулы Күштерінде атқарған ерен еңбегіне жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде полковник М.Қ.Бекпаев басшылармен жеке құрамға деген ризашылығын жеткізіп, жас офицерлермен әскери қызметшілерді елін, жерін қорғайтын нағыз азамат болуға шақырды.
|