2017 жылдың 19 мамыр күні Өтеген батыр кентінде орналасқан №24 лицей спорт залында Спорт нашақорлыққа қарсы мақсатында «Шұғылданған спортпен әкем, анам және мен» атты аудандық жанұялық іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 7 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша І орын Энергетический ауылдық округінің «Бірлік» командасы, ІІ орын Байсерке ауылдық округінің «Болашақ» командасы, ІІІ орын Байсерке ауылдық округінің «Медведь» командасы және Боралдай кентінің «Сұңқар» командасы ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар І орынға қол жеткізген Энергетический ауылдық округінің «Бірлік» командасы ағымдағы жылдың 25-28 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін «Шұғылданған спортпен - әкем, анам және мен» атты облыстық жарысқа қатыстырылады.


|