БАСТЫ

 
 
 

Бірыңғай Ұлттық тестілеу

15.05.2017

 

Білімді ұрпақ қашанда ел болашағы ғой. Бүгінгі аппарат жиналысында 2017 жылғы Бірыңғай Ұлттық тестілеу туралы кеңінен сөз қозғап әрі аудандық білім бөлімінің дайындығына көңіл бөлінді. Негізі ауданымызда жылда екі-үш жаңа мектеп салынады. Аудан көлеміндегі барлық 39 мектепте заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Ғаламтор желісі тартылған. Деседе Осы ҰБТ-ға келгенде ақсап жатқан жағдайымыз бар. Биыл 1050 түлек ҰБТға қатысады оның 57 -сі "Алтын белгіге" үміткер, 18 "Үздік аттестат" алады деген сеніміміз бар. Ал ҰБТ-ға дейіңгі балаларымыздың білім деңгейі орташа баллы 78 пайызды көрсетіп тұр. Бұл біздің аудан үшін өте төмен көрсеткіш деп есептеймін. 39 мектептің 7 -інде 11 сынып оқушылары болмағандықтан ҰБТ-ға қатыспайды дегеннің өзінде 11 мектебіміздің ҰБТ-ға дейіңгі бақылауда 65 пен 72 балл көрсетіп отыр. Бұл мектеп басшыларының біліктілігінің төмендігі деген шешімге келдім. Барлық мектептің материялдық базасы өте жақсы. Ешқандай заттан таршылық көріп отырған жоқ. Үкіметтен миллярдттаған қаржы бөлінеді. Екінші мәселе мектептерде ата-аналардан ұсақ түйекке ақша жинау мәселесі тұр. Ата-анадан мектептегі кабинеттерді сырлауға және шаруашылық заттар алуға тиым саламын. Біздің алға қойған мақсатымыз баланың мектептен алатын білімінің сапасы. Дамыған 30 елдің қатарына ілігу үшін өскелең ұрпаққа білім сапалы берілу тиіс. Осы нәтижелерді сараптай келе өте төмен балл алған мектеп басшыларына қатаң ескерту бердім. Іле ауданы Алматы облысы бойынша ең үздік үштіктің қатарына енуі керек.