БАСТЫ > 

 
 
ХXI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ 05.10.2017

       

          2017 жылдың  21 қыркүйек күні  Өтеген батыр кенті, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық  филиалының кезектен тыс ХXI  конференциясы өтті. Конференция жұмысына  «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Е.Тұрымбетов, Іле аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Р.Абилова, партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері  қатысты. Күн тәртібінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласымен қатар, Іле аудандық мәслихаттағы шығып қалған  депутаттың орнына кандидат ұсыну туралы. Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXI Конференциясына делегаттарды ұсыну жөнінде ауқымы кең мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының өзектілігі, маңыздылығы жайлы айтып, мақаланың жергілікті жерлерде кеңінен талқыланып, аудан бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны жайлы тоқталды. Баяндамадан соң, мандат комиссиясының төрайымы, аудандық кітапхана директоры, партия тобының  жетекшісі М.Жабиева мандат комиссиясының баяндамасын оқыды. Күн тәртібіне сәйкес жарыссөзде  аудандық партия филиалының Саяси кеңес  мүшесі, «Күрті» бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі Д.Өгізбаев, партия мүшесі, Қараой ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Нұрбекова, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі, Джиу-джит-судан Азия чемпионы Н.Орынбасаров сөз сөйлеп, «Рухани жаңғыру» мақаласын барлық жерлерде кеңінен талқылап, қолдау көрсетіп отырғаны, елдің рухани жаңаруы – ел өркендеуінің кепілі екені жайлы айтып, атқарылып жатқан  шаралар жайлы айтты.

Конференцияның күн тәртібіндегі қаралған 1- мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе - Іле аудандық мәслихаттағы шығып қалған депутаттың орнына  ұсынылған кандидат жайлы  аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов таныстырды. Дауыс беру нәтижесінде  ұсынылған кандидат «Максдорстройсервис-21» ЖШС бас директоры А.Б.Скоропадскийдің кандидатурасы бекітілді. Бекітілген кандидат 2017 жылдың 29 қазандағы  аудандық мәслихат депуттаттарының сайлауында біз дауыс беру үшін «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі атынан адандық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсынылатыны жайлы айтылды.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов сөз сөйлеп, облыстық конференцияға қатысатын делегаттар тізімімен таныстырып, 2017 жылдың 22 қыркүйек күні Талдықорған қаласы, Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXI конференциясына қатысатыны жайлы айтылды. Дауыс беру нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық кезектен тыс XXI конференциясына баратын 5 делегаттың тізімі бекітілді.

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс ХXI конференциясының күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралды және қаулылар қабылданды.

 

«Нұр Отан» партиясы

Іле аудандық филиалы