Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар
Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз тарихымызды, мәдениетімізді бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.
Н.Назарбаев
Елбасы Н.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы ұлт тарихындағы жаңа бір белес, ерекше жаңалық. Бұл мақалада қазақ халқының сан ғасыр аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындарды, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат - үміті тізіліп көз алдымызға келгендей сезіледі. Бүкіл қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің үні құлағымызға саңқылдап жеткен секілді. Елбасы ең алдымен бәсекелестікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр. Қазақ халқы үшін бұл бүгінгі таңда ең басты талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасырға, жаңа заманға қарай тез қарқынмен зымырап, бет алудамыз. Ендігі жерде кім өз жұмысын беріліп жасайды, соның жолы болады, байлыққа, табысқа кенеледі. Сол халықтың жұлдызы жанады.
Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойған маңызды бағыты - прагматизм. Елбасы "Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз қажет" дейді. Соған орай, " Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағыдаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес" деп атап көрсетті. Кез келген халық өсіп-өну үшін заман ағымына ілесіп үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы тиіс. Егер елбасының осы екі ауыз сөзі жүзеге асса, онда біз дамыған, ең мықты халықтардың қатарына кіретін едік.
Елбасы Н.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы елім, жерім деп шырылдаған азаматтың шын көңілінен шыққан шығарма деп білемін.
Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Абай атамыздың “Адалдыққа ешнәрсе жетпейді" деп айтқан сөзі бар. Біздің елімізге, жерімізге деген адалдығымыз, ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз арта беруі керек. Ешқашанда ақша қумауымыз қажет. Елдің имандылығын, татулығын, тұтастығын, бірлігін, ту етіп, биікке желбіреткен жөн. Құдайға шүкір, дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Енді біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Ол үшін бірлік, білім мен еңбек қажет.

Дана БЕКБОЛАТОВА
11 "А" сынып оқушысы
№19 орта мектеп.
|