«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы 1 қазан - қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында ардагерлерге арнап салтанатты қабылдау өткізді. Кездесуге алдыңғы буынмен бірге қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері де қатысты.
Алдымен жиналғандарды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков құттықтап, Елбасының Жезқазған жерінде берген сұхбатының бейнежазбасын тамашалауға шақырды.
Үлкенге де, кішіге де ой салған Елбасының сұхбатын көпшілік ұйып тыңдады.
Мұнан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сыдық, еңбек ардагері Ж.Жексембинов, грек ұлттық мәдени орталығының мүшесі Г.Путтахиди, жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Ауданбаев және басқа да азаматтар құттықтау тілектерін жеткізіп, «Нұр Отан» партиясына алғыстарын білдірді. «Талдықорған әуендері» ансамблінің өнерпаздары ардагерлерге ән-жырларын ұсынды.
|