Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ӨТКЕНДІ САРАЛАП, БОЛАШАҚА БАҒДАР ЖАСАЛДЫ 31.05.2016
        
    «Нұр Отан» Іле аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Өтеген батыр кентінің «Энергетик» бастауыш партия ұйымының №24 лицейі партиялық тобының мәжіліс залында «Жетіген», «Байсерке», «Денсаулық», «Энергетик» және «Күрті» бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына, цехтық партия ұйымы және партиялық топтарының жетекшілеріне аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетовтың төрағалығымен семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар кеңесте бастауыш партия ұйымдарындағы партия қатарына қабылдау, партиялық есепке алу, шығару тәртібі, партиялық мүшелік жарналарды жинау, партия топтарын құру мәселелері жайлы сөз қозғалды.
Аудандық партия филиалының атқарған және жоспарланған идеологиялық жұмыстарына мониторинг жүргізу арқылы талдау жасап, әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелікті «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Т. Бірімжанов кеңінен атап таныстырды. Негізгі мәселе партияның 4 ай ішінде аудан көлемінде жүргізген идеологиялық жұмыстары жайында болды.
Осы уақыт аралығында жаңа мәслихат депутаттарының фракциясы құрылып одан 5 комиссия тобы құрылған. Оларға Мемлекеттік Ұлттық қордан бөлінген қаржыға салынып жатқан ауданымыздағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және Алматы-Қапшағай жол құрылысын бақылау тапсырылған. 9 партиялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарының маңыздылығы қадап айтылды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы бірнеше саяси кеңесі бюросының отырысын, конференциялар мен аудандық партия бастауыш комиссиясының отырыстарын өткізген.
Аудандық мәслихаттың 18 депутаты және мемлекеттік мекеме басшылары 41 қоғамдық қабылдау өткізіп, соның 13 оңтайлы шешім шығарған.