Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған. Бірлігі мен тірлігі жарасып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған елімізде 130-дан астам аса ұлт өкілдері бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан қазақ жерінде бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғыртып келеді. Оларды өз тілі мен діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сақталып, оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасалып отыр. Мұның бәрі ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көреген көшбасшылығының арқасы.
«Бірлігі мықты ел озады», - дейді дана халқымыз. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
«Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады», - деген даналық сөз бекер айтылмаған. Олай болса, ынтымағы мен бiрлiгi жарасқан елiмiздiң көк байрағы көкке желбiрей берсiн! Тәуелсiз елiмiз жайнап, гүлдене түссiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы, ауданымыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық бірлік мәңгі жасай берсін!
Қ.МЕДЕУОВ,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.
|