БАСТЫ > 

 
 
ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 22.01.2018

                    

  

«Денсаулық – зор байлық» деп халық айтқандай, дені сау ұлт табысты болашақтың кепілі. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы денсаулық саласын да дамытуға бағытталған. Мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр.

Жолдаудың жетінші бағытында адами капитал – жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда үздік денсаулық сақтау ісі, дені сау ұлт, қазіргі кезде халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне, медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс та арта түсуде. Осыған байланысты бүгінгі күнгі өзекті, маңызды мәселелер Жолдауда орынды қамтылғандығы медицина саласы өкілдерін қуантып отыр.

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау және нығайту керектігі, сондай-ақ онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталықтар құру қажеттігі де баса айтылды.

Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғарғы тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс деп көрсетті. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен көшетіні жайлы да нақты айтылған. Сондай-ақ сапалы кадр мамандарды даярлау ісін де үлкен мән беріліп отыр.

Мұның бәрі ұлттық маңызы бар шаралар әрі уақыт талабы екені сөзсіз. Себебі саламатты өмір салтын сақтау, денсаулықты күшейтуге атсалысу – біздің басты міндетіміз болып саналады. Осыған орай, Жолдауға қолдау көрсете отырып, біздің қызметкерлер Елбасының Жолдауында айтылған осы міндеттер мен талаптарды қолдай отырып, аудан бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге және денсаулық сақтау саласында іске асыруға атсалысатын боламыз.

 

М. ЕГЕМБЕРДИЕВА, «Іле аудандық орталық ауруханасының»

директоры, аудандық мәслихат депутаты