Басты  - Іле ауданы әкімінің ЕСЕБІ
 

 
 
 
Іле ауданы әкімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдындағы
ЕСЕБІ
11.01.2016

2015 жылдың қорытындысы ауданның әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өсуі тұрақты екендігін дәлелдейді. 11 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 120,8 млрд.теңге түсті. Бұл жоспар бойынша 83 пайызы. Жергілікті бюджетке 56,8 млрд.теңге түсті. Ол жоспардың 86,6 пайызын құрады.
Аудан бюджеті шығыс бойынша 97,7 пайыз болып, 14,6 млрд теңге игерілді. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 46,0 млрд. теңге (ИФО – 105,3) болды. Ауылшаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 67672 гектарды құрайды. 2014 жылғымен салыстырғанда егістік алқабының көлемі 500 гектарға (2014 ж. – 6000 га), суармалы жер 50 гектарға, тамшылатып суару 8 гектарға (150 га) көбейді. Өткен жылы жаңа технологияларды пайдалану есебінен егін жинау науқаны ойдағыдай аяқталып, барлық жоспарланған көрсеткіштер орындалды. Жүгері өндіру 102, 9 пайызға, картоп - 101,4 пайызға, бау-бақша өнімдері 101, 7 пайызға, көкөністер 101,3 пайызға жетті. Аудан бойынша 65 942 тонна дәнді дақыл 33 041 тонна жүгері дақылы өндірілді.
Қой, ешкі және үй құстарының саны қөбейді. 65 618 тонна ет, 55 354 тонна сүт, 398,7 тонна жүн өндірілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 95 бас малы бар 2 фермалық қожалық ашылды, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалық 57 млн.теңге көлемінде несие алып, 100 бас малға арналған ферма ашса, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша тағы бір қожалыққа 240 бас қой сатып алынды. Сонымен қатар үш шаруа қожалығына су құбыры тартылды. 2015 жылы 50 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, онда 128,5 млн.теңге көлемінде өнім сатылған. 159,1 млрд. теңге өнеркәсіптік өнім өндіріліп, өнім көлемі 91,8 пайызды құрады.
Қайта өңдеу саласы бойынша 146,0 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу 57,2 пайызды құрады. Ауданымыз тауық етін, темекі өнімдерін, қағаз қапшықтары және гофрокартон мен шыны ыдыстарын өндіруде алдыңғы орында келеді. 16 өндірістік нысан қолданысқа берілді. 3 өндірістік нысан кеңейтіліп, қосымша 758 жұмыс орны ашылды.
2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ауданымыздағы барлық өндіріс орындары мен серіктестіктер ИСО халықаралық стандарттар жүйелік менеджментіне енгізілді. Ауданымызда мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүзеге асып, құны 6,9 млрд.теңге болатын және 270 жаңа жұмыс орны бар 2 жоба іске қосылды. Олар «Абди Ибрагим Глобал Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фармацептикалық зауыты мен алюминий профильдерін шығаратын.«Алюминий офф Казахстан» зауыты.
2015 жылы 24 жұмыс орны бар, құны 2,8 млрд теңгені құрайтын тағы бір жаңа жобаның іске асуы жоспарлануда. Кіші кәсіпкерлік саласындағы нысандар саны 9129 бірлікті құрады. Бұған 26562 адам тартылды. Ол экономикалық белсенді тұрғындардың 26,6 пайызын құрайды. Олар өндірген өнімі 108,5 млрд. теңгені құрады. Бюджетке 7,8 млн.теңге салық түсті.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасымен 2015 жылы 19 жоба мақұлданып, 1,8 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде 11 жобаға 681,1 млн.теңге субсидия берілді. Кепілденген несие бойынша 3 жобаға 170,8 млн.теңге, жетпеген инфраструктура жүргізуге арналған 5 жобаға 924,3 млн. теңге бөлінді.
2015 жылы 11 айда негізгі капиталдың инвестиция көлемі 47,3 млрд. теңгені құрап, жалпы көлем индексі 95,7 пайызды құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі 33,1 млрд.теңге немесе оның 70 пайызы бюджеттен тыс қаражат арқылы игерілді. (кәсіпорындар мен ұйымдардың және тұрғындардың қаржысы – 27,6 млрд. теңге, қарыз ақша – 4,5 млрд.теңге, банк несиесі – 1,0 млрд, теңге ) Бюджет инвестиция 14,2 млрд. теңгені немесе 30 пайызды құрайды.
2015 жылдың 11 айы ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 20,9 млрд. теңгені немесе 95,8 пайызды құрады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жеке қаржы есебінен 74,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 128,8 пайызға өсіп отыр.

2012 жылдан бері құны 19,9 млрд.теңге тұратын «Алматы - Талдықорған» магистральдық газ құбырының құрылысы жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталмыш жоба Күрті округінің 6000 мың тұрғыны бар Ақши ауылын газбен қамтамасыз ететін болады. Алматы - Қапшағай магистральды газ құбырының құрылысы біткен соң Жетіген округі толық газдандырылмақшы. «Алматы - Байсерке - Талғар» газ құбыры магистралінің құрылысы аяқталып, ұзындығы 64,4 шақырым болатын газ құбыры салынды. «Алматы - Байсерке - Талғар» магистральды газ құбыры құрылысының жобасын жүзеге асыру 47 мың тұрғыны бар 4 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ауданымыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1249 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық жол 222 шақырым болса, облыстық және аудандық жол 1027 шақырым. 2015 жылы автокөлік жолдары мен қоғамдық жолдарды жөндеу жұмыстарына 1,01 млрд. теңге бөлінді.
Мемлекеттік даму және интеграциялық инфраструктураны дамыту бағдарламасы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Алматы - Өскемен», «Үлкен Алматы айналма жолдарын» салу жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. 2015 жылы аудан көлемінде 11,8 шақырымға күрделі жөндеу, бүгінгі күні 61 шақырымға күнделікті жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Автокөлікпен 11 ай ішінде 20,9 млн.тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдау 2014 жылмен салыстырғанда 104,1 пайызға, жолаушыларды тасымалдау 109,2 пайызға жетіп отыр.
«Ақбұлақ» бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған бірінші кезеңін іске асыру аясында 8 нысанға ауыз су тарту үшін 998,4 млн.теңге қажет болды. Қорытындысында 6 елді мекен ауыз сумен толық қамтамасыз етілмек. 2015 жылы Жетіген ауылындағы екі нысанда жұмыс жүргізіліп, бұған 287,9 млн. теңге жұмсалынды. Аудандағы 31 елді мекеннің 30-ы (96,9 пайызы) орталықтандырылған су құбыры арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Ауыз суды Күрті ауылы ғана тасымалдап ішіп отыр.
Ауданды жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу құбырының ұзындығы 33,7 шақырым оның 12 шақырымы магистральды, 21,7 шақырымы ішкі кварталды болып бөлінеді. ТЭЦ және қазандықтар арқылы орталықтандырылған жылу тарату магистралімен Өтеген батыр кенті, Чапай ауылы, Боралдай кенті және Көктерек ауылы қамтамасыз етіледі. Ауданда жалпы 11 жылу қазандығы бар. Оның 9-ы табиғи газбен, 2-і көмірмен жылытылады.
Электр қуатымен қамтамасыз ету 99,9 пайызды құрайды. Тарату желілерінің саны 36,3 мың шақырым, қосалқы станция - 9 бірлік, трансформаторлы қосалқы станция - 997 бірлік. 2013 жылы елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердегі 27 жаңа құрылыс ауылдарының жобалық-сметалық құжаты дайындалып жұмыстар атқарылды. Бұған кеткен жалпы сома 2,1 млрд. теңгені құрады.
Ауылдағы елді мекендерге электр жарығын таратудағы мәселе бойынша сапалы жұмыстар жүргізіліп, 9 жаңа жобаға қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде 2014 жылы Междуреченск, Екпінді, Комсомол, КазЦИК, Төле би, Ынтымақ, Әли, Көктерек, Жаңадәуір елді мекендеріне жарық тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы тағы да 9 нысан электр қуатымен қамтамасыз етілді. Олар: Чапай ауылындағы Селектр, Остров, Доскеева шағын аудандары мен Жәпек батыр, Әли, Көктерек, Түймебаев, Жаңаталап, Қоянқұс ауылдары.
Халықтың тұрмысын жақсарту бағыты бойынша халықтың жұмыссыз топтарын жұмысқа орналастыру және аз қамтамасыз етілген тобын әлеуметтік көмектермен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» және Іле ауданының 2011 - 2015 даму бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.
Экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 102,1 мың адам. Бұл 2014 жылғымен салыстырғанда 13,9 пайызға артық. 2014 жылы ол 97,9 мың адам болған. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндердің үлесі 28,69 пайыздан 27,0 пайызға азайды.
Орталыққа өтінішпен келген 2700 адамның 2217 адамы жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 82 пайыз болды.
Жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмыс орындарына 500 адам жіберілді. Оның ішінде әлеуметтік ортаға 74 қайта даярлыққа 80, жұмыссыздар мен жастар тәжірибесіне 157 түлек орналасты. 4 рет бос орындарды ұсыну жәрмеңкесі өтті. Оған 56 жұмыс орындарын ұсынушы өнеркәсіп пен ұжымдар қатысты.
2015 жылы әлеуметтік қорғау мақсатында 9571 адамға 183 мың теңге көлемінде көмек берілді. Оның ішінде әлеуметтік көмек ретінде тұрмысы нашар отбасындағы 3644 адамға 72,2 млн.теңге және мүмкіндігі шектеулі 119 адамға 4,3 млн.теңге қаражат бөлінді.
Өткен жылы 565 отбасына 19,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп тұрғын үймен қамтылса, 35 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметн төлеуіне 2,4 млн.теңге бөлінді.
Жыл сайын ауылдық елді мекенде тұратын білім, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерге бес айлық көрсеткіш (8655 теңге) бойынша қыстық отын алуларына көмек ретінде беріледі. Осындай көмекті 35,7 млн.теңге көлемінде 3600 адам алды. Әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың 15 баласы Алматы облысы әкімінің грантымен жоғары оқу орындарында оқып жүр.
Жұмыспен қамту бөліміне келіп өтініш білдірген 40 мүмкіндігі шектеулі жандардың 12 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 1, кәсіптік оқуға 2, қоғамдық жұмысқа 15 адам жіберілді. «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 53 адам шағын несие алып жеке кәсіптерін ашты. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік қорғау, қаржылай көмек көрсету соммасы артуда. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыруға 51,3 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар ақысыз емдеу сауықтыру санаторийіне 20,7 млн. теңге, жүріп тұру мен қамсыздандыру бойынша 3,8 млн.теңге, протездік ортопедиялық көмекке 5,2 млн.теңге, тифло құралған 2,5 млн. теңге, сурдоқұралдарға 3,5 млн. теңге, гигиеналық заттарға 15,6 млн. теңге берілді Гигиеналық құралды 330 адам алды. Сауықтыру емделу орнында 230 адам демалса, мүгедектер арбасын 62, протездік ортопедиялық көмекті 86, тифлоқұралды 42, сурдоқұралды 72 адам алды. Төсекте таңылып жатқан 60 мүгедек жандарға қарайтын жеке көмекшілерге 12,7 млн.теңге және 1 сурдо аудармашыға 0,8 млн.теңге бөлінді. Жүріп-тұруға халі келмейтін балаларды оңалтуда үш кабинет жұмыс жасайды. Онда жыл сайын 137 бала қаралып, оңалтуға арналған ем қабылдайды. 2 әлеуметтік бөлімше бойынша үйде жүріп-тұруына қиын 137 балаға, 1-2 топтағы 18 мүмкіндігі шектеулі жандарға, 205 жалғыз басты қарттарға арнайы әлеуметтік көмек берілді.
Соның нәтижесінде арнайы әлеуметтік көмек өткен жылғыдан салыстырғанда 92,3 пайыздан 93,7 пайызға дейін артты. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласының бюджеттік қоры 2,3 млрд.теңгеден 2,8 млрд. теңге көлемінде өсті.
Ауданда 31 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі бар. Онда 520 дәрігер, 1077 медбикелер қызмет атқарады. Статистика көрсеткіші бойынша 10 мың тұрғынға 27,3 дәрігерден, 56,6 медбикеден келеді.
89 млн.теңгеге 2 санитарлық автокөлік, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету 80,0 пайызды құрады. Ал, ескірген медициналық құрал-жабдықтар деңгейі 80 пайыз болды.
2014 жылғымен салыстырғанда бала туу 10,3 пайызға төмендеген. Сонымен қатар нәрестелердің өлімі азайып, ол 4,7 пайызды көрсетіп тұр.
Білім бөлімінің де бюджеті 2015 жылы 11,2 млрд.теңге көлемінде өсті. Ол 2014 жылғымен салыстырғанда 23 пайызға артқан.
2015 жылы 4 орта мектептің құрылысы аяқталып, халықтың қолданысына беріліп, үш ауысымдық және 2 құлағалы тұрған мектептен оқушылар жаңа ғимаратқа көшірілді. Олар Н.Тілендиев елді мекеніндегі 600 орындықты №26, Комсомолдағы 450 орындықты №31, Құйғандағы 180 орындықты №32 орта және Өтеген батыр кентіндегі 1200 орындықты орта мектептер. Қорытындысында ауданымыздың үш ауылындағы 3 ауысымдық оқудың алдын алып, екі құлағалы тұрған мектептердің алдын алдық. 2015 жылы 600 орындықты екі жаңа орта мектептердің құрылысы басталды. Ол Жәпек батыр ауылы мен Боралдай кентіндегі орта мектептер. Білім бөліміне қарасты үш ғимараттар күрделі жөндеуден өтті. Олар: Боралдай кентіндегі №17 орта мектеп, Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектеп, Қараой ауылындағы «Журавушка» балабақшасы.
Ғаламтор байланысы 33 орта мектепте қосылған. 22 химия кабинеті, 26 физика кабинеті, 26 биология кабинеті, 450 компьютер сатып алынды.
Қазіргі күні 110 интерактивті тақта жұмыс жасайды. 27 кабинет немесе орта мектептердің 69,2 пайызы модификациялық лингофондық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Аудан көлеміндегі орта мектептерде 3288 компьютер бар. Компьютермен жұмыс жасауда 12,1 оқушыға 1 компьютерден келеді. 2016 жылы тағы да 2 орта мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар инвестициялық жоба келісімі бойынша 2 мектептің құрылысы аяқталып, екі жаңа мектептің қосалқы құрылысы басталады. Үш ауысымдық оқу үрдісінің алдын-алу мақсатында 2016-2017 жылдар арасында ауданымызда 8 орта мектеп бой көтереді. Соның нәтижесінде 2018 жылды үш ауысымдық оқытудан құтыламыз.
Балаларды оқулықтармен қамтамасыз ету аудан бойынша 100 пайызды құрайды. Оған бюджеттен 286,6 млн. теңге бөлінді. Көпбалалы отбасылардың балаларына кітап ақысыз таратылды.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 7026 орындықты 60 балабақша 16 шағын орталық ашылды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2 балабақша күрделі жөндеуден өтіп, 56 меншіктік балабақша ашылды.
2015 жылы 140 орындықты 1 мемлекеттік балабақша ашылып, 2020 орындықты жекеменшік балабақша ашылды. Қазіргі күні аудан көлемінде 64 балабақша және 12 шағын орталық бар. Олар 7506 бүлдіршінді қамтып отыр. Сонымен мектепке дейінгі балаларды оқыту 74 пайызды құрап отыр.
Ауданымызда 20 мәдениет ошағы мен мұрағат бар. Оның ішінде 12 кітапхана, 7 Мәдениет үйлері мен клубтар, 1 мұрағат ғимараты бар. Мәдениет үйлерінде жыл басынан бері 940 мәдени іс-шара өтті. Көрермендер саны 572 700 мыңға жетті. 7 Мәдениет үйінде 48 үйірме жұмыс жасайды.
Аудандық кітапханада 734 іс-шара өтті. Оның ішінде 30 дөңгелек үстел, 203 кітаптар көрмесі, 36 әдеби-кеш, 224 басқа да іс-шаралар өтті. 124 878 мың кітап электрондық база КАБИС бағдарламасына енді. Кітапханалардың материялдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2,6 млн.теңге бөлінді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ауданымыздағы барлық округтерде ескертіш тақталары жаңартылып, қайта салынды.
Ауданда 6 халықтық ансамбль жұмыс жасайды. Олар Ә. Нұрғожаев атындағы «Ақ әжелер», «Сарытауқұм» «Ақниет», «Элегия», Ақши ауылдық театры. «Элегия» ансамблі Сан-Маринода өткен Халықаралық «Танысу» фестивалінде І-орынды жеңіп алды.
Аудан көлемінде спорт пен және денешынықтырумен айналысып жүргендер 24,5 пайызға жетті. 2015 жылы 2 ҚР спорт шебері, 27 спорт шеберлігіне үміткер, 819 көпшілік разрядтағы спортшылар дайындалды. Республикалық жарыста спортшыларымыз 34 медаль алды. Оның 11-алтын, 10-ы күміс, 13 спортшы қола медальға ие болды.
Ұзақ жылдық экономикалық өсуді жалғастыру барысында ауданымыз Алматы қаласының орталығы болып табылатын Алматы агломерация аймағына қосылды. Осыған орай энергетика, инженер, көлік-коммуникациясы, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекрециялық құрылымдарды дамытатын боламыз.
2012 жылдан бері төртінші басымдық «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау» аясында «Аймақтық даму» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы 10 ауылда 165,6 млн.теңгеге 14 жоба іске асты.
Жергілікті маңызды мәселелерді реттеу және қаржылай көмек көрсету 31 пайызды құрады.
Өткен жылы конфессияаралық бірлікті нығайтуда және қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуда жақсы жұмыстар атқарылды.
Ауданда 45 этномәдени орталық, 46 діни бірлестік, 10 үкіметтік емес ұйым бар. Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық қалыпты. 2015 жастармен жұмыс жасауға көп көңіл бөлінді.
Ауданда Жастар орталығы бар. Онда 5 адам жұмыс жасайды. Он округте 10 штаттық жастар кеңесшісі жұмыс жасайды. Олардың ұйымдастырумен 120 іс-шара өтті. Оның 50-і аудандық 60-ы жергілікті деңгейде.
Өткен жылдың есебі бойынша аудан әкімдігі кадр мәселесі бойынша маңызды шешімдер қабылдады.
2015 жылы әкімшілік қызмет орындарға 171 ашық конкурс өтіп, оған 58 адам қатысып, 56 адам қызметке алынды. Мемлекеттік институтта жергілікті басқармадан 33 қызметкер қайта даярлықтан өтті. Ал Бірінші Президент жанынан құралған Мемлекеттік академия басқармасына қайта даярлыққа 1 адам барды. 202 мемлекеттік қызметкердің 86 пайызы жоғары білімді немесе ол 195 адам, орта білімділердің саны - 7, мемлекеттік қызметтегі ортша санат 8,6 жылды құрайды.
2015 жылы кадрларға байланысты 33 қызметкерге тәртіптік жаза қолданды. Оның ішінде жемқорлық бойынша 3, тәртіп бойынша 31. Мемлекеттік қызметкерге сай емес тәртібі бойынша 2 қызметкер жұмысынан босатылды.
Әкімшіліктің ең маңызды жұмысы халықпен қоян-қолтық жұмыс жасау. 2015 жылы әкімшілік аппаратына 2729 өтініш хаттар түсті. Ол 2014 жылмен салыстырғанда 472 өтінішке азайған. Көптеген сұрақтар жер телімін беру, тұрғын үй алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты болды.
Өткен жылы 139 ұжымдық өтініш хаттар түсті.
Әкімнің жеке қабылдауында 465 адам келген. Оның 89 өтініші қанағаттандырылды. 376 түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өтініштердің мерзімінде орындалуына қатаң қадағалу жүргізіліп отырды.
2015 жылы әкімнің блогына 423 өтініш арыз түскен. Онда көптеген өтініш-арыздар Энергетик ауылдық округінен, Байсерке ауылдық округі және Боралдай ауылдық округінен түсті. Олардың қозғаған негізгі мәселелері электр жарығы, ауыз су, ауылішілік жолдар туралы болды. Барлық түскен арыздардың мерзімінде орындалуына қатты қадағалануда.
2015 жылы Президентіміздің дәстүрлі халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша аймақтық даму, халықтың әл-ауқатын көтеру, инновациялық- индустриялдық дамуы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік ортаны дамыту, өзін-өзі басқару сияқты аймаққа қатысты істерді жүзеге асыруға аянбай атсалысуға шақырамыз..
Осыған орай ауылшаруашылық егістігі көлемін 68237 гектарға, тамшылап суару алқабын 170 гектарға, асыл тұқымды мал басын 25 пайызға арттыру көзделіп отыр.
Ары қарай дамыту жоспарлы түрде шағын және орта кәсіпкерлікке бағытталады. Орта және шағын кәсіпкерліктен түсетін табыс көлемін 129 млрд.теңге арттырып, 6,2 млрд.теңге көлемінде аудандық бюджетке пайда келтіру жоспарлануда.
Әлемдік дағдарысқа байланысты азық-түлік өнімдерінің бағасының шарықтауына байланысты бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқарамыз. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша 79,3 шаршы метр қолданысқа беріледі. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуды 25,3 пайызға, жұмыссыздықты жою 4,2 пайызға төмендету жұмыстары жалғаспақ.
«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша 4 жобаны іске асырамыз. Ол Чапай мен Комсомол ауылындағы көшелерді жарықтандыру, су ұңғымасын қазу, Қосөзен ауылына су мұнарасын тұрғызу, Жетіген ауылындағы көшелерді күрделі жөндеуден өткізу.
Елдің 2020 жылға арналған жобалық жүйелік аумақтық көлемін кеңейту жобасы бойынша ауылдарды дамыту жұмысы да қолға алынады. Бұл мәселенің өзектігі сол, ауылдарда мемлекеттік қызметті және көмекті арттыру.
Біздің мақсатымыз - осы аталған бағдарламаларымызды іске асыра отырып, ауданымызды дамыту, елді бірлікке шақыру.
Міне, біздің аудан 2016 жыл мешін жылын осындай жетістіктермен қарсы алуда.