Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ӘСЕМ МУЗЫКА ӘУЕНІМЕН 17.05.2016
        
      Балалар шығармашылығын дамыту, музыкалық эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарды насихаттау, патриоттық тәрбие мақсатында аудан көлемінде бірнеше байқаулар өткізілуде. Осындай байқаулардың бірі Іле ауданында 9 - мамыр Жеңіс күні аясында патриоттық әндер балалар шығармашылығын айтуға болады.
Сонымен қатар Ақши ауылында да патриоттық тәрбие мақсатында бірнеше іс-шаралар, жастар арасында насихат жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараларды жүргізуде ауылдық Мәдениет үйінің атқаратын қызметі өте үлкен. Ақши ауылдық Мәдениет үйінің директоры, ауданның «Құрметті азаматы» Гүлнар Ахметбаева апайымыз жастарды тәрбиелеуде үлкен үлес қосуда. Осындай еңбектерінің бірі - 4 мамыр күні Іле ауданында өткізілген Жеңіс күні аясындағы патриоттық әндерден балалар шығармашылығына өзінің шәкірті Абдимажит Сейдуллаевты дайындады. Абдимажит осы байқаудан ІІ-дәрежелі аудандық дипломмен марапатталды. Абдимажит «Жаса, Қазақстан!» атты өлеңді патриоттық сезімде орындап, халықтың көңілінен шыға білді.