Ұлт бірлігі - ұлы байлық
Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы мен бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Бүгінгі таңда тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген халқымыз. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауыз бірлік пен түсіністік, қарапайымдылық пен сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашан да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Ынтымақ - достықтың кепілі. Мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Бүкіл қазақстандықтармен ауданымыздың тұрғындары мамыражай мерекені асыға күтеді. бірге көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке - бірлігіміз арта берсін, ағайын!
Р.АЙДАРБЕКОВА
(Орналасқан мерзімі: 14.04.2013)