Басты  - АРЫМ - ЖАНЫМНЫҢ САДАҒАСЫ
 

 
 
 
АРЫМ - ЖАНЫМНЫҢ САДАҒАСЫ 03.08.2015
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндеттеген «100 нақты қадам» жоспары сот саласына тың міндеттер мен мақсаттар жүктемек. Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – бәрімізге ортақ міндет. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаны орындау аясында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артатынын бес реформаны нақтылап көрсетті. Атап айтсақ, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Бiртектiлiк пен бiрлiк», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру». Бізге қатысты мәселе заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі. Осы орайда судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және тағы басқа мәселелер Ұлт Жоспарының 19 қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткен жөн. Құжаттың 20, 21, 22 қадамдары сот саласына арналған. Осы реформада еліміздегі сот жүйесін күшейту мәселесіне баса мән берілген. Сот сапасын жақсарту, сот төрелігін жеңілдету және әділ шешім шығару жұмыстарын жетілдіру - алдағы атқарылатын басты міндеттер. Бұл - бізге жүктелген үлкен сенім. Елімізде үш саяси жүйе қалыптасқан. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сонымен қатар Конституция нормасында да белгіленген.
Соттардың заң нормаларын біркелкі қолдануын қамтамасыз етуге арналған шаралардың уақтылы іске асырылуы – құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді тиімді қорғаудың, бұған қоса, елімізде біркелкі және тұрақты құқықтық режимді сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында алға қойған міндеттерді табысты іске асырудың оңтайлы шарты.
Біздің басты міндетіміз Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырып, нақты орындау болмақ.