«Мен сіздерге - жаңа буын қазақстан-дықтарға үміт артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін айтып өткен болатын. Осы орайда біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көреміз. Біз «Нұр Отан» партиясымен бірге өз қуатымыз бен білімімізді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдырамыз және уақыттың сынақтарына дайынбыз, «Нұрлы жол» экономикалық саясатын өз арман-мақсатымызды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі ретінде көреміз.
Бүгінде «Жас Отан» еліміздің барлық аймақтарында жастармен бірлесе жұмыс істейді. Біз бәріне ашықпыз. Қазақстанның барша жастарының тілектері мен мақсаттары біз үшін маңызды әрі жанымызға жақын.
«Жас Отан» – «Нұр Отан» партиясының келешегі, осы үшінде біз Іле аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының филиалы «Нұр Отан» партияның XVI съезінде қатысушысы Іле ауданы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Роза Абиловамен кездесу және «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 Жылға дейінгі бағдарламасының жобасын талқылау, «Жас Отан» Жастар қанатының III кезектен тыс съезінің делегаттарын сайлау, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Жастар Отанға» атты конференция өтті.
Конференцияға аудандық «экономика және бюджет» бөлімінің бас маманы Айша Нүсіпова, аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Роза Абилова, «Іле ауданының жастары» орталығы жетекшісі Жандос Таттимбетов және әр саладағы жас мамандар, округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар, колледж студенттері қатысты.
Аудандық «экономика және бюджет» бөлімінің бас маманы Айша Нүсіпова сөз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы «6» қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген ауылдық елді мекендердеге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын толық түсіндіріп өтті.
Конференция нәтижесінде «Жас Отан» Жастар қанатының III-кезектен тыс съезіне қатысатын Іле ауданынан делегаттар сайланып, 2020 Жылға дейінгі бағдарлама жобасы талқыланды.
|