БАСТЫ > 

 
 
 
ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ 11.10.2016

       

Өткен аптада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Байбота-Асар» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Жауғашты ауылындағы 155/4 әйелдер түзету мекемесінде өзге ұлт өкілдері арасында «Тілге-құрмет, елге-құрмет» атты тақырып аясында сайыс өтті. Елімізде мекендеген 130-дан аса ұлт пен ұлыстардың тілге құрметі қазақ тілінің мəртебесін көтерудегі осындай сайыстарға белсене қатысуы болып отыр.
Байқаудың мақсаты өзге ұлт өкілдері арасында біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту болып табылады. Сайыс мемлекеттік тілде өзін таныстыру, қазақ тілінде əн орындау және қазақ ақындарының өлеңдерінен 1, 2 шумақ үзінді оқу сынды үш кезеңнен құралды. Өмірге шыр етіп келген уақытыңнан бастап, анаңның əлдиімен, əкенің мейрімімен құлақ құрышын қандыратын - ана тілі адам баласының тал бесіктен - жер бесікке дейінге өмір жолында айнымас серігі - тіл екенін баршамызға белгілі. Әр сайыстың өз жүйрігі болатыны сөзсіз. Нәтижесінде сайыстың ең үздіктері анықталып І-орынды И.Филипова, ІІ-орынды Ж.Афонина, ІІІ-орынды А.Быкова иеленді.
Барлық қатысушыларға «Байбота-Асар» қорының атынан сыйлықтар беріліп, алғыс хатпен марапатталды.