Тәуелсіз алаш тарихындағы түрлі мәдени салалардың өркендеп дамуына, қалыптасу үрдісіне ұзақ жылдар бойы әр алуан ұлт өкілдерімен қарапайым азаматтардың белгілі бір дәрежеде өзіндік сара жол соқпағын қалыптастырғандығы баршамызға аян. Бізді берік байланыстыратын жеріміз, көшпелі өркениетіміз, ата-салт дәстүріміз, ел тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлеріміз, құлашын әлемге сермеген мәдениетіміз, тіліміз бен діліміз халық мұратының асылы, інжу- маржаны мен ұлттық мақтанышы.
Шаңырақтан шашқан күн шапағындай тұтасқан дербес мемлекетке бірліктің берік көпірі керек болды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Ұлт көшбасшысы «Ассамблея – бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы» деп баға берген болатын.
Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Идея жүзеге асты да. Міне, 20 жыл бойы ел идеяның игілігін көруде.
«Игілік басы- ынтымақ, ынтымақты елде - күншуақ» дегендей, аудан халқы өзге ұлт өкілдері тағдыр тауқыметімен Іле жеріне аяқ басқан мезеттен бері мерекелерді әр ұлт өкілдерімен туған бауырындай бірлесіп қарсы алады. Оның дәлелі ауданымыздың экономикасының өрлеп, бюджеттік түсімдердің ұлғаюы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және әлеуметтік салаларда оң өзгерістердің орын алуы. Бұл жетістіктерге ауданда тұратын қырықтан аса ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті тірлігінің әсерінен қол жеткізіп отырмыз.
Ауданда этномәдени бірлестіктер және конфессиялар арасында тиімді әрі сындарлы қарым-қатынас жасау, этномәденңи бірлестіктермен жұмыс ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып міндеттерді жүзеге асыруда. Дәл бүгінгі күндері ауданда этномәдени бірлестіктермен және де аудан тұрғындарымен жыл бойы 11 - кездесу 2 - дөңгелек үстел, 3 - пікірсайыс өткізілген. Аталмыш елді мекендерде 7 билборд, 12 ұран халықтар достығына арналған.
Аудан көлемінде қазіргі кезде төрт этномәдени бірлестіктер (славян, украин, ұйғыр, корей) жұмыстарын атқаруда. Олар: Қазақстан Республикасы кәрістері ассоциациясы аудандық өкілеттілігі, жетекшісі Цой Анна Антоновна, «Славянка» этномәдени бірлестігі, жетекшісі Гасанова Лилия Ивановна, «Т.Шевченко атындағы Просвита Жетісу» украин этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы, жетекшісі «Луч» дизайн агенттігінің директоры Стадничук Денис Иванович, «Қазақстандағы ұйғырлардың Республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы жетекшісі Мехриса Бакиева.
Ауданда 2 диаспора белсенді жұмыс атқарады. Оның бірі түрік ұлты диаспорасы, төрағасы - Сваилов Алипаша Маликшеевич, екіншісі күрд ұлты диаспорасы, төрағасы - Чатуев Зорге Фарзандаевич. Аты аталған этномәдени бірлестіктердің мүшелері ауданымыздағы түрлі салаларда қызмет істеп, ел дамуына сүбелі үлес қосуда.
Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау барысында ұлттық мерекелік шаралар өткізу тәртібі келісіліп дайындалады. Аудандағы этномәдени бірлестіктер аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық саяси іс-шараларға белсенді қатысады.
Ауданда этномәдени бірлестіктермен және аудан тұрғындарымен «Наурыз», «Бірлік күні», «Жеңіс күні», «Рәміздер күні», «Астана күні», «Конституция күні», «Тұңғыш Президент күні», «Тәуел-сіздік күні» атты тақырыптарда дөңгелек үстел, кездесулер өтіп тұрады. Атаулы іс-шаралар барысында Елбасының саясаты, Қазақстандық елжандылықты жас ұрпақ бойына сіңіруде рәміздерді білу, оны жан-жақты насихаттау, ұлтаралық конфессия-аралық татулық туралы насихат жұмыстары жүзеге асуда. Этномәдени орталықтар жұмысының басты артықшылықтарының ішінде өз халқының тарихын құрметтеу және қызығушылығының жандануы болып табылады. Бұл конфессияаралық толеранттылық, этностар арасындағы сыйластық пен түсіністік, мемлекеттік мекемелермен қызметтестіктің және азаматтық бейбітшілік және қоғамдық тұрақтылық мақсатында ұлттық мәдени орталықтардың рухани байлық пен мәдени диалогының нығаюы болып табылады
Сонымен бірге атаулы этномәдени бірлестіктер мен диаспоралар ауданның қоғамдық-саяси іс-шараларына белсене атсалысады. Мерекелерде ұлттық қолөнер көрмелерін ұйымдастырып, ұлттық өнерлерін көрсетіп, аймақта жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың дұрыс жолға қойылғандығын дәлелдейді.
Осындай бейбіт және тату елде өмір сүріп жатқанымыз Елбасының сындарлы саясатының нәтижесі. Қазақстандағы барлық ұлттар қамқорлықты сезініп отыр. Осындай тату-тәтті тірлігімізді тек сөзбен ғана айтып қоймай, іспен де көрсете білді. Елбасы мен елдің сенімін ақтады. Қазақстанды мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің бір үйдің баласындай өмір сүріп жатқандығы барлығымызға мақтаныш. Бұл өзге мемлекеттерге де үлгі болары сөзсіз. Елімізде әр ұлттың өз тілін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға барлық жағдай жасалып отыр. Сондықтан этно-мәдени ұйымдарда бар мүмкіндігін пайдалана отырып, елдің дамуына, Елбасы саясатының іске асуына алдағы уақытта қосарлана күш қосатынына сенім мол.
Қазір қайсыбір өзге ұлт өкілінен қазақ елі үшін не істей аласың?- деген сұраққа
Ойланбастан... «Мен өз Отанымды сүйемін!.. Иә, рас, мүмкін бұл сөз жаттанды естілетін шығар. Алайда адамда Отан біреу ғана болады» - деп тұратынына талай куә болдық.
Ешқайсысы «тарихи отандарын» іздемейді. Себебі, олар Президентіміздің оларды бір халық деп есептейтінін, біздің Отанымыздың бір екендігін талай басқосуларда айтып жүргенін біледі. Қазақстандық орыс, қазақстандық украин, қазақстандық түрік не күрд… бәрі-бәрі қай жерде жүрсе де ерекшеленіп тұрады. Қайда жүрсе де, бастарына қонған бақтарына орай басқаның емес, Қазақстанның көк байрағы көтерілетініне дән разылығын білдіртіп тұрады.
Отбасын шағын мемлекет деп есептесек, бір отбасында тұрып жатқан бірнеше ұлт өкілдері сол әулеттің салты мен дәстүрін сыйлайтыны, ұстанатыны белгілі. Үлкен мемлекетте де солай болуға тиіс. Елбасының сөзімен айтсақ, қазақтардың белсенді араласуынсыз Қазақстанда ешқандай ұзақ мерзімді қоғамдық келісімнің болуы мүмкін емес. Сондықтан өзге ұлт өкілдерімен қазақ қоғамы отбасыларына аса ілтипатпен қарайды.
Жалпы, қазіргі қоғамда этно-бірлестік ұйымдарының мүшелері бастаған топ отбасының мүшелерінен бастап, барлық ұлтқа жай ғана азамат болудың аздық ететінін, мемлекеттік тілді, осы елдің тарихын білу керектігін айтады.
Тіл демекші, біздің ауданда мемлекеттік тілді үйрену курстарына арнайы қаржы қаралған, бұған қоса салт-дәстүрлердің барлығы орындалады. Елбасы өз сөзінде «Ел-жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» - бұл ұғымдар қазақтардың дүниетанымы және өмір салттарының негізінде жатыр. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталып отыр. Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет», - деген болатын.
Мұның өзі бейбіт өмір сүру, болашақтың жарқын болатынына кепілдік береді. Еліміздің көркейіп, жайқалып жатқандығының өзі халық достығы мен бірлігінің мықтылығына байланысты екенінің дәлелі болмақ.
|