Ұлт жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге бағытталған. 19 қадам - сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын жаңғыртудың тиімді шаралары. 50 қадам - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа жоғары технологиялы экономикалық өсімді ынталандыру мен адам капиталын дамытуға бағытталған нақты әрі жан-жақты нақтыланған шешімдер. 6 қадам – «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуға, жалпықазақстандық және қоғамдық бірлікті нығайтуы ықтимал жалпы шаралар. 10 қадам қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, «Ашық үкімет» жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұлт жоспары - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» зерделеу және талқылау мақсатында аудандық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында» тақырыбында іс-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы Санат Ерболатұлы, аудандық кітапхананың кітапханашылары қатысты. Басты мақсаты - Ұлт жоспары Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын талқылап, оқырмандарға кеңінен түсіндіру. Шара барысында кітапхана ісін жетілдіру және кітапханашылардың біліктілігін арттыру мәселелеріне, ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аударылды.
Аудандық кітапхана директоры М.Жәбиева Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталып, осы жоспар аясында қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырады. Семинарда «100 нақты қадам» бағдарламасы жөнінде ой-пікір бөліскен талқылау болды. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда кітапханалар қандай қызмет түрлерін ұсынуға болатыны туралы жобалар әзірлеп қорғап, пікірталас өтікізіп, ұсыныстар айтылды. Екі кітапханашыға бір аптаға Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханаға іс-тәжірибе алуға ұсыныс берілді. Сонымен қатар «Қазақстанның болашаққа 100 қадамы» атты тақырып аясында кітап көрмесі жасалынды. Оған 25 оқырман қатысып, кітап көрмесінен 2 журнал, 4 газет қолға беріліп, кітапханаға 2 оқырман жазылды.
|