Мобильдік үкімет – халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар. Мобильдік үкімет – жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қолжетімді.
Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркеу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қолжетімді:
1. www.egov.kz электрондық үкімет порталы.
2. ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары.
3. еgov.kz мобильдік қосымшасы.
«Мобильдік үкімет» пайдаланушысы бола отырып, сіз:
мемлекеттік деректер қорынан өз дербес деректеріңізді қарай аласыз, ол – мобильдік жеке кабинет деп аталады. Мобильдік жеке кабинетте сіз ақпаратты көре аласыз:
1. сіздің орналасқан орныңыз туралы;
2. тұрғылықты және тіркелген мекен жайлары;
3. жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері;
4. некені тіркеу туралы мәліметтер;
5. әлеуметтік мәртебесі;
6. сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәліметтер;
7. көліктік ақпарат;
8. сіздің ЖСН тіркелген лицензиялар бойынша мәліметтер;
9. көліктік ақпарат;
10. ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың болуы/болмауы.
Өз ұялы телефоныңа хабарламалар алу, мысалы: ХҚКО және «электронды үкімет» порталында құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзылуы және айыппұл сомасы туралы, сондай-ақ т.б. туралы;
- сонымен қатар, мобильдік үкімет пайдаланушылары, мобильдік қосымшаны жүктеместен ақпартты SMS-хабарлама арқылы ала алады, келесі мемлекетті көрсететін қызметтерді алу үшін 1414 қысқа нөміріне мәтін жіберу қажет:
1. 1414 «автомобиль техтексеріс нөмірі» мәтінін жіберіп, техтексерістен өтуді қолданыс мерзімдерін қарау.
2. 1414 «тұрғын үйге кезек ЖСН» мәтінін жіберіп, мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын үй алуға кезек нөмерін қарау.
Мобильді үкімет қосымшасын жүктеу және толық ақпарат үшін аудандық ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторының инспекторларына жолығуларыңызға болады. |