Осы аптада Конституция күні Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Ата Заңымыздың 22 жылдығына арналған мерекелік іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Д. Жүнісов құттықтау сөзімен ашып, Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің негізгі тірегі – Конституцияның маңыздылығына ерекше тоқталып, еліміздің, соның ішінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады.
Одан кейін аудан көлемінде ерекше көзге түсіп еңбегімен ерекшеленген біршама мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудандық прокуратура және сот қызметкерлерін мақтау қағазбен марапаттады. Марапаттан соң аудандық Сот қызметкері З.Далабаева, Боралдай кентінің жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің мүшесі, орыс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Н.Пилипенко, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының бас кеңесшісі, Қ.Құрманжановалар құттықтау сөз сөйледі
Сонымен қатар осы салтанатты жиында жағадан мемлекеттік қызметке алынған жас мамандар Энергетика ауылдық округ әкімшілігінің бас мамандары Р. Камалов пен Ж Мухановалар барша жұрттың алдында өз борыштарын адал атқаруға «Ант» берді.
Іс-шара одан әрі аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
|