Ауылымыздың білім шаңырағы - №1 орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 игі іс» атты игілікті шаралар өткізілді. Білім мекемесінің қақ төрінде шәкірттер дайындаған «Зәулім бәйтерек» тұр. Бұл сыйлықты мектепке «Өнер» әдістемелік бірлестігі тарту етті. Сондай-ақ ел тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бейнелеу пәнінің мұғалімдері Б.Тынбаева мен С.Құрмашев «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында сурет көрмесін ұсынып, көпшілікті қуантты. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Жуыстаеваның басшылығымен Ораз Сәбира мен Фатыкова Камилла «Бәйтерек - ел мақтанышы» атты ғылыми жоба қорғап, жеңімпаз атанды.
Бастауыш сыныптар арасында да қызықты шаралар өтуде. Мектептің 3 «А» сыныбының оқушылары «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына-25 есеп» деген сыныптастары арасында жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Дидар, Әли, Алижан, Аянат, Шырайлым, Бекарыс Аида, Әлібек пен Арнұр, Дана, Әмина мен Шарапат, Ханжарбектер жеңімпаздар қатарынан көрінді. Динмухамед, Азамат, Әлиби мен Балнұр, Сымбат, Нұрай, Салтанат пен Тамирлан да өздерінің шеберліктерін көрсетті. Арнайы хат қалталармен безендірілген бұл есеп жарысында Аяулым, Олжас, Мағжан, Азамат, Төражан, Маралдар ерекшелігімен көзге түсті. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Ел болашағы – білімді ұрпақ» екенін ескерсек, осындай шаралар көптеп өткізіліп, жүзден жүйріктер мен мыңнан тұлпарды анықтай берері сөзсіз. Еліміздің іргесі білімді ұрпақпен берік болсын. Тәуелсіздігіміз жасай берсін!
Б.САДЫҚОВА, А.ЧИНЫБАЕВА, №1 орта мектеп. Қоянқұс ауылы.
|