Аудан әкімдігінің іс-шара жоспарына сәйкес Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жолы – Астана жолы» атты акция аясында 02.02.2018 жылы сағат 12.00-де Күрті ауылдық округіне қарасты № 8 орта мектептің базасында Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына байланысты жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында «Еркіндіктің дастаны – Астана» тақырыбында жастар форумы өткізілді. Форумға округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, және мектептің 2-11 сынып оқушылары, барлығы 120 адам қатысты. Форумның мақсаты Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР Президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру болды. Мектеп фойесінде «Астана-арман қала» тақырыбында 3-6 сынып оқушыларының қатысуымен сурет көрмесі мен «Мәңгі жаса, Астана» атты тақырыпта қол өнер көрмесі қойылды.
Аталмыш іс-шара екі бөлімнен тұрды, салтанатты бөлімінде ҚР-ның Мемлекеттік Гимні шырқалып, алғашқы құттықтау сөз кезегі Күрті ауылдық округінің әкімі Д.Р.Өгізбаев алды. Өз сөзінде Астана қаласының осы күнгі дейінгі жеткен жетістіктері туралы айтып, оқушыларға өз елінің патриоты болуға тілектес екенін жеткізді.
Сондай-ақ, жас маман, тарих пәнінің мұғалімі Әбілсейтұлы Әділбек еңселі елордамыздың 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап: «Біз,жастар, күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз. Ұлттық мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы – көтеру біздің басты мақсатымыз – деп өз сөзін қорытындылады. 2017-2018 оқу жылының түлегі, жас ақын 11 сынып оқушысы Ерболат Ділбар өз шығармашылығынан Астанаға арануын оқып шықты.
Екінші бөлімді «Еркем-ай» би тобы «Қара жорға» биімен жалғастырды. Келесі кезекте 6-7 сынып оқушылары «Асқақтай бер, Астана!» атты жыр шашуларын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар мектептің жас ұстаздарынан құралған «Арай» вокалды топ «Астана» әнін тарту етті.
«Еркіндіктің дастаны – Астана» тақырыбындағы жастар форумы 8-10 сынып оқушылары «Жаса, Қазақстан!» атты флешмобымен өз мәресіне жетті.




|