Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асырудағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іле ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 маусым, №44-ө н/қ өкімі бойынша аудандық комиссия құрамы, жобалар жөніндегі жұмыс топтарының құрамы, кеңес құрамы, сарапшылар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия құрамы – 31 адамнан тұрады. Құрамында аудан әкімі аппараты, ауыл, кент әкімдері, мекеме басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен этномәдени бірлестік жетекшілері тартылды.
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап, жылдың соңына дейін аудан әкімдігімен іс-шаралар жоспарының жүйелі кестесі құрылып, бекітілді.
Аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен айына 2 рет комиссия мүшелерінің отырыстары өткізіліп, бүгінгі күні барлығы 20 отырыс өткізіліп, хаттамалары толтырылды.
Комиссия жанында жергілікті басқарушы органдармен ғылыми-шығармашылық өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан арнайы бағыттар бойынша 6 жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, аудандық басқарушылық, сарапшылық кеңес және жұмыс тобының хатшылығы құрылды.
9 адамнан құралған сарапшылық кеңес тобының бірі ғалымдар, қоғамдық белсенділер өкілдері мен саяси партиялардың мүшелерінен тұрады. Аймақтық жұмыс топтары, кеңестер мен комиссия мүшелерінің құрамы, іс-шаралар жоспары мен тізімі облыс әкімімен бекітілді.
Азаматтық қоғам институттары: үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, қоғам белсенділері, облыстық, аудандық аймақтық қоғамдық кеңестер, жастар ұйымдары, мәдени мекемелер толығымен бағдарламаны іске асыруға тартылды.
Бағдарламаны іске асыруда белсенділік көрсетіп отырған 5 үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының үлесі зор. Олар: 1) «Іле Мұрагер», 2) «Фараби Нұры», 3) «Ауған соғысы мүгедектер ұйымы», 4) «Аудандық ардагерлер ұйымы», 5) «Болашақ». Олардың жұмыстары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында үнемі қолданылуда.
Жергілікті халық арасында бағдарламалық мақаланы тиімді насихаттау мен жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан түрлі форматтағы шаралар өткізілуде.
Өз деңгейінде қоғам белсенділері, эксперттік топ мүшелері мен қоғамдық көзқарас көшбасшыларымен сұхбаттасу алаңы құрылып, тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық сарапшылық кеңес кеңсесі аудандық кітапхана базасында орналастырылған. Ауданда Елбасының бағдарламалық мақаласын қолдау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 68788-ден астам тұрғындардың қатысуымен әртүрлі форматта 530 іс-шаралар өткізіліп, ауданның 68 пайыз тұрғынын қамтыды.
Оның ішінде, мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлердің, үлгі тұтарлық ақындар мен жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында 2 кітаптың тұсаукесері өтіп, 17 ақынның шығармашылық кеші өткізілді.
Аудандық жобалық кеңес тарапынан «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалар аясында жобалар мен іс-шаралар реестрі әзірленіп, бекітілді.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында «Ілетану» базалық жобасы аясында ауданның шығу тарихы, батырлары, жер-су аттары, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандарын таныстыру мақсатымен аудандық жұмысшы тобы мен тәжірибелі педагогтар күшімен дайындаған «Ілетану» курсының бағдарламасы мен оқу құралы жасалып, 1 қыркүйектен 9 сынып оқушылары арасында факультатив есебінен оқыту жүзеге асырылды.
Аудандық кітапхана қорындағы қазақ зиялы қауымы өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан құнды және сирек кездесетін кітаптар саны – 22 дана. Латын әріпінде жазылған 3 дана сандық таспаға көшірілуде. «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты үшінші бағытында «Ауылға жол» тақырыбы аясында Ақши ауылы Мәдениет үйінің алдында орналасқан Т.Бокин ескерткіші мен ҰОС ардагерлері-не арналған саябақта «Туған жерге тағзым!» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, кездесу өткізілді. Кездесу барысында Ақши ауылының шығу тарихы және қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Қыз Жібек» киносы түсірілген Тас қотан шатқалы, 1967 жылы қоғам қайраткері Д.Қонаевтың қолдауымен салынған, 50 жылдық тарихы бар Күрті су қоймасымен таныстырылды.
Сондай-ақ аудан бойынша мекемелерден, кәсіпорындардан, мектептер және тағы басқа ұйымдардан латын әліппесіне көшу туралы сауалнама алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жөніндегі аудандық насихаттық топ құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. «Латын әліпбиіне көшудің алғы шарттары», «Латын әліпбиіне көшудің дайындық барысы» атты облыс көлемінде арнайы өткізілген семинарларға ауданнан мамандар және белгілі қоғам қайраткері А.Османқызы қатысты.
«Рухани қазына» бағдарламасымен: Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде жергілікті әкімдік, мектеп ұжымымен бірлескен кездесу өтті. Кездесуге 180 адам қатысты. «Президент және халық» газетінің редакторы М.Тоқашбаев, белгілі қоғам қайраткері, тілтанушы, ғалым А.Османқызымен кездесу өткізді. Кездесуде тіл, дін саясаты, жастар тәрбиесі мен Елбасы имиджі туралы ой бөлісті.
Жетіген ауылында жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және бата беру үлгілерін үйрету мақсатында аудан ақсақалдары мен жастары арасында «Бата – сөздің асылы» атты байқау-кездесу өтті. Байқауға 120 адам қатысып, шара барысында №3, 34, 11 мектеп оқушылары мен ұстаздары қазақтың салт-дәстүріне байланысты көріністер көрсетіп, ақсақалдарымыз бата беру жарысына түсті. Округ жастары аудандағы соғыс және еңбек ардагері К.Аяшевтің өмір жолы, шығармашылығымен танысты. Қатысушылар жастарға елжандылық мәселелері, ақ тілек пен бата беру, отаншылдық мәселелі бойынша ой бөлісті.
Қараой ауылының Мәдениет үйінде «Көршілер – татулық белгісі» атты шара ұйымдастырылды. Атаулы шараға 200- дей адам қатысып, аудан тұрғындары ансамблі мүшелерінің өнерімен танысып, халық бірлігі оның ішінде көршілер сыйластығы мен жастар арасындағы достық қарым-қатынас мәселесі қозғалды. Сол сияқты «Фараби нұры» ҮЕҰ Ащыбұлақ ауылында «Іленің сырлы кештері», Боралдай кентінде «Өнерім – өмірім», Чапай ауылында «Латын әріпіне көшу – заман талабы» және тағы да басқа шаралар өткізіп, атаулы мақаланы насихаттап, үздіктерді марапаттауға үлкен үлестерін қосты.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты жобасымен 180 экскурсия жоспарланған. Жоба аясында ауданның 12000 оқушы жастары, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы мен Алматы қаласындағы мұражайларға саяхат жасап, жер тарихы мен мұражайлардағы қоғам қайратерлерінің өмір жолы мен қоғамдағы сіңірген еңбектерімен таныстырылды. Аудан жастарын еліміздің тарихи жерлерімен, салауатты өмір салтын насихаттауда Алматы облысы, Таңбалы тас шатқалында өткен тау туризм бойынша Алматы облысының ашық чемпионатында – «Альпийская роза» жасөспірім-туристік спорттық клубы «Жартас» дистанциясында І-орынға ие болды.
«Сакралды география» арнайы жобасын іске асыру мақсатында облыс басшылығымен қатар, тарихшылар, архитекторлардың қатысумен аудандық сарапшылық кеңес құрылды. 12 нысан облыстық киелі жерлердің картасына енгізілді. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Көмекке мұқтаж азаматтардың картасын» құру жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде материалдық көмекке мұқтаж тұлғаларға (аз қамтылған, көп балалы тұл жетімдерге, жалғызбасты және көп балалы аналарға, жесірлерге) көмек көрсетілді.
Ауданда «Туған жер» акциясы басталды. Аталған акцияның басты мақсаты – атақты тұлғаларды, кәсіпкерлер мен меценаттарды туған жеріне, өзінің ауылының, қаласының, өңірінің әлеуметтік дамуына қатыстыру, ұлттық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда акция аясында жалпы құны 453,5 млн. теңге құрайтын 52-ге жуық әлеуметтік жобалар жоспарланған. Соның ішінде 37,5 млн. теңгеге 7 әлеуметтік жобалар іске асырылды. Атап айтсақ: «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлері мен көмекті қажет ететін адамдарға арналған жергілікті бастамалар картасы жасалды. 18 тұрғынның үй-жайына көмек жасау үшін ауданның кәсіпкерлері үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Шілде айында «Менің көшем» атты аудандық акция өттіп, акция барысында Байсерке, Жетіген, Ащыбұлақ, Боралдай округтеріндегі 14 көшеге жергілікті кәсіпкерлер балалардың ойын алаңын жасап, көшелердің жолын 20 млн. теңгеге жөндеп, көшелер безендірілді.
– Жеке кәсіпкер Г.Ахметова есебінен Энергетический ауылдық округінде 1 шағын футбол алаңы салынып, іске қосылды. Салынған қаражат көлемі.
– Боралдай кентінде жеке кәсіпкер И.Шамиев есебінен 1 шағын футбол алаңы салынып, іске қосылды.
– Жеке кәсіпкер «Даулет-Бекет» ЖШС директоры С. Давлетов Ақши ауылында өз қаражат есебінен жаңа үй құрылысын салып, ауыл азаматтарының пайдалануына беріп, ресми ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында КазЦИК ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері бірлесіп, бейіт қоршауларын жасап берді.
– Жеке кәсіпкер И.Шәмиев есебінен Боралдай кенті округінде 1 шағын футбол алаңы салынып, іске қосылды.
– Жетіген округі, Құйған ауылында мешіт ашылды.
– Ащыбұлақ ауылында жеке кәсіпкер көмегімен жалғыз басты көп балалы анаға үй берілді. Жалпы 2017 жылы 7 жоба, 37,5 млн. теңге жүзеге асырылды.
Мақалада айтылған жергілікті меценаттардың, қайырымдылық қорларының және демеушілдердің қатысуымен өтетін іс-шаралар мен жобалар жоспарланған. Қазан айында «Туған жерге туыңды тік!» атты жерлестер форумы өтіп, жүрегі кең, жомарт азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Аудан 2 делегация облыстық форумға қатысады.
Ауданда ақпараттық қолдауға аса көңіл бөлінуде. Өңір бойынша 53 көрнекілік насихат құралдары орналастырылды. «Іле таңы» газетінде «Рухани жаңғыру» атты айдар ашылып, сәуір-қараша айында «Талмай ізденіс – жаңа үрдіске беталыс», «Ұлт тарихындағы ұлы белес», «Латын әліпбиі бізге таңсық емес», «Переход на латиницу – важная трансформация для всех нас», «Мечтайте и стремитесь к мечте!» тақырыбында мақалалар жазылып, қазан айында барлығы 90 мақала жарық көрді. Республикалық «Kaharman.kz» журналында 2 мақала, облыстық «Райымбек» газетінде 2 мақала, барлығы 96 мақала жарық көрді, облыстық «Жетісу» газетінде 2 мақала. Сонымен қатар, газетте арнайы айдар ашылып, «100 жаңа есім» жобасы бойынша 6 адамның өмірбаяны, еңбек жолы беріліп, аудан әкімінің ресми сайтына салынды.
Атқарылған шаралар легі аудан әкімінің ресми сайтында «Руханият Іле», Фейзбук желісінде, Instaqram желісінде, аудан әкімінің сайтынан «Руханият Іле» бөлімшесі ашылып, ғаламтор желілерінде арнайы парақшалар ашылып, 755 ақпараттар салынды. 30 қараша күні ҚР Президентінің күніне орай «Рухани жаңғыру – 2017» форумын өткізіп, үздіктерді аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Алдағы уақытта мұндай игі істер өз жалғасын табады.
С. ЖАРҚЫНБЕКОВ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
|