Әлеуметтік қызметкер кәсібі жан-жақты. Бұл жұмыста ерекше қажеттіліктер бар. Расында да қарап отырсақ, әлеуметтік қызметкер бойынан мынадай қасиеттер табылуы тиіс.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдардан әлеуметтік топ құрау керек. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік топты қажет ететін адамдарды анықтауы тиіс. Мұқтаж адамдарды оларға қажетті және пайдалы қызмет көрсететін орталықтарға бағыттап, топ адамдарының ортасында делдал болуы тиіс. Ол әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдардың, құқығын қорғайтын «қорғаушы» рөлінде де бола алады. Бұл қорғаныс, мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарды мазалап келген сұрақтарға жауап алу, шешім табу, қызмет көрсету сапасын арттыру күресінде айқындалуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер белгілі бір ақпаратпен, білімімен бөлісу арқылы «ұстаз» рөлін де атқара алады..
Әлеуметтік қызметкер жұмысы бұнымен шектелмейді. Осының өзінен әлеуметтік қызметкер болу қаншалықты қиын екенин байқауға болады.
ҚР 29 желтоқсан 2008 жылы шыққан «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңына сәйкес, әлеуметтік қызметкер келесі бағыттағы жұмыстарды атқаруы тиіс:
1) Әлеуметтік – тұрмыстық қызметтер
2) Әлеуметтік – медициналық қызметтер
3) Әлеуметтік – педагогикалық қызметтер
4) Әлеуметтік – психологиялық қызметтер
5) Әлеуметтік – экономикалық қызметтер
6) Әлеуметтік – құқықтық қызметтер
7) Әлеуметтік – мәдени қызметтер
8) Әлеуметтік – еңбек қызметтері
Аталған қызмет түрлері әлеуметтік қызметкер жұмысының негізі болып табылады. Дегенмен, бұл жұмыста адамдық фактордың маңызы зор.
Бұл мамандықты таңдаған адамдарда, жүмысының жан-жақты және сәтті болуы үшін, тиісті адами құндылықтар болуы керек. Әлеуметтік қызметкердің, біріншіден, мейірімділік, жанашырлық, адамдардың қажеттіліктерін түсіне білу қасиеттері бойынан табылуы тиіс. Әр түрлі жағдайларда әлеуметтік көмек көрсете білу, демеу көрсету, жүріс-тұрыс, мінез-құлықты түзету, оңалту жұмыстарында кәсіпқой болуы маңызды. Ол үшін әлеуметтік қызметкер ақылды, өзін-өзі реттеп, тәртіпті сақтай білетін, шыдамдылық пен моральді ауыртпалықты көтеріп, эмоцияға берілмей, өз ойын нақты жеткізе алу керек.
Мейірімділік пен жанашырлық, күнделікті тұрмыстағы тәжірибе дәл осындай маңызды рөл атқаратын басқа қызмет саласы жоқ шығар!
Іле аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден
әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі
|