БАСТЫ > 

 
 
 
ЕҢБЕКПЕН ЕСІЛГЕН ЕЛ, ДАМУДЫҢ ДӘМІН БІЛЕДІ 02.09.2016

   
         «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Облыстық партия филиалының бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында Ащыбұлақ ауылдық округі, Түймебаев ауылы, Ардагерлер үйінде орналасқан «Ащыбұлақ» бастауыш партияның партия активімен кездесіп, атқарған жұмыстарымен алдағы өзекті міндеттерімен танысып, өзінің оң бағасын берді. Осыдан кейін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Т. Сарыбаев М.Түймебаев ауылында орналасқан «BTK GROUP» ЖШС кірпіш зауытының қызметкерлерімен кездесті.
       Кездесу барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының орындалуы жайында сөз қозғалды. Зауыт басшысы, облыстық мәслихат депутаты Тоқан Ботабеков инновациялық кірпіш шығаратын зауыттың жұмысымен таныстырып, жаңа технология құрылғыларының арқасында 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығын атап өтті.
Зауыт жұмысымен танысқан Ғалиасқар Төлендіұлы: «Елбасы, «Нұр Отан» партия төрағасының тікелей тапсырмасы бойынша өңірлік экономиканы дамыту Алматы облысында мықтап қолға алынған. Соның бірі - осы М.Түймебаев ауылындағы жаңа инновациялық зауыт. Осындай дағдарыс кезінде өңірлік экономиканың дамуына өз үлестеріңізді қосып отырсыздар. Алматы қаласының дәл іргесінде орналасқандықтан зауыттың экономикалық потенциалы күшті деп білемін. Іле ауданы осындай кәсіпорындардың арқасында облыс бюджетіне қарамай, өз қаржысының арқасында өркендеуде. Елімізге өз үлестеріңізді қосып отырғандарыңыз үшін барша партияластар атынан алғыс айтамын», - деді.
Кездесу барысында жиналғандар қазіргі күні қоғамда орын алып отырған Жер мәселесі төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті.
Жиын соңында зауыттың жұмысын жылдан жылға көркейтіп, болашақта бұдан да көп жұмыс орындарын ашу мақсатында жұмыстар атқарылатыны айтылды.