БАСТЫ > 

 
 
 
ТҰРҒЫНДАР МҰҢЫ ТЫҢДАЛДЫ 09.11.2016

       

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен және «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен Өтеген батыр кентінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу.

Акция барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктердің ішкі салонының тазалығының жоқтығы мен сапасыз қызметі туралы, жол жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылатынын, Байсерке – Өтеген батыр тас жолының құрылысы жайлы арыздану көп айтылды.

Акцияға «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы кеңесшісі Ж.Бекмухамбетова, мемлекеттік көлік инспекторы, майор М.Естемесов, мемлекеттік көлік инспекторы, аға лейтенант Е.Майлыбаев, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты.