Басты  - БЕРЕКЕЛІ ДЕ МЕРЕКЕЛІ КҮН
 

 
 
 
БЕРЕКЕЛІ ДЕ МЕРЕКЕЛІ КҮН 13.01.2016

Өткен аптада Энергетический ауылдық округ әкімінің Жаңа жылдық шыршасы «Мақсат» кафесінде өтті. Аталмыш шараға жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар шақырылды. Мекеме-ұйымдардан барлығы 82 бала қатысты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардан 32 баланы үйлеріне барып құттықтап, сыйлықтар таратты. Мостоотряд-8 ЖШС бірлесіп 4 ҰОС ардагерлері мен 9 тыл еңбеккерлерін Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, оларға азық-түлік дорбасын табыс етті.
Мерекелік іс-шараға «Звезда, «Ана тілі», «Настя», «Сенім», «Фламинго», «Береке», «Амина», «Ай-Ару» дүкендері, «Мақсат», «Жан», «Бес Найза», «Лагманхана» кафелері және «Айбын» асханасы, Покровка дәріханасы, СY «Или», ЖК Джубаев, ЖК Темір жол, «Протес групп» ЖШС, «Реал-Какпитал-21» ЖШС, «Росна» ЖШС, «Анар» ЖШС, «Дархан» ЖШС сынды мекеме ұйымдары көмектесті. Осындай мерекелік кешті көңілді өткізуге атсалысқан барлық мекеме-ұйымдарға Энергетический ауылдық округінің әкім аппараты өз алғыстарын білдіріп, көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі ниеттерін жылы лебізбен жеткізді.