Басты
 

 
 
 
«Мектепке жол» акциясы 01.08.2016

 

Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында Боралдай кентінде «Мектепке жол» акциясы басталды.
«Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармай қалуының алдын алуыға бағытталған.
Бүгінгі күнге кенттегі 5 мектепке 1 сыныпқа баратын балалар саны – 706.
Мектеп жасындағы балалардың барлығы білім алуға құқылы әрі міндетті. Боралдай кенті бойынша қазіргі уақытта мектепке баратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 120-ға жуық.