БАСТЫ

 
 
 

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР

03.08.2017

    

Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты — балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған-тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлайды емес пе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтуге болады?

Әлбетте, біз, Іле ауданының жастар орталығының мамандары, «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы бойынша «Балаға қуаныш сыйлаймыз» атты өтіп жатқан акциясына бей-жай қарай алмай, білек сыбана дайындалып, «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп қайттық. Кездесу барысында бірге ойнап, сол балалардың тыныс-тіршілігімен танысып, жазғы демалыс күндерінің көңілді өтіп жатқандарына көз жеткіздік.

«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында өткізілген спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарын Жастар орталығы мекемесінің жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Дауталиев құттықтап, оларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

 

Б. СӘРСЕМБАЙ,

«Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі.