Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
100 ЖАСҚА КЕЛГЕН КЕЙУАНА «НҰР ОТАНҒА» ДАУЫС БЕРДІ 01.04.2016

            



«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы қарсаңында өткен «Сайлау - 2016» мереке думандай өте шықты.
Жетіген ауылдық округіндегі барлық сайлаушылардың сайлауға деген ынтасы өте жоғары деңгейде болғандығын мақтанышпен айтуға болады. Сайлаушылар ішінде дауыс беруге келген қарт кейуана Рахымбаева Нұркамал Сүлейменқызы балаша қуанып, жасының жүзге келгендігіне қарамастан өз аяғымен жүріп келіп, «Нұр Отанға» дауыс берді. Қарт ана «Шырақтарым біз көрген бейнет пен қиыншылықтарды енді сендер көрмеңдер, бүгінгідей қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман бастарыңнан кетпесін, Елбасымызға, құдай қуат берсін, өз дауысымды «Нұр Отанға» беремін» деген ақ жарма тілегі барша қауымға ой салды. Бұл анамыз Жетіген ауылының тұрғыны, жасы жүзден асқан Рахымбаева Нұркамал Сүлейменқызы болатын. 1916 жылы қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылында дүниеге келген екен. Жастық шағының барлық кезі қиыншылықпен өткен. Колхоз, совхоздарда қол жұмыстар атқарып күндіз-түні демалмай еңбек атқарған. Сол еңбегінің жемісінде көріп отырған ана, үлкен баласы - Ережеп аға бұл күнде зейнет жасында. Мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылыққа барып өтеп қайтқан.
Қазіргі таңда Қожа Ахмет Яссауи мешітінде діни уағыздар айтып, жастарды тәрбиелеуде. Анамыз - Нұркамал Сүлейменқызы сегіз баланы өмірге әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіріп, білім нәрімен сусындатқан. Сол балаларынан бүгінгі күнде 31 немере, 49 шөбере, 7 шөпшек сүйіп, алтын құрсақты, «Алтын алқа» иегері атанып отыр.
Сөз соңында өз ойымды түйіндей келіп «Келешек жастарға, жас ұрпақтарға кейуананың жолын берсін дегім келеді». Қоғамдағы жастар адал еңбекпен, тазалыққа және имандылыққа бет бұрса деймін.