Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және 100 қадам Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған мәселелерді талқылау, мемлекеттілікті, Қазақстан азаматтарының тағдырының бір екендігінің, «Мәңгілік ел» мен «Елімінің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға бағытталған Алматы облысы бойынша автошеру Қарасай ауданынан бастау алып, 21.09.2016 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі, Жәпек батыр ауылы № 36 орта мектептің алаңында өткізілді.
Автошеру Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді ауылдары мен Текелі және Талдықорған қалаларын қамтиды.
Автошеруге қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, Халыққа қызмет көрсету орталығының, «Даму» қорының, Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері, заңгерлер, «Жетісу» телеарнасының тілшілері, блогерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.





|