БАСТЫ

 
 
 

Күрті ауылдық округіне қарасты Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп пен № 8 орта мектепте 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын

25.05.2017

 

«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Сәт сапар, саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. 25.05.2017 жылы сағат 8.30-да мектеп оқушылары «Сәт сапар, саған, жас түлек!» соңғы қоңырау салтанатты жиынына сапқа тұрды. Сағат 9.00-де жиын мемлекеттік Ту енгізілуімен, гимннің орындалуымен басталды. Туды 11-сыныптың белсенді оқушылары жиынға енгізіп, 10-сынып оқушылары  аманат ретінде қабылдап алды. Іс-шараға Іле аудандық кітапхананың директоры М.Жабиева, Күрті ауылдық округ әкімі аппаратыны4 бас маманы М.Алдабергенов қатысып, мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтап өтті.

Мектеп директоры Ф.Байгонусова 2016-2017 оқу жылындағы мектеп жетістіктерін атап өтсе, оқу ісінің меңгерушісі Р.Н.Тасырова 2016-2017 оқу жылындағы «Үздік» оқушыларды марапаттап, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарға «Алғыс хат» берілді. Биылғы оқу жылында 27 түлек мектепті бітіріп жатыр, солардың біреуі - «Алтын белгі» үміткері – Сәрсенғалиева Айгерім  түлектердің атынан сөз сөйлеп, ұстаздарға алғысын айтып, жүрекжарар лебізін тілеп, түлектер өздерінің шағын концерттік бағдарламасында мектепке, ұстазға деген арнауларын айтып, әндерін, «Балалық шақтың» соңғы вальсін орындады. 2016-2017 жылғы түлектердің бастауыш сынып мұғалімі Кежебаева Ұлжан Жұмабайқызы, ата-аналарының атынан Шаудырбаева Рабиға сөз алып, тілектерін айтты.

1-сынып оқушылары да түлектерге өз тілектерін  айтып, әндерін шырқады. Концерттік нөмірлерде мектептің «Детство», «Еркемай» би, «Бала тілегі» вокалдық топтары өз өнерлерін көрсетті.

Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындалып, жиын барысында жазғы демалыс кезінде өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Сәт сапар, саған, жас түлек!» соңғы қоңырау мерекесі өз деңгейінде өтті.

Т.Бокин атындағы № 41 орта мектепте де «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына арналды. Мектеп ауласы  талапқа сай безендіріліп,  мереке өз деңгейінде өтті.

Салтанатты жиынға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Ерболатұлы, Күрті ауылдық округінің әкімі Д.Р.Өгізбаев және Іле аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Ш.Мұханов  қатысты.  Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні орындалумен басталды. Шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Ерболатұлы, Күрті ауылдық округінің әкімі Д.Р.Өгізбаев және Іле аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Ш.Мұханов сөз сөйлеп, құттықтап өтті. Жиын 8«А» сыныбы оқушыларының «Қазақстаным» әнімен жалғасын тапты. Түлектердің алғашқы ұстазы Абдикеримова Жұмакүл Айтжанқызы мен Табиева Алия Үсенбайқызы да оқушыларына ізгі тілектерін білдірді.  Келесі кезек түлектердің әдеби-музыкалық монтажына берілді. Түлектер 20 минут ішінде ұстаздарға деген арнау өлеңдерін оқып, сыйлықтарын табыс етті.

Мектепті ізін басып келе жатқан 10 сынып оқушыларына аманат етіп, мектептің кілтін табыс етіп,  «Ұстазым» әнін шырқап, балалық шақтарын еске алып, «Бала махаббат» әнін орындады. Түлектердің ата-аналары да мектепке сыйлықтарын беріп, алғыстарын айтты. Бірінші сынып оқушылары түлектерге деген сыйлықтарын тарту етті. Әдеби -музыкалық монтаж түлектердің соңғы биі мен шар, кептер ұшырумен аяқталды.