БАСТЫ

 
 
 

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰРАНЫ – МЫЗҒЫМАС БІРЛІК

13.01.2017

 

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Чапаев ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен №10 орта мектептің акт залында «Мәңгілік елдің ұраны - мызғымас бірлік» атты тақырыпта жиын өтті. Аталған жиынға округ әкімдігі,  қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары және мектеп оқушылары мен ауыл жастары қатысты.

Басты мақсаты - «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» - ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбетін насихаттау.

Жиынды округ әкімі Б.Жумабаев ашып, еліміздің тәуелсіздік алып, татулық пен тұрақтылықтың арқасында өркениетті елге айналғанын, елдігімізді еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түскенімізді, қасиетті қазақ жері - қашанда достық пен ынтымақтың, өзара келісімнің ордасы екенін, бүгінгі күні татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан 10-нан астам этнос өкілдері округтің қарқынды даму жолында аянбай еңбек етіп жатқандығы туралы, осының барлығы Елбасы-мыз Н.Назар-баевтың сындарлы саясаты-ның жемісі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасы О.Атамбаев байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керектігін, ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың перзенті екенін, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын - бүгінгі Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот жастар екендігін айтса, №10 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Абдуллин жалғастырып, қазақ елінің түп-тамырынан бастап қалай қалыптасып, бүгінгі күнге қалай жеткендігін, елдің тарихын, тағдырын, ата-бабамыздан қалған мақсат-мұраттарын, даналығын, сан мыңдаған жылдар бойғы асыл армандарын баяндап және сол арманның орындалып, әлем елдерімен терезесі тең, ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз ел, тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты, егемен ел болғанымызды сөз етті.

Шара барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай шежіре-слайд көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды. Жиналған қауым үлкен әсер алып, жоғарғы көңіл-күймен тарқасты.