Басты  - ЖАТ ДІНИ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!

 
 
 
ЖАТ ДІНИ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ!
09.02.2015
Өткен аптада идеология жұмыстары бойынша 25750 әскери бөлімінің офицерлер мен келісім-шарт арқылы қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлердің арасында, діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу, жастарға патриоттық тәрбие беру, жат ағымның әсерінен қорғау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жастардың қатысуымен «Радикализм – біздің жол емес» атты семинар өтті. Аталмыш іс-шараны әскери бөлімнің аға офицері майор Б.Кулпендиев пен Боралдай ауылдық округіндегі жастар нұсқаушысы Қ.Құрманжанова ұйымдастырды.
Семинар барысында генерал майор Н.Муканов, 25750 әскери бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, полковник Н.Досмагамбетов сөз алып, әскери бөлімнің жағдайымен таныстырып, терроризм мен экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты екендігін айтып өтті. Артынша сөз алған әскери қадағалау бөлімінің басшысы, подполковник Е.Унайбеков пен капитан М.Садыхов әскери бөлімде діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып, әскери бөлімнің ішіне жат ағымның әсерінен қорғаудың маңыздылығы жайлы мәлімдеді. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбеков аудандағы қоғамдық саяси ахуалмен таныстырып өтсе, бас имам, дінтанушы Алдажар Сейітұлы діни ағымдардың қоғамдағы рөлімен, дәстүрлі діни ағымдармен дәстүрден тыс діни ағымдардың айырмашылығын атап көрсетті. «Радикализм» сөзіне толығымен сипаттама берілді. Семинардың екінші бөлімінде семинарға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының «Радикализм – біздің жол емес» атты деректі фильмі көрсетілді. Семинарға қатысқан курсанттар тарапынан сұрақтар қойылып, толығымен жауаптар алынды.