БАСТЫ

 
 
 

ҚАРАОЙ

23.01.2017

 

18.01.2017 жылы Қосөзен және Н. Тілендиев ауылдарында өткен Қараой ауылы әкімі В.Поротиковтың жылдық жұмысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді. Осы жиналысқа аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы, «Қараой-Су» коммуналдық шаруашылығының директоры, шаруа қожалығының жетекшілері, №26 орта мектептің мұғалімдері, зейнеткерлер және кәсіпкерлер қатысты.
Қараой ауылдық округінің әкімі былтыр ауылда балабақша тұрғызылып, клубтың жөнделгеніне һәм медициналық бекеттің ашылуына мұрындық болған. Сонымен қатар көгілдір отынмен тұрғындарды қамтамасыз етті.
«Жақсы… Не дейміз? Бәрі осылай істей берсін. Халық алдында аянбай қызмет атқаратын Виктор Поротиковтай әкім кемде-кем. Бір жылдың қорытындысын жақсы деген бағамен аяқтаймын» -деді ауылдық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, зейнеткер, Ж.Нүсіпбекова. Соңынан сөз алған зейнеткер Н.Васильевна: - «Ауыл әкімінің дені сау болсын. Еліміз тыныш болсын! Атқарған бір жылдық еңбегіне «қанағаттанарлық» деген баға беремін десе, «Қараой- Су» коммуналдық шаруашылығының директоры М. Аманжолов, медбике А.Тустукбаева, №26 орта мектебінің мұғалімі Г.Мауытхнова бір ауыздан «қанағаттанарлық» деген баға берді.