Чапаев ауылдық округі бойынша
«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында
«1 қазан – Қарттар күні» мерекесіне арналған «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік іс-шара туралы
АҚПАРАТ
2014 жылдың 1 қазанында Халықаралық қарттар күні аталып өтті. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15 № 45/106 қаулысы негізінде бұл мейрам жыл сайын тойланатын болып шешілген. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
Бұл күні біздің округімізде ғана емес, елінде, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.
01.09.2014 жылы № 10 орта мектептің мәжіліс залында «Қарттарым аман-сау жүрші»атты тақырып аясында салтанатты түрде аталып өтті. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен аталмыш іс-шара «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына арналды. 1 қазан – «Қарттар күні» мерекесіне орай округ әкімі Б.Жумабаев округіміздің қазыналы қарттарына арнап арнайы мерекелік ақ дастархан жайды.Бұл мерекелік дастарханға 80-нен астам ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыз бас қосып, округ әкіміне өздерінің ақ баталарын берді. Мерекелік іс-шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Аманова, округ әкімі Б.Жумабаев аталарымызбен апаларымызға дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сөз кезегі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының штаттан тыс кеңесшісі Талғат Шариповпен жалғасты.
Мерекелік іс-шарада қарттарға арналған «Ең үздік бата», Ең үздік кешкі ертегі», «Ең үздік бесік жыры» атты номинациялар өткізілді.Үздік деп танылған қарттарға 1-орынға 15 мың теңге, 2-орын иесіне 10 мың теңге, ал, 3-орынға 5 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Қызықты өткен байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынға (бата беру) ие болған Көпбаев Жаңабай, 1 – орынға (бесік жыры) ие болған Утеева Ағілез, 1-орынға (ертегілер) Тасыбекова Жумақыз ие болды. Жеңімпаздарға мадақтама қағаздары мен ақшалай сыйлықтар таратылды.
Мереке барысы округ өнерпаздарының концертімен жалғасып отырды. Бағдарламада «Гнездышко», «Нұр Арай» балабақшаларының концерттері, округ жастары, №10 орта мектебі балалары қазақ, орыс тілдерінде ән шырқап, би билеп аталарымыз бен апаларымызға өз өнерлерін көрсетті. Ата –апаларымызда ортаға шығып би билеп көңіл көтерді. Мереке соңында округ қарттары округ әкімі Б.Жумабаевқа көрсетілген сый-құрметке алғыстарын білдіріп, риза болып қайтты.
асына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
|