Жыл басында аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Осы отырыста аудан әкімі Қ.Медеуовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есепті баяндамасы тыңдалынды.
Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы өзінің есепті баяндамасында өткен жылдың еліміз үшін маңызды әрі тарихи оқиғаларға толы мағыналы жыл болғандығын кеңінен атап өтті. Аудан басшысының айтуынша, қазір аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Халықтың тұрмысы жаман емес. Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындап отыр.
- Баршамызға белгілі өткен жылы еліміз 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлады, - деп атап өтті Қыдыркелді Өміржанұлы өз сөзінде. - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында көптеген игі шаралар әзірленіп, жүзеге асырылды. Бұл игілікті іске аудан жұршылығы да белсене атсалысты. Экономика саласында да Елбасымыздың «100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық жобасындағы берілген нақты тапсырмаларын жоспарлы түрде кезең-кезеңімен орындалуда. 2016 жылы Іле ауданы мемлекеттік бюджетке 212,5 млрд. теңге түсіріп, жалпы өнім көлемі 103 пайызға өсірді.
- Бұдан кейін аудан әкімі өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, ауылшаруашылығы, негізгі капиталға инвестиция тарту, әлеуметтік, білім мен денсаулық, мәдениет және спорт мәселелері бойынша қол жеткізген жетістіктерге кеңінен, егжей-тегжейлі тоқталып, алдағы тұрған міндеттер мен межелерді алға тартты.
Өңірде атқарылатын барлық істерде қоғамдық ұйымдардың билік пен халық арасындағы көпір екендігін айтты. Сондықтан жасап жатқан жұмысымыз жемісті болуы үшін билік қоғамдық кеңеспен бірігіп әрекет етуі керек деді, аудан басшысы Қ.Медеуов .
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, Байсерке ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Б.Сүлейменова, №13 М.Мақатаев атындағы мектептің директоры Ғ.Нәдірбекова, Боралдай кентіндегі «Родничок» балалар бақшасының меңгерушісі Л.Гасанова жарыссөзге шығып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелеріне қатысты өз ойларын білдіріп, әкімнің жылдық есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

|