Қымбатты оқушылар! Құрметті мұғалімдер, ата-аналар! Cіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бірінші қыркүйек - айтулы және жалпыхалықтық үлкен мереке! Осы білім күніне орай біздің ауданның 42 500 шәкірт мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Балаларымыздың өмірінде айтарлықтай білімге, ілімге деген ғажайып, жаңа өмір жолы басталатын күн. Бұл біздің жалпы мерекеміз, сондықтан болар барлық бастамалардың бірі әрі бірегейі - білім. Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін және өмір азығы болады. Бүгін отандық білім саласының дамуы мемлекеттік саясаттың басты және негізгі алдыңғы қатардағы бағыты. «Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз қажет», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында атап өтті.
Бүгінгі күні ғылымдағы жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді.
Мемлекеттің қолдауымен сапалы және қолжетімді білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған, жыл сайын білім саласына қаражат көлемі ұлғаюда, материалдық-техникалық базасы нығаюда, оқу процесіне жаңа технологиялар енгізілуде. Мектепалды білім мекемелері дамуда. Биыл Боралдай кенті мен Жәпек батыр ауылында жаңа мектептердің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Алдағы жылда да жаңа мектептер саны артып, үш ауысымдық оқу үрдісін алдын аламыз деген жоспарымыз бар. Біздің жалпы міндетіміз - осы үрдісті сақтап, жандандыру.
Осы айтулы мереке күні оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды, әсіресе мектеп табалдырығын бірінші рет аттап отырған бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!
Қ. МЕДЕУОВ,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.
|