Басты
 

 
 
 
БӨЗ ОРАМАЛ АРАШАНЫҢ БЕРІК ҚАМАЛЫ 17.08.2016

 

        Тамыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілетуді және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының қызметкерлері бастарына ақ орамал салып, соғыста ерлік көрсеткен батырлардың «Үш ұрпақ» ескерткішінде «Ана бейнесі көркем әдебиетте» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Ақ орамал – бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі» тақырыбында ашық алаңда танымдық сабақ өткізді.
Кітап көрмесінде ұлттық әдебиетімізді ұлықтауға лайық әйелдер бейнесіндегі әдебиеттер топтастырыла отырып, Айша бибі мен Баба әже, Белең ана, Домалақ ене мен Қарлығаш ана, Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», М.Әуезовтың «Абай жолы» әдебиеттері қойылды.
Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Қазіргі кезде әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар осы ақ орамалды ортаға тастауға себеп болып отыр. «Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы тамыз айының соңына дейін барлық округтерде жалғасын табатын болады.