БАСТЫ > 

 
 
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ІЗГІЛІК МЕЙРАМЫ 20.03.2018

                      

 

Ардақты ағайын! Баршаңызды жақсылық пен жарқын үміт ұялатқан ізгілік пен ынтымақ мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз айының 22-і күні күн мен түннің теңелген, жаңару мейрамы.

Самарқанның көк тасы еріп, жыл құстары әнін шалқытып, киелі Іле жерінде бәйшешек гүл жарып, жасылдан көйлек кигізіп, Алатаудың бауыры бусанып, ел-жұртқа құт берекені әкелген мезгіл – әз Наурыз. Үстіміздегі 2018 жыл ел өмірінде айрықша мәнге ие жыл болып табылады.

Ең маңыздысы Елбасы Н. Ә. Назарбаев маңызды қадам ретінде бағалап, Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Оған қоса наурыз айында еліміздің Тəуелсіздік күнтізбесінде ерекше орын алар «Президенттің бес əлеуметтік бастамасын» ұсынып, Үндеуін жариялады.

Қордаланып келе жатқан әлеуметтік мәселелер Елбасының Үндеуінен кейін өз шешімін табады деген үміт бар. Ендігі мәселе – оның оңтайлы тетіктерін бірігіп атқарсақ деген ойымды айтқым келеді. Өйткені, Елбасының Үндеуі халқымыздың келешекке деген сенімін ерекше нығайтты. Бүгінде халқымыз татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп, қызу еңбектің көрігін қыздыруда. Мұндай игілікті іске аудан халқы да өз үлесін қосып, Наурыз мейрамын еңбектің зор табысымен, көтеріңкі мерекелік көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Осындай қуанышты сәтте барлықтарыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы