Ұлы Жеңіске – 70 жыл толуына және Отан қорғаушылар күніне орай К.Әзірбаев атындағы орта мектепте виртульді кітап көрмесі өткізілді. Атамалмыш шараны Б.Айтбаева, Р.Дюсебаева сынды мектеп кітапханашылары ұйымдастырып өткізді. Сондай-ақ, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Отан үшін отқа түскен батырларымыздың сурет көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылды. «Ұлы Жеңістің туы мәңгі желбіресін!» атты тақырыптық шығармалар 5-10 сыныптар арасында өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі төрайымы Қ.Саттыбекова ең жақсы жазылған шығармаларды марапаттады. «Ұлы Жеңіске тағзым» атты қабырға газеттерінен байқау жоғары деңгейде өтті. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы орайда мектебімізде соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері оқушыларға басынан кешкен оқиғалар жайлы әңгімелеп берді. Соғыс құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды. Кеш соңы оқушылар дайындаған музыкалық ән, бимен аяқталды. Мектеп жанындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында, естелік ретінде суретке түсті. Мектебімізде Отан қорғаушылар күніне арналып, «Алға! Қазақ жігіттері» атты мерекелік концерт, әскери патриоттық әндер байқауы, «Біз – Отанымыздың қорғаушысымыз!» атты спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Ешқашан соғыс болмасын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!
|