Басты  - ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
 

 
 
 
ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
04.05.2015

Ынтымақ, бірлік, келісім - ел үшін ең асыл іс. Бұл - қазақ елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Қазақстан тарихы тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. 2015 жыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланғандығына бәріміз куәміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының алғашқы форумында жариялады. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Елімізде 130 ұлт өкілдері өмір сүруде. Айтатын болсақ біздің кішкентай Байсерке ауылымыздың өзінде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Мысалға түрік, күрт, ұйғыр, татар, кәрістер, неміс және орыстар бір адамның баласындай ынтымақты ел болып тұрып жатыр. Олар қазақ елін өз елім, қазақ жерін өз жерім деп тату-тәтті өмір сүруде. Ассамблеяның 20 жылдығына орай №28 мектеп-гимназиясының шаңырағында, яғни, кітапханада мәдени іс-шара өкізілді. Татулықтың, шынайылықтың белгісін балалар естеріне түйіп жүруі үшін және Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналары туралы айтылды. №28 мектеп-гимназия кітапханасында өткен «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты конференцияға ауылымыздың Ассамблея ұлт өкілдерінің мүшесі Г.Терентьевна қонаққа шақырылып, 8 сынып оқушылары дайындап келген баяндамалар оқылды және 7сынып оқушылары қазақ, кәріс, қырғыз, түрік ұлттарының билерінен өнер көрсетті. Қорыта айтқанда «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай, елімізде кәзіргі таңда тұрып жатқан ұлт өкілдері тату-тәтті, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүріп жатқандығына қуанамыз. Ел бірлігі - ұлт татулығы. Қазақ халқының ұлттың ұраны, ұлттық тұмары - өзге ұлтты өз бауырыңдай көріп ел іргесін тұрақтылықта ұстауы. Бұл - келешектің келбеті, болашақтың ақ жолы.