БАСТЫ > 

 
 
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ ТАҢБАСЫ КЕРЕК 18.10.2017

     

      Чапай ауылындағы №45 орта мектепте идеологиялық қоғамның ішкі қажеттілігінен, уақыттың сұранысынан, заманның талабынан туындап отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымыздың мекеме басшыларымен ауыл тұрғындарының кездесуі өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбеков, Чапай ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев, Ауған соғысы ардагері А.Сейітұлы, Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, Іле аудандық филиалының директоры Б.Қаршалова, аудандық орталық кітапхана директоры М.Жәбиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мүшелері мен «Фараби Нұр» үкіметтік емес ұйымы қатысты. Кездесу барысында ұйымдастырушылар латын әліпбиіне көшу бастамасы туралы сөз қозғап, оның ұлтымыз, болашақ үшін аса өзекті, әрі қажетті жоба екендігін алға тартты. Орыс тілінің тарихи маңызын сақтап, үштілділікті заман талабына сай меңгерте отырып, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуде білім саласына артылар жауапкершілік орасан зор. Осы тұрғыда Б. Қаршалова «Қазаққа ұлттық жазу таңбасы керек» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, М.Жәбиева «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында хабарлама жасаса, Қапшағай қаласының бас имамы, Ауған соғысы ардагері А.Сейітұлы өз баяндамасында латын әліпбиіне көшу жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту екендігіне баса назар аударды. Ол әсіресе тіл таңбасы өзгергенде үндестік заңының өзгермейтінін түсіндіріп берді.
Халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдары өркениетті елдердің қатарына ілесе, белсене жұмыс жасауда.
Актив отырысын қорытындылаған С.Жарқынбеков латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен бірге талдай отырып, айтылған ұсыныс-пікірлерді ортақ оймен қорытындылап, оны халыққа түсінікті тілмен, орнықты оймен жеткізуіміз қажет екендігін айтты.
Бүгінгі күні ауданда осы бағыттағы жұмыстарды халық арасында түсіндіру үшін білікті мамандар ауылдарда, ұжымдарда кездесулер өткізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен бірге барлық мекеме, бөлім басшыларын, кент және ауылдық округ әкімдерін осы жұмыстарды үйлестіруге шақырды.