Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 11.07.2016

   
     
2016 жылғы 25 маусым күні «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жасау бойынша Іле ауданы бойынша құрылған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту комиссиясының төрайымы Г. Ерубаева, комиссия мүшелері Р. Нұрбаев, С.Тарасов, Ғ.Дауталиев, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Күзембаев, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Мұралимова, аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев және Боралдай ауылдық округі әкімдігі, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі жетекші маман міндетін атқарушы Е. Қалиасқаров бірлесе отырып, Боралдай кенті, «Водник» ықшамауданында және Жәпек батыр ауылында орналасқан 600 орынға арналған мектептердің құрылысының бүгінгі таңдағы жұмыс барысы туралы тексеру рейдін ұйымдастырды. Боралдай кентіндегі мектеп құрылысының бас мердігері: «Жөндеу Құрылыс» ЖШС-і, қосалқы мердігер: «СКБ Контракшн» ЖШС-і. Құрылыстың басталуы - 04.05.2015 жыл, аяқталуы - 30.08.2016 жыл. Мектеп асханасы 222 орындық, спорт залы 648 шаршы метр, мәжіліс залы 208 орындық. Шатыры - темір. Бұл жұмыс толығымен аяқталған. Қабырғасы темір бетонды каркас. Ол 100 пайызға орындалған. Қоршау жұмыстары толығымен бітпеген. Сылақ жұмыстары да толық жүргізілді. Терезелері темір пластиктен қойылған. Мектептің негізгі қаспеті 60 пайызға жасалған (Мюнхенка), ішкі әрлеу жұмыстарының 60 пайызы орындалған. Электр монтаждау жұмыстары 100 пайыз орнатылған (скрытая проводка). Су қондырғылары бойынша 2 мұнара (водонапорная башня) жұмыс істейді. Құрылыстың жалпы материалдық жобалық құны 1 млрд. 232 млн. тенгені құрайды.
Жәпек батыр кентіндегі мектеп құрылысының бас мердігері: «TOLAGAI - 2050 » ЖШС-і. Құрылыстың басталуы - 01.05.2015 жыл, аяқталуы - 01.09.2016 жыл. Мектеп асханасы 230 орындық, спорт залы 648 шаршы метр, мәжіліс залы 234 орындық, 36 оқу кабинеттері бар. Шатыры темір, қабырғасы каркас, сылақ жұмыстары 100 пайыз орындалған. Терезелері - темір пластиктен қойылған. Мектептің негізгі қаспеті 60 пайызға жасалған, ішкі әрлеу жұмыстарының 60 пайызы орындалған. Электр монтаждау жұмыстары 100 пайыз орындалған. Су қондырғылары автономды режимде жұмыс істейді. Жалпы материалдық жобалық құны - 1 млрд. 500 млн. теңге.
Тексеру барысында сәулеттендіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, мектеп ғимараты орналасқан. Алтаев және И.Байзақов көшесіне оқушыларға арналған жолаяқ (тротуар), асфальт жол төсеу керектігі жайлы айтылып, бұл мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.