БАСТЫ

 
 
 

ЕРКІНДІКТІҢ ҰРАНЫ
БАЛАПАННЫҢ БАЛ ТІЛІМЕН

15.12.2016


       Өткен аптада Қараой ауылындағы "Балапан" балабақшасында қазақ тілі пәнінің ұстазы Гүлнұр Бөкееваның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Желтоқсан – Тәуелсіздікті армандаған күн» атты іс -шара өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын, құрметтеуге, адамгершілікке, отаншылдыққа, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу болып табылады.
Аталмыш шараға Қараой ауылдық округінің әкімі В. Поротиков, №18 орта мектеп партия тобының төрайымы А. Уалибаева, дәрігерлік амбулатория тобының төрайымы Г.Ахметова, «Балапан» балабақша партия тобының мүшелері, ата- аналар қатысты. Шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді.
Алғашқы сөзді алған ауыл әкімі В. Поротиков: «Бізге Тәуелсіздік оңай келмеді. Сол желтоқсанның қаһарлы күндерінен кейін көшеге шықсаң өте қорқынышты көрініс көз алдыңда тұрды. Біз осыны ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен ғимараттарымыз бүгін қайта өз қарамағымызға өтті. Соның бірі осы балабақша. Мемлекетіміздің саясатының дұрыс жүргізілуіне байланысты кері қайтарылып, күрделі жөндеуден өтті. Қазір халық игілігін көріп отыр» - деді. Ауыл әкімі сөз соңында барлығын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
Келесі сөзді жалғастырған балабақша меңгерушісі Е.Сапронова: «Біздің балабақшамыз 320 орындықты, онда 240 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олар он екі топқа бөлінген 3 ересек топ, 3 орта топ, 6 кіші топ ересек топпен орта топтың екеуі қазақша, біреуі орыс тілінде білім алады. Біз әлі де балабақшамызға кішентай бүлдіршіндерімізді қабылдай аламыз» - деп ағынан жарылды.
Осы аталмыш шарада слайд арқылы Желтоқсаның ызғарындағы болған көріністер көрсетілді. Көріністе ортаға шаңырақ шығарылып, қазақ еліміздің тарихына шолу жасалынды. Балабақша бүлдіршіндері би билеп, тақпақтарын оқыды. Шара барысында «Балапан» балабақшасының хоры «Қыран дала» атты әндерін тарту етті.