БАСТЫ > 

 
 
 
МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 13.09.2016

 


        Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды айтулы мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз егемендігін алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Діннің басты мұраты - қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Адамзат баласының етене араласуына, еліміздегі ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашаты - Құрбан айт мейрамы береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын ұлық мереке. Осы күні барша мұсылман жамағатының көпшілігі құрбан шалса, араздасқан ағайын татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланысты күшейте түседі.
Қазақстандағы дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың негізі ретінде біз дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айта аламыз.
Аудан тұрғындары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатына қолдау білдірумен қатар, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді одан әрі нығайтуға, елімізді өркендету мен оның мәдени, рухани құндылықтарын сақтап, дамыта түсуге үлес қосуда.
Құрбан айт мүбәрак болсын!
Барша аудан тұрғындарының шаңырағына шаттық, амандық, бақ-береке тілеймін! Аудан халқының әрқашан бірлігі бекем, тірлігі тиянақты болсын!

 

Қ. МЕДЕУОВ,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.