Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанның ішінде халық алдында есеп береді. Осы Жарлықты орындау барысында Боралдай кенті әкімінің есеп беру жиналыстары жоспарланды. Есепті кездесулерді өткізу кестесі «Іле таңы» газетінде жарияланды. 17.01.2017 жылы Боралдай кенті әкімінің бірінші есебі өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды – Боралдай кенті әкімі Сәлімбаев Мұрат Орынбайұлының 2016 жылда атқарған жұмыстары және 2017 жылға қойған міндеттері туралы есебі.
Жиналысқа көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, әлеуметтік саласының, шағын және орта бизнес мекемелердің басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
«Балдәурен» балабақшасының логопеді Н.Ошкарова мен «Гүлдер» балабақшасының әдіскері С.Зұлқажықызы сөйлеп, әкімнің жұмысына қанағаттанаралық деген баға берді.
Есептік кездесуде кент тұрғындары тарпынан кент әкімі жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
Кент әкімі аппаратына, белгіленген мерзімде, есеп барысында айтылған
ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
дайындау, олардың іске асырылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына
жариялау тапсырылды.
|